Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................... 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы................. 7-23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы........................................................................... 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру................................................................. 39-41
Қорытынды................................................................................................... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы.doc

— 637.00 Кб (Скачать)

    Астықтың әр түрлі болуына байланысты төмендегідей өлшем бекітілді:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

    Бидайдың 100 салмақ өлшемі  = Сұлының 135  өлшеміне,                                                                                                                                                                                                                                          

                  жүгерінің 200 салмақ өлшеміне.

    Субъективті ой-пікірлер XX ғасырдағы көрнекті экономистерге де тән. Мысалы, американдық экономист П. Самуэльсон ақшаға жасанды әлеуметтік шарттылық ретінде қараса, Дж.К. Гэлбрейт "ақшаның қызметін асыл металдарға және басқа заттарға бекіту - адамдар арасындағы келісімнің өнімі" деп есептейді. Орыстың көрнекті ғалымы Струмилин С. Г. ақшаның орнына белгілі бір еңбек өлшемін (треды - трудовые единицы), ағылшын экономисі Смит фальтнер энергетикалық өлшемді (энеды - энергетические единицы) ұсынды.

    Сондай-ақ 90-жылдардың бас кезінде шыққан "Экономикс" атты кітабында К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю "ақша адамдарды сиқырлайды, ақшаның кесірінен олар азаптанады, ақша үшін еңбектенеді. Ақша - ол өзіне баурайтын, қайталанатын, құбылмалы перделі жұмбақ нәрсе" деп жазды. Сөйтіп, рационалистік концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар арасындағы келісімнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.

    Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл "жұмбақты" басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін дәлелдейді.

    Алғашқы  болып  ақшаның тауарлы  жаратылысын дәлелдеп,   ақша  теориясының дамуына  көп  еңбек  сіңірген К.Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан "көз шағылыстыратын" - ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ К. Маркс ақшаның қажеттілігі жөнінде "егер  ақша  жойылса,  біз  қоғамдық  өркендеудің  ия  ең жоғары  (коммунизм) дәрежесінде болармыз,  ия қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына (алғашқы қауымға) лақтырылып  тасталармыз" деп өз ойын   қортындылаған. Ал коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, одан әрі де бола бермек.

    Ақша  натуралды шаруашылықтан тауарлы  өндіріске өткенде тауардан туындап, айырбас қатынастарының даму барысында тауар болып қала бермек. Бірақ ол ерекше тауар – барлық тауарға теңгерілетін эквивалент тауар. Басқа тауарлардың құны ақша тауарының құнымен көрсетіледі және сол арқылы тауар өндірушілердің еңбек өнімі үнемі біріне-бірі айырбасталады. Әрине басқа тауарлардың құн мөлшерін өз құны бар тауар ғана көрсете алады. Тарихи ондай тауар ретінде қымбат бағалы металдар, әсіресе алтын жүрген. Маркстің айтуынша, табиғат ақша шығармайды, ал алтынға ол қасиетті қоғам берген. Себебі:

    Біріншіден, оның өте жақсы табиғи сапасы бар: біртектілігі, оңай бөлінуі, әдемі түрі, тотықтанбауы, бұзылмай сақталуы. Ол тек "патша арағында" ғана ериді (құрамы 2/3 тұз және 1/3 азот қышқылы).

    Екіншіден, бұл ең бастысы, алтынның біршама жоғары құны бар және алтын ақша құнсызданбайды.

    Алтынның  қоры шектеусіз еместігінен, оны  шығаруға зор еңбек жұмсалады. Бұл  бір жағынан. Екінші жағынан, оның  құнсызданбауы туралы,   егер  толық құнды алтын ақшаның айналымдағы мөлшері оның нақты қажетгілігінен көп болса, онда олар айналымнан шығып, байлық қорына түседі. Керісінше, айналымға қолма-қол ақшаның қажеттілігі өссе, онда алтын ақша ешбір кедергісіз байлық қорынан айналысқа кері оралады. Алтын ақшаның, өз иемденушісін зардапсыз, айналым қажетгілігіне оңай, әрі тез икемделетін мүмкіндігі бар. Сондықтан алтын монометаллизмі жүйесінде айналыстағы ақша массасының оның қажеттілігі өз-өзінен реттеліп, ақша айналысы заңы орындалды.

    Байлық қорын жинауға құштарлық ертеден бар. Капитализмге дейінгі қоғамдық құрылымдарда байлықты жинаудың ең жай түрі болды, яғни айналыстан шығарылған алтын және күміс сандықтарда, қобдишаларда, тіпті жерге көміп сақталды. Ал тауарлы өндірістің өрістеуі ұдайы өндірісті үнемі жаңғыртуға байлық қорын пайдаланудын қажеттілігін туғызды. Сондықтан аса көп пайда табуды көздеген кәсіпкерлер сақтауда жатқан байлығын айналысқа шығаруғ мәжбүр болады.

    Металл  ақша айналысы тұсында және банкнотаның  алтынға еркін айырбасталуы жағдайында мемлекеттердің орталық эмиссиялық банктерінің ішкі ақша айналымы, банкнотаны   алтынға айырбастау және халықаралық   төлемдерін жүргізу үшін алтын қоры болуы тиіс еді. Қазіргі кезде, яғни алтын дүниежүзілік ақша ретінде қолданбауы жағдайында, орталық банктерде шоғырланған алтын қоры мемлекеттің алтын валюта қорын құруға пайдаланылады.

    Сонымен бірге алтын қорын сақтау алтын фетишіне (бірдемеге сөзсіз илану, бас ию) де байланысты. Мысалы, Орта ғасырда меркантелистер экономикалық саясаттың негізі елде жиналған асыл металдар деп дәлелдеді. Тіпті XX ғ. орта шеніне дейін де ұлттың мәртебесі алтын қорының мөлшеріне байланысты деп есептелді. Оған дәлел мынадай мысал. 1949 ж. қыркүйегінде АҚШ капиталистік әлемнің барлық алтын қорының 75 процентін (21,9 мың т. шамасы) өзінде шоғырландырды.

    Алтын фетиші жеке адамдар санасында әлі күнге дейін сақталуда, олар алтынға жинақтарын сақтаудың сенімді кепілі деп қарайды. Жеке тезавраторлардың (алтын бұйымдарын жинаушы) белсенді нарығы кем дегенде халықтың үштен бірін қамтиды. Одан басқа, алтын қоры халықаралық төлемде қолданылатын ұлттық валютаға сенімін арттырады.

    Дегенмен алтын ақшаға бірсыпыра кемшіліктер тән. Атап айтқанда:

    • алтын ақшаны қолданудың өте қымбаттығы, оған кеткен шығын қағаздан жасалған ақша белгілерінен әлдеқайда көп. Алтын өндіру – ең көп еңбек сіңіруді және қаржы жұмсауды қажет ететін іс. Мысалы, 1 кг алтын алу үшін 3000 м тереңдіктегі 100 т тау қыртыстарын өңдеу қажет екен. Алтынды көп өндіретін "Оңтүстік Африка Республикасындағы алтын өндірушілердің жағдайы құл еңбегіне тең: олар ауаның температурасы +40°С градустан асқан ыстықта терең жер қабаттарында өте төмен ақы алып, тіпті су тегін (тым арзан) жұмыс істейді. Бірақ ол елде бұрын алтынның дүниежүзілік өнімінің 2/3-і шығарылса, қазір 1/3-і ғана шығарылады;

    • ақша айналымының қажеттілігін алтын ақшамен камтамасыз ету мүмкін еместігінен, себебі алтын шығаруды ұлғайтудан гөрі ақша қажеттілігі шапшаң өседі. Әлемде алтын өндіру құлдырауда. Оған дәлел: Жаңа дәуірге дейінгі 4000 жылдан 1985 жылға дейін шығарылған барлық дүниежүзілік алтын 90 мың тоннаға жуық болған. Осы мөлшердің 60 мың тоннадан астамы XX ғ. шығарылса, ал оның тең жартысына жуығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шығарылды.

    Осы және басқа да бірсыпыра себептерге байланысты әлемде біртіндеп алтынды ақша материалы ретінде қолдану тоқталды.

    Әйтсе де шаруашылықта алтынды қолдану үнемі ұлғаюда. Ол әр түрлі салаларда - электроникадан бастап, зергелік іске дейін - біресе микрондық қалыңдықпен, біресе тоғандау үшін құйма түрінде қолданылады. Мысалы, тек цифрблатының диаметрі 6 м болатын Кремль куранттарын қалындығы 3 мк алтынмен жалатуға 26 кг алтын жұмсалады екен. 

    Ал  электронды есептегіш және компьютерлік техника, механиканың дәл аспаптары, синтетикалық талшықтар және т.б. алтын қосындысыз болуы мүмкін емес.

    "Ақша  – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.                                                                                                                                                                                                       

    Ақша  – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған-жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітгі. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісім-шарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.

    Нарықтық экомомикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.

    Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

    Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.  

    2003-2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы

  Көрсеткіштер 2003 2004 2005
Инфляция жылына орташа, %

жылына  орташа

4-6 4-6 3-5
Қайта қаржыландыру

жылдың  соңына

6-7 5-6,5 4,5-6
Алтын-валюта резерві 

млн АҚШ доллары

өзгерістер, %

 
3355

11,5

 
3541

5,5

 
3673

3,7

Ақша базасы

млрд  теңге 

өзгерістер, %

 
237

14,8

 
268

12,9

 
304

13,9

Ақша массасы

млрд  теңге

өзгерістер, %

 
865

22,4

 
1008 16,6
 
1168

15,9

Банк жүйесіндегі  резиденттердің депозиттері 

млрд  теңге 

өзгерістер, %

 
 
671

23,3

 
 
788

17,4

 
 
910

15,5

Экономикаға беретін  банктің несиелері

млрд  теңге

өзгерістер, %

 
571

30,1

 
718

25,7

 
866

20,8

Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа өлшенген мөлшерлемесі, % 11,0 9,0 7,5
Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа өлшенген мөлшерлемесі, % 16 15 13,5

Информация о работе Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы