«КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 23:21, курсовая работа

Краткое описание

Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сайесептеу жұмысын жүргізу.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 «КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама.....................5
1.1 «КазНИГРИ» ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі...................5
1.2 «КазНИГРИ» ЖШС-нің есеп саясаты.................................................................6
2 Кәсіпорындағы қаржылық есепті ұйымдастыру...........................................10
2.1 Кәсіпорын активтері, оларға сипаттама............................................................10
2.2 Қысқа мерзімді активтердің есебі .....................................................................17
2.3 Ұзақ мерзімді активтердің есебі ........................................................................20
2.4 Кәсіпорын міндеттемелерінің есебін ұйымдастыру........................................27
3 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің аудиті.....................30
3.1 Аудиттің жұмыс құжаттарымен танысу............................................................30
3.2 Кәсіпорынды аудиторлық тексеру жөніндегі есептеме құру.........................31
3.3 Кәсіпорынның ішкі аудит қызметі.....................................................................33
3.4 Кәсіпорынның ақша қаражаттарының ішкі аудиті..........................................38
Қорытынды..............................................................................................................44
Пайдаланылған ақпарат көздері..........................................................................45

Файлы: 1 файл

Рахыметова А.УиА-08 к.о отчет.docx

— 197.05 Кб (Скачать)

     Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар  мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне шаруашылық жүргізуші  субъектінің қаржылық қызметі кіретін  болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.

     Егер  аудиттің объектісіне кәсіпорындағы  бухалтерлік есептің жағдайы  кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілеріне өз ішінде қабылданған есептік саясатпен  және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

     Аудитті құжаттау оның квалификациялы жүргізудің ең бір маңызды талабы болып табылады. Аудитор үшін жұмыс құжаты – бұл  бухгалтерлік компанияға қаржылық есептеме құру үшін қажет алғашқы бухгалтерлік құжаттар сияқты, жүргізілген аудиттің нәтижесі жөніндегі құрылған есеп берудің  жұмыс құжаттарындағы алғашқы құралдар болып табылады. Қолда бар жұмыс  құжаттамалары ішкі фирма үшін де, сондай-ақ оның жұмысының сапасын сыртқы бақылау үшін талдауға мүмкіндік береді. Жұмыс құжаттамалары негізінде жүргізілген аудиттің сапасы төмен болған жағдайда клиенттің қарсылығын, аудиторлық фирма өз көзқарасын сотта қарай алады. Жұмыс құжаттары құжатталған бұйрықпен қамтамасыз етілуі керек және тексеріс сол көлемге сай жүргізілуі керек [9].

     Аудиттің  мақсаты – шешімі заңмен, аудиторлық қызметті реттеудің нормативті жүйесімен, аудитор мен клиенттің келісілген міндеттерімен анықталатын белгілі  бір мәселелерді шешу. Аудиттің мақсаттары мыналар болуы мүмкін: бухгалтерлік есептің жағдайын бағалау, бухгалтерлік есеп берудің сенімділігін тексеру, бағалы қағаздар эмиссиясын бекіту, қаржы-шаруашылық қызметке талдау жүргізу, клиенттің қаржылық жағдайын бекіту бойынша ұсыныстарды дайындау, бухгалтерлік есеп, салық салу, шаруашылық, құқық мәселелері бойынша мәлімет беру және т.б.

     Кәсіпорында аудиторлық бақылау жүргізу кезінде  аудитор келесі заңды нормативті актілермен басқарылуы қажет:

  • 28.02.2007ж. шыққан «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме» туралы ІІІ Қазақстан Республикасының Заңымен;
  • 10.12.2008ж. шыққан «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен [1].

     Жұмыс құжаттары белгілі жағдайға және аудит бөлімі бойынша аудиторлық талаптарға жауап беру үшін арнайы құрастырылып, реттеледі.

     «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорынына жүргізілген аудиторлық тексерісті қарастырсақ.

     Аудиторлық  бақылау – бұл аудиторлық ұйымның  экономикалық субъектілерімен келісілген, құжаттарды тексеру қатаң ұйымдастырылатын процесс. «КазНИГРИ» ЖШС қаржылық есептемесінің аудиторлық тексеріс процесі негізгі төрт сатыдан тұрады:

  • мәліметті жинау кезеңі;
  • жоспарлау кезеңі,
  • аудитті іске қосу кезеңі;
  • есептеме таныстыру кезеңі.

       «КазНИГРИ» ЖШС кәсіпорынының  қаржылық есептеме аудитінің  барлық кезеңін қарастырсақ:

  1. Аудиторлық бақылау ретін жүргізу тексерілетін кәсіпорынның қызметі туралы, ұйымның деңгейі туралы және кәсіпорынға бухгалтерлік есеп жүргізу туралы аудитордың жан-жақты біліктілігі қажет болады. Сондықтан аудитор кәсіпорын туралы мәліметтерді жинап талдау қажет.
  2. «КазНИГРИ» ЖШС кәсіпорыны қызметімен танысу кәсіпорынның негізгі құжаттарын талдаудан басталады:
  • Акционерлік қоғам атын иелену куәлігі;
  • «КазНИГРИ» ЖШС кәсіпорынының жарғысы;
  • Директорлар мен акционерлер кеңесінің мәлімдемесі;
  • Өнімдерді жеткізуге арналған келісімшарттар және т.б.
 
 
    1.   Аудиторлық тексеру жөніндегі есептеме құру
 
 

     Аудиторлық  қорытындыда аудит жоспарланған екені және қаржылық есептеменің табиғи тозуы жоқ кезінде дұрыс сенімділікті алу мақсатымен жүргізілгендігі туралы мақұлдама болуы қажет. Аудиторлық қорытынды №5 қаржылық есептеме бойынша аудит стандарттарының қажеттілігіне сәйкес құрылады. Аудиторлық қорытынды бес аудит стандартына сәйкес үш бөлімнен тұратын кіріспе, аналитикалық және кіретін негізгі элементтерден тұрады [2].

     Кіріспе бөлім аудиторлық фирма немесе өздігінен  жұмыс жасайтын аудитор туралы барлық қажетті мәліметтерден тұрады.

     Аналитикалық  бөлімге аудиторлық фирмалар есебінің ішкі бақылау туралы ортақ тексерісі, кәсіпорынның бухгалтерлік есебі және қаржылық есептемесі, сондай-ақ қаржы шаруашылық операциясын жүргізу кезіндегі кәсіпорынның заңды сақтауы кіреді.

     Аудиторлық  қорытындының қорытынды бөлімі кәсіпорынның қаржылық есептемесінің анықтығы туралы аудитордың пікірінен тұрады [9].

     «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорынына жүргізілген аудиторлық тексеріс кезінде аудитке келесі құжаттар жүктелген болатын:

  • Акционерлік қоғам атын иелену туралы;
  • «КазНИГРИ» ЖШС кәсіпорыны жарғысы;
  • Директорлар мен акционерлер кеңесінің мәлімдемесі;
  • Өнімдерді және т.б. шығаруының келісім-шарты;
  • Бухгалтерлік баланс;
  • Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;
  • Жеке капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру;
  • Ақша қозғалысы туралы есеп беру;
  • Бас кітап және бухгалтерлік есеп регистрлері.

     «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорынының басшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептемені құруға жауапты. Аудитордың міндеті болып аудиторлық тексеріс кезінде қаржылық есептеме және бухгалтерлік есеп бойынша қорытынды жазу болып танылады.

     Аудит екі әдіс бойынша жүргізілген  болатын: қаржылық есептеме формалары  тегіс әдіспен зерттеледі,бухгалтерлік есеп регистрі таңдау әдісімен зерттеледі. Жасалған тексеріс нәтижелері бойынша  келесі қорытындыларды жасауға болады:

  1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесі 28.07.2007 жылдың «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылды [1].
  2. Жылдық есептеме жүргізілмес бұрын барлық активтер мен ұйым жағдайы туралы инвентаризация жүрізіледі, қорытындысы сәйке с құжаттарға бекітіледі. Барлық шоттардың жабылуы жүргізіледі және кәсіпорын жұмысының есептеме жылына жасалған қаржылық қорытынды шығарылады.
  3. Есептеменің барлық формалары дұрыс толтырылады. Бухгалтер сомаларды бас кітаптың бухгалтерлік балансына дұрыс аударады. Кіріс және шығыс туралы есепте ортақ және административті