Азияның өзендеріне жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:52, курсовая работа

Краткое описание

Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында , яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Азиядан кейін Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерешеліктерін толық көрсете алмай отыр.

Оглавление

І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау:
1.1.Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
1.2.Азияның негізгі өзендері ( Амудария мен Ертіс )
ІІ тарау:
2.1. Азияның өзендерінің су мөлшері және су айналымы
2.2. Азияның өзендерінің халық шаруашылығында маңызы мен өзен суларын қорғау
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Файлы: 1 файл

Aziyanyn ozenderine zhalpy sipattama.docx

— 64.46 Кб (Скачать)

        Табиғатта  су  ұдайы  айналыста  болып  отырады.  Планетамыздағы  мұхиттардың  суы  1  миллиард  370  миллион  текше  километр, ол  атмосферада  айналыс  жасаған  себепті  3000  жылда  бір  рет  толық  жаңарып  отырады.  Ал  60 миллион  текше  километр  жер  асты  суы  5000 жылда  бір  рет,  24  миллион  текше  километр  атмосфера  ылғалы  330  жылда  бір,  230 мың текше  километр  көл  суы  он  жылда,  адамға  ең  пайдалы  өзен  суы  10  күнде  бір  жаңарып  тұрады.  Бір  жылдың  ішінде  жер  бетінен  520  мың  текше  километр  су  буланады  және  осыншама  су  жерге  жаңбыр,  қар  болып  жауады.  Егер  бұл  суды  бір  тегіс  жайсақ, бүкіл  жер  шарын  тереңдігі  бір  метрге  жуық  су  басар  еді. Жер  шарының  әр  жерінде  болатын  жауын – шашының  мөлшері  әр  түрлі  болады.  Мысалы, мұхиттар  мен  теңіздерге  жылына  400  мың  текше  километр  жауын – шашын түседі, бұл – бүкіл  Жер  бетіне  түсетін  жауын – шашынның  79  процентіне  тең  келеді.  Мұхиттар  мен  теңіздерге  құрлықтан  түрлі  арналар  жылына  100 мың  текше  километр  су, яғни  жер  бетінен    ағатын  судың  19 проценті  құйылады. Мұхиттармен  жалғаспайтын, тек  көлдерге  ғана  құятын  судың  мөлшері  жылына  10  мың  текше  километр  болады.  Ол – жер  бетінен  түсетін  судың 2  процентін құрайды.  Ал  мұхиттар  мен теңіздерден  жылына  450 мың  текше  километр  су  буға  айналады.  Бұл  бүкіл  жер  бетіне  түсетін  судың  86 проценті.  Құрлықтан  мұхиттарға  ағып  қосылатын  судан  жылына  60  мың  текше  километр, яғни  жер  бетіне  түсетін  судың  12  проценттейі  буға  айналып  кетеді.  Мұхиттар  мен  жалғаспайтын,  тек  көлдерге  құятын  судың  жылына  10  мың  текше  километрі, немесе  жер  бетіне  түсетін  судың 2 проценттейі  буға  айналып  отырады.  Республикамызда  бір  жылдық  жауын – шашының  70  проценті  қар,  ал  қалған  30 проценті  жаңбыр  болады.  Таулы  аудандардың  өзендеріне  көбінесе  мұздардың  еруі  есебінен  суға  ағады.  Азияның  өзендер  шынында  да  қар  суымен  де, жаңбыр  суларымен  қабат  толатын  өзендерге  жатады.  Су  әбден  тасығаннан  кейін  өзендер  жаңбыр  және  жер  асты  суларынан, яғни  жауын – шашынның  жерге  сіңіп, өзен  арнасы  арқылы  бұлаққа  айналатын  бөлігімен  толысады.  Өзендер  суы  қатқан  кезде  тек жер асты  суларымен ғана  толығады.  Солтүсік  аймағында  өзендерге  жер  асты  суы  есебінен  30  процент,  орта  өңірдің  өзендеріне  10 – 20 процент  су  ағып  келіп тұрады.  Су  ресурстарын тиімді  пайдалану қазіргі уақытта ең  маңызды орын  алуда.  Өзен  суын  жарату  үшін  өзен  арнасын ғана  пайдаланып  қоймай,  судың басталатын  жерінен құятын  жеріне  дейін толық игеріп, өзен  алабын түгелімен  шаруашылыққа  пайдалану  қажет,  өйткені, өзен  алабының  табиғаты - өсімдігі, топырағы, бедері,  гидро – географиялық,  гидрогеологиялық  жағдайы, биіктігі – осының  бәрі  су  режимінің  ерекшелігін  көрсетеді.  Осы  табиғи  жағдайлар  өзгерсе,  өзен  суының  режиміде  де  өзгереді. Мәселен,  өзен  алабында  өсетін  тоғайлы  жердің  топырағын  тыңатса  және  түрлі  агротехникалық  жұмыстар  тиімді  де  жоспарлы  жүргізілсе,  су  режимінің  бұзылмауына  себепкер  болады. 

Азияның  өзендерінің  халық  шаруашылығында  маңызы  мен  өзен  суларын  қорғау 

        Өзендер – халықтың  сарқылмас  байлығы.  Табиғи  байлықтардың  ішіндегі  көмір, мұнай  тағы  басқа  көп  болғанымен  олардың  қоры  күндердің  күндердің  күнінде  азайып  бітуі  мүмкін,  ал  су   ресурсы  бірде  азайып,  бірде  көбейсе де  табиғи  айналымының  нәтижесінде   өмір  бойы  сарқылмайды.

        Өзендерді  әр  қилы  шаруашылық  қажеттіліктеріне  пайдалану  ертеден  мәлім.Бір  жағынан  қатынас  ретінде  пайдаланылса,  екіншіден,  халық  шаруашылығының  басқа  да  салаларына  кеңінен  пайдаланылған.

        Өзен  бойы  өсімдіктер  мен  жан – жануарларға  бай,  өзеннің  атырауы  және  су  қоймада  байлықтар  өте  көп  болады  дедік.  Бірақ  оны  пайдалана  білу  керек.  Өзенде  балықтар  да  көп.  Ну – тоғай  қамысының  арасында  ондатра,  камшат,  су  күзені,  саз  камшаты  және  тағы  басқа  терісі  қымбатты  аңдар  тіршілік  етеді.  Көл,  су  қоймасында  құс  фермасы  ұйымдастыруға,  суда  өсетін  өсімдіктерді  мал  жеміне  пайдалануға  болады.  Суда  өсетін  балдыр,  мүйіз  жапырақ,  элодея   өсімдіктерін  ұнтақтап  үйрекке  береді.  Бір  гектар  жерді  алып  жататын  судан  60  тонна  өсімдік  жинап  алуға  болады.  Бұл  шөп –  шамал  үйрек  пен  балыққа  өте  пайдалы  қорек.  Суда  өсетін  қамыс  бір  жағынан  шірімейді,  жылу  өткізбейді  және  ылғалдыққа  өте  төзімді  келеді.  Құрылыста  кең  қолдалынады.

        Ұлы  Қазан  социолистік  революциясынан кейін  елімізде  су  байлықтарын  кеңінен  қолдануға  үлкен  жол  ашылды.  Су  және  электр  энергиясын  пайдалану,  оны  алыс аудандарға  жеткізу  техникасы  күшейді.

        1920  жылы  ұлы   көсеміміз  В.И.  Лениннің  ұсынысы   бойынша  бүкіл  елімізді  электрлендіру  мәселесі  қолға   алынды.  Бұл  жоспар  бойынша  15  жылдың  ішінде   электр  қуатын  өндіруді  1 миллион  750  мың  киловатқа  жеткізу   ұйғарылды. Жылулық  электр  станциясымен  қатар  Волхов  және  Днепр  су  электр  станцияларын  салу  көзделді.  Дүние  жүзілік және  азаматтық  соғыстың  зардабына  және  капиталистік  мемлекеттердің  экономиеалық   блокадасына  қарамастан   ГОЭЛРО  жоспары  ойдағыдай  жүзеге  асырылды.

        1929  жылы  Коммунистік   партия  мен  совет  үкіметі   ауыр  өнеркәсіптің  және  оның  энергетикалық  негізде  дамуы   үшін  «Үлкен  Кришна »   жобасын   іске асыруды қолға  алды.  Бұл  жоба  бойынша  Волга   өзенінің  бойында  Иванов,  Углич  және  Рыбинск  (осы  күні  Щербаков)су  электр  станциялары  салынуы  керек  еді.  Бұлар  1941  жылы  аяқталды.

        1933  жылы  Беломор  -  Балтық    каналы,  1937  жылы  Москва  - Волга  каналы  іске  қосылды.  Ауылшаруашылығында  екінші  бесжылдықтың  ішінде  колхоз -  совхоздардың  құрылуымен  қатар,  олардың  өркендеп,  дамуына , күріш , мақта, т.б. жылылықта  өсетін  дақылдардың  өнім  көлемін   үлкейту  үшін  су  қоймаларын,  каналдар  салуды  қарқынды    түрде  іске  асыруға  тура  келді.  1939  жылы  ұзындығы  240 километр  Үлкен  Ферғана  каналы (Өзбекстанда),  сонан  кейнгі  жылдарда  Оңтүстік  Ферғана ,  Солтүстік  Ферған  каналдаы,  Үлкен Тахо каналы (Қырғыз  ССР-де),  сонымен  қатар  бұрын  салынған  Годовари,  Нармада,  Селенга,  Теджен  және  т.б.  каналдар  қайта  тазартылып,  іске  қосылды.  Осындай  жұмыстардың  нәтижесінде  еліміздің  2 миллион  гектардан  астам  жер   суарылады. Соңғы он - он  бес  жылдың  ішінде  біздің  республикамызда  да  көптеген  су  қоймалары мен   су  электр  станциялары  салынды.  Олар:  Индигирка өзенінің   бойындағы  Ялуцзиян,  Годовари  және  Нармада  су электр  станциялары.  Одер  мен Асы өзендерінің  қосылатын  жерінде  Керулен  су  қоймасы,  Силяохэ  өзеніне  су  жеткізетін  Күртінің  бойында  Күрті  су  қоймасы,  Республикамыздың  оңтүстік  шығысындағы  Зайсан  көлінің  алқабында да  бір  су  қойма  салынды.Сонымен   қатар  Ертіс – Қарағанды  каналы және  Республикамыздың  батысында Жайық – Көшім  каналы  іске  қосылды.  Соңғы  жылдары  Қапшағай  ГЭС – інің  алғашқы  құрылыстары  іске  қосылып  пайдаланылуда.  Осы  су  қоймалары  мен  су  электр  станциялары  бір  жағынан   электр  қуатын  берсе,  екіншіден,  жүздеген  мың  гектар   жерді  суландырып,  халық  шаруашылығына  көптеген  пайдасын  тигізуде.

        Сөйтіп, республикамыз  су ресурстары  және  энергиясының  қоры  жағынан  туысқан  Рата  Азия  республикалары  ішінде  екінші  орында  келеді.  Өзен  тармақтары  табиғаттың  жолы  секілді.  Өзен  сулары  ауа  сияқты  жер  бетіне  дұрыс, өмірге  лайықты  бөлінгендей.  Мысалы,  Каспий  алабына  қар, жаңбыр  болып  келген  су,  осы  алаптағы  өзендер  арқылы  теңізге  келіп  құяды.  Бұл  келген  су  күннің  ыстықтығынан  буға  айналып,  атмосфераға  араласып  кетеді.  Жылжу  бағытында  Алтай, Тянь – Шань  және  Памир  тауларында  жеткенде  қарға  айналып, қайта  жауады.  Ол қар мұздыққа  айналады.  Мұздық  ерігенде  Сырдария  мен  Амударияның  өзендеріне   су  ағып  құылады. Сол  сиқты  Іле, Ертіс,  тағы  басқа  өзендер  де  осылай  өзгеріске  ұшырап  орырады.  Жер  бетіне  түскен  сулар  теңіз  бен  мұхиттарға  өзендер  арқылы  жетеді. Кейбір  аудандарда  судың  көптігінен  жері  сазды – балшыққа  айналып  кеткен.  Бұл  жағдайда  канал  қазып, артық  суын  ағызып,  жерді  өңдейді.  Өзендер  сумен  бір  көптеген  минералды  ерітінділер  және  жер  бетіндегі  ұнталған  топырақ  шөгінділерінде  де  шөп, егін, бау – бақша өте жақсы өседі және  ол  өнім  алуға болады.  Мұндай  су  жайылатын жердің  көлемі  50 – 60 миллион гектар  жерді алып  жатыр. Сумен бірге пайдалы құнарлы топырақтар  және  минералды ерітінділер  туралы  бірер  сөз....   Мәселен, Сакарьия  суымен  келген  лайдың  қалыңдығы  кей  жылдары  20 сантимтрге  дейін  барады.  Бұл  лайда  кальций, калий  және  фосфор  минералды  тұздар  бар.  Олар - өсімдікті,  егісті  қоректендіретін  ең  маңызды  элементтердің  бірі.  Сонымен  қатар,  өзен  сулары  органикалық  заттар  мнг  минералды  тұз  ерітінділерін  айдап  әкеледі.  Мысалы,  Амудария  мен  Сырдария  Арал  теңізіне  жылына  24 миллион  тонна  әр  түрлі  тұз  ерітінділерін  әкеледі.  Сондықтан  да  бұл  теңіз  балыққа  өте  бай.  Каспий  теңізінің  жағдайы  да оған  құятын  өзендерге  байланысты.  Жер  бетіне  түскен  жаңбыр  суы  ылдиға  қарай  аққандай  жол  жөнекей  жердің  ұнтақ  топырағын  ала  кетіп, өзендерге  апарып  қосады,  немесе  ойлы – шұңқырға  барып  тұнады.  Мұны  су  эрозиясы  деп атайды.  Өзен  сулары  өзінің  ағысымен  бірге миллиондаған  тонна жер бетінің топырағын алып  кетеді.  Мысалы,  Ганг  өзені 200  миллион тонна, Амудария  100 миллион тонна жер топырақтарын  алып  кететінін айтудың өзі жеткілікті.  Осы топырақтың  бір бөлігі  теңізде,  бір бөлігі  көлдердің, теңіздің  жағалауында және  өзен  атырауында  қалады.  Егер  көз  салып  қарасақ,  өзен  атырауы  өсімдік  пен  жан – жануарларға  бай  келеді.  Сондықтан  да  байырға  замандарда  қоныстану, егін, бау – бақша  өнімдерін  пайдалану  осы  атырауға  байланысты  болған.  Сол  жерді  пайдалану  үшін  талай – талай  соғыстар  таластар  болып  қалып  тырған.  Жыл  сайын  миллиондаған  тонна  лай  топырақтың  әсерінен  кей  өзендер  өзінің  арнасы  өзгертеді,  шығанақ, бұғаздарды  жойып  жібереді.  Айталық,  Сырдария  бойындағы  Фахат  су  электр  станциясы  топырақтың  басып  кетуі  себебінен  осындай  өзгеріске  ұшырады .  Қарақұм  шөлейтінің  де  пайда  болуы  Амудария  өзеніне  байланысты.  Ертедегі  мұз  дәуірінде  Амудария  өзені  Қарақұм  жерін басып  өтіп,  Каспий теңізіне  құйған. Мыңдаған  жылдар  ішінде  Памир, Алтай  тауларының  тастарын  былып, арнасы  шөгінді  лай  топырақпен  толтыра  берген.  Өзеннің  бұрынғы  арнасы  бітеліп  қалады  да , су басқа  жол  тауып  ағады.  Бірте – бірте Сарықамыс  жазықтығы  арқлы  Аралға  келіп  құяды.  Бұл  жағдай  төрттік  дәуірде  болған.

 

        ҚОРЫТЫНДЫ 

        Бұл жұмыс Азияның  негізгі өзеңдеріне  байланысты  жазылған. Мәселе бұл жұмысты  екі  тарауға  бөліп  қарастырдым. Жұмыста  екі  тарауды  салыстыра отырып  қорытындылауға  болады. Бұл жұмыста  Азияның  өзендеріне  жалпы  сипаттама  бердім  және  олардың  су  мөлшерін,  су  айналымын  және  шаруашылықта  маңызын  қарастырдым. Бұл тақырыпты таңдаған  себебім, қазіргі уақытта өзендер ластанып,  тартылып  азаюда.  Себебі,  заводтардың  қалдықтары  және  басқа нашар  қалдықтардың  құйылуынан  өзендер  ластанады.

        Қорыта  келгенде  бірінші  тарауда  Азияның  өзендері  Амудария  мен  Ертіске  жалпы  сипаттама  бердім  және  екінші  тараудан  айырмашылығы  Азияның  үлкен  негізгі  өзендеріне  сипаттама  берілген.  Және  де  қазір  дүние  жүзінде  көптеген  су  қоймалары  салынуда.  Сол  су  қоймалар  су  жетіспейтін  жерлерге  су  тасу  және  суларды  тазартуға  пайдаланылуда.

        Соңғы  он – он  бес  жылдың  ішінде  Азияның  негізгі  өзендерінің  маңында  су  қоймалар  мен  су  электр  станциялары  салынды.  Олар: Хуанхэ,  амур,  Үнді  және  тағы  басқа  өзендерінің  жанында  салынды.  Осы  су  қоймалар  мен  су  электр  станциялары  бір  жағынан  электр  қуатын  берсе,  екіншіден,  жүздеген  гектар  жерді  суландырып,  халық  шаруашылығына  көптеген  пайдасын  тигізуде.

        Мен  бұл  жұмысты жазғанымда  өзендерді қалай қорғау  керек екенін  білдім  десем болады.  Және  су  қоймалары мен су  электр  станцияларында  балықтар  көп болады.  Бірақ оларды  пайдалана  білу  керек. Менің  бұл  жұмыста  нақты  білгенім  өзендерді  қалай  қорғап  және  пайдалана  білу  керек  екенін  білдім.

Информация о работе Азияның өзендеріне жалпы сипаттама