Азияның өзендеріне жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:52, курсовая работа

Краткое описание

Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында , яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Азиядан кейін Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерешеліктерін толық көрсете алмай отыр.

Оглавление

І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау:
1.1.Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
1.2.Азияның негізгі өзендері ( Амудария мен Ертіс )
ІІ тарау:
2.1. Азияның өзендерінің су мөлшері және су айналымы
2.2. Азияның өзендерінің халық шаруашылығында маңызы мен өзен суларын қорғау
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Файлы: 1 файл

Aziyanyn ozenderine zhalpy sipattama.docx

— 64.46 Кб (Скачать)
 

ЖОСПАР 

І.КІРІСПЕ

ІІ.НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

І тарау:

1.1.Азияның  өзендеріне  жалпы  сипаттама

1.2.Азияның  негізгі  өзендері ( Амудария  мен  Ертіс )

ІІ  тарау:

2.1.  Азияның  өзендерінің    су  мөлшері   және  су  айналымы

2.2. Азияның  өзендерінің   халық  шаруашылығында  маңызы  мен   өзен  суларын   қорғау

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

ІY.ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        КІРІСПЕ

        Аралдарымен  бірге  Азияның  территориясынан  ағатын  жылдық  ағын  16 мың км  шамасында , яғни  Жердегі  барлық  өзендердің  жылдық  жиынтық ағынының  жартысынан сәл азырақ. Ағынды  қабатқа  айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл  жерді  тұтас  алғандағы  орташа  қалыңдығы  жағынан  Азиядан  кейін  Оңтүстік Америка  ғана  алда  тұр. Бірақ  осы орташа  шамалар  Жердің зор материгі  ішіндегі  ішкі  сулардың  таралып  орналасу  ерешеліктерін  толық  көрсете алмай  отыр.

        Азияда  ұзына  бойы созылып жатқан  таулар көп. Осы таулардан Азияның  ең ірі  өзендері  ағып  келіп мұхиттарға құяды. Осы ең ірі өзендердің  бастауы мына  таулардан ағып шығады. Мысалы, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай, Памир, Тибет, Қарақорым, Гиндукуш  және тағы басқа  таулар. Осытауларда  мұздықтар көп таралған. Мұздықтар  өзеннің толығуында  аса маңызды  орын алады. Құрлықтың ішкі  суларының  60% ─ і сыртқы, 40%─і  ішкі тұйық алқапқа  орналасқан. Солтүстік  мұзды  мұхитқа  Обь, Енисей, Лена, Яна, Индишрка, Колыма, Тынық  мұхитқа  Амур, Хуанхэ (сары өзен), Янцзы (көгілдір өзен), Меконг, Үнді  мұхитына  Брахматура, Ганг, Инд, Әл – Араб  өзендері  құяды. Ішкі  тұйық  алаптағы  өзендердің  ең ірілері: Еділ, Амудария, Сырдария, Кура, Жайық, Іле  өзендері  жатады және экваторлық  белдеудегі  өзендердің  суы  әр  дайым  жыл  бойында  мол болады. Азияның  өзендері  теңіздік  жаңбырларға  байланысты  бүкіл  жаз  бойы  тасиды. Жерорта – теңіздік  Батыс  Азияның  өзендерінің  суы  қыста  молаяды.

        Азия  жағалауларын  дүние  жүзіндегі  үш  мұхит  шайып  жатыр. Олар  материк  жағалауларын  түрліше  тілімдеп, өте  көп  жағалық  теңіздер  мен  шығанақтар, бұғаздар  жүйесін  құрайды. Материктің  шығысы  мен  оңтүстігі  күшті  тілімденген.

        Азия  өзендерге  өте  бай. Мұнда  Жер  шарындағы  көптеген  ірі  өзендері, көлемді  және  терең  көлдері, жер  асты  суының  мол  қоры  бар.  Кең  алқапты  батпақтар  мен  мұздықтар  алып  жатыр. Бұл  өзендердің  орналасуы  мен  таралуы  жер  бедері  мен  климатқа  тікелей  байланысты  келеді.

        Солтүстік  Мұзды  мұхит  алабына  және  оның  теңіздері  Азияның  солтүстік  жағаларына  ұласып  жатыр. Солтүстік  Мұзды мұхит – ауданы  жағынан  ең  кіші, ең  суық, ең  таяз мұхит.  Теңіздердің  барлығы  дерлік  материктік  қайраңда  орналасқан.  Солтүстік  Мұзды  мұхиттың  көп  бөлігі  мұзбен  қоректенеді. Бұл  мұхитқа  мына  өзендер  жатады: Енисей, Лена, Колыма, Обь тағы  басқа  ең  ірі  өзендердің  сағалары  жатады.

        Өзен  торы  материктің  ішкі  аудандары  мен  оңтүстік – батысында  өте  сирек, тек  жағалық  бөліктеріне  қарай  жиілейді. Материктің  1/3 бөлігін  ішкі  тұйық  алап  құрайды.  Солтүстік  Мұзды  мұхит  алабына  материктің  Ресей  жері  арқылы  ағып  өтетін  ең  ірі  өзендері  мен  Скандинавия  түбегінің  қысқа  өзендері  жатады.

        Бұл  өзендер  негізінен  қар  суымен  және  жазғы  жаңбыр  суымен  қоректенеді. Олар  қыста  ұзақ  уақыт  қатып  жатады. Көктемде  бастауынан сағасына  дейін  мұздан   біртіндеп  босайтындықтан,  мұз  құрсаулары  пайда болып,  су қатты  тасиды.  Таудан  басталатын  өзендерден жоғары  ағысында судың   құлама  күшін  пайдаланып,  жұмыс  істейтін  су  электр  станциялары салынған. Жазықтағы  ірі  өзендер  кеме  қатынасы мен ағаш  ағызуға пайдаланылады.

        Сайдың  түбінен  шыққан  бұлақ  ылдиға   қарай  сылдырап  ағады. Оны   Жылға деп  атайды.   Оның  суы  жапа  ─ тармағай  жайылып  кетпей, бір ізбен  ағады.  Әзірге  оның  күші  де  әлсіз.  Жаяу  келе  жатқан   жолаушы ағып  жатқан  судан  аттап  өтіп  кете  алады  екен.

        Жылға  шалғынды,  орманды  жарып аға  береді.  Оған  жолшыбай  басқа  жылғалар  қосылады.  Сөйтіп  ағыс  молая  түседі.  Жылғалар  бір-бірімен  қосылып  өзен  құрайды.  Өзеннің  су  ағып  шығатын  жері  бастау деп аталады.  Уақытша пайда  болатын  ағыстардан  ерекшелігі  өзен  жер бетіндегідей  белгілі  бір  ойысты  бойлап  ағады.  Оны  арна деп атайды.  Өзеннің оң және  сол сағасы  болады.  Оларды  бір-бірімен ажырату үшін ағыстың бағытымен ылдиға  қарап тұру  керек.  Сонда  оң  қол  жағының - өзеннің оң  саласы,  сол қол жағының – сол саласы  болады.  Жолда негізгі өзенге  бірден  басқа  ұсағырақ  өзендер  келіп  қосылады.  Мұндай  жолдан қосылатын  өзендер  негізгі  өзеннің  саласы  деп аталады.  Салаларда оң  мен солға бөлінеді.

        Өзен  көлге  немесе  теңізгі  барып  құяды. Оның  көлге, теңізге барып   қосылатын жерін   сағасы деп атайды.  Жазық  жердегі  өзендер  баяу  ағады. Азияның  өзендерінің   көбі  сондай. Бұлардың  ағысы  әзер байқалады.  Бұған  керісінше  тау  өзендері  тастан  тасқа  секіріп   қатты ағады.

        Адам  баласы  өзенді  ерте  заманнан  бері  өз қажетіне пайдаланып  келеді. Өзеннен  ауыз  су  алады, мал  суарады, балық  аулайды. Өзен  суы  егістіктерге  жіберіледі.  Ірі  өзендерде  жолаушы  және  жүк таситын кемелер қатынайды. Біздің  заманымызда  өзен  суының  күшін пайдаланып, электр  энергиясын  өндіреді.  Ондай  электр  станциялар  Ертіс,  Сырдария  және  Іле  өзендерінің  бойында  салынған.

        Азияның  климаты  континенттік,  құрғақ  ішкі  аймақтарда  жатқандықтан  және  оның  ең биік  тау  жүйелерінде  де мұздықтар  аз.  Ең  ірі  мұздықтар  Гималай,  Қарақорым,  Кунь – Лунь, Кавказ,  Тянь – Шань,  Памир және  тағы  басқа  тауларда  кездеседі.

        Азияның  ішкі  құрғақшылық  аймақтарындағы  ірі  өзендердің  су  қоры  үшін  мұздықтар  мен  қардың  сулары,  жаңбырлардың  аса  үлкен  маңызы  бар.  Су  ағынының  жылдық  орта  мөлшері  жөнінде  Азия  жер  шарында  бірінші  орын  алады.  Оның  өзендерінің  барлығы  жыл  сайын  мұхитқа  12 850 км2  су  әкеліп  құяды.  Шетке ағып  шығатын ең  ірі өзендері  Азияның ішкі  аймақтарының  тау жоталары  мен таулы қырыттарынан  басталып,  жан – жаққа тарайды.

        Жерорта  теңізі  мен  Қара теңізге  құятын  бірнеше  кішігірім  өзендер  Атлант  мұхиты  алабына  жатады.  Ішкі  тұйық  алаптардың  өзендері  шағын,  ағыны  тұрақсыз  келеді, олардың  ірілері: Орта  азияда  Амудария,  Сырдария,  Іле,  Теджен, Мұрғап, Ауғанстандағы  Гильменд,  Орталық  Азияда  Тамир тағы  басқа.  Бұл  өзендердің  бір  қатары  көлге Арал, Балқаш  құяды  да  біразы  құмға  немесе  сорға  сіңіп  кетеді. Араб  түбегінің  ішкі  алабында  су уақытша ағатытын  құр  өзектер – уәдилер  өте  көп.  Өзендердің  су  қоры  мен  жеке  аймақтардың  ерекшеліктеріне  байланысты.  Ал  экваторлық  белдеудің  өзендері бірыңғай  жаңбыр  суымен  қоректенеді  де, жыл  бойы  суы  мол  болады. Шығыс  және  Оңтүстік  Азия  өзендері  муссондық  режимге  жатады.  Олар  жазғы  муссондық   жаңбырмен  қоректенетіндіктен  су  шығынының  максимумы  жазға,  минимумы  қысқа  келеді.  Климаты  Жерорта теңіздік  Батыс  Азияның  теңіз  жағалауындағы  өзендерде  су  шығынының  максимумы  қысқы  мерзімге  келеді,  олар  жазда  тайыздайды  немесе  тартылып  қалады.  Ішкі  тұйық  алаптардың  биік  тауларындағы  қар  мен  мұздықтардан  басталатын  өзендер  жазда  қатты  тасиды,  суы  мол  болады.  Мұндай  өзендер  шөлдер  арқылы  ағып  өтіп,  алысқа  барады ( мысалы,  Амудария  мен  Сырдария).  Тау  баурайларынан  басталатын,  қар  және  жаңбыр  суымен  қоректенетін  ұсақ  өзендердің  су  шығыны  тұрақты  емес.  Олар  нөсерлерден  кейін  ғана  қысқа  мерзімге  тасиды  да, қалған  уақытта  тартылып  қалады.  Солтүстік  Азия  өзендері  негізінен  қар  суымен  қоректенеді. Бұл  өзендер  көктемде, қар  ерігенде, өте  қатты  тасиды,  қыста ұзақ  уақыт  бойы  қатып  жатады. Азияның  суы  мол  ірі  өзендері  жол  қатынасына  және  жер  суаруға  көне  заманнан  бері  пайдаланылып  келеді.  Орта  Азияда  Месопатамия,  Ұлы  Қытай  жазығы,  Үнді – Ганг  ойпаты  сияқты  суармалы  егіншіліктің  ежелгі  орталықтары  бар. Тау  өзендері  су  энергиясының  қорына  мейлінше  бай, бірақ  энергия  қоры  барлық  жерде  бірдей  игеріледі.

 

         Азия  өзендеріне  жалпы  сипаттама 

        Азияның  континенттегі  ішкі  сулардың  таралып  орналасуы  тіпті  әркелкі.  Құрылымы  мен  рельефіндегі  бірқатар  айырмашылықтар,  климаттық  контрастар  және  соған  сәйкес  жауын – шашынның  әркелкі  жаууы  материктің  шегіндегі  жер  беті, сондай – ақ  жерасты  суларын  таралуындағы  үлкен  айырмашылықтарды  тудырады.  Бұл  өзендердің  қабаттық  миллиметрмен  алынған  жылдық  ағыны  таралуының  каратасында  жақсы  көрінген: ағынның  максималдық  жиынтығы ( 1500 мм  ден  артық) субэкваторлық  және  экваторлық  белдеулерге,  әсіресе  Зонд  архипелагы  аралдарына,  одан  кейін  Үндіқытай  мен  Үндістанның  батысында  және  Гималайдың  орталық  бөлігіне  тән.  Басқа  белдеулерде  ағынның  мұндай  жоғары  жиынтығы  Жапон  аралдарының, Альпінің,  Скандинавия  таулы  қыратының  аздаған  региондарына  ғана  тән. Осы  региондардың  айтарлықтай  үлкен  бөлігінде  жылдық  ағын  1500 мм – ден  аз, бірақ  600 мм – ден артық  болады.  Солтүстік  және  Шығыс  Азияда  жылдық  ағын  мөлшерлері  200 – ден  600 мм – ге дейін  жетеді.  Орта  және  Орталық  Азияның  орасан  зор  территориясының, Үнді  бассейннің, Иран  таулы  қыратының  және  Аравия  түбегінің  жылдық  ағын  мөлшері  50 мм – ден  аз, сол  сияқты  көптеген  аудандарындағы  қабаттың  қалыңдығы  15 мм ден аспайды.  Осы  сандар материктің  алуан  түрлі  бөліктеріндегі – жер  бетіндегі  су  торларының  жиілігі  мен  сипатындағы  айырмашылықтарды  белгілі  дәрежеде көрсете  алады.

        Азияның  беті Солтүстік  Мұзды, Тынық, Үнді  мұхиттарының  бассейндеріне  жатады.  Материктің  шеткі  бөлікте - әсіресе батыс,  шығыс, және  оңтүстік – шығысында жиі су  торлары бар, оған  аса ірі өзен  жүйелері  енеді.

        Ішкі  және  оңтүстік – батыс  аудандарда жер  бетіндегі сулар мүлдем  болмайды, сондықтан  мұхитқа  қарай  ағын  жетпейді.  Азияның  жалпы  ауданының  30% - тен артығы  (Каспий  теңізі  бассейнін  қосқанда)  ішкі  ағын  территориясына  тиеді.

        Жер  бетіндегі  сулардың  осындай  біркелкі  таралмауы  тек  қана  қазіргі  табиғат  жағдайларына  ғана  емес, сонымен  бірге  материктің  даму  ерекшеліктеріне  де  байланысты.

        Альпі – Гималай  қатпарлы  белдеуінің  аса биік шеткі  жоталарының  түзілуіне  алып  келген  күшті  көтерілулерге  дейін, сірә  Азияның  ішкі  бөліктерінің  климаттық  жағдайлары, оның  шеткі  бөліктерінің климатынан  үлкен  құрғақшылығымен  ерекшеленгенімен  дәл  қазіргі  кездегідей  соншалықты  аридті  болмаса  керек. Осыған  байланысты  кайнозойдан  материктің  орталық  бөлігінде  солтүстікке, шығысқа  және  оңтүстікке кететін  ағындары  бар  өзендер  мен  көлдердің  дамыған  торлары  болған. Ішкі  аудандарға  қарағанда  қатпарлы  белдеудің  шеткі  бөліктерінде  күшті  өткен  неотектоникалық  қозғалыстар, осы  аудандардың  мұхит  бассейндерінің  әсерінен  бөгеліп  қалуына  әкеліп  соғады. Климаттың  осыған  сәйкес  құрғақтануы  беткі  ағынның  азаюы  және  шыры бұзылуынан, ( Иран таулы  қыраты, Тибет, Қытайдың, Монғолияның  таулы  үстірттері  және  тағы  басқа ) тән  кең  байтақ  ағынсыз  облыстардың  жасалуына  себепші  болады.  Биік  жоталардың  көтерілуіне  дейін  негізі  салынған  аса  қуатты  артериялары, бұл  жоталарды  терең  эпигенетикалық  аңғарларымен  кесе  отырып, өздерінің  алғашқы  бағыттарын  сақтап  қалған. Солтүстік  аудандарда, әсіресе  материктің  солтүстік – батысында  су  торының  қалыптасуына төрттік  мұз  басуы  үлкен  әсерін  тигізеді.  Сөйтіп, кең – байтақ Евразиялық  құрлықтың  ішінде  даму  тарихы  мен қазіргі  рельефіне  байланысты, сонымен  қатар  климаттың  ерекшеліктеріне  қарай су  торлары  мен  өзен  режимінің  алуан  түрлі  региондық  типтері  қалыптасты. Олар  ары  қарай  Азияның  шетелдік  бөліктерінде  қарастырылады.

        Азияның  солтүстігінде  өзен  мен  көл  торының  қалыптасуында  тектоникалық  процестер  мен  төрттік  мұз  басуы  үлкен  роль  атқарады.  Өйткені  территория  геологиялық тұрғыдан  қарағанда  мұз  жамылғысынан  жақында  ғана  босағандықтан  су  торабының  басты  ерекшелігі  морфологиялық  жастағы  болып  табылады. Азияның  солтүстігіндегі  өзен  аңғарлары  мен  көл  қазаншұңқырлары  көпшілік  жағдайда  мұзбен  өңделген  тектоникалық  жарықтар  болып  саналады.  Олардың  көлемдері  алуан  түрлі, кескіндері  ғажайып.  Өзендер  әдетте  қысқа  және  көбіне  көлдер  аралығын  жалғастыратын  жол  қызметін  атқарады. Аса  ірі  өзендердің  аңғарларында  көптеген  көл  тәрізді  кеңіген  жерлер  бар  және  ұзына  бойғы  профильдері  жетілмеген. Олар  қатты  тау  жыныстарының  шығыңқы  жерлерін  кесіп  өткен  кезде  көптеген  шоңғалдар  жасайды.

        Жауын – шашын  мөлшері  көп  болғанымен,  өзендердің  көпшілігі  бүкіл  жыл  бойы  мол  сулы  болады.  Бұл  суық  климат  жағдайларында  нашар  булануымен,  сондай – ақ өзендердің  көлдерден,  батпақтардан  және  жер  асты  суларының  есебінен  қосымша  су  алуымен  түсіндіріледі.

        Азияның  солтүстігіндегі  өзендерде  пайдаланатын  су  энергиясының  мол  қоры  бар.  Азияның  орта  бөлігінде  рельеф  күшті  тілімденген.  Өзендердің  барлығы  дерлік  аласа  таулардан  басталып, жазықтармен  ағып, Азияның  ішкі  бөліктерін  теңіз  бассейндерімен  байланстырады.

        Батыстан  шығысқа  қарай  климаттың   континенттігінің  артуы  өзендердің  режимінен  де  көрінеді.  Өзендердің  барлығы  қыста  2 – 3 жетіден  үш  айға  дейін  қатып  жатады.  Таудағы  қардың  еруіне  байланысты  болғандықтан  судың  мол  жұмсалуы  және  тасуы  көктемге  келеді.  Жаздың  соңында  күшті  буланумен  байланысты  өзендердегі  су  деңгейі  едәуір  төмендейтін  кезеңі  болады. 

        Азия  негізі  дүние  жүзіндегі  үш  мұхит  алабында  жатыр. 

        Тынық  мұхит  алабына енетін  өзендер биік  таулардан басталады,  жоғарғы ағысында  таулық  сипатта  болады.  Ағыны  қатты  болғандықтан  тау  жыныстарын  тез  бұзады  және  жылдам  ағызып  тасымалдайды.  Ірі  өзендеріне  Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг  жатады.  Муссондық   климат  жағдайында   өзендердің  деңгейі  жыл  мезгілдеріне  қарай  өзгереді, қыста  географиялық  ендікке  байланысты  кейбіреуі  қатады.  Солтүстіктегі  ұсақ  өзендерді  қоспағанда  барлығы  дерлік  жаңбыр  суымен  қоректенеді.

Информация о работе Азияның өзендеріне жалпы сипаттама