Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:52, курсовая работа
Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында , яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Азиядан кейін Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерешеліктерін толық көрсете алмай отыр.
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау:
1.1.Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
1.2.Азияның негізгі өзендері ( Амудария мен Ертіс )
ІІ тарау:
2.1. Азияның өзендерінің су мөлшері және су айналымы
2.2. Азияның өзендерінің халық шаруашылығында маңызы мен өзен суларын қорғау
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Алаптың ең ірі өзені Хуанхэ сары түсті , сазды шөгінді жыныс – лесстен түзілген жазықпен ағатындықтан, суы лайлы және сары болады. «Хуанхэ» қытай тілінен аударғанда « сары өзен» деген мағынаны білдіреді. Ағызып әкелген жыныстардың жиналуы өзен арнасын биіктетеді. Сондықтан күшті муссондық жаңбырлар кезінде су деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендегі аппаты тасқындар дамбалар мен бөгеттерді бұзып, жолындағы егістік пен елді мекендерді басуы нәтижесінде миллиондаған адамдардың қаза табуына себепші болды. Қазіргі кезде Хуанхэ өзеннінде күшті су тасқындарына төтеп беретін, бетондалған мықты бөгет салынуда. Өзен сары теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Кеме қатынасына көп пайдаланылмайды. Хуанхэ ұзындығы жағынан Азияның екінші өзені болып есептеледі. Оның ұзындығы – 4845 км, бассейнінің ауданы – 745 мың км , орташа жылдық шығыны 4500 м3с – қа тең. Батыс Европадағы Дунай өзенінің ұзындығы жағынан едәуір артық болғанымен бассейнінің ауданы және тасымалдайтын суының мөлшері жөнінен Хуанхэ одан қалып қояды. Бұл, Хуанхэнің жауын – шашыны аз облыстарды басып өтетіндігіне, салалардың аздығына байланысты. Өзен Кунь – Лунь тауынан басталады да жоғарғы ағысының екпіні қатты болады. Хуанхэ ежелгі массив Ордосты айналып өтіп, орта ағысында орасан зор тік бұрышты бұрылыс жасайды. Лесс үстіртін кесіп өткенде өзен суы көптеген нәрселерді ағызып ала кетеді де жазықтыққа жеткенде оларды жағалыққа ығыстырып шығарады. Тасқындар кезінде Хуанхэ алып келетін қалқып жүретін материялдардың көлемі су массасының 40% - іне жетеді.Жоғарғы және ағысында Хуанхэ көп жерлерде тар шатқалдармен ағады және оның көптеген шоңғалды учаскелері болады. Өзен жоғарғы ағысында өзінің аса ірі салаларын таудан алады да, ортаңғы және төменгі ағысында ондай салалар мүлде болмайды. Хуанхэ төменгі ағысында, жоғарыда айтылғандай тасып, үлкен территорияға жайылған кезінде өзендер алып келген салындылардан құрылған кең аллювиальдық жазықтың шегінде ағады. Біздің заманымыздан 600 жыл бұрын Хуанхэ арнасының Тяньцзиннен солтүстікке таман, ал оңтүстікте Сюйчжой ендігінде болғанын айтсақ та жеткілікті. Өзеннің төменгі ағысы мен сағасы тарихи кезең ішінде кем дегенде алты рет айтарлықтай өзгеріп миллиондаған адамның үлкен апатқа ұшырауына себепші болады.
Хуанхэнің үнемі орын ауыстыруы және оның бассейніндегі су тасқынының жиі болуы өзеннің тұнба үстімен қоршаған ортадан жоғары көтеріліп ағатындығынан, сондықтан суының деңгейі аздап көтерілсе арнадан шығып ұзаққа жайылып кетеді.Су тасқындары жаз кезіндегі күшті муссондық жаңбырлардан кейін болып тұрады. Шілде мен қыркүйекте оларды көбіне тайфундар туғызады. Көктемде және жаздың басында су тасқынына жоғарғы ағыс тұсында және тауда еріген қар себепші болады. Өзеннің бүкіл бассейніндегі ормандардың толық дерліктей жойылуы, сонымен қатар мұз кептелулерінің өзеннің жоғарғы ағысында төменгі ағысқа қарағанда әлдеқайда ерте ашылатындығы су тасқынын күшейте түседі. Қазіргі кезде Хуанхэде су тасуына қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, электр станциялары салынуда және кеме катынасы жағдайлары жақсартылуда.
Меконг өзені – Үнді Қытай түбегіндегі және Оңтүстік – Шығыс Азиядағы ( Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнамда ) ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 4500 км, бассейнінің ауданы – 810 мың км2, яғни Дунай бассейнінің ауданыны тең дерліктей. Көп жылдық орташа шығыны – 12 мың м3с, яғни Дунай шығынынан екі еседей артық. Меконг Тибеттің оңтүстік шығысынан шамамен 5000 м биіктіктен басталады, сарқырамалар жасап ағады. Төменгі ағысында, ойпатта Меконг ирелеңдей ағады және тарамдарға бөлініп кетеді. Өзен өзінің бір саласы арқылы үлкен Сап көлімен жалғасады да тасыған кезде су Меконгтан көлге құйылып, тартылғанда кері бағытта ағады. Сөйтіп, көл – табиғи су қоймасы және төменгі Меконгтың ағынын реттеуші. Оңтүстік Қытай теңізіне құятын жерінде Меконг орасан зор атырау құрайды. Меконгтың режимі – деңгейі кенет өзгеріп тұратын, жазда максимумы және сәуірде минимумы айқын байқалатын нағыз муссондық. Су тасыған кезде өзен сағасынан 1600 км – ге дейін, ал тартылғанда жеке учаскелерінде ғана кеме жүре алады. Меконг су тасыған кезде егістіктерді суаруға пайдаланылады.
Тибет таулы үстіртінің
Тангла жотасынан басталады
және Қытай теңізіне келіп
құяды. Өзеннің негізгі салалары
– Мун, Тонлесап, Сан, Тхен жоғары
және орта ағысы терең, түбі
бар, шоңғалды шатқалмен төменгі
ағысы кең аллювилді жазықпен
өтеді. Жаңбыр, мұз және қар суымен
қоректенеді. Су шығыны төменгі
ағысында шілдеде – 30 мың м/сек,
сәуірде 1500 м3/сек, су деңгейінің
жылдық ауытқуы 1015м. Өзен өте көп
мөлшерде ерітінді тасқындар (жылына
1,5 км) алып келуіне байланысты
атырауы үнемі өсіп отырады (жылына
80 – 100 м) 700 км – ге тұрақты су тасығанда
1600 км – ге кеме жүзеді. Теңіз
кемелері Пномпеньге (350 км) дейін
келеді. Меконг аңғарын бойлай
кең көлемде күріш егісі алып жатыр.
Жағасында – Луанграбанг, Вьентян (Лаос),
Пномпень (Камбоджда) қалалары орналасқан.
Азияның
негізгі өзендері (
Амудария мен Ертіс)
Янцзы өзені - Азия өзендерінің аса зоры және дүние жүзіндегі ең ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы – 5530 км ,бассейнінің ауданы – 1726 мың км, орташа су шығыны 22 000 м3/с – қа тең. Янцзы Тибет тау қыратынан басталып, мұздықтардан шығатын көптеген салалардан құралады. Өзен жоғарғы ағыс тұсында Цзиньшацзян деп аталады. Янцзы таулардан шыққан соң Қызыл Бассейн деп аталатын кең тектоникалық қазаншұңқырлардың ішіне енеді, содан соң ол Оңтүстік – Шығыс Қытайдың біршама аласа тауларын кесіп өтеді. Янцзы көптеген жоталар мен массивтерді тіліп өтетіндіктен, кеме қатынасын өте қиындататын табалдырықтар жасап ағады. Ұлы Қытай жазығына шыққаннан кейін Янцзы кей жерлерде көл тәрізді қолтықтар құрап көптеген тарамдарға бөлінеді. Бас арнамен тармақтар каналдар арқылы қосылатын, мұндай көлдер өзен ағысын реттеп отырады.
Олардың өзі де Янцзының негізгі арнасы деңгейіне тәуелді болады да, ауқымы мен пішіні ылғи өзгеріп отырады. Су тасыған кезде кейбір көлдер жайдақ учаскелерге жайылып, көлемі өте үлкейіп кетеді. Янцзы Шығыс Қытай теңізіне құятын жерінде 40 жыл шамасында 1 км – дей кеңейетін атырау құрайды.
Янцзы режимі нағыз муссондық емес. Өзен бүкіл жыл бойында су шығынының көптігімен сипатталынады, ол жаздағы муссондық жаңбырлармен, бастау маңында еріген қар және мұз суымен толығады, және төменгі ағысындағы оның режимін жоғарыда айтылған көптеген көлдер реттеп отырады. Ағыстың төменгі бөлігіне (шамамен Уху қаласына дейін) судың деңгейіне толысулар едәуір әсер етеді. Теңіз толқындарының ығыстыруы әсерінен су деңгейі тәулік сайын 4,5 м3 көтеріледі, жылдық орташа тербеліс 6 м дейін жетеді.
Янцзы – Қытайдың
ең ірі транспорттык магистралы.
Ондағы кеме қатынасы Қызыл
Бассейн шегінде Ибинь қаласынан
жоғарырақтан басталады. Өзеннің
төменгі ағысы бойымен мұхиттық
кемелер Ухань қаласына дейін
көтеріледі. 1957 жылы Ухань қаласы
маңында Янцзы үстінен темір
жол және автомобиль қатынасы
үшін алғашқы көпір салынды.
Янцзы және оның салаларының
сулары егістіктерді суару үшін
кеңінен падаланылыды.
Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішіндегі өзгеруі
Үнді Мұхит алабының ірі өзендеріне – Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан, мұздық пен жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады.
Ганг өзені – маңызы жағынан Үндістанның бірінші өзені және Азияның суы мол өзендердің бірі. Ганг бассейнінің облысы қуатты өзен жүйесі қалыптасуы үшін ерекше қолайлы. Өзен Гималайдың жауын – шашыны мен қары мол биік тауды аудандарында басталып, содан соң кең – байтақ ылғалы көп ойпатқа шығады. Гангының ұзындығы – 2700 км, ал бассейнінің ауданы – 1125 мың км2 . Өзеннің орташа шығыны – 2700м / с, яғни Хуанхэнің шығынынан 5 еседен аса артық. Ганг екі бастаумен (Бхагиратхи және Алананда) боп 4500 м биіктіктен басталады да, Гималай тауларының солтүстік жоталарын тар шатқалдармен тіліп өтіп, жазыққа шығады, бұл жерде баяулап жай ағады. Ганг Гималай тауларынан көптеген суы мол салаларды, оның ішінде өзінің ең ірі саласы Джамнаны қосып алады. Декан таулы үстіртінде Гангқа құятын салалар әлдеқайда аз. Бенгал шығанағына құятын жерінде Ганг Брахмапутрамен бірге кең және ауқымы тез артып отыратын атырау жасайды. Екі өзеннің жалпы атырауының ауданы 80 мың км2 жетеді, ал бұл атырау теңізден 500 км2 қашықтықтан басталады. Ганг пен Брахмапутра тармақтары атырау жазықтығы шегінде арнасын ауыстырып, өзінің бағытын жиі өзгертіп отырады. Ганг өзені Гималай тауларындағы мұз бен қардың еруінен және жаздық муссондық жаңбырдан нәр алады.
Брахмапутра өзені – (жоғарғы ағысында Цангпо) Тибеттің оңтүстігінде – 4700 м биіктіктен басталады. Оның ұзындығы – 2900 км2, бассейнінің ауданы – 95 мың км2 – ден асады. Брахмапутра жоғары ағысында Гималай тауларын бойлай Тибет таулы қыратының оңтүстік шеткі аймағындағы кең алқаппен ағады. Гималай тауларының шығыс шеткі маңында өзен оңтүстікке кілт бұрылып, тауларды жарып, жерінде көптеген сарқырамалары бар шоңғалды тар аңғар құрайды. Ойпатта Брахмапутра жай ағады, тармақтарға бөлініп, Гангпен атырауы ортақ жерінде арнасын жиі ауыстырып отырады. Брахмапутраның суы жер суаруға кеңінен пайдаланылады, ол сағасынан шамамен 1300 км дейін кеме қатынасына жарамды.
Ішкі тұйық алапқа Шығыс Европа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Амудария мен Сырдария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені – Еділ. Шығыс Европа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап құяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде қар еріген кезде тасиды. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған.
Амудария (латын тілінен аударғанда «оксус, арабтар, Жейхун» деп атаған) – ТМД – дегі , Орта Азияның ең ірі және суы мол өзені. Жоғары жағында (Пяндж өзені) ТМД мен Ауғанстан шекарасын біраз бойлай ағады. Амудария Вахш пен Пяндж өзендерінің қосылуынан құралған, Арал теңізіне құяды. Ұзындығы 1415 км2, ал Пяндж бастауынан есептегенде 2540 км, алабы 309 000 км2 (Зерафшан мен Қашқадария алабтарын қоспағанда). Амудария алабы таулы және жазықтық болып 2 – ге бөлінеді. Өзеннің су жиналатын алқабы түгелдей дерлік таулы бөлігінде. Бұл жерде Вахш пен Пянджтен басқа басты салалары – Сурхаб, Кафирниган және Сурхандария құяды. Жазықтық бөлігінде 1257 км бойы ешқандай сала қосылмайды. Амудария Пяндж бен Вахштың қосылған жерінен Елшік қысаңына дейін ені 4 – 25 км – ге дейін баратын кең аңғарды бойлап ағады. Аңғардың беткейлері көлбеу, бірте – бірте маңайындағы жазыққа ұласып кетеді. Елшік пен Түйемойын қысаңдарының аралығында аңғардың ені тарылады да (2 – 4 км – ден аспайды), беткейлері тік жарлы болады. Бұл аралықта өзен Қызылқұм мен Қарақұм арқылы ағады. Түйемойын қысаңынан шыққаннан кейін, Амударияның аңғары ондаған км – ге дейін кеңейеді. Арал теңізіне құяр жерінде Амудария тарамдарға бөлініп кетеді де, аса зор атырауға айналады. Нүкіс қаласы тұсында өзеннің ежелгі атырауынан солға қарай (Дариялық) Көнедария құрғақ арнасы шығады. Ертеде Дариялық арқылы Амудария суының біразы Сарықамыс ойысына, одан әрі Уызбойды бойлап, Каспий теңізіне дейін барған Амудария жағалары тез шайылатын бос топырақты болғандықтан, арнасы өзгеріп отырады. Өзен бірде оң, бірде сол жағасын шайып, жайылмада ирелеңдеп ағады, Өзеннің суы өте лайлы. Керкі қаласы тұсында жылдық орта лайлылығы 3590 г/м. Амудария арал теңізіне жыл сайын 270 млн.т тұнба әкеледі. Таудағы қар, мұз суымен қоректенеді. Жылдық ағынының 80 % - і Пяндж бен Вахшқа, қалғаны Кафирниган мен Сурхандария үлестеріне тиеді. Өзен денгейі наурызда (су жинайтын алқабтың төменгі бөлігінде қардың еруіне байланысты) көтеріле бастайды. Шілде – тамызда биік тау бастарындағы қар мен мұз тез ери бастағанда, су молаяды. Ең жоғары деңгей шілдеге, ең төмен деңгей қаңтарға келеді. Деңгейдің жыл ішіндегі ауытқуы 2 – 3 м ге жетеді. Жер суаруға, булануға байланысты Амударияның су шығыны төменгі ағысынды күрт азаяды. Керкі қаласы тұсында жылдық орташа су шығыны 2000м3 /с. Төменгі ағысында 2 – 2,5 ай бойы мұз құрсанып жатады. Амудария жағаларында (әсіресе төменгі ағысында ) бұта тоғайлары, қамыс қоспалары және шалғын өседі. Амудария жер суаруда үлкен маңызы бар. Өзеннің алабындағы суарма егіс 1260 мың га-ға жетеді (Зиравшан мен Қашқария алаптарын қоспағанда). Амудариядан басталатын үлкен Қарақорым мен Амудария ─ Бұқар каналдарының шаруашылық мәні өте зор. Арнасының тұрақсыздығы Арал және Арал теңізінің алабының тұйықтығына байланысты Амударияның транспорттық мәні онша емес. Амудария мен оның салаларының су энергиясы аз пайдаланылады. Өзеннен сазан , қаяз, тыран, жайын, күректұмсық және тағы басқа балықтар ауланады. Амудария бойында Термез, Керкі, Шаржоу, Үргеніш, Нүкіс қалалары орналасқан.
Амур өзені – (монғол Хара – Мурен – қара өзен,қытайда Хэйлунцзян - қара айдаһар) – Шығыс Азиядағы өзен. Шилка мен Аргунның қосылуынан құрылып, Охота теңізіне құяды. Ұзындығы 2824 км , Аргунның басталатын жерінен сағасына дейін 4440 км. Амур алабы ТМД (Чита, Амур облысы, Хабаровск өлкесі), Қытай территориясында орналасқан. Алабының басым көпшілігі Қытай территориясында жатыр. Амур өзені дүние жүзінде оныншы орынды алады. Аңғарының сипатына қарай Амур үшке бөлінеді.
Жоғарғы Амур бастауынан Благовещенск қаласына дейін, ұзындығы 900 км шамасында.
Орта Амур Благовешенск қаласынан Уссуридің сағасына дейін, ұзындығы 1000 км – дей.
Төменгі Амур Уссуридің сағасынан құйылысына дейін, ұзындығы 950 км – дей.
Жоғарғы Амурдың аңғарының беткейлері биік, жартасы, арнасы тар (200 – 500 м.) Өзеннің сол жағында Нюкжа, оң жағында Үлкен Хирган жоталары жатыр. Амур орта ағысында Зея – Бурея жазығына шығады. Зея саласы құйғаннан кейін, Амурдың суы екі есе молаяды, арнасы 2 км – ге дейін кеңейеді. Көп жерде кең аңғарды бойлап ағады, бұл арада ағыны бояулайды, жағалары жайпақ, батпақты келеді. Арнасында көптеген аралдар кездеседі. Кіші Хинганды кесіп өткен жерінде ғана каньон тәріздес жар қабақты тар аңғар жасап, қатты ағады. Аса ірі Уссури саласы қосылғаннан кейін, Амурдың суы тағыда біраз молаяды. Төменгі Амур ойпатында өзен аңғары қайтадан кеңейеді. Оның жайылмасында өзенмен тарамдар арқылы жалғасып жататын көптеген көлде бар. Олардың ішінде аса ірілері – Болонь, Удыль, Орель және Үлкен Кизи тағы басқа жатады. Бұл жерде өзенге сол жағынан бір ғана салс - Амгунь құяды. Амур сағасында жылдық орта су шығыны 11000 м3 сек. Суының мол болуы су жиналатын алқабының үлкендігіне, алабына, атмосфералық жауын – шашынның мол түсуіне байланысты. Амурдың гидрография торы өте күрделі. Бұған 10610 өзен (соның ішінде 1684 өзеннің ұзындығы 10 км – ден аспайды) мен су айдынының аумағы 10 600 км2 шамасында 161 426 көл кіреді. Амур және оның салалары көбіне жаңбыр суымен қоректенетін өзендер типіне жатады. Жылдық ағынның 75 – 80% - ы жаңбыр суы, 15 – 20% - ы еріген қар суы, 5 – 8% - жер асты суы. Амур өзені жазда муссондық жаңбырға байланысты тасиды. Қыста қар жамылғысы жұқа болғандықтан, көктемде өзен деңгейі аз көтеріледі. Қарашадан сәуірге дейін қатып жатады. Өзеннің ендік бағытта ағуына байланысты барлық жерінде бір уақытта қатып, мұздан бір уақытта арылады. Амур - өн бойында кеме қатынасына қолайлы және Қиыр Шығыстың маңызды су магистралы. Ірі салаларымен ағаш ағызылады. Амур өзегі балыққа өте бай. Мұнда балықтың 99 түрі бар. Олардың 1/5 – і тек қана Амурда болатын эндемиктер. Лосось тұқымдас кета мен горбуша балықтарының кәсіптік мәні зор. Төменгі Амур Қиыр Шығыстың балық аулайтын негізгі ауданына жатады. Амур өзенінің бойындағы басты өзен порттары: Покровка, Благовещенск, Хабаровск, Амурдағы Комсомольск, Николаевск.