Мәдениет үйіне сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:06, отчет по практике

Краткое описание

Қарасай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын аудандық мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы мен Үкіметінің, қала әкімінің актілеріне, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы», «Қазақстан-2030» стратегиясы, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Оглавление

1. Кіріспе……………………………………………………2
1.2. «Қарасай ауданының «мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
2. Ұйымның бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен есеп саясатын қарастыру…………….3
2.2. Меншікті капиталдың есебі……………………..6
3. Кәсіпорынның ақшалай қаражаты………………….9
3.2. Касса операцияларының есебі……………….10
3.3. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебі………………………..…….11
4. Дебиторлық борыштар есебі……………………….13
5. Бағалы қағаздар есебі……………………………….15
6. Міндеттемелер есебі…………………………………18
6.2. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі………………………………19
7. Кәсіпорынның таза табысты бөлу тәртібі………...21
8. Қорытынды………………………………………….…23
9. Пайдаланылған әдебиеттер…………………….….24

Файлы: 1 файл

отчет практика.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

    14) Үстеме  шығыстарын;

    15) Мүліктер  мен міндеттемелерді түгендеу;

    16) Бухгалтерлік  есеп нысаны

    17) Нақты пайдаланатын шоттар жоспары;

    18) Өндіріс  ішіндегі есеп беру;

    19) Есепті  орталықтандыру;

    20) Ішкі  өндірістік бақылау.

          Аталған талаптар мен қағидалар  кез келген кәсіпорынның есептік  саясатын әзірлеу барысында оның  негізін қалайды. Егер де олар  толығымен сақталмаса, онда бухгалтерлік  есепті жүргізудің дұрыс еместігі  ретінде танылуы және кәсіпорынның мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін.

 

    1. Меншікті капиталдың есебі

 

Кәсіпорын мүлкі  оның негізгі құралдары мен айналымдағы  қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның  меншікті капиталының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері  болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген пайда;

Кәсіпорындар  өздерінің қызмет атқаруы барысында  меншікті қаржыларынан басқа қарыз  қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың  қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Меншік иесінің  тиісті құқығын жауапкершілігіне қарай  ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акцианерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік  кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

Кәсіпорында жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор  – 5010» бөлімінің:

  • «Жай акциалар - 5011»
  • «Артықшылығы бар акциялар - 5012»
  • «Салымдар және жарналар -5013»

деп аталатын бөлімше  шоттарында есептеледі.

 

Кәсіпорындағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілген  операциялар

 

Операциялардың  мазмұны

Дебиттелген шот

Кредиттелген  шот

1

Үлес қосушылар  мен салымшылардың акционерлік  қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы

5020

5011,5012

2

Кәсіпорынның  өзінің акцияларының айналымынан шығарылғандарының  құнына

5011,5012

5210

3

Жарлық қорға  шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі

5020

6250

4

Жарлық қорға  шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі

7430

5020


 

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады.

Кәсіпорында резервтік  капиталдың есебі «Резервтік капитал - 5300» бөлімінің:

  • «Заңмен белгіленген резервтік капитал - 5310»
  • «Басқа да резервтік капитал - 5340»

 

Кәсіпорындағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілген операциялар

 

Операциялардың  мазмұны

Дебиттелген шот

Кредиттелген  шот

1

Акциянерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік  капитал сомасының қалыптасуы

5410

5310

2

Өткен жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

5310,5340

5420

 

Кәсіпорынның  қорытынды табысынан бюджетке төленетін  салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төленгеннен қалған сомасы есепті жылдын «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны) -5400» болып табылады.

Кәсіпорында «бөлінбеген  табыстың» есебі:

  • «есепті жылдың бөлінбеген табысы - 5410»
  • «өткен жылдардағы бөлінбеген табысы – 5430» деп аталатын шоттарды жүргізіледі.

 

 

Кәсіпорындағы бөлінбеген пайда шоты бойынша жүргізілген  операциялар

 

Операциялардың мазмұны

Дебиттелген шот

Кредиттелген  шот

1

Кәсіпорынның  бөлінбеген табысы есебінен акционерлік  қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінбеген сома

5410

5310

2

Кәсіпорынның  есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтелуге қалдырылды

5420

5410


 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Кәсіпорынның  ақшалай қаражаты

 

Кез келген Қазақстан Республикасында қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
  • Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

 

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшалардан құрылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшалардың қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

 

 

3.1.Касса  операцияларының есебі

 

Кәсіпорында жүргізілетін ақшалай қаражат айналымы бухгалтерлік есеп стандартының «ақшалай қаражаттары-1000»бөлімінде және мынадай бөлімшелерде жүзеге асады:

-  «кассадағы теңгемен ақша қаражаты  – 1010»

-  «кассадағы валютамен ақша қаражаты  – 1020»

-  «жолдағы теңгемен ақша қаражаты -1030»

-  «ағымдағы банкттік шоттардағы тенгемен ақша қаражаты – 1040»

 

 

 

Кассадағы ақшалар шоты бойынша  жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың  мазмұны

Дебиттелген шот

Кредиттелген  шот

1

Түсуге тиіс дебитторлық борыш сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске алынады

1010,1020

1210

2

Жұмысшылар  мен қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кәсіпорынның кассасына  қайтарылады

1010,1020

1251

3

Алынуға тиісті жол төлемі кәсіпорынның кассасына кіріске алынады

1010,1020

1260

4

Есеп айырысу  шотынан кәсіпорынның кассасына алынған сомалар

1010

1040

 

 

 

    1. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебі

 

 

Кәсіпорындар  мен ұйымдар өздерінің ақшаларын  сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен  есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір  банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

  • Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш
  • Кәсіпорынның құру туралы шешімдердің көшірмесі
  • Кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөртаңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа да құжаттар

        Кәсіпорынның басқа да кәсіпорындар  мен ұйымдарға төлейтін әдетте  қолма-қол ақшасыз есеп айырысу щотынан төленеді.

 

 

Есеп айырысу шотындағы ақшалар  шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың  мазмұны

Дебиттелген шот

Кредиттелген  шот

1

Сатып алушылардан  жіберілген өнім, көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1040

1210

2

Есеп айырысу  шотына кәсіпорынның жарғылық қорын  толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома

1040

5020

3

Есеп айырысу  шотына кассадан келіп кіріске алынған  сома

1040

1010

4

Ағымдағы айдың қысқа мерзімді жалдық міндеттемесі есеп айырысу шотынан төленді

7110,7210, 8047

1040


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Дебиторлық борыштар есебі

 

Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа да заңды  немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төленген төлемдері үшін алашақ борыштары – дебиторлық борыштар деп аталады. Осы кәсіпорындарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып саналады. Өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті борыштар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Қорытындылап  айтатын болсақ дебиторлық борыш  дегеніміз бұл – иелік ету  құқығын қосқандағы заңды құқықтарымен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Дебиторлық  борыштар келесідей бөлімдерден  тұрады:

  • «сатып алушылар мен тапсырыс беру борышы»
  • «күдікті қарыздар бойынша резервтер»
  • «еншілес серіктестіктіктердін дебиторлық борышы»
  • «басқа да дебиторлық борыш»
  • «алдағы кезең шығындары»
  • «берілген аванстар»

Яғни, осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың  басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып табылады.

 

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың  мазмұны

Дебиттелген шот

Кредиттелген  шот

1

Тиіп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы

1210

6010

2

Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан шегерілді

3510

1210

3

Сатып алушы  және тапсырыс берушілерден есеп айырысу  шотына келіп түскен сома

1040

1210

4

Сатылған тауар, өнім, көрсетілген қызмет үшін алынған  вексел

1280

1210, 2120


                                       5.Бағалы қазардар

Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен  ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың  құнды қағаздарын  (акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып  алуға, депозитке салған тағы басқа) сатып алуға жұмсалған қаржылар жатқызылады.

Қаржы нарығының  айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен  осы бағалы қағаздар нарығы тікелей  байланысты.

Іс жүзінде  акция, облигация және басқа да құнды  қағаздарын шығару арқылы капиталды  тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.

Информация о работе Мәдениет үйіне сипаттама