Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп берудің нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 08:43, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіруіне байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға түсінікті бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Шетелдік инветорлар қазақстандық ұйымдарға ақшалай қаражат сомасын салғаннан кейін олардың барлығына түсінікті есептілік табыс ету қажет болды. Осыған байланысты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) жалпы қабылданған кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады.

Файлы: 1 файл

Айдыннн.docx

— 19.94 Кб (Скачать)

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ НЫСАНДАРЫ 

 

Қазақстан Республикасының  әлемдік экономикалық қауымдастыққа  кіруіне байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға  түсінікті бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын  жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Шетелдік инветорлар қазақстандық ұйымдарға ақшалай қаражат сомасын  салғаннан кейін олардың барлығына  түсінікті есептілік табыс ету  қажет болды. Осыған байланысты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) жалпы қабылданған кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады.

Қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттары (ҚЕХС) –  бұл бүкіл әлемде ұйымдардың қаржы  есептерін жасау үшін қаржы-шаруашылық операцияларын тануға, бағалау мен  ашып көрсетуге талаптар қоятын ережелер.

Қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттары бойынша  кеңесімен құрастырылған ҚЕХС бүкіл  дүние жүзінде ұйымның қызметі  туралы ашық және түсінікті ақпаратты, ұсыну үшін тиімді құрал ретінде  танылады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан  әлемдік үрдіс барлық елдердің қаржылық есеп берудің оның халықаралық стандарттарға  сай жасауға көшуін қажет етеді. Барлық ірі индустриялық елдер өздерінің  ұлттық стандарттарынан бас тартып бірыңғай халықаралық стандарттарға  көшуде. Мәселен, АҚШ мамандары ҚЕХС-пен  жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаларын (GAAP) жақындастыру жөнінде  жан-жақты жұмыс жүргізуде.

Біздің мемлекетіміз Тәуелсіздік  алған сәттен бастап халықаралық  тәжірибені зерттеу нәтижесінде  өзінің бухгалтерлік жүйесін реформалауға кірісті. Есеп пен аудитті дамыту мен жетілдіруге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру мақсатында елімізде қаржылық есеп беруді ҚЕХС-қа сәйкес жасауға бірте-бірте көшу жүзеге асырылуда. ҚЕХС көшу есеп берудің  өзінің дайындау принциптерін және оның сапасын бақылау - аудит принциптерін де өзгертеді.

Қаржылық есеп берудің  стандарты - бұл бухгалтерлік есеп жүргізу  мен қаржы есептілігін жасаудың қағидалары мен әдістері белгіленетін құжат.

Стандарттар ұлттық және халықаралық  болады.

Қаржылық есеп берудің  ұлттық стандарттары – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру саласындағы  қызметті реттеудегі жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекіткен стандарт болып табылады.

ҚЕХС-ты әзірлеп, жетілдірумен Канада, Германия, Франция, Австралия, Мексика, Жапония, Ұлыбритания және Ирландияның, сондай-ақ АҚШ-тың бухгалтерлік органдары жасаған келісімге  сәйкес 1973 жылғы 29 маусымда құрылған Халықаралық  қаржылық есеп берудің стандарттары жөніндегі комитет (ҚЕХСК) айналысты. 2001 жылғы сәуірден бастап көрсетілген  Комитет осы стандарттарды бекітетін  қаржылық есеп берудің халықаралық  стандарттары жөніндегі комитет  Қорының органы болып табылатын  қаржылық есеп берудің стандарттары жөніндегі кеңес болып қайта  құрылды.

ҚЕХС - қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттары жөніндегі  комитет қабылдаған стандарттар  мен түсініктемелер. Оларға:

1) Халықаралық бухгалтерлік  есеп стандарттары (IAS);

2) Қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттары (IFRS);

3) Түсініктеме түріндегі  ресми құжаттар - қаржылық есеп  берудің стандарттарын түсіндіру  жөніндегі комитет дайындаған  және шығаруға бекіткен  ҚЕХС-на түсініктемелер;

4) Түсініктеме беру жөніндегі  тұрақты комитет дайындаған және  ҚЕХСК шығаруға бекіткен түсіндірмелер  кіреді.

ҚЕХСК әзірлеген халықаралық  стандарттар жүйесі ұйымдардың қаржылық есеп беруін жасаумен байланысты барлық негізгі мәселелерді қамтиды.

Сонымен ҚЕХСК 41 стандарт әзірледі, алайда нормативтік шаруашылық жүргізудің кеңеюіне орай олардың кейбіреуі  алынып тасталды, сондықтан қазіргі  кезде 37 стандарт, оның ішінде халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттары 30 және қаржылық есеп берудің халықаралық  стандарттары 7 қолданылады.

Қаржылық есеп беру мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен  қаржы нәтижелерінің құрылымдалған  ұсынуы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру белгілі жорамал негізінде  құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс. Сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған  ресурстарды басқару нәтижелерін  де көрсетеді.

1 – «Қаржылық есеп  беруді ұсыну» IAS қаржылық есеп  берудің халықаралық стандартына  сәйкес жалпы мақсаттағы қаржылық  есеп беру – бұл өздерінің  нақты ақпараттық қажеттіліктеріне  сай келетін есептіліктің ұсынылуын  талап етуге мүмкіндігі жоқ  пайдаланушылардың қажеттіліктерін  қамтамасыз етуге арналған есептілік.

Қаржылық есеп берудің  нысандары мыналарды қамтиды:

-         бухгалтерлік баланс;

-         пайдалар мен залалдар туралы есеп;

-         ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;

-         меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

- есеп саясатының елеулі  элементтерінің қысқаша сипаттамасын  және басқа да

түсіндірме ескертпелерді  қоса, ескертулер.

Бухгалтерлік баланс мекеменің  қаржылық есептілігінің негізгі  нысаны болып табылады. Ол мекемелердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша  активтерін, міндеттемелері мен капиталын  көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері активтер, міндеттемелер  және капитал болып табылады.

Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері  актив және пассив болып бөлінеді. Бухгалгерлік баланстың активінде  шаруашылық құралдардың жағдайын сииаттайтын  көрсеткіштер жалпыланады, ал пассивінде ұйымның шаруашылық қызметіне қолданған шаруашылық құралдарының пайда болу көздерін сипаттайтын көрсеткіштер қарастырылады.

Баланстағы барлық баптар экономикалық мазмұны бойынша бес  бөлімге топтастырылады: активінде  екі бөлім: қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді актвитер, пассивінде үш бөлім: меншікті капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер.

Бухгалтерлік баланс мынадай  маңызды қызметтерді атқарады:

- менеджерлер мен иелерін  ұйымның мүліктік жағдайымен  қатыстырады;

- баланс бойынша ұйымның  жақын арада алған міндеттемелерін  өтей алатынын анықтайды;

- актив баптары мен  оларды қалыптастыру көздерінің  мазмұны ішкі және сыртқы пайдаланушыларға  пайдалану мүмкіндігін береді.

Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей  байланысты қаржылық есептіліктің элементтері  болып пайдалар мен залалдар танылады. Қызмет нәтижесі пайда және залал  туралы есепте берілген мекеменің табыстары (кірістері) мен шығыстарының өзара  байланысы болып табылады.

Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде  кезең ішінде мынадай сомаларды  көрсеткенде кем дегенде мынадай  желілік баптар болуы тиіс:

-   табыс;

-   қаржыландыру жөніндегі шығындар;

-   қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген мекеменің үлесі;

-   салық бойынша шығыстар;

-   тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал;

-   пайда немесе залал.

Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде  мынадай баптар кезең ішінде пайданы  немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетілуге тиіс:

-   азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;

-   еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.

Пайда мен зиян туралы есеп қаржылық есеп берудің маңызды құжаттарының бірі болып саналады, ол белгілі  есепті кезеңдегі қызметтің нәтижелерін  бағалауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманғы талдау тәжірибесінде  шаруашылық ұйымның экономикалық тиімділігінің  деңгейі жөніндегі ақпарат болып  табылады. Ол қаржы нәтижелерін қалыптастыратын  процестерді анықтап талдау және есепті кезеңдегі басқарушылық шешімдерді бағалау үшін пайдаланылады.

Кәсіпорынның жеткілікті төлем қабілеттілігі мен ұйым жұмысының жоғары пайдалылығының арасындағы оңтайлы балансты қолдау нарықтық экономиканың ең маңызды міндеті болып табылады. Осы міндет шешімінің негізгі  көзі ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп болып табылады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп 7 – «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» IAS қаржылық есеп берудің халықаралық стандартының талаптарына сәйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған  стандартқа сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер өзіне  ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен  операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің есепті кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты  қамтиды. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін  өтеу үшін қолданылады.

Ақша қаражаттырының қозғалысы  туралы есептерді жасаудың негізгі  мақсаты мен қажеттілігі мекеменің  ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға мекеменің ақша қаражаттарын табу қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау  үшін негіз беретіндігі мен пайдалылығында көрінеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп оны қаржылық есеп берудің  қалған нысандарымен бірге пайдаланған  кезде ақпарат береді, онда өзгеріп  отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға мекеменің  таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын және түсімдер мен  ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі  мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін  бағалауға мүмкіндік береді.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қызметі мен оның дамуы  негізінен өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті капиталдың есебінен жүзеге асырылады, тек меншікті капитал  жетіспеген жағдайда ғана қарыз қаражат  тартылады.

Меншікті капиталдағы  өзгерістер туралы есеп І «Қаржы есептілігін  ұсыну» IAS қаржылық есеп берудің халықаралық  стандартына және Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартына сәйкес жасалады да, мекеменің есепті кезеңдегі қаржылық есеп берудің жеке нысаны түрінде  ұсынылады. Бұл есепте мынандай ақпараттар қамтылады:

- меншікті капиталдағы  барлық өзгерістерді;

- меншікті капитал иелерімен  операциялар жасау нәтижесінде  туындайтындардан өзгеше меншікті  капиталдағы өзгерістер туралы  есеп.

Капиталдағы өзгерістер туралы есеп есепті кезеңдегі болған капиталдың құрылымдық және сандық өзгерістері  туралы ақпаратты ашып көрсетеді.

1 – «Қаржы есептілігін  ұсыну» IAS және 8 «Есеп саясаты, есептілік  бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер  және қателіктер» IAS қаржылық  есеп берудің халықаралық стандарттарына  сәйкес мекеме өзінің есеп  саясатын жасайды. Есеп саясаты  – бұл мекеме қаржылық есеп  беруді дайындау және ұсыну  үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, кесімдер, ережелер және  тәжірибе.

Мекеменің қабылдайтын есеп саясатының мақсаты мекеменің жүргізген  операциялары мен оқиғалары туралы ең толық, әділ және дұрыс ақпараттар алу болып танылады. Бұл ақпараттар мекеменің иелеріне және жеке меншік иелеріне, мемлекетке, банкке, салық  органына және мекеменің шаруашылық байланыстағы және басқа іскерлік серіктестікке қосылуға ниет білдірген заңды және жеке тұлғаларға, барлық ішкі агенттерге өте қажет.

Қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттарының талаптарына  сәйкес қаржылық есептіліктің ажырамайтын  құрамдық бөлігі болып, сондай-ақ түсініктеме  жазба танылады. Ол қаржылық есеп берудің  сандық деректерінің мазмұнын жақсы  анықтау үшін қажетті мәліметтер беретін негізгі талдамалы құжат. Түсіндірме жазбаның басында мекемеге енетін құрамдық бөлігінің құрамын, олардың шаруашылық қызметінің негізгі  көрсеткіштерін сипаттаумен ашып көрсетіледі  де, мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің жүргізілген жағдайларын  сипаттайды. Жазбада сондай-ақ келесі жылы жеткен жетістіктерді жақсарту және айқындалған жетіспеушіліктерді жою үшін қажетті шаралар жоспары  белгіленіп қояды.

Түсініктеме жазбада баланстың  негізгі баптарына толық сипаттама  беріледі, пайдалар мен залалдар туралы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, капиталдағы өзгерістер туралы ақпараттар ашылады. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау үшін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын  пайдалану көрсеткіштері есептеледі. Түсініктеме жазбада мекеменің  есепті жылдағы қаржылық жағдайы  мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне әсерін тигізген факторлар, сондай-ақ құрылтайшылардың (меншік иелері) жылдық қаржылық есептілікті қарап, талдау нәтижелері бойынша қабылданған  шешімдер көрсетіледі. Егер есепті жыл  бойына мекеменің есептік саясатында өзгерістер болса, онда түсініктеме  жазбада осы өзгерістердің себептері  көрсетіледі де, олардан болған зардаптарға  құндық баға беріледі.


Информация о работе Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп берудің нысандары