Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................... 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы................. 7-23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы........................................................................... 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру................................................................. 39-41
Қорытынды................................................................................................... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы.doc

— 637.00 Кб (Скачать)

    Қолма-қол ақша айналымы қолма-қол ақшасыз айналымға қарағанда айтарлықтай аз болғанына қарамастан оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызы өте жоғары, ол халықтың ақшалай табысындағы өзгерістерді және тұтас ақша тұрақтылығындағы өзгерістерді жылдам байқайды. Осы қажеттілікке қарай бұл өте күрделі болса да мемлекет тарапынан реттеліп, бағдарлануы керек.

    Қолма-қол  ақша айналысының болжауы экономикалық бағдарламаның жалпы жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады, қолма-қол ақша айналысын болжаудағы ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұл үшін облыстарда және тұтас Қазақстан Республикасында әрбір тоқсанның кассалық айналымына болжау жасалады. Кассалық айналымды болжаудың негізінде алдағы кезеңде түсетін түсімдердің мөлшері, екінші деңгейдегі банктердің кассасына түсетін қолма-қол ақшаның көздері, қолма-қол ақшаның берілетін бағыттары, олардың айналысқа шығарылуы немесе айналыстан алынуы анықталады.

    Қолма-қол ақша айналымы біз келесі тарауда қарастыратын ақшалай айналыстың заң талаптарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыратындай етіп болжануы керек. Бұл ақшаның сатып алу қабілетін сақтау үшін және экономикада барынша аз шығынмен айналысы үшін қажет.

    Әрбір елдің егемендігінің, тәуелсіздігінің бір белгісі - ұлттық ақша. Сол ақша - теңгеміз біздің ел тәуелсіздікке қол жеткізген соң екі жылдан кейін ғана - 1993 жылы 15 қарашада айналымға қосылды. Ресейдің құнсыз ақшасынан екі жыл бойы айрылмауымыздың зардабына жұрт куә. Бірақ төл валютамыз да табанын нық баса алмай, қатты құнсызданғаны да шыдадық. Осы төңіректегі әрқилы әңгіме, бүгін де бар. Ендеше мұның маңызды қоғамдық мәселе болғаны.

    - Біз ұлттық ақшаны кеш енгіздік, соның нәтижесінде Ресейге берешегіміз көбейіп, экономикамыз, қаржы-ақша жүйеміз күйзеліске көбірек ұшырады деген пікір әлі де бар. Осыған байланысты біз неге сом аймағынан шықпай қойдық, одан қаншалықты ұтылдық деген сауалдың құлағы қылтияды. Осы сұрақтарға Ұлттық банктің уәжі қандай?

    - Шындығында, ұлттық валютаны енгізетін уақыт жайында пікірталас көп болды. Біреулер Қазақстан тәуелсіздік алысымен, ұлттық валютаны енгізудің қажеті жоқ, өйткені бұл көп жылдар бойы республикалар арасында қалыптасқан экономикалық байланысты бұзады, сондай-ақ біртұтас сом аймағының игілігін пайдалану мүмкіндігінен айырады деп санады. Енді біреулер ұлттық валютаны неғұрлым тезірек енгізу қажет, тек осы жағдайда ғана еліміз көршіге жалтақтамай өзіндік экономикалық саясатын жүргізе алады деп санады. Дауды уақыттың өзі шешіп берді. Ресей біздің республиканы сом аймағынан шығуға мәжбүр ететін саясат жүргізді. Оның бірі – 1993 жылы маусымда Ресейдің жаңа рублінің енгізілуі, 1993 жылғы шілде-тамызда ресейде ақша реформасының жүзеге асуы еді. Соның нәтижесінде кеңестік сом кәдеге жарамай қалды. Қазақстанға басқа республикалардан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің қаржы жүйесі қожырап, инфляция күн санап өсті, халықтың тұрмыс деңгейі барынша нашарлап кетті.

    Жаңа  сом аймағына кіруге Ресей қойған талап Қазақстан үшін мейлінше қолайсыз болды. Қазақстанның негізгі экономикалық мүдделеріне қысым жасалды, ұлттық егемендікті белгілі мөлшерде шектеу талап етілді. Солардың ішінде, біріншіден, біздің алтын-валюта резервімізді Ресейдің басқаруына беру, екіншіден, Қазақстанды Ресей сомымен қамтамасыз еткенде, ол ақша Ресей алдындағы біздің борыш болып есептеледі деген талаптар болды. Ресей сомын өз валютамыз ретінде пайдалану дербес ақша-несие саясатын жүргізу мүмкіндігін қатты шектейтін еді және қолдағы бар ақшаға байланысты орын алған мәселелердің одан әрі шиеленісу қаупін төндірді. Осының бәрі біртұтас сом аймағын сақтаудаң Қазақстан алатын пайданы мүмкін етпейтін еді. Айта кету керек, сол кезде Қазақстан үшін сом аймағында қалу тиімді болатын. Өйткені бұл қалыптасқан экономикалық байланыстардың сақталуына мүмкіндік жасайтын еді, одан басқа, көптеген қазақстандық кәсіпорындар сол кезде де, осы күнге дейін де Ресеймен технологиялық жағынан байланысты болатын. Сондай-ақ біртұтас қаржы кеңістігін сақтауда пайдалы еді. Мұны қазіргі кезде валюта жүйесін жақындастыру, валюталық реттеу, валюталық бақылау жұмысын үйлестіру туралы жүргізіліп жатқан келіссөздер растайды.

    - Теңгені енгізген бетте оның АҚШ доллары жөніндегі бағамы 4,70 теңге еді. Келесі 1994 жылдың соңында ол 54,26 теңгеге жетті, яғни бірден 11,5 есе құнсызданды. Келесі 1995 жылдың соңында теңге бағамы 63,95 теңге болды, яғни 13,5 есеге дейін құнсызданды. Осының себептері қандай?

    - Біздің ел үшін ұлттық валюта енгеннен кейінгі алғашқы екі жыл өте ауыр болды. Қазақстан экономикасы бағаны ырқымен жіберуге және өндірістің құлдырауына байланысты (Ішкі жалпы өнімнің 1993 жылғы төмендеуі - 9,2 %, 1994 жылы - 12,6%) инфляция бой бермей кетті (1993 жылы - 2165%, 1994 жылы - 1158%). Мемлекет тарапынан берілетін дотация мен субсидия тоқтатылды. Импорттық тауарларға қанағаттандырылмаған сұранымның елеулі көлемі, сондай-ақ сыртқы сауданың ырқымен жіберілуі Қазақстанға әкелінетін импорт тауарлар көлемінің өсуін туындатты және оның экспорт көлемінен көп болуы шет ел валютасына сұранымды арттырды, яғни оның бағамының артуына соқтырды. Теңгені енгізуге байланысты есептер жасалған кезде, ұлттық валютаның тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін факторлардың бәрі де, соның ішінде баға мен сыртқы базардың ырықтылығы да есепке алынған болатын. 1993-1994 жылдары Қазақстанда болған экономикалық жағдайда теңге бағамының айтарлықтай төмендеуі күтілген болатын.

    Кейінгі жылдары да теңгенің АҚШ долларына  қатысты құнсыздануының айтарлықтай төмендегенін айтуға болады, мәселен 1995 жылы теңге бағамы 17,9 пайыз, 1996 жылы - 15,4, 1999 жылы - 2,8 пайыз төмендеді.

    - Теңгенің одан соң қатты құнсызданып, құлдырауы 1999 жылғы сәуірдің басында болды. Оның себебі көп елге түсінікті сияқты, олар - 1997-1998 іжылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі және 1998 жылғы тамыздағы Ресейдегі дағдарыстың әсері, әрі біздің экспорттық тауарларымыз - мұнай мен металға әлемдік бағаның төмендеуі секілді. Бұл жерде біз теңгенің еркін бағамына неге 1998 жылы көшпей, 1999 жылдың сәуіріне дейін созып келдік деген сұрақ бар.

    - Егер Қазақстан 1998 жылғы Ресейдегі тамыз дағдарысынан көшіп бірден теңге бағамын еркін қалыптасуға көшірген болса, бұл Қазақстан экономикасына және теңгенің бағамына айтарлықтай қатты соққы болатын еді. 1998 жылдың күзінде ТМД елдеріндегі қаржы базарларының тұрақсыз жағдайында, сондай-ақ ел ішінде теңгенің айтарлықтай құнсыздануы күтіліп отырған жағдайда теңге бағамын бетімен жіберуде ешқандай логика жоқ болатын.

    Ақшаның құнсыздануын күтудің басты себебінің сақталуы (Ресейдегі қаржы ахуалының тұрақсыздығы және ішкі инвесторлардың оның Қазақстан базарына тікелей әсері барына сенімділігі) ақшаның құнсыздануын күтуді жоймаған болар еді, демек ішкі валюталық базарға қысымды азайтпайтын еді.

