Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................... 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы................. 7-23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы........................................................................... 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру................................................................. 39-41
Қорытынды................................................................................................... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы.doc

— 637.00 Кб (Скачать)

    КСРО-ның  құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі, орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма-қол ақша қозғалысын және қолма-қол ақшасыз айналымды бір-бірінен ажырату мүмкін болмай калды.

    Бұл қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алды.

    Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұтымдары бір-бірімен осылайша теңесті. Ақша айналысы - бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.

    Ақша  айналысы екі формада алға шығады: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупін де естен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай проблема болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективі негізі болып табылады.

    Алайда  ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі процесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.

    Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.

    Қолма-қол  ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.

    Қолма-қол  ақшасыз айналыс ақша айналымының  бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара шегеру жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

    Қолма-қол  ақшасыз айналым екі түрге  бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.

    Айналымның  тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс  құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.

    Тауарға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің несиелеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады.

    Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айрысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.

    Ақша  айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы-несие мекемелерінің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланылатын салаларын кемітуте, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

    Қолма-қол  ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:

    - ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға, несие қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;

    - ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынылуын кемітеді;

    - ол трансакциялық шығындардың (банкнотгар мен тиындарды басып шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік тудырады;

    - ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және қаражат айналымын шапшаңдатады;

    - қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының тиімділігі мен пайдалылығы жоғарлайды.

    Мынаны  айта кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек. Оған мыналарды жатқызуға болады:

    - Төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип әлеуетті клиентке қызмет көрсету мәдиенеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ келісімшарттағы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді. Төлеушінің төлем келісімінің міндетті түрде бөлу принципі, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай: шот иесінің шоттағы қаражатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражаттың шегінде төлем үшін жүзеге асырады. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің өтімділік принципін білдіреді. Төлемнің мерзімділік принципі. Бұл принциптің экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.

    Барлық  қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысу ережесінсіз бақылауды жүзеге асыру принципі.

    Есеп  айырысудың барлық принциптері бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соқтырады, Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара тараптарды шегеру туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп айырысу құжаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының қозғалысы мен құжат айналымын бір-бірінен бөліп қарастыру қажет. Есеп айырысу құжаттарының қозғалысы – бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан бастап аяғына дейін қозғалыс тармақтары бойынша дәйекті жүйелі етуі. Ал, құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына кажетті уақытпен қоса есеп айырысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да қамтиды. Есеп айырысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен айырысу чектері жатады.

    Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік және валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты, депозит шоты және валюта шоты меншік түрлеріне қарамастан барлық заңды тұлғаларға ашылады. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды және жеке тұлғаларға ашылады.

    Есеп  айырысу қызметі үшін банк пен  клиент арасында банктік шот келісімшарты – екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа несие мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және ұсақ сомалар) бойынша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты шегеру арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді. Клиринг - бұл заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара шегеруіне негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.

    Корреспонденттік  қатынаста мынадай операциялар орындалуы мүмкін:

    а) клиентке қызмет көрсетуге негізделген әрі банк-корреспонденттегі шот бойынша төлемдерді жүргізуді білдіретін операция. Бұл бір банктің басқасына тапсырма беруі бойынша жүзеге асырылатын базистік коммерциялық және басқа да операциялар.

    ә) шетелдік банктердің тартылуымен жүзеге асатын банкаралық операциялар. Одан еркін айырбасталымды валюталарды сату-сатып алу бойынша операция жатады. Кассалық және мерзімді валюталық операциялар бөліп көрсетіледі. Бірінші жағдайда сатып алушы мәміле сомасын бірден (дереу) төлеуге міндетті, ал екінші жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.

    Бұл операцияға мерзімі бойынша жақын келетіні - ақша нарығында сауда-саттықты жүзеге асыру. Бұл жағдайда бір банк басқа банкке уақытша ақша тапшылығын жоюы үшін, яғни қысқа мерзімді өтімділікті өтеуі үшін несие түрінде (есеп айырысу несиесі) белгілі бір мерзімге ақша сомасын береді.

    Банкаралық  операцияға клирингтік есеп айырысу  жатады. Онда - бұл шот бойынша операция мөлшері белгілі бір деңгейге жеткенде оның басқа банк операциясына қосылу мүмкіндігі пайда болады. Бұл банктердің тапсырмалары өзара шегерілуі мүмкін. Егер өзара шегерілетін болса, клирингтік орталықты іске қосудың қажеті болмай қалады.

    ҚР  қолданыстағы заңына сәйкес қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылады:

    - төлем тапсырмалары;

    - аккредитивтер;

    - чектер;

    - вексельдер;

    - пластикалык карточкалар.

    Жабдықтаушылар  мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын шаруашылық келісімшартында өздері анықтайды. Есеп айырысу бойынша бір-біріне қоятын талаптарды (притензия) екі жақ банкті қатыстырмай өздері қарастырады, даулы мәселелер сотта және төрелік сотта шешіледі.

    2004 жылы екінші деңгейдегі банктер  мен АҚ «Қазпочта» үшін 36,0 триллион  теңге сомасына 57,0 млн жүргізілді. 

    1 кесте. Төлем құралдарының құрылымы*

Төлем аспаптары Құрылымы, %-пен
Саны Сомасы
Төлем тапсырмасы 41,3 96,8
Төлем талап-тапсырмасы 0,1 0,2
Чектер  0,4 0,6
Шот банкілерін тікелей дебеттеу   0,3 0,02
Инкассалық  өкім 0,4 0,7
Өтелген вексель  0,003 0,05
Төлем карточкалары 57,4 1,7
Қорытындысы 100,0 100,0

Информация о работе Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы