Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 23:21, курсовая работа
Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сайесептеу жұмысын жүргізу.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 «КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама.....................5
1.1 «КазНИГРИ» ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі...................5
1.2 «КазНИГРИ» ЖШС-нің есеп саясаты.................................................................6
2 Кәсіпорындағы қаржылық есепті ұйымдастыру...........................................10
2.1 Кәсіпорын активтері, оларға сипаттама............................................................10
2.2 Қысқа мерзімді активтердің есебі .....................................................................17
2.3 Ұзақ мерзімді активтердің есебі ........................................................................20
2.4 Кәсіпорын міндеттемелерінің есебін ұйымдастыру........................................27
3 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің аудиті.....................30
3.1 Аудиттің жұмыс құжаттарымен танысу............................................................30
3.2 Кәсіпорынды аудиторлық тексеру жөніндегі есептеме құру.........................31
3.3 Кәсіпорынның ішкі аудит қызметі.....................................................................33
3.4 Кәсіпорынның ақша қаражаттарының ішкі аудиті..........................................38
Қорытынды..............................................................................................................44
Пайдаланылған ақпарат көздері..........................................................................45
Атырау мұнай және газ институты
Өндірістік
тәжірибеден өту жөніндегі
ЕСЕП
«Экономика» факультетінің
«Есеп және Аудит» мамандығы бойынша
«_3_» курс студенті Бекпанова Дана
Тәжірибеден өткен орны: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Тәжірибе
«23» мамырдан бастап
«30» шілдеге дейін өткізілді.
Есепті тапсыру мерзімі __________
Тәжірибе жетекшісі Мусина Г.Ж.
( Аты
– жөні, тегі )
Атырау 2011 жыл
Мазмұны
Кіріспе.......................
1
«КазНИГРИ» ЖШС-нің
шаруашылық қызметіне
сипаттама.....................
1.1 «КазНИГРИ» ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі...................5
1.2 «КазНИГРИ»
ЖШС-нің есеп саясаты.......................
2
Кәсіпорындағы қаржылық
есепті ұйымдастыру...................
2.1 Кәсіпорын
активтері, оларға сипаттама.....................
2.2 Қысқа
мерзімді активтердің есебі ..............................
2.3 Ұзақ
мерзімді активтердің есебі ..............................
2.4 Кәсіпорын
міндеттемелерінің есебін ұйымдастыру...................
3 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің аудиті.....................30
3.1 Аудиттің
жұмыс құжаттарымен танысу........................
3.2 Кәсіпорынды
аудиторлық тексеру жөніндегі есептеме
құру.........................
3.3 Кәсіпорынның
ішкі аудит қызметі.......................
3.4 Кәсіпорынның
ақша қаражаттарының ішкі аудиті........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
ақпарат көздері...............
Кіріспе
Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сайесептеу жұмысын жүргізу.
Нарық
қатынастары жағдайында шаруашылық
жүргізуші субъекктілерде бухгалтерлік
есептің маңызы зор. Шаруашылық жүргізуші
субъектілерде бухгалтерлік есеп жұмысы
«Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық
және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының заңдарына
Бухгалтерлік есеп объектісі болып мекеменің шаруашылық шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын ақпараттар тіркеу, бағалау, жіктеу арқылы жасалған шаруашылық операциялары мекеменің заңды және жеке тұлғаларымен қарым қатынасы арқылы екі немесе бірнеше ішкі объектілер арасында болуы мүмкін. Барлық шаруашылық операциялары бухгалтерлік есепте, валюта есебімен құндық негізде жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін мекеме жұмысшылары, мекеменің меншік иелері және мекекме қызметінің нәтижесіне қаржылық мән беретін субъектілер қолданады.
Өндірістік іс-тәжірибе «КазНИГРИ» ЖШС-да өтілді. Мұнай және газ бойынша мамандандырылған ғылыми мекеме болып табылатын, «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» 1946 жылдың 6 шілдесінде Гурьев қаласында Қазақ ССР ғылыми академиясының бірінші президенті, академик Қ.И.Сәтпаевтың бастамасымен Қазақстанның батысында бірінші болып академиялық ұйым – Орал-Ембі ғылыми зерттеу базасынан, аймақтың табиғи ресурстарын байқау үшін құрылды.
Қазіргі уақытты КазНИГРИ егеменді Қазақстанның мұнай-газ саласындағы құрылу мен дамуға лайықты үлес қосып отырған басты ғылыми мекемелердің бірі болып табылады. Институттың құрылымында ғылыми-зерттеу бөлімшесі, ғылыми-қосалқы бөлімше және өндірістік орталық бар. КазНИГРИ-дің ғылыми қызметі мұнай және газ орындарын барлау және іздестіру тиімділігін көтермелеуге бағытталған.
Өндірістік
іс-тәжірибеден өтудегі мақсатым сол
мекемедеі бухгалтерлік есептің жүргізілу
тәртібімен таныса отырып, іс-тәжірибе
жүзінде оқып үйрену.
1
«КазНИГРИ» ЖШС-нің
шаруашылық қызметіне
сипаттама
Мұнай және газ бойынша мамандандырылған ғылыми мекеме болып табылатын, «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» (бұдан әрі қарай «КазНИГРИ») 1946 жылдың 6 шілдесінде Гурьев қаласында Қазақ ССР ғылыми академиясының бірінші президенті, академик Қ.И.Сәтпаевтың бастамасымен Қазақстанның батысында бірінші болып академиялық ұйым – Орал-Ембі ғылыми зерттеу базасынан, аймақтың табиғи ресурстарын байқау үшін құрылды.
1955 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Қазақ ССР ғылым академиясының төралқасының шешімімен Орал-Ембі ғылыми зерттеу базасы «АН Қаз.ССР мұнай институты» болып қайта құрылды, ал кейін Қазақ ССР ғылым академиясының төралқасының шешімімен 1960 жылдың 1 маусымынан №5/3 және Қазақ ССР министрінің алқаларының шешімімен 1960 жылдың 11 қазанынан №892 Мұнай институты «Геология және геофизика институты» химиялық профилі бөлімшесінің дербес «Мұнайдың және табиғи тұздың химиялық институтына» өзгертілді [10].
ЦК КПСС және СССР Министрлер алқасының 11.04.1963ж. №436 «СССР ғылым академиясының және одақтас республикалар ғылым академиясының қызметін жақсарту шаралары» бойынша Геология және геофизика институты СССР Республикалық геологиялық комитетінің қарауына берілді.
СССР министрлер алқасының 26.08.1969ж. №1829 бұйрығына сәйкес және СССР геология министрі 11.09.1969ж. №483 бұйрығы бойынша Каз.ССР геология министрлігінің қарауына берілді және Қазақ ССР геология министрінің бұйрығымен 30.12.1969ж. №435 Ақтөбе қаласында «Батыс Қазақстандық геологиялық барлау ғылыми зерттеу институты» болып өзгертілді. Кейін Қазақ ССР геология министрінің 15.05.1972ж. №162 бұйрығымен институт «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» (КазНИГРИ) болып өзгертілді.
1998 жылы КазНИГРИ базасында «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы құрылды (АО «КазНИГРИ»).
Қазіргі уақытты КазНИГРИ егеменді Қазақстанның мұнай-газ саласындағы құрылу мен дамуға лайықты үлес қосып отырған басты ғылыми мекемелердің бірі болып табылады.
Институттың құрылымында ғылыми-зерттеу бөлімшесі, ғылыми-қосалқы бөлімше және өндірістік орталық бар. КазНИГРИ-дің ғылыми қызметі мұнай және газ орындарын барлау және іздестіру тиімділігін көтермелеуге бағытталған.
Институт тарихында Маңгыстау және Бузачи мұнай байлықтарын ашуы ең керемет жетістіктерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақыттағы барлық әлемге белгілі мұнай-газ орындарының, соның ішінде, Өзен, Жетібай, Бузачи, Қарашығанақ, Жаңажол, Кенбай және т.б. ашылуы институт мамандарының қатысуымен жүзеге асқан болатын [10].
Сонымен қатар институт құрамында аналитикалық-лабораториялық жұмыстарды жүзеге асыратын мамандандырылған бөлімшелер бар. Осы бөлімшенің жоғары квалификацияланған мамандары жыл сайын және сапалы аналитикалық жұмыстың үлкен көлемін орындайды. Көбінесе, мұнай құрамына әр түрлі бағдарламалар бойынша зерттеулер жүргізіледі, атап өтсек, тауарды толық саралау және өңдеудің түрлері бойынша дайындау ұсыныстары, газдың, конденсаттың, пласттық сулардың, мұнайдың пласта сұйықтығын саралау т.б.
Институттағы
геологиялық барлау өндірісі бағыттарының
қажетті ғылыми техникалық қызметінің
жеткіліктілігі институтты халықаралық
стандарттарға сәйкес жоғары сапамен
қамтамасыз етеді, сондықтан КазНИГРИ
көптеген әр түрлі ұйымдар мен
шетел мекемелерімен
Қазіргі уақытта КазНИГРИ ЖШС «Тенгизшевройл», «Арал-Паркер», ЖШС «Казахтуркмунай», СП «Сазанкурак», ННК «Казахойл», ЖШС «Норд Каспиан Ойл», ЖШС «Центрально-Азиатская нефть», Японской нацональной нефтяной корпорации, ЖАҚ СП «Казполмунай», ААҚ «Толкыннефтегаз», ЖАҚ «Каракудукмунай», ЖШС СП «Аскоминтеройл», компании «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.», ЖШС «Казахойл Актобе», ЖШС «Фирма «Физтех», Тексако Норд Бузачи ИНК», ЖШС «Айдан Мунай», ЖШС СП «Аксай» және т.б мекемелердің тапсырыстарын орындады және әлі де жаңа тапсырыстарды жүзеге асыруда.
КазНИГРИ Геологиялық институтпен (Алматы қ.), ВНИГНИ (Мәскеу қ.), ГАНГ (Мәскеу қ.), УкрНИГРИ (Полтава қ.), УГНТУ (Уфа қ.) және т.б. бірлесіп жұмыс жасап, ғылыми және қызметтік байланыс орнатуда.
КазНИГРИ
осындай ірі, мұнай геологиясы мен
Қазақстандық бұрғылаудың орталығы
болу үшін, КазНИГРИ басшылығы нарықтық
қатынастың қалыптасу шарттары бойынша
ғылыми зертеу жұмыстарының тиімділігін
арттыру үшін барлық қажет шаралар
қолдануда, соның ішінде институтты
қазіргі ғылыми жабдықтармен, машиналармен,
аспаптармен және есептеуші техниканың
жабдықтарымен жарақтандыруда [10].
«КазНИГРИ» ЖШС-нің Есеп саясаты Қазақстан Республикасының 26.02.2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Заңына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 21.06.2007 жылғы №217 «Ұлттық қаржылық есеп беру стандартына» сәйкес әзірленді [1].
Есеп саясаты төмендегі талаптар негізінде құрылған:
а) «КазНИГРИ» ЖШС үшін ол ұйымдағы бухгалтерлік есеп ережелері мен қаржылық есептілік құрудағы біртұтас құрамды ұстанымдарды айқындаушы ішкі нормативтік құжат болып саналады;
б) актив және ЖШС міндеттемелері ЖШС меншік иелерінің міндеттемелері мен активтері негізінде құрылады;
в) ЖШС шаруашылық қызметінің деректері келіп түскен немесе төленген ақша қаражаттарының шын мәнісіндегі уақытына қарамастан, олар орын алған есептік кезеңге жатады;
г) ЖШС әрекет етуде және алдағы болашақта да әрекет етуін тоқтатпайды;
д) қабылданған ЖШС Есеп саясаты дәйекті түрде жылдан жылға қолданылады.
Есеп саясатын өзгерткен жағдайда өзгерту түріне перспективалық әдіс қолданылады, яғни жаңа есеп саясаты ол қабылданған мерзімнен кейінгі жағдайлар мен келісімдерге қолданылатын болады. Ағымдағы жылдың пайда және зиян жөніндегі есептілігінде есеп саясаты өзгерген жағдайда да алдыңғы қаржылық есептілікті қайта есептеу жүргізілмейді.
Бұл ретте әрбір қаржылық жыл 1 қаңтарда басталып 31 желтоқсанда аяқталады.
«КазНИГРИ» ЖШС-нің ұйымдастырушылық-құқықтық дәрежесі:
1. «КазНИГРИ» ЖШС Атырау қалалық Әділет басқармасымен тіркелген (тіркелу куәлігі №1358-1915-ЖШС). Меншік формасы – жеке меншік.
2. ЖШС-нің орналасқан жері: инд.060011, Атырау қ., Айтеке-би көшесі, 43.
Информация о работе «КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама