Мәдениет үйіне сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:06, отчет по практике

Краткое описание

Қарасай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын аудандық мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы мен Үкіметінің, қала әкімінің актілеріне, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы», «Қазақстан-2030» стратегиясы, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Оглавление

1. Кіріспе……………………………………………………2
1.2. «Қарасай ауданының «мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
2. Ұйымның бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен есеп саясатын қарастыру…………….3
2.2. Меншікті капиталдың есебі……………………..6
3. Кәсіпорынның ақшалай қаражаты………………….9
3.2. Касса операцияларының есебі……………….10
3.3. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебі………………………..…….11
4. Дебиторлық борыштар есебі……………………….13
5. Бағалы қағаздар есебі……………………………….15
6. Міндеттемелер есебі…………………………………18
6.2. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі………………………………19
7. Кәсіпорынның таза табысты бөлу тәртібі………...21
8. Қорытынды………………………………………….…23
9. Пайдаланылған әдебиеттер…………………….….24

Файлы: 1 файл

отчет практика.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

 

 

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе……………………………………………………2
    1. «Қарасай ауданының «мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
  2. Ұйымның бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен есеп саясатын қарастыру…………….3
    1. Меншікті капиталдың есебі……………………..6
  3. Кәсіпорынның ақшалай қаражаты………………….9
    1. Касса операцияларының есебі……………….10
    2. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебі………………………..…….11
  4. Дебиторлық борыштар есебі……………………….13
  5. Бағалы қағаздар есебі……………………………….15
  6. Міндеттемелер есебі…………………………………18
    1. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі………………………………19
  7. Кәсіпорынның таза табысты бөлу тәртібі………...21
  8. Қорытынды………………………………………….…23
  9. Пайдаланылған әдебиеттер…………………….….24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КІРІСПЕ

  Мен, ФИО, «______» университетінің колледжі, «есеп және аудит» мамандығының 2-курс студентімін. Өндірістік практикадан 4.06.2012-24.06.2012 жыл аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының Абылайхан көшесі №40 үйде орналасқан «Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде» өттім. Аудандық мәдениет үйі 1959 жылы салынып, іске қосылды. 1999 жылға дейін мәдениет бөлімінің қарауында болып, 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарасай ауданы әкімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ретінде құрылып, аудандық бюджетке енді. Мәдениет үйінің ғимараттары маналит негізінде қаланған. Жалпы көлемі 4005м², көрермен залы, оркестрге жабдықталған сахнасы бар. Басқарманың негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту жөніндегі жұмыстарын қаматамсыз ету болып табылады.

Қарасай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын аудандық мемлекеттік  орган болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы мен Үкіметінің, қала әкімінің актілеріне,  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға   арналған  мемлекеттік  бағдарламасы», «Мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы»,  «Қазақстан-2030» стратегиясы, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі екі саланы қамтып жұмыс жасайды: бірі- тіл дамыту саласы болса, екіншісі- мәдениет.

Кәсіпорынның қызметі  әлеуметтік – мәдени бағдарламасы, халықтың мәдени қызығушылығы сұраныстарына сәйкес, ұлты, білімі, кәсібі т.б. ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Халық шығармашылығы жанрлары музыкалық, ұлттық қолөнері мен бейнелеу өнерін дамытуға бағыт береді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  міндеті – мәдениет саласында сапалы және қолайлы қызметтер көрсетуге, ұлттың тұрақты дамуын, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуіне, мемлекеттілікті күшейту және азаматтардың бойында әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді жүзеге асыру.

Кәсіпорын мынандай міндеттерді атқаруы тиіс:

  • концерттік бағдарлама, шоу жастар және жасөспірімдерге арналған сайыстар;
  • мәдени – көпшілік шаралар, кездесулер ұйымдастыру;
  • салтанатты жиындарды, тойларды, мерейтойларды музыкамен қамту, сценарий дайындау;
  • жастар арасынан іріктеу арқылы, талантты өнерпаздарды фестивальдар, конкурстар өткізу арқылы анықтау;
  • ақылы қызмет көрсету;

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  пайымы - әлемдегі барынша бәсеке қабілетті мемлекеттер стандарттарына жауап беретін, дүниежүзілік мәдени кеңістікке толыққанды кірігуді және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыұлттық мәдени орта.

Қарасай ауданында барлығы мемлекеттік жүйеге қарайтын 6 мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді. Барлығы 36 штат бірлігі бар, оның ішінде 24 маман жұмыс істейді. Биылғы жылы Ұмтыл ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, №4 филиал Үшқоңыр ауылдық «Мәдени қоғамдық орталығына» күрделі жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 759 мәдени шаралар өткізіліп, оған 407 357 адам қамтылған. Ақылы қызметтен түскен қаржы 1 млн. 502 мың теңге.

Мәдениет саласындағы  жұмыстарды жүргізу үшін  2007 - 2009 жылдардағы бөлінген қаржының көлемі 609380 теңгені құрады: 2007 жылы – 146043 теңге, 2008 жылы – 227087 теңге, 2009 жылдарға бөлінген қаржының көлемі  236250,0 теңгені құрады.

Қарасай аудандық мәдениет бөлімінің негізгі құрамы:

  1. аудандық мәдениет үйі
  2. аудандық кітапхана
  3. аудандық тарихи-өлкетану мұражайы
  4. кинотеатр

2010-2014 жылдарға  қалалық мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімі өз алдына  мынадай  мақсат міндеттерді қояды:

1. мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет  салаларының материалдық- техникалық  базасын нығайту.

2. Халыққа мәдени  қызмет көрсетудің қолайлылығын қамтамасыз ету.

3. Селолық жердегі  мәдениет инфрақұрылымын нығайту  және дамыту.

4. Мемлекеттік  тілді дамыту. 2012-2014 жылға арналған  тілдерді қолдану мен дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге  асыру.

5. Жергілікті  халықтың мәдени демалысын сапалы да қызықты ұйымдастыруда тиімді әрекеттер жүйесін құру.

6. Тарихи мәдени  мұраны қорғау және дамыту.

Қарасай ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйінің штаттық кестесі

р/с

Қызмет  атауы

Бірлік  саны

1

Директор

1

2

Бас есепші

1

3

Есепші

1

4

Көркемдік жетекші

1

 

Әдістемелік жұмыс бөлімі

 

1

Бөлім меңгерушісі

1

2

Халық шығармашылығының дамыту мәселелері жөніндегі әдіскер

1

3

Мәдени демалыс  қызметінің әдіскері

1

 

Көркемөнерпаздар  және демалыс жұмысы бөлімі

 

1

Бөлім меңгерушісі

1

2

Маман (көркем өнерді дамыту жөніндегі)

1

3

Маман (мәдени-демалыс  қызметі жөніндегі)

1

4

Бұқаралық іс-шаралар  жұмысының режиссері

1

5

Сүйемелдеуші

1

6

Музыкалық өңдеуші

1

7

Дыбыс режиссері

1

8

Аудандық «Ардагерлер  халық хорының» директоры

1

9

Халық хорының жетекшісі

1

10

«Еркем-ай» би тобының хореографы

1

11

ВИА «Вокалды-инструменталды»  топтың жетекшісі

1

12

Театр жетекшісі

1

 

Шаруашылық  –техникалық құрам

 

1

Шаруашылық  бөлімінің меңгерушісі

1

2

Дыбыс аппаратурасының  операторы

1

3

Жарық аппаратурасының операторы

1

4

Электрші

1

5

Ғимараттардың, құрылғылар мен жабдықтарды күту және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысшы

1

6

Гардеробшы

1

7

Автомобиль  жүргізуші

1

8

Қызмет бөлмелерін  сыпырушы

5  (3005м2)

9

Аула сыпырушы

2   /1га/

10

Күзетші

3

 

Жалпы

36


  1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен есеп саясаты

     Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе екеніне қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға,  немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі. 
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін.  
 Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Есепке алуды  орталықтандырған кезде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеде көзделген құқықтар беріледі. 
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді.  
    Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды толық және дұрыс ақпараттармен қамтуы тиіс. 
 Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:  
- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;  
- міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау;  
- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру    жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау; 
- түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;  
- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;  
- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;  
- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу;  
- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;  
- есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;  
- белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;  
- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;  
- активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;  
бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу. 
- есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.  
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.  
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады.  
Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін.  
Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті.  
Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады.  
Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады.  
Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу  жүйесін дербес анықтайды. Бұл үшін мамандыққа қызметкердің сәйкестігі және жұмысшының еңбегіне ақы төлеудің мемлекеттік  тарифы бойынша ең төменгі шегі ескеріле отырып, еңбек ақы көлемі еңбек келісім шартында көрсетіледі.

Кәсіпорын бекітілген жарғыда анықталған жарғы заңдарына  сәйкес өз қызметін атқару тиіс.

Кәсіпорынның  есеп саясаты – Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандартында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық есеп пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

 Бухгалтерлік  есеп жүйесін жүргізудің жалпы  қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық  құжаттарда белгіленген. Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдары алынған жөн:

  • Кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы
  • Толассыз қызметі
  • Есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі
  • Шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы.

    Кәсіпорын  бухгалтерлік есептің келесідей  ережелерін өз бетінше шешуіне болады:

  1. Келіп түскен құралдар обьектісін бағалау;
  2. Негізгі құралдардың амортизациясы;
  3. Негізгі құралдарды жөндеу;
  4. Материалдық емес активтердің амортизациясы;
  5. Болашақ кезеңнің шығыстары;
  6. Алдағы шығыстар мен төлем резервтері;
  7. Күмәнді қарыздар бойынша резервтері;
  8. Қаржылық инвестиция;
  9. Табысты тану;

10) Негізгі құралдарды жөндеу есебі;

    11) материалдардың  есебі;

    12) басқарушы  есеп;

    13) Өндіріске  кеткен шығындар мен өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау есебінің әдісі;

Информация о работе Мәдениет үйіне сипаттама