Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Кіріспе.......................................................................................................... 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы................. 7-23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы........................................................................... 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру................................................................. 39-41
Қорытынды................................................................................................... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............
Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде қорландыру қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халыкаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.
2005 жылдың 1 каңтарына қарай Халықаралык резервтік қор 8 млрд доллардан асты. Мұндай резервтерге ұлттык қор да кіреді, ол 5,3 млрд долларды құрады.
Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде оның жинақ және қазыналық құрал ретіндегі рөлі төмендегенімен, алтын әлі де қазына құралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі елдің байлығын көрсетеді және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген семімін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтынның ең үлкен қоры - АҚШ-та 260 млн тройск унциясы, (1 тройск унциясы - 31,1 г.), Германияда- 120, Францияда- 102, Ресейде -150 млн тройск унциясы бар.
Ақшаның
жинақтау және қазыналық қызметінің объективті
алғышарты бар және ол ақша айналысы заңымен
байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі
үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясынан
жинақтау аясына және керісінше жылжиды.
Мысалы Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының
жоғарылауы шарттарында экспорттық түсімдер
айналысқа түсіп, айналыстағы ақша массасын
көбейтті, сондықтан ҚР Ұлттық банкі жедел
шараларды қолдануға мәжбүр болды, яғни
бұл ақшаны сақтандыру қорына, ұлттық
қорға жіберді. Осылайша, ақша айналымының
тұрақтылығына қол жеткізілді, инфляция
жойылды.
Әлемдік
ақшалар
Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектелді.
Ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы өрнектеледі. К. Маркс былай жазған: «Қазына және жаппай төлем құралы ретінде ақша әлемдік нарықта жаппай құралы, өз түсінігі ғана емес, сонымен бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпыға ортақ тауар болып есептеледі». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халықаралық төлем құралы қызметі жөнінде айтсақ, онда ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интернационалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.
Егер ел ішінде ақша мемлекет тарапынан заңдастырылған ұлттық ақша формасында әрекет етсе, онда оның шекарасынан тыс жерде К. Маркстің пікірінше «ақша өзінен ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы - бағалы металл кұймалары түрінде әрекет етеді ».
Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде, яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын несиелік ақшалар айналымда жүрген кезде, әлемдік ақша нарығына ақшаның шығуы және әлемдік ақша ретінде әрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.
Қазіргі таңда айналымда алтын монетаның жоқ болуына байланысты, несиелік ақшалар (банкноттар) алтынға айырбасталмайды, әлемдік ақша ретінде алтын құймалар және еркін айырбасталымды валюта түрінде қолданылды. Бірақ та XX ғасырдың бірінші жартысынан бастап төлем құралы ретінде еркін айырбасталатын валюта тарапынан ығыстырыла бастады, яғни шет елдік валюталарды барлық басқа мемлекеттер тарапынан қабылданады. Мұндай валюталарға американдық доллар, евро және фунт стерлинг жатады. АҚШ доллары қазіргі кезде Қазақстанның әлемдік нарығында (тауар айналымының 70 пайызға жуығы) кең қолданылатын төлем құралы болып табылады. Барлық төлемдердің 20 пайызға жуығы евро, басқа валюталар арқылы жүзеге асырылады. Барлық мұнай, металл долларға экспортқа шығарылады.
Әлемдік ақша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтканда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шығару, қарыз берудің арнайы құқықтары (СДР), Ортақ нарық елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол XX ғасырдың 90-жылдарының соңында евроға ауысты, Варшава Келісімі елдері арасында ауыстырылған рубль қолданылды, олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.
Жаппай сатып алушылық құралы ретінде толыққұнды әлемдік ақшалар (алтын) елдер арасында өзара қарым-қатынастар және есеп айырысулардың қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді (астықтың шықпауы, берекесіздік апаттар және т.б). Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанда астық өнімдері шықпай қалған кезде КСРО астықты алтынға сатып алды.
Ақшаны қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие ұсыну.
Егер елдің төлем балансы активті болса, яғни экспорт импорттан үлкен болса, онда еркін айырбасталымды валюта валюталық резервтерді толтыруға бағытталады, егер төлем балансы теріс болса, онда керісінше, резервтердегі айырма жабылады.
Біз қарастырған ақша қызметтері бір-бірімен өзара байланысқан, бір-бірін толықтырады және жаппай балама ретінде ақшаның біртұтас мәнісі айқындалады. Олар тығыз байланыста және бірлікте болады. Логикалық және тарихи тұрғыда әрбір келесі қызмет алдыңғылардың танымал дамуын алдын ала көрсетеді. Ақша қызметтерінің өзара байланысының негізі болып құн өлшемі ретіндегі ақша қызметі есептеледі. Бұл өте орынды, өйткені ақшаның бұл қызметі анықтауыш болып саналады. Ақшаларда бұл қызмет болмаған жағдайда барлық басқа қызметтер өз рөлін іс жүзінде толыққұнды атқара алмайды.
Ақшаның
қажеттілігі
Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т1 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу - сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т1) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі, олардың айрықша тауар жөніндегі мәселелерді тақырыптың келесі тарауларында сөз етеміз.
Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінең ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруға болады, оның әр түрлі жағалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, баға мен еңбекақы орналасқан.
Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуді дұрыс деп есептедік. Бұл сызба «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» кітабында (Мәскеу-Ленинград, 1991 ж., 13-бет) келтірілген.
2
сызба. Тауарлар мен қызметтер ағымының
сызбасы
Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары (кәсіпкерлер) және фирмалар (заңды тұлғалар) айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы ағымымен теңестіріледі. Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруашылықтары) және фирмалар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар нарығындағы фирмалар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды – жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды сатып алады.
Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тиесілі, бұл шаруашылықтар сәйкес ақша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т.б. түрді қабылдайды.
Ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық аймалымдағы ұлттық табыс пен ресурстар қозғалысы көрсетілген.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады. Сонымен қатар ақшаның болуы мынадан туындайды:
Ақшаның
қажеттілігі және
оның экономикалық маңызы
Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.
Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл-ой талабына ғана негізделген көзқарас) бастаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндірді. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзінің "Никомахова этика" деген кітабында "Айырбасқа қатысатындардың бәрі өзара салыстырмалы болуы керек. Айырбасты болдыру үшін шарттылыққа негізделген әлдебір өлшем болуы қажет" деп жазған. Бұл ой көне (античный) Рим қоғамында заңға енгізіліп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекіткен.
ХҮІ ғ. бас кезінде (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің "Золотая книга о наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия" деген еңбегінде "барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс шешілуі мүмкін болар ма екен" деп жазған.
Сондай-ақ XIX ғ. утопист-социалистер Прудон, Оуэн, Грейт және басқалары да ақшаға жағымсыз көзқараста болды. Мысалы, Прудон тауар өндірісін сақтап қалумен қатар ақшаны құртудың жобасын жасап және оны дәлелдеуге тырысты. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуэннің тауарларды ақшасыз "еңбек бондарын" қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргізуге ұмтылған әрекеттері банкроттыққа (күйреуге) соқтырған.
Ақшаға деген теріс көзқарастар Ресейдегі азамат соғысы кезіндегі ақшаның құнсыздануын, өнімнің заттай түрінің өзара айырбасталуын ақшаны жоюды тарихтың өзі дәлелдеді деп түсіндіргісі келді. 1918 және 1921 жылдары натуралдық коэффициенттің негізінде өнеркәсіп өнімдерін тікелей ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.
Мысалы, 1921 ж. айырбаста мынадай натуралдық коэффициенттер қолданылды.
1 кез шыт = 20 фунт астық.
1 буда шырпы = 13,5 фунт астық.
1 пұт шеге = 23 пұт 7 фунт астық.
Информация о работе Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы