Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................... 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы................. 7-23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы........................................................................... 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру................................................................. 39-41
Қорытынды................................................................................................... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы.doc

— 637.00 Кб (Скачать)

    * ҚР Ұлттық банк Хабаршысының мәліметі бойынша. 2004 ж. XII. 

    Төлем тапсырмасы шот иесінің өз шотынан  алушының шотына тапсырмада көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банкке беретін жазбаша өкімін білдіреді. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша, келісімшартта қарастырылған жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізіледі. Есеп айырысудың бұл формасы Қазақстанда кеңінен тараған.

    Аккредитив сатып алушы банкісінің сатып алушының тапсырмасы бойынша жөнелтілген тауарларды, сондай-ақ аккредитивтік өтініште қарастырылған басқа жағдайларды растайтын құжаттарды негізге ала отырып жабдықтаушыға төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкісіне беретін тапсырманы білдіреді. Аккредитивтер жабық (депозиттік) және ашық (кепілдікті), қайтарып алынатын  және қайтарып  алынбайтып боп бөлінеді.

    Төлеушінің  жабдықтаушы есеп айырысу үшін қаражатты алдын-ала сақтап қоятын, әрекет яғни алғашқысының қаражатты өз есеп айырысу шотынан жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке аударатын әрекеті жабық аккредитив деп саналады.

    Ашық аккредитив орындаушы банктен өзінің шотын жүргізетін эмитент-банктен аккредитивтің барлық сомасын есептен шығарып тастауын білдіреді.

    Қайтарылып  алынбайтын аккредитив жабдықтаушының-қаражатты алушының келісімінсіз күшін жоймайды немесе өзгертілмейді. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда аккредитив қайтарып алынатын деп саналды.

    Чек берушінің чекті ұстаушыға чекте  көрсетілген ақша сомасын төлеу туралы төлеушіге беретін сөзсіз жазбаша ұсынысы чек деп аталады. Чек беруші - бұл тауар үшін төлемдерді төлейтін немесе толтырылып, қол қойылатын чек арқылы төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Чек ұстаушы – бұл чек бойынша төлемді алатын заңды тұлға. Чектер есеп айырысу чегі және ақшалай чек деп бөлінеді. Есеп айырысу чекі (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады) төлем тапсырмасы секілді төлеушімен рәсімделеді, алайда төлем тапсырмасынан айырмашылығы чек төлеушіден заңды тұлғаға - төлемді алушыға шаруашылық операциялар іс жүзінде асырылған сәтте беріледі. Содан кейін чек төлемді жүзеге асыратын банкке беріледі.

    Есеп  айырысу чектері жабық және ашық болады. Жабық чек - бұл есеп айырысу чегі, онда чек беруші қаражатты чек бойынша төлемді кепілдендіретін жеке банк шотына алдын ала сақтап қояды. Ал, ашық есеп айырысу чегі бойынша төлемге банк кепілдік береді.

    Ақшалай чектер чекті ұстаушыға банктен қолма-қол ақша төлеу үшін қолданылады - мысалы, еңбекақы, шаруашылыққа қажетті қаражат, іссапар шығыны, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу.

    Вексель сатылған тауардың төлем мерзімін ұзарту түріндегі сатып алушының сатушыға тауар формасында ұсынатын коммерциялык несиесін ресімдейтін құрал, сондай-ақ, вексельдің берілуі негізіне қарамастан вексель ұстаушыға белгілі бір соманы төлеу турасындағы вексель берушінің міндеттемесін қамтитын құнды қағаз болып табылады. Вексель борышқорлық міндеттеме болып табылады.

    Заңда векселдің екі түрі қарастырылады: жай және аударылатын. Жай вексель борышқордың - вексель берушінің көрсетілген ақша сомасын белгілі бір мерзімде және белгілі бір орында қаражатты алушыға немесе оның бұйрығы бойынша төлеу турасындағы жай әрі ешқандай шарты жоқ міндеттемесін қамтитын жазбаша құжат болып табылады.

    Пластикалық карточкалар магниттік жолағы бар  карта және микросызбамен құрылған карта деп бөлінеді.

    Есеп  айырысуда пластикалық картаны пайдаланатын субъектілерге мыналар жатады:

    - карточканы ұстаушылар (клиент, пайдаланушы) карта берілетін тұлғалар;

    - карта эмитент-банкісі - карта эмиссиясын (шығаруын) жүзеге асырады;

    - эквайер-банк (acguirer) - картаны ұстаушыға қызмет көрсететін және сауда-саттық кәсіпорындармен олардың өз қаражат есебінен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк;

    - есеп айырысушы банктер;

    - дүкендер мен қызмет көрсетуші кәсіпорындары;

    - процессингтік орталық - төлем жүйелерінің технологиялық ядросы болып табылатын мамандандырылған есептеу орталығы. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Магниттік жолағы бар карталарлы пайдаланумен есеп айырысудың сызбасы.

    1 – клиентке карточканы ресімдеу және беру; 2 – сатып алу төлемі үшін карточканы ұсыну; 3 - қолданыстылығы (қолданысқа жарамдылығы немесе жалғандығы) туралы сұрау салу; 4 - тексерудің нәтижесі; 5 - тауарды табыстау, қызмет көрсету; 6 - аусымды табыс ету; 7 – эквайер-банктің есеп айырысуы; 8-13 - эмитент-банктің эквайер-банкпен есеп айырысуы; 14 -карточка иесінің эмитент-банкпен есеп айырысуы.

    Микросызбалық пластикалық карта шамамен осы  сызба бойынша өтуі ықтимал. Арадағы айырмашылық тексеру процесінде ғана, ол on line (процессингілік орталықпен тікелей байланыс) режимін қажет етпейді, сауда нүктесінде дербес (of line) жүзеге асырылады.

    Аударылатын вексель (тратта) - бұл вексель ұстаушысының (несие беруші) вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші тұлғадан (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша төлеушіге (борышкер) төлеу туралы сөзсіз бұйрығын қамтитын жазбаша құжат (жай вексельден айырмашалығы мұнда екі қатысушы емес, кем дегенде үш қатысушы тұлға болады).

    Вексельмен  есеп айырысу төлеушінің қаражаты есеп айырысушылар мен төлемдерге «алаңдамауына» ықпал етеді. Есептік операцияны орындағаннан кейін банк өз кезегінде есептік вексельді иелену (меншік) құқығына ие болып, осыған қарай борышқордан алынатын қаражаттың вексельде көрсетілген мерзімде уақтылы көп түсуіне бақылауды жүзеге асырады.

    Пластикалық карточкалармен есеп айырысу. Қолма-қол  ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудың прогрессивті бір түріне пластикалық картаны пайдалануға иегізделген төлем жүйесін дамыту жатады.

    Пластикалық карточка электрондық ақшаның қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түрлеріндегі кейінгі төлемі бойынша банктің нақты несиелік міндеттемесі болып табылады. Өйткені, сатып алушы сатып алынған тауарды пластикалық карточкамен төлей отырып, сатушыға тиісті соманың несиелік міндеттемесін береді.

    Есеп  айырысудың негізгі екі сызбасы  белгілі: дебеттік пластикалық картаны пайдалану және несиелік пластикалық картаны пайдалану. Дебеттік пластикалық карта арнаулы картадағы клиент шотындағы есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Несиелік пластика картасы арнайы карта шотында дебет қалдығын қалыптастыруды, яғни клиентке өзінше несие беруді ұйғарады.

    Пластикалық карталарды пайдалану арқылы есеп айырысудың артықшылығы қандай да бір затты немесе қызметті сатып алу үшін аса ірі ақша сомасын өзіңмен бірге алып жүрудің қажеттілігі болмайды; карточка жоғалған жағдайда оның жоғалғандығы туралы банкке хабарласаңыз жетіп жатыр, банк бұл карточка бойынша барлық есеп айырысуларға тосқауыл кояды.

    Кемшіліктері: ақша карточка шотына бірден түседі – қандай да бір уақыт аралығында шығындалады, яғни қаражат есеп айырысуға бөгеледі.

    Шетелдік  банктермен операция болмаған жағдайда біздің коммерциялық банктер ақпараттарды өңдеу орталығы бар СВИФТ халықаралық банкаралық жүйеге бағдарланады.

    ҚР  Ұлттық банкі Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Қағаз құжаттардан бас тартудың және осы заманғы электрондық технологияларды пайдаланумен есеп айырысудың жүйесіне көшудің бірлескен осы екі жолы шаруашылықты жүргізуші субъектілер қаражатының айналымын көп жылдамдатады. Электрондық төлемдер жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер мен клиенттер арасындағы есеп айырысулар күн сайын жүзеге асырылады. Егер төлем аймақаралық электрондық есеп айырысу жүйесінің аясында жүргізілетіп болып, ал клиент аймақтан тыс жерде жүрген болса, оның қатысуымен есеп айырысу бір-екі күннің ішінде жүзеге асырылады.

    Есеп  айырысу-кассалық орталықтары қағаз тасымалдауда банк құжаттарын қолмен сұрыптаумен және оларды салып жіберумен байланысты уақытты көп алатын жұмыстардан біршама босап қалды.

    Жаңа технологияның басты артықшылығына – ол (жаңа технология) өңделген және сақтаулы ақпараттардың шынайылығын, сенімділігін арттырады әрі қорғайды.

    Электрондық технологиялардың негізінде төлем айналымын ұйымдастыратын болсақ, бұл банктердің тауар, қызмет, құнды қағаздар үшін халықпен есеп айырысу барысында чектер мен пластикалық карталарды енгізу есебінен банк қызметінің спектірін ұлғайтуына, есеп айырысудың клирингтік жүйесін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ақша айналымының дұрысталуына, ондағы қолма-қол ақша үлесінің елде азаюына ықпалын тигізеді.

    Қолма-қол  ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде бір елдің аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты болады.

    Ол  шаруашылықты жүргізуші субъектілердің халықпен есеп айырысуын, сондай-ақ халық  топтарының арасындағы есеп айырысуды, нақты айтқанда, алынған шығындарды, сыйақыны, шікіртақыны, жәрдемақыны, сақтандыру төлемдерін және басқа табыстар мен олардың тауарды, тұрмыстық және т.б. қызметтерді, көлік, байланыс секілді қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындарын қамтитын халықтың ақшалай табысының алынуы мен жұмсалуын қамтиды.

    Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресурстарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттык банктен алады.

    Қолма-қол ақшаның ұйымдастырылуына екінші деңгейдегі банктер маңызды рөл атқарады. Тауарлардың алмасуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшаның ауыспалы айналымында банк ақша қозғалысының бастапкы әрі ақырғы тармақтарын қамтиды. Кәсіпорындардың кассасына түскен қолма-қол ақша кәсіпорынның шотына есепке алынуы үшін банк мекемелеріне берілуі тиіс. Екінші жағынан, қолма-қол ақша айналасының саласына ақша банк кассасынан кеп түседі (еңбекақы түрінде немесе басқа қолма-қол ақшамен есеп айырысудың иәтижесінде).

    Банк  кассасында қолма-қол ақша сомасы мыналар үшін болуы керек: осы банкте шоты бар өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға деген қалжеттіліктерін қанағаттандыру үшін; қажет болған жағдайда банк несие алатын клиентіне қолма-қол ақшаны ұсыну үшін; шоты басқа банкте болса да, осы банкте өз чегін өтеуге келісімі бар клиентке қолма-қол ақшаны беру үшін; басқа банктермен төлем айналымында пайда болған сәйкессіздікті баланстау (теңестіру) үшін.

    Банк  клиенттерін қолма-қол ақшаны қызмет көрсетуші банк кассасында өз шотындағы банк несиеге берген ақшалай қаражат есебінен алады. Олар оны тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетулерге пайдаланылатын еңбекақыға, шәкіртақыға және басқа төлемдерге береді.

    Белгілі бір уақыт аралығында қолма-қол ақшамен жүзеге асырылатын төлемдердің жалпы сомасы банк кассасынан берілетін қолма-қол ақшаны, банк кассасына түсетін ақшаны, пошта арқылы айналымда болатын қолма-қол ақшаны, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің халыкқа төлейтін төлемдерін, азаматтардың арасындағы қолма-қол ақша айналымын қамтитын қолма-қол ақша айналымының шамасын сипаттайды.

    Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеді. Банктегі шоттарға ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің кіріс және шығыс кассалары болады.

    Кіріс кассасының жұмысы банк клиентінің түсімді белгілі бір күннің ішінде (кешкі касса) беруіне мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастырылған.

    Инкассация  түсімді алынған орыннан банкке дейін жеткізілуін және оның жолда қорғалуын қамтамасыз етеді. Айтарлықтай мол болатын тұрмыстық, күн сайынғы түсімдер, сондай-ақ ойын-сауықтан түсетін түсімдер де инкассацияланады. Қолма-қол ақшаның инкассациясын банктер жоғарыда аталған клиенттермен келісімшартты бекітудің негізінде жүзеге асырады. Банктерге түскен қолма-қол ақша қайдан алынса, соған жұмсалуы керек.

Информация о работе Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы