Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Кіріспе.......................................................................................................... 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы................. 7-23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы........................................................................... 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру................................................................. 39-41
Қорытынды................................................................................................... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............
2 Ақшаның қызметтері
және оның қажеттілігі
мен экономикалық маңызы.
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі негізді, ақшаның құрамын өрнектейді. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақта басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған екі қызметімен қатар барлығы 5 қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.
Демек,
олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы
ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады
деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.
Құн
өлшемі
Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы әрекет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық кажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдык танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.
Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол берілген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтка және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардың аты ақшалай металл (алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.
Бағалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет ақшаның алтындық құрамын оқтын-оқтын белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы енгізілген Ямайка валюта жүйесі алтынның ресми бағасын және Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің ақша бірліктерінің алтындық құрамын алып тастады. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар құнын салыстыру арқылы нарықтық үрдісте берекесіздік түрде қалыптасып жатыр.
Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар масштабы - металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.
Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғни ол ақша қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын несиелік ақшалармен алмастырылды.
Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде - рубль, АҚШ-та - доллар, Еуропалық Одақта - евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөль ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы - бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.
Демек,
құн өлшемі - бұл ақша бірлігі, ол тауарлар
мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру
үшін қолданылады.
Айналыс
құралы
Бұл
қызметтің маңызын тауар
Несиелік ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады.
Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде,ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орындады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.
Тауарлық айналымның ары қарай дамуы ақшаның осы қызметінің бір-бірінен бөлектенуіне әкелді, құн өлшемі қызметін толыққұнсыз ақшалар орындады, ал айналыс өлшемі қызметін олардың белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарды.
Құн өлшемі ретіндегі ақша гиперинфляция кезеңінде айналыс құралы қызметін атқармайды, Қазақстанда 1994-1997 жылдары тауар бағалары американдық долларда, немесе екі бағада: долларда және теңгеде белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға қатысты айырбас курсы негізінде қайта есептеліп отырды. Бұл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел өсті, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы ақша массасы тауар массасына карағанда едәуір өсті, ол ақшаның кұнсыздануына, яғни инфляцияға әкелді.
Осылайша,
айналыс құралы - тауарлар мен қызметтерді
сатып алу үшін, сонымен бірге қарыздарды
төлеу үшін қолданылатын ақшалар. Ақшаның
айналыс құралы ретіндегі қызметінің
айрықша белгілерінің бірі - бұл тауардың
және де ақшаның қарама-қарсы қозғалысын
белгілеп, оны қолма-қол ақшалар атқарады,
өйткені бұл қызметте ақшалар тауарлар
айырбасы кезіндегі ұшқыр делдал ретінде
әрекет етеді, онда оны толыққұнды ақшалар
емес, оның орынбасарлары – қағаз және
несиелік ақшалар орындайды.
Төлем
құралы
Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге несиелік қатынастардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т-А-Т1 айналымы барысында Т-А және А-Т1 деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы несие берушіге, ал сатып алушы - қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем кұралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар несиеге сатылады екен. Төлем міндеттемені (несиені) өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату-сатып алу актін анықтамайды, несиені жаба отырып, тек қана оны аяқтайды.
Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.
Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарама-қарсы қозғалысы орын алады, бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы сатушыға қарыз міндеттемесін береді, ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады: «Бір тауар иесі қолма-қол тауарды сатады, ал екіншісі ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы несие беруші болса, сатып алушы – қарыз алушы болады».
Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен бірге қаржылық және несиелік қатынастарға кызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарызды қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде.
Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды және несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарады, төлемдер жеделдетіледі және қолма-қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушыларды өзара байланыстырады, олардың әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері (жеткізушінің шоты бойынша) бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (қарыз бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және т.б.) жүргізеді. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалдық, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.
Қазіргі
кездегі қоғамда иесиелік, электрондық
ақшаның дамуы кезінде есеп айырысудың
басым формасы ретінде қолма-қол есеп
айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз
ереп айырысу қолданылады, яғни төлем
құралы қызметіндегі ақша айналыс құралы
қызметімен салыстырғанда артықшылығы
басым болып келеді. Сонымен қатар төлем
құралы қызметін қолма-қол ақшалар да
атқара алады. Фирмалар, кішігірім кәсіпорындар,
ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі
қолма-қол ақшаларды қолданады: еңбекақыны
төлеу, сыйақы беру, жәрдемақы, зейнетақы,
стипендия төлеу, облигация, лотореялық
билет бойынша ұтыстарды төлеу, тұтынушылық
қажеттіліктерге және ипотекаға несие
беру, сонымен бірге халықтың коммуналдық
қызметтер үшін төлемі және т.б.
Жинақтау
және қорлану құралы
Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақ құралы ретінде әрекет етуін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажетгілігі қайтадан Т-А-Т1 айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т1 бөлінуімен байланысқан.
Бірінші актіде тауар сатылады және ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және т.б. түрде сақтай алады. Бірақ ақша көбінесс осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ол төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.
Бірақ та жоғары иифляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жинау құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен-күнге төмендей берсе, яғни ақша құнсызданса, онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қорланудан және жинаудан бас тартады. КСРО азаматтарының жинақтары соның айқын мысалы, олар Одақтас Республикалар дербестігін алған кезде толығымен жоғалып кетті. Қазақстан өз азаматтарының осындай жинақтарының елеусіз ғана бөлігін өтеді. Бұл ақшаның құнсыздануының классикалық мысалы. Айналым құралы қызметінен және төлем құралы қызметімен салыстырғанда жинақ құралы ретінде ақша белгіленген мерзімге өз құнын сақтауы тиіс және міндетті түрде нақты болуы тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын, күміс, платина) атқарады, бірақ ол қағаз, несиелік ақшалардың өкілдерімен алмастырылуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде өз қызметін жоғалтады.
Информация о работе Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы