Азияның өзендеріне жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:52, курсовая работа

Краткое описание

Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында , яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Азиядан кейін Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерешеліктерін толық көрсете алмай отыр.

Оглавление

І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау:
1.1.Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
1.2.Азияның негізгі өзендері ( Амудария мен Ертіс )
ІІ тарау:
2.1. Азияның өзендерінің су мөлшері және су айналымы
2.2. Азияның өзендерінің халық шаруашылығында маңызы мен өзен суларын қорғау
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Файлы: 1 файл

Aziyanyn ozenderine zhalpy sipattama.docx

— 64.46 Кб (Скачать)

        Ертіс  өзені  алабы 1600 мың шаршы метр.  Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның  97 проценті  Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті  Қытай Халық Республикасының территориясында.  Совет Одағында   бұл өзен  алабының  көлемі  тек Енисей,  Лена  және Амур  өзендерінің алаптарынан ғана кішірек.  Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан  солтүстік –батысқа  қарай созылған.  Солтүстігінде Обь өзенімен,  оңтүстігінде  Балқаш-Алакөл  көлдерінің  және  Сарыарқа  тауларымен  шектесіп  жатыр.  Өзеннің сол жағынан Сауыр -Тарбағатай,  Қалбы,  Сарыарқа  тауларының  шығыс және  солтүстік биіктіктерінен  оңтүстік  Орал мен Батыс,  Сібір алаптарынан аққан өзендер келіп құяды,  алоң  жағынан Қазақстан Алтай тауынан Батыс Сібір орталығындағы Белағаш,  Құлынды және  Барбы жазықтарынан  ағатын  өзендер келіп құяды.  Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің алабында  1393  өзен  бар.  Оның  ішіндегі  16 өзеннің әрқайсысының  ұзындығы 200 км-ден 500 км-ге  дейін созылады.

        Ертіс  өзені  биіктігі  2500 м.  Моңғол  Алтай  тауынан  басталып  ,  Қытай  Халық  Республикасының  басып  өткесін  Қара  Ертіс  өзені болып  аталады.  Өзен  біздің  территориямызға  жеткенде ,  шекарада  оған  Алкөбек,  Қалжыр  өзендері  құяды.  Содан  барып 152  километр  өткеннен кейін  Зайсан  көліне  құяды (қазіргі  уақытта  мұнда  Бұқтарма  су электр  станциясы   салынған  ).  Ол  кездегі  Зайсан  көлінің  көлемі 1900 шаршы километр,  ұзындығы  100 километрге ,  ені 29 километрге , ал  тереңдігі  10 метрге  жететін.  Ертіс  өзенінің ұзындығы 4450 километр.  Ертіс,  Еділ  өзенінен  ұзынырақ,  алабының  көлемі  жағынан да  үлкенірек,  дегенмен  Ертіс өзені  ағынының  жылдамдығы  Еділ  суынан  екі есе кем.

        Ертіс  өзенінің  таудан  жазықтыққа  щыққандағы  су  ағынының  жылдамдығы   секундына   933  текше метр  болса,  Тобыл ауданының тұсында секундына 2177 текше метрге  жетеді. Ал суы мол айларда (сәуір айында)  секундына 6113  текше метр  болса,  ақпан айында  секундына 294  текше метрге  дейін төмен түседі.  Осы бес жылдықта  Ертіс өзенінің суын  Ертіс ─ Қарағанды каналы  арқылы  Қарағандыға жеткізу іске асырылуда.  Бұл су егін,  бау-бақша,  мал суаруға және  тағы  басқа жағдайларға пайдаланылады.  Осы канал құрылысы  Теміртау  су  қоймасына да    жеткізілді.  Бұл канал Теміртаудағы  комбинатты  сумен қамтамасыз етеді,  сонымен қатар суы ішуге,  қаладағы  бау-бақшаны суландыруға пайдаланылады. Келешекте осы канал   Жезқазғанға дейін тартылады.

        Бұқтырма  өзені ─ Ертістің  оң  жақ саласы. Ол  Оңтүстік  Алтайдағы Ақайрық пен Қанас тауындағы мұздақтан басталады.  Бұқтырма  өзеніне Ақберел құяды.  Бұқтырманың ұзындығы  398 километр,  алабының  су  жиналатын аймағы 15 620 шаршы километр.  Өзеннің ағысының  ені тауда 50-70  метрге  жетсе,  жазықтықта 100-150  метрге  дейін барады.  өзеннің орта  шеніндегі су шығыны  секундына 251  текше метрге жетеді.   Мамыр айында  су шығыны  секундына 999 текше метрге  дейін барады  да , су  деңгейі 4 метр   биіктікке дейін көтеріледі.  Ақпан – наурыз айларында су шығыны секундына 10 текше метр ғана болады.  Бұқтырма  өзенінің  Ертіске  құятын  жеріне  бөгет  салынып, су  электр  станциясы  орнатылған.  Қазіргі  уақытта  Бұқтырма  су  қоймасы  көлемі  жағынан  теңізбен  пара – пар. Жағалауында пионер лагерлері, демалыс үйлері, туристтік қонақ үйлер  бар.

        Есіл  өзені - Сарыарқада  биіктігі  400 – 500 метр Ниаз  тауынан басталып  Батыс  Сібірге  жеткенде Ертіске  Құяды. Қазақстан  территориясында  Есілдің ұзындығы  1400  километр.  Егер ұзындығы  жағынан Дон өзенімен  қатарласса, су  шығыны  Доннан  алты  есе кем. Есіл  өзені Целиноград  және  Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су  жиналатын алқабы  144  мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумағы 113  шаршы километр.  Есілге  Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық  және  Төменгібурлық  өзендері  қосылады. Есіл  жазықтық  өзеніне жатады, сондықтан  оның  шығыны  қар,  жер  асты  суы  және  жауын – шашынмен  толығып  отырады.  Олай  болса, су  шығыны  ауа  райына  байланысты – кей  жылдары  мол, кей  жылдары өте аз  болады.  Судың  жылдық орташа шығыны  Цилиноград қаласының тұсында секундына 6,2 текше метр,  ал Петропавл  қаласының  тұсында  секундына 57,7 текше метрге дейін  барады. Сәуір  айында  Целиноград  маңында  орташа жылдық  су шығыны он  есе көбейсе,  Петропавл  тұсында 7 есеге дейін көбейеді, сол кезде  су  деңгейі  Целиноград  қаласының тұсында 2 метрден  4 метрге дейін  көтерілсе,  Петропавл  қаласының маңында  4 метрден 9 метрге дейін көтеріледі.  Есіл өзенінің бойында  Есіл, Сергиев, Осакаров   және  тағы  басқа  су  қоймалары  бар. Сергиев  су  қоймасы суды совхоз – колхоздарға  құбырлар  арқылы  жеткізеді.  Сонда  көптеген  совхоз бен колхоздарды  сумен  қамтамасыз  етіп, қосымша  40  мың  гектар жерді  суландырады.

        Тобыл  өзеніОңтүстік  Оралдың  шығысынан  басталып,  Есілге  сол  жағынан  барып қосылады.  Ұзындығы  1678  километр. Қазақстан  территориясында  оның  ұзындығы  800 километр.  Оған  Сынтасты,  Аят,  Үй  және  Обаған  өзендері  қосылады.  Қазақстан  территориясына  жетпей  Есет,  Тура  және  Тавда  өзендері  құяды.  Тобыл  өзенінің  су  жиналатын алқабы 394 600  шаршы километр,  ал  республикамыздың  территориясында 130  мың шаршы  километр.  Жылдық  орташа  су  шығыны  секундына  31  текше  метр.  Тобыл  өзенінің  бойында  да  бірнеше  су  қоймалары  бар. 

Азияның   өзендерінің  су  мөлшері  мен  су айналымы 

        Табиғатта  қорғау , әсіресе  су  байлықтарын  қорғау – мемлекеттік  үлкен  маңызды  мәселенің  бірі  болып  саналады.  Ұлы  көсеміміз  В. И. Ленин  табиғатты  қорғау  біздің  ең  маңызды  міндетіміздің  бірі  екенін,  оны  тиімді  пайдалану  қажеттігін  атап  айтқан  болатын. Бұл  даналық  нұсқаулар Совет өкіметінің  табиғатты  қорғау  жөніндегі  заңдарына  негіз  болуда.

        Соңғы  кездері  осы  салада  ірі – ірі шаралар  жүзеге  асырылуда.  Дегенмен  табиғатты  қорғау, әсіресе  өзендерді  қорғау  жұмыстарында  әлі  де  болса  біраз  кемшіліктер  орын  алып  келеді.  Мысалы, өзен, көл  суының  ластануының  салдарынан  су жәндіктері  уланған  жағдайлар  байқалуда.

        1958 жылы  Неман   өзенінің  төменгі  жағында   балықтардың  уланғаны  анықталды.  Олар  су  ішінде  өсетін  балдыр  өсімдіктерінен  уланған  болып   шықты. Осындай  судың  зиянды  заттармен  ластануы  өте   үлкен  шығындарға  ұшыратуы  мүмкін.  Сондықтан  өндірістерде  және  тағы  басқа  қажеттерге  қолданылған  лай  суларды   өзендер  мен  көлдерге  апарып  құяр  алдында  оны  тазарту   керек. Тазартылмаған  су  ауыл  шаруашылығында  егістіктерді  бүлдіреді,  ішкен  малдарды  індетке   ұшыратады,  суда  тіршілік  ететін  балықтар  мен жәндіктерді   зақымдандырады.

        Соңғы  жылдары  өзендерді,  көлдерді, теңіздерді  ластанған,  уланғансулардан  қорғау  мәселелерін  жер  шарының  халықтары  бірлесіп  шешуді  қолға  алуды.  1961 жылы  дуние  жүзілік  денсаулық  сақтау  қоғамының  ұйғарымы  бойынша  Женевада  конференция  болды.  Осы  конференцияда  өзендерді, ауыл  шаруашылығында  пайдаланатын  суларды, ішетін  суларды,  жалпы  табиғатты  қалай  қорғау  мәселесі  талқыланды.

        1980 жылға  дейін   өндірісте  пайдаланған  лай   сулардың, шаруашылықта  пайдаланылатын  сулардың  көлемі  1960 жылмен  салыстырғанда  бес  есе  көбеюі  мүмкіндігі  есептеліп  отыр. Осы  лай, ластанған  судың  әсерінен  ішуге  жарамай  қалады, ондағы балықтар, жәндіктер  азайып, бойында  өсетін  өсімдіктер  қурай  бастайды.  Ал  табиғаттың  өзгерісі  арқылы  бір  өзен  тазару  үшін  4 – 5 жыл  уақыт  өтеді.  Сондықтан  табиғатты, өзендерді, көлдерді, орманды  қорғау  үшін  үлкен қаржылар  бөлінуі  керек. Соңғы  кездері  шығарылған  заң  бойынша,  әрбір  кеме, шаруашылық  орындарының  лай, ластанған  суларды  тазартпай  өзендерге  жіберуіне  тыйым  салынған.  1961 жылы  елімізде  540 – тан астам пайдаланған  суды  тазартатын  орындар  ашылса, 1963 жылы  1100 – ден  аса су  тазартқыш  орындары  іске  қосылды.

        Азияның  территориясында  өзендер  біркелкі  болғандықтан  бір  аудандарда  су  жеткіліксіз.  Сондықтан  да  бір  жерде  плотина  арқылы  су  қоймасы  жасалса, бір  жерде  канал  арқылы  шөлейт  аудандарға  су  жеткізілуі керек.  Ол  үшін  жүз кейде мың  киллометрдей  ұзын  каналдар  қазуға  мәжбүр  болады.  Осынай  бір өзен  суын  екінші  өзен  суына  қосуды  өзен  алаптарында  су  шаруашылық  байланыстары  деп  атайды.  Осы  күнгі  су  шаруашылығының  транспорттық,  энергетикалық  және  комплексті  деген  үш  түрі  бар.

        Транспорттық  су  байланысы   18 – 19  ғасырларда  пайда  болған.  Тихвин,  Березин, Днепр – Бу, Солтүстік  Двина  өзендері  канал  арқылы  жалғастырылды.

        Энергетикалық  байланыстар  әр  жердегі  су  элекр  станцияларының  энергетикалық  күші  бір – бірімен  ұластырылып,  тұтас  энергетикалық  жүйеге  айналады.  Осындай  байланыс  өте  тиімді  деп  есептелуде.  Себебі  бір  өзеннің  су  шығыны  аз,  я  қысқа  мерзімді  болса,  бір  өзеннің  су  шығыны  мол  болады.  Сондықтан  өзен  су  қоймалары  бір – бірінің  кемістіктерін  толтырып   тұрады.  Өзендер  суын  нәтижелі  пайдалану  үшін,  өзен  алабының   гидрологиялық  жайын, қанша  су  ауыл  шаруашылығының, өндіріске  керек  екендігін,  оның  мөлшерін  алдын  ала  білу  қажет.

        1960 жылдың  22  - ші  сәуірде  Министрлер  Советі  « Су  ресурстарын  комплексті  түрде  пайдалану  және  оны   қорғау  туралы» қаулы щығарды.  Мұнда  бүкіл  елімізді  түгелдей  сумен  қамтамасыз  ету  мәселесі  айрықша  қолға  алынды.  Бұл  жоспарда  көптеген  жобалау,  зерттеу  институттарының  күшін  бірлестіру,  инжинерлік  жұмыстарды  бірігіп  жүргізуге  жұмылдыру  көзделген.

        Өзен  арнасымен  бірге  мерзім  ішінде  ағып  өтетін  су  көлемін  өзендердің  су  мөлшері  деп  атайды. Өзен  суын  шаруашылықтың  әр  саласында  пайдалану  өзендердің  су  мөлшеріне  байланысты  болады.  Мысалы, белгілі  қуатты  су  электр  станцияларын  салу  үшін  әуелі  сол  өзен  суының  мөлшері  жыл  бойы  біркелкі  болмайды.  Өзендердің  су  мөлшері  жыл  бойы   бір  келкі  болмайды.  Өзен  арнасы  әсіресе  тасқын  кезінде  толы  болады.  Әрбір  өзеннің  су  мөлшері  оның  алабының  көлеміне  және  жауын – шашынның  неғұрлым  үлкен  болса,  өзендердің  су  мөлшері  де  соғұрлым  мол  болады.  Егер  республикамыздың  картасына  қарайтын  болсақ, онан  толып  жатқан  өзендердің  құмға  сіңіп  жоқ  болатындығын  көреміз.  Олардың  көпшілігі  жер  суаруға  пайдаланылады.  Қырғыз  жотасынан  шығатын  Таз  өзені  тасыған  кездің  өзінде  ешқашан  да  Шаньдэньха  жеткен  емес.  Ал  кейбір  өзендер  тасқын  кезінде  басты  өзенге  жетеді  де, кейін  кеуіп  кетеді.  өзендерге  көптеген  инженерлік  құрылыстар  салғанда  белгілі  бір  жерден  бір  секундта  ағып  өтетін  судың  мөлшерін  білу  қажет. Бұл  көпірлердің, плотиналардың  ұзындығын  анықтау үшін, сонымен қатар жер суару үшін  және  басқа да  қажеттіліктерге  суды  жұмсау  үшін  керек.

        Судың  шығыны  әдетте  текше метр секунд өлшемімен өлшенеді. Тасқын  кезіндегі  су  шығыны  орталықтағы, яғни  жазғы  өзен  деңгейі  төмендеген  кездегі  су  шығынынан  айырмашылығы  өте  үлкен  болады. Егер  біз  өзеннің  ағысын  көлденең  кесіп  тастауға  болады  деп  шамалассақ, онда өзеннің ағысты  кесіндісін  көз алдымызға келтіреміз.  Өзеннің сол кесіндісі бойынша су  ағысының  жылдамдығының шамасы  әр  түрлі болады.Ағыстың жылдамдығына  араның  терендігі де, оның  формасы да, өзеннің өз  жолында кездестіретін  бөгеттері  де  әсер  етеді. Егер  ағыс  бөгетке  мысалы, көпірдің  тіреулеріне, аралдарға  соқтықса, онда  қатты  ағыс  өзеннің  табанына  қарай  ауысуы  мүмкін. Ескі  арнада  тасқын  кезінде  табанға  жақын  жерде  жылдамдықпен  нөлге  дейін  төмен  түседі.

        Өзен  бойының   қысқа учаскелерінде  судың  шығыны  тең  болғандықтан,  ал  иерімде  қайраңдағыдан  «әрекетті» кесінді  үлкен  болғандықтан  ағыстың  жылдамдығы  да  әртүрлі  болады :  терең  жерде  су  жай, ал  қайраңды  жерде  едәуір  қаттырақ  ағады.

        Ағыстың  жылдамдығы  арнаның  егістігіне,  оның  түбінің  ойлы  қырлығына  және  тереңдігіне  де  байланысты болады.  Жазықтық  жерде  өзенннің  алабы  тереңірек  келеді,  өйткені  су   ағыны  алқаптағы  топырақты  үңгіп,  жер  асты  қыртысындағы  судың  жолын  ашуы  мүмкін.  Осының  нәтижесінде  қыс  мезгілінде   қар,  жаз  айларында  жаңбыр  болмаған  кезеңде  осы  жер  асты  суы  өзен  арнасын  толтырады.  Жер асты  суы  келмеген   өзен  арнасы  бұл  мезгілде  ортайып,  не  құрғап  кетеді. Әр өзеннің  басы  және  аяғы  болады.  Ол   өзеннің  ұзындығыда   тармағына  байланысты.  Өзеннің  негізгі  және  қосалқы  тармақтары,  ал  әрбір  негізгі  тармақтың  жүйе  тармағы  болады.  Бұл  жүйе  тармаққа  кішігірім  өзендер  қосылып,  теңіздерге  немесе  көлдерге  құяды.  Әрбір  өзеннің  өзінің  су  айырығы,  осы  жерге  жиналатын  судың  негізгі  арнасы  болады.  Өзеннің алабы  неғұрлым  ұзын  және  үлкен  болса,  суы  да  мол  болады.  Өзендердің  су  мөлшері  ең  алдымен  жауын- шашынға  байланысты .  Сондықтан  орыстың   белгілі  географы,  профессор А.И.Воейков «өзендер  климаттың  жемісі»  деген.  Бірақ өзендердің  су  мөлшеріне тек климат  қана  әсер  етіп  қоймайды,  сонымен қатар жер бетінің құрылымы  да  әсер  етеді,  өйткені өзендердің  алабы мен ағысы жер бедеріне  байланысты.

        Өзендер  тұмадан , мұздақтан ,  қар  суынан  басталып,  бірімен –бірі  қосылып,  көлге,  теңізге  немесе  мұхитқа  барып  құяды  дедік.  Қазақстан  территориясында   мұхитқа  тек  Менам  өзені  ғана  құяды.  Қалғандары  теңіз  бен  көлдерге  барып  құяды,  ал  Хонгха,  Вейхе  сияқты  біраз  өзендер  ештеңеге  де құймай,  құла  далаға  сіңіп кетеді.  Өзендер  суының  аз  - көп  болуы  ауа-райына  байланысты  екенін  мынадан да  көруге  болады.  Мысалы,  Гималай тауындағы Черрапунджи деген жерде жылына  орта  есеппен алғанда 13 мың миллиметр,  ал  тәулігіне 1200  миллиметр жаңбыр  жауады.  Ал  біздің  территориямыздағы Балқаш  немесе  Арал  алабына жылына  орта есеппен   алғанда 150-200  миллиметрден  артық жаңбыр  жаумайды.  Осы салыстырылып  отырылған  екі  аймақта  өзен  суының   мөлшері  де  өзгеше  екені  мәлім.  Бұл  жауын-шашынның  аз көптігінен.  Өзен  суының  мөлшері  сондай – ақ оның  алабына,   жер  бедеріне  өсімдігіне   де  байланысты.  Егер  өзен  арнасы  суға  мол  болса,  онда  оның  шаруашылыққа  да  пайдасы  үлкен.  Өзен  суының  мол  не  аз   болуынан  білу  үшін  кемінде   20 – 30  жыл  қатарынан  жүйелі  түрде  зерттеу  қажет,  өйткені  өзен  суы  ауа – райына   әрдайым    құбылып  тұрады.  Осы  құбылу  әр  жылы  түрлі  болып қана  қоймай,  бір  жылдың  ішінде  әртүрлі  болуы  ықтимал.  Қар  еріген  кезде  суы  көп  болса,  күз  айларында  азаяды,  болмаса  сәуір – мамыр  айларында  мол  болып, маусым  айларында  құрғап  кетеді. Өзен  суының  екінші  рет   көтерілуі  ол  күз  айларында  болатын  құбылыс.  Бұл  кезеңде  жауын – шашынның   жағдайына  байланысты  су мол  болып  ағады  немесе  құрғақ  болады. Осы  кездерде   су электр  станциялардыңда  жұмыс  істеу  режимі  бірқалыпты  болмайды.  Қыс  айларында  өзен  арнасы  қатып  қалады.  Сондықтан  өзен  суының  режимі  және  сапасы  бұзылады  да, оның  суының  одан  әрі пайдалану   мүмкіншілігі  азаяды.

Информация о работе Азияның өзендеріне жалпы сипаттама