Американдық менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 23:39, реферат

Краткое описание

Американдықтар өз конституциясын мақтаныш етеді. Оны дінді қандай құрмет тұтса, сондай дерлік құрмет тұтады: Мұндай құрметтің негізі аталған мұраттар, құқықтар мен бостандықтар оларға ат төбеліндей билеуші таптың тартқан сыйлары емес деген сенімде жатқан еді. Бұл құқықтар мен бостандықтарды, түптеп келгенде, табиғи, әрбір американдықтың мызғымас құқықтары, олар сол үшін күресіп, жеңіп алды. Оларды ешкім де үкімет те, сот та, заң да тартып ала алмайды.

Оглавление

I.Кiрiспе....................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................5
2.1Басқарудың Американдық жүйесі....................................................................5
2.2Саяси партиялар.................................................................................................9
III.Қорытынды.......................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................17

Файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 52.13 Кб (Скачать)

      Конгрестің заңдарды қабылдауға өкілеттілігі бар, бірақ президент конгрестің кез келген әрекетіне вето қоя алады. Конгресс, өз кезегінде, әр палатанық үштен екі дауысымен бұл ветоны жоюға, сондай-ақ президентке ол сұраған қаржыландыруды беруден бас тартуға құқысы бар.

      Президент үкіметтегі маңызды қызметтерге лауазымды адамдарды тағайындайды, бірақ бұл тағайындауларды сенат қолдауға тиіс. Соттар конгрестің барлық заң актілері мен президент әрекетінін конституциялығын анықтайды және конституциялық еместерін алып тастайды.

      Баланстар мен шектеулер жүйесі ымыраға келу мен келісімдерді іздеуде қажетті. Ымыраға келу Құрама Штаттардағы билік тармақтарының барлық деңгейінде ымыраға келудің өмірлік маңызы бар, өйткені бұларды қандай да бір заңсыздықтардан қорғайды. Бұл мысалы, жаңа президенттер үкіметтің саясатын өзінің қалауынша түбірінен өзгерте алмайды деген сөз. Демек, американдықтар үкімет деп әдетте тұтас жүйені, яғни атқарушы билік пен президентті, конгресс пен соттарды атайды. Іс жүзінде президент (яғни әкімшілік басшысы) АҚШ-тан тыс жерлерде түсінетіндей соншалықты құдіретті күшті емес үкіметті көпшіліктің партиясы құратын басқа мемлекеттердің басшыларымен салыстырғанда АҚШ президентінде билік айтарлықтай аз.

 

      2.1. САЯСИ ПАРТИЯЛАР

 

      АҚШ Конституциясында саяси партиялар туралы ештеңе айтылмайды, бірақ кейіннен бұл елде қос партиялық жүйе пайда болды. Негізгі екі партия демократиялық жәие республикалық партиялар болды. Бұл екі партиямен қатар, шетелдіктер мұны білгенде таң қалады, басқа да партиялар өмір сүреді, оларда коммунистік партия және бірнеше социалистік партия бар. Аз партиялардың өкіметтің төменгі эшелондарында орын алған кездері болған, бірақ олар жалпы ұлттық саясатты жасауға ықпал ете алмайды. Кез келген сайлауға өзінің кандидатураңды ұсыну үшін қандай да бір саяси партияның мүшесі болудың қажеті жоқ. Сонымен қатар әр американдыққа округтегі сайлауларға тіркелу кезінде негізгі партиялардың бірінің мүшесі екендігін ауызша мәлімдеу жеткілікті.

      Демократтар көбіне жалдамалы еңбектің мүддесін қорғайды, ал республикалық партия бизнес және өнеркәсіппен байланысты деген пікір бар. Республикалықтар да федералдық үкіметтің штаттар мен муниципалитеттер өкіметінің қарауына жататын мәселелерде шешуге тым көп араласуына қарсы күреседі. Ал, демократтар әлеуметтік мәселелерді шешуде орталықтың өкілеттігін кеңейту жолында күрөседі.

      Алайда, көп жағдайда партиялардың ара жігін ажырату оңайға түспейді. Оның үстіне «оң» және «сол», «консерватор» және «либерал» дейтін дәстүрлі европалық анықтаулар американ жүйесіне қолданыла қоюы екіталай. Мысалы, кейбір «оңшыл консерваторлар» күшті орталық өкіметке қарсы күресуі мүмкін. Елдің бір бөлігіндегі демократтар тым «либеральды», екінші бөлігіндегілер тым «консервативті» де болуы мүмкін.

      Егер өз партияларынан сайланған демократтар немесе республикашылар өкілдер палаталарынын, мүшелері немесе сенаторлар ретінде партиялардың бағдарламаларын қолдауы және өздерінің партиясымен қандай бір мәселе жөнінде келісе алмай қалған жағдайда олардың партиялық тәртіпті ұстануы міндетті емес. Кейбір «сайлаулар», «бірпартиялық тізімге», яғни тек демократтар немесе республикашылар үшін дауыс бергісі келсе, енді біразы басқаша шешім жасайды: бір сайлау органында бір партияның кандидаты үшін, екінші органда екінші партияның кандидаты үшін дауыс береді. Нәтижесінде Америкадағы саяси партиялар басқа елдердегі партияларға қарағанда билікке әлдеқайда аз ие болады. АҚШ-та партиялар сайлауларда кейіннен өздерінің калаулары бойынша мүшелерін тағайындайтын орындар үшін ғана күреспейді. Өкілдер палаталарының мүшелері мен сенаторлар ең алдымен өздері өкілдері болып табылатын халықтар мен аумақтардың, яғни өздерінің сайлау округтерінің мүдделерін қорғау үшін сайлаиады. Заң мәселесі бойынша дауыс берген кезде конгресмендердің шамамеы 70 процентке жуығы, өз партияларының жалпы ұлттық саясатына нүқсау келтіре отырып, өз округтері сайлаушыларының мүддесін қорғап шығады. Демократтардың конгресте республикашыл-президенттің зандық ұсыныстарын қолдап, ал республикашылардың қарсы дауыс беруі және т. б. жиі болып тұратын жағдайлар.

      САЙЛАУШЫЛАР

 

      Он  сегіз жасқа жеткен және сайлау учаскесінде  тіркелген кез келген американ азаматының дауыс беруге құқы бар. Әр штат тіркеу тәртібін өзі белгілей алады. Сайлаушы-әйелдер  Лигасы сияқты азаматтық кұқық жолындағы  күрескер тобы сайлау науқанына мүмкіндігінше  адамдарды көбірек тарту және оларды сайлаушылар ретінде тіркету  жолында пәрменді әрекет жасап келеді. Аз халық өкілдерін сайлауларға  тіркеу және олардың сайлаура қатысуы  соңғы 25 жылда күрт өсті, бұл ең алдымен  азаматтық құқық жолындағы күрескерлер  жүргізген жұмыстың нәтижесі еді.

      Алайда, дауыс құқына ие болған азаматтар  саны мен осы құқықты пайдаланатындар  саны арасындағы айырмашылық белгілі  дәрежеде алаңдаушылық туғызады. Айталык, мысалы, 1984 жылғы президент сайлауына  негізгі сайлаушылардың 53,1 проценті, ал 1988 жылғы сайлауға 50,1 проценті қатысты. Дауыс беруге ниет білдіргендер тіркеуден  өтуге, яғни сайлаулар өтетін сәтке  дейін өзінің аты-жөнін тізімге  енгізуге тиіс. Тіркеу туралы 50-ден  астам заң қолданылады, әр штаттың  өз тізбесі бар. Оңтүстік штаттарда  сайлаушылар көбіне жергілікті жерлерде ғана емес, округтерде де тіркелуге  міндетті. Ал Еуропа елдерінде «тұрақты тіркеу» жүйесі анағұрлым кең  тараған. Құрама Штаттарында 1984 жылғы  президент сайлауларының барысында  тіркелген сайлаушылардың 73 проценті дауыс берді.

      АҚШ-та басқа көптеген елдермен салыстырғанда  штаттар ішіндегі және муниципалдық сайлауларды қосқанда сайлаулар  саны жағынан көп өткізілетінін  атап айту керек. Егер осы сайлауларға  дауыс бергендерді (мысалы, қаланың  бас көшесіне жаңа көпір салу үшін салықты көбейту керек пе деген  мәселені шешу мақсатында) сайлаушылардың жалпы санына қосса, сайлауға қатысушылардың проценті басқа елдердегіде әлдекайда  төмен болуы екі талай. Іс жүзінде  американдықтар федералдық деңгейдегі саясатқа қарағанда жергілікті саяси  істерге көбірек көңіл бөледі. Аса маңызды шешімдердің көпшілігі, мысалы, білім беру, тұрғын үй, салык, және т. б. проблемалар жөніндегі  шешімдер сайлаушыларға тікелей  жерде, яғни штатта немесе округте қабылданады.

      Елдің президентін сайлау жөніндегі науқан екі кезеңде өтеді. Біріншісі  — ұлттық партиялар съездерінде  кандидаттар үсыну, екіншісі — сайлаудың  өзі кандидаттарды ұсыну процесі  бір партия мүшелері арасындағы жарыс  болып табылады. Қатысушылар штаттарда  сайлау алдындағы бірнеше жиналыстардан  және партия басшыларының жиналыстарынан (олардан наурыздан бастап маусымға дейін өтеді) өтуге тиіс.

      Кандидаттар үлттық партиялар съездері делегаттарының дауысын съезд шілдеде немесе тамызда өткенге дейін өз жағына көбірек тартуды көздейді. Сонан  соң әр партияның съезі АҚШ-тың  президенттігіне өзінің ресми кандидатын сайлайды, ол бірнеше ай бойы өзінің сайлау науқанын жүргізеді.

      Әр  төрт жылда өтетін (1988, 1992, 1996 және т. б.) президент сайлаулары кезінде  сайлаушылар өз дауысын бүкіл  ел бойынша қазанда береді. Егер кандай да бір штатта көпшілік сайлаушылар  партиялардың бірінің президентке  кандидатына (вице-президентке) дауыс  берсе, бұл кандидат осы штаттың  барлық сайлаушыларының дауысын  алуға тиіс. Олардың саны осы штаттан  тыс сайланатын сенаторлар мен өкілдер  палатасы мүшелерінің санына тең  болады. Сайлаушылардың неғұрлым көп  дауыс санын жинаған кандидат сайлауларда жеңіске жетеді. Олардың  сана туралы деректі әр штаттың сайлаушылар  коллегиясы хабарлайды. Келесі жылдың қаңтар айында конгрестің қос палатасының  бірлескен мәжілісінде Құрама Штаттардың жаңа президенті мен вице-президенті сайланғаны туралы ресми түрде жариаланады. 
 

      ФЕДЕРАЛИЗМ: ШТАТТАР МЕН ЖЕРГIЛІКТІ  ЖЕРЛЕРДЕГІ ӨКIМЕТ ОРГАНДАРЫ 

      Елу штат жер көлемі, халқының саны, ауа  райы, экономикасы, тарихы мен мүддесі  жағынан бір-бірінен өзгеше. Тиісінше олардың үкіметі де саяси, экономикалқ  және әлеуметтік мәселелерді барлық кезде бірдей бірыңғай нұсқада шешпейді, сол себепті де оларды «демократияның лабораториялары» деп атап жүр. Алайда, олардың саяси құрылысы бір. Әр штатта өздерінің сенаты мен өкілдер  палатасы басшылық ететін республикалық  басқару формасы бар. (Бұл басқару  формасы Небраска штатында ғана жоқ, мұнда 49 «сенатордан» тұратын бір  ғана заң шығару палатасы бар). Барлық штатттың атқарушы өкіметі бар, оны  губернатор мен тәуелсіз сот жүйесі басқарады. Әр штаттың өз конституциясы  бар; Сонымен бірге олардың федералдық заңды орындауға және басқа штаттардағы  заңға қайшы келетін заңдарды қабылдамауға міндетті (егер, мысалы ерлі-зайыптылар өз штатының заңы бойынша ажырасқан  болса, олар қалған барлық штаттарда  да ажырасқандар деп саналады). Тиісінше қалалык және муниципалдық өкіметтер  өз штаттарының конституциясына  қайшы келетін заңдар мен қаулыларды қабылдамауға тиіс.

      Конституция федералдық үкіметтің өкілеттігін  шектейді, бірақ оның қазіргі заңдық пайымдаулары бұл өкiлеттіктердің аясын  кеңейтеді. Қалған барлық билiк қызметтері автоматты түрде штаттар мен  жергілікті огандарға беріледі. Бұл  федералдық үкімет пен штаттар арасындағы кұқықтық қызметтерді шектеу жолындағы  күресі еш уақытта тоқтамай келе жатқанын көрсетедi. Американдықтардың әбден  күшейген орталық өкіметке дағдылы  сенімсіздігі бұл көп жылдар бойы келе жатқан күресте билікке таласушы жақтардың мүмкіндіктерін шамамен  тең деңгейге жеткізді. АҚШ-тағы штаттар мен жергілікті билік органдары, әдетте, басқа елдердегi орталық үкіметке тиесілі құқықтарға да ие.

      Мысалы, кез келген деңгейдегі білім беру мәселелелерi Штаттардың құзырына жатады. Жергілікті өкіметтер мемлекеттік  орта білім берумен байланысты барлық істі өзі шешеді: мектеп әкімшілігіне бақылау жасайды, мектеп кеңестері  мүшелерінің сайлауын ұйымдастырады, ал жергілікті салық салудан түскен қаржы көбіне мектеп оқуын қаржыландыруға жұмсалады. Осылайша, әрбір жекелеген  мектеп жүйесі мұғалімдерді өздері жалдайды, ұстайды және жұмыстан шығарады. Оқу  жүйесі штат белгілеген ережелерді кең  ауқымда алып, өздерінің ережелерін жасайды.

      Нақ сол сияқты жалпы ұлттық полиция  да жоқ, ал ФБР федералдық мәні бар  шектеулі қылмыстар жөніндегі істерді, мысалы, балаларды ұрлау жөніндегі  істерді ғана жүргізеді. Әр штаттың  өз полициясы және өз қылмыстық заңдары  бар. Штаттар сондай-ақ некеге тұру және некені бұзу туралы, жол ережесі  және жүргізуші құқын алу тәртібі  туралы заңдарды, алкоголь ішімдіктерін сату мен пайдалану туралы және сайлауларды  өткізу туралы заңдарды қабылдайды. Тиісінше, әр қаланың өзінің полициясы бар  және кадрларды іріктеу, даярлау, оның жұмысын бақылау мен ұйымдастыру  мәселелерімен муниципалитет айналысады. Ол елдің президентіне немесе штаттың  губернаторына тікелей бағынбайды. Округтік полиция басқармасын көбіне «шерифтер департаменті» деп  атайды. Шерифтерді, әдетте сайлайды, ал штаттар мен қалалардың полиция  бастығын тағайындайды.

      Қоғамдык  өмірдің басқа да көптеген салалары қалалар мен поселкелердің кұзырына жатады. Бүл дүкендердің жүмыс  істеу уакыттары, жолдар мен көшелерді  жөндеу, қала құрылысына бақылау орнату және т. б. жұмыстар. Бір муниципалдық округте мына журнал порнографиялық журнал, оны сатуға тыйым салу керек  деген шешім жасалуы мүмкін, ал жергілікті мектеп кенесі нендей бір  кітап мектеп кітапханасында тұрмасын деп шешім жасай алады (кейіннен сот муниципалитетке немесе мектеп кеңсесіне олардың тыйым салуға құқықтары жоқ екенін көрсете  алады).

      Алайда, бірнеше километр ғана қашық орналасқан басқа поселкеде аталған журналды да, кітапты да пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін. Қинофильмдерге де нақ  осындай көзқарастар болады.

      Көптеген  штаттар және кейбір қалалар өзінің табыс салығын белгілейді. Көптеген қалалар мен графтіктердің қару алып жүруге қатысты өз заңдары бар. Қөптеген аэропорттар, соның ішінде халықаралық аэропорттар қаланың  немесе округтің иелігінде, оларды сол  қала мен округ басқарады және оларға бағынатын аэропорт полициясын ұстайды. Қорыта айтқанда, басқа елдерде  ұлттық үкіметтің қүзырына жататын  өткір мәселелер Америкада штаттар  мен муниципалитеттер деңгейінде шешіледі. Олардың ішінде, атап айтқанда, наркотиктерді  пайдалану, өлім жазасын қолдану, аборт  және гомосексуализм туралы заңдар бар.

      Америкадағы барлық билік ету деңгейлері арқылы өтетін байланыстырушы желі барлық саяси  қайраткерлердің, ресми адамдардың, мекемелер мен үкімет топтарының «есеп беретіндігі» болып табылады.

      Бұл қылмыстар, өрттер, үйлену тойлары мен  ажырасулар, сот тыңдаулары, меншікке салынатын салықтар және т. б. жөніндегі  ақпараттар мен мағлұматтараы жұртшылық  ашық біледі деген сөз. Бір шағын  қалада жаңа мектеп салатын болса  немесе полиция үшін жаңа автомобиль сатып алатын болса, онда жергілікті газеттер олардың құны туралы және қандай компания қандай бағаға ұсыныс жасағаны туралы хабар жарияланады. Кейбір қалаларда қалалық кеңестердің  мәжілістері тікелей радио арқылы беріледі.

      Әдетте, американың кез келген деңгейдегі саяси  қайраткері қоғамдық пікірге зор  көңіл бөледі. Қатардағы азаматтар  өздеріне қатысты шешімдерді кабылдауға белсенді түрде және тікелей атсалысады. Кейбір, Калифорния сияқты штаттарда  азаматтар штатта өтетіп сайлауларға  ұсыныс жасай алады. Ол ұсыныс сайлау бюллетеніне жазылады. Егер ұсыныс сайлаушылардан қолдау тапса, ол заң  ретінде кабылданады. Америка демократиясының  бұл «төменнен бастау алатын»  ерекшелігі Жаңа Англия штаттарындағы  қалалық жиналыстарда да немесе мектеп кеңестерінің ашық тыңдауларында да көрініс тауып отыр.

      Жоғарыда  айтылғандарды корыта келе, Американын үкіметтік мекемелер жүйесі әр алуан  деп тұжырым жасауға болады. Бұл  жүйе халықтың мұқтажы мен қажетін  жергілікті деңгейде шешуге тырысады, ал конституция Американың бүкіл  аумағындағы әрбір азаматтың  негізгі қүқықтарына кепілдік береді. Бұл, мысалы, азаматтардың кұкықтары  жолындағы қозғалыс пен нәсіліне, тұрылықты жеріне немесе штаттардың сайлау заңдарына қарамастан барлық американдықтардың тең құқығы жолындағы  күрес үшін маңызды болды. Демек, штаттардың үкіметтері өз аумақтарындағы сайлауларға және ұлттық сайлауларға  тіркеу тәртібіне бақылау жасағандарымен олар жеке адамның конституциялық кұқына қайшы келетін заңдар шығара алмайды. 

Информация о работе Американдық менеджмент