    Ақшаның құнсыздану нәтижесінде жасалған валюталық  бағамның кез кеген тепе-теңдігі мұндай жағдайда тез арада теңдестігін жоғалтқан болар еді де бұл валюта базарының дүрбелең жағдайын тудыратынды және оны құлататын-ды, тиісінше тұтас алғандағы қаржы базарына теріс ықпалын тигізетін-ді. Теңгенің АҚШ долларына қарағанда аса қатты құлдырауы экономиканың долларлануын күшейткен және капиталдың елден кетуін туғызған болар еді. Мұнан соң ұлттық валютаны валюта базарында қолдау мақсатында елеулі көлемде жасалған интервенция елдің алтын-валюта резервінің апатты қысқаруына әкелер еді.

    Үкімет  пен Ұлттық банктің 1998 жылдың төртінші тоқсанымен 1999 жылды бірінші тоқсаны кезінде келісіп жүзеге асырған шаралары валюта базарында тұрақтандырушы ықпал жасау мақсатында істелді. Мұнымен бір мезгілде ақша бағамын төмендетуді жүзеге асырудың ең дұрыс жолын таңдап алу жөнінде жұмыс істеліп жатты. Теңгенің еркін бағамына көшу, біріншіден, сыртқы қолайлы жағдай туған кезде (Ресейде қаржы ахуалы тұрақтанды), екіншіден, ішкі қолайлы ахуал қалыптасқан кезде (қаржы базарындағы ахуал айтарлықтай тұрақты, ақшаның құнсыздануын күту төменгі күйде, ішкі борыш біршама аз болды, ал сыртқы борыш бойынша төлем онша көп болған жоқ) жүзеге асырылды. Осының бәрі жұрт үшін жасалған жұмсартушы қосымша шаралармен бірге (банк салымшылары және зейнетақыны жинақтау қоры үшін) ақшаның құнсыздануының теріс зардабын азайтты.

    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк экономикаға тиетін соққыны жұмсартуға қажетті барлық шараларды қолданды (халық тұтынатын тауарлардың импортын шектеу және басқадай), осының бәрі кейіннен қаржы секторын және азаматтардың әл-ауқатын төмендетпей сақтап қалуға мүмкіндік берді.

    - Ұлттық банк пен республика Қаржы министрлігінің басшылары екі жылдан бері теңгенің долларға деген бағамын 150 теңгеге жеткізуге, тіпті одан да жоғарылатуға ынталы екенін өз сөздерінде талай рет айтты. Мұнысын экспортты ұлғайтуға, инвестиция тартуға қолайлы жағдай туындайды деп түсіндіреді. Ал қара халық теңгенің долларға қарағанда әлсірегенін байқай қалса, базардағы бағаны көтере қояды. Яғни теңге құнсызданса, барлық тауарлардың бағасы өседі, инфляция да өседі, халықтың сатып алу қабілеті мен күнкөріс дәрежесі төмендейді. Осы жерде бір қайшылық бар екені анық. Сіз осы жайында не айтар едіңіз?

    - Әуелі Ұлттық банктің мақсаты Қазақстан теңгесінің тұрақтылығын және оның нақты құнын қамтамасыз ету екенін, оның жалпы экономикалық ахуалға төлем балансының жағдайына және басқа да жағдайларға байланысты екені атап өткім келеді. Осыған байланысты АҚШ-тың 1 долларына бағамды 150 теңгеге және одан да көпке жеткізуге ұмтылыс жоқ екенін айту қажет. Ұлттық банк басқа елдермен эквивалентті (баламалы) тауар айырбасына мүмкіндік туғызатын теңге бағамының тепе-теңдік мәнін табуға ұмтылады. Тек осындай жағдайда ғана ел экономикасы үшін, демек оның азаматтарының әл-ауқаты үшін ең жоғары тиімділікке қол жетеді.

    Бағамның  не төмен, не жоғары болып кез келген жаққа қарай ауытқуы Қазақстан экономикасына теріс әсерін тигізеді. Мәселен, Ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі талабынан едәуір артық етіп құнсыздандыру елдің ұлттық байлығын арзандатылған бағамен (демпинг) сатуға, демек еліміздің азаматтарының әл-ауқатының төмендеуіне апарып соқтырар еді. Керісінше, бағамды шеткен тыс күшейту азаматтардың әл-ауқатының тек уақытша ғана жақсаруына әкелген болар еді. Сонымен бірге, бағам қолдан күшейтілген бойда қазақстандық тауарлардың бәсекеге жарамдылығы төмендейді, отандық өндіріс құлдырайды, жұмыссыздық және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс өседі.

    1998 жылғы Ресей дағдарысы және оның іле-шала сомның құнсыздануы, сондай-ақ Украинаның, Беларустың, Қырғызстанның валюталарының құнсыздануы теңгенің айтарлықтай нығаюына әкелді. Нәтижесінде ТМД елдерінің валюталарына қарағанда 1998 жылы 25 пайыз нақты қымбаттады. Алыс шет елдерді есепке алғанда бұл қымбаттау 17 пайыз болды. Осының салдарынан отандық өндірушілердің бәсекелестік қабілеті тек сыртқы ғана емес, ішкі базарда да нашарлады, яғни біздің тауарлар қымбаттай түсті және сатып алуға тиімсіз болып шықты. Бұл 1998 жылғы сыртқы сауда операциялары балансының нашарлауында шешуші рөл атқарды. 1997 жылға қарағанда сауда балансының тапшылығы үш есеге жуық көбейді.

    1998 жылдың екінші жартысында ТМД елдерінің экспортының тым қатты сұлап түсуі (1997 жылдың тиісті көрсеткішіне қарағанда 43 пайыз) жылды тұтас алғанда Қазақстан экспортының құнының 15 пайыз төмендеуіне әкеліп соқты.

    ТМД елдерінің валюталарына қарағанда теңгенің нақты қымбаттауы валютаның нақты құнынын өзгеруіне икемді ол елдерден тұтыну тауарларының импортының айтарлықтай көбеюін тудырды. ТМД елдерінен әкелінген тұтыну тауарларының көлемі 76 пайыз, оның ішінде Ресейден - 114 пайыз өсті, бұған 1998 жылғы қыркүйекте Ресейден арзан импорттың қаптап кетуі себепші болды.

    Егер 1998 жылдың басында өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалса, жылдың екінші жартысында өсу қайта кеміді, ал жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2,4 пайыз кеміді. Экономиканың басқа салаларында да өндіріс көлемі, сыртқы сауда айналымының көлемі төмендеді. Соның нәтижесінде ІЖӨ-нің 1998 жылғы нақты құлдырауы 1,9 пайыз болды. Жоғарыда аталған факторларға байланысты өндірістің құлдырауы тиісінше кәсіпорындардың қуатын қысқартуға әкеліп соқтырды, ал бұл өз кезегінде жұмыс орнын мәжбүрлі түрде қысқартуды, сөйтіп жұмыссыздар қатарын көбейтуді туындатады. Жұмыссыздық деңгейінің өсуі қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті күшейтеді, атап айтқанда еңбек базарындағы ахуалды шиеленістіреді, азаматтардың тұрмыс деңгейін төмендетеді.

    - Теңгенің бағамын күшейтіп көрсек қайтер еді, ол үшін не қажет? Бағамның қолдан өсірілуінің зардаптары көп болуы мүмкін, сондықтан неден ұтып, неден ұтыламыз?

    - Әрине, ұлттық валютаның бағамының күшеюі жұрттың тұрмыс деңгейінің жақсаруына септескен болар еді, бірақ уақытша ғана. Біздің экономикамыздың сипаты шикізатта екенін және әлемдік базардағы ахуалға өте күшті бағынышты екенін ескерген жөн. Ал ертең ахуал өзгере қалса не болмақ?

    Бағамды айтарлықтай асыра бағалаған жағдайда жұрт екі рет ұтылатынын 1999 жылғы тәжірибе көрсетті, бірінші рет, ұлттық валютаны амалсыздан құнсыздандырған жағдайда, жұрттың теңгеден жинаған ақшасы құнын жойды. Екінші рет әлемдік базарда отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеді. Мұның өзі елде жұмыссыздықты көбейтеді.

    Сондықтан, Ұлттық банктің теңге бағамын артық бағалауға жол бермеуге бағытталған қызметі қазіргі жұрттың тұрмыс деңгейінің біраз төмендеуіне соқтырып отырғанымен ұзақ мерзімді келешекте адамдардың жұмыспен қамтылуының, демек тұрақты табыс табуының кепілі іспетті.

Информация о работе Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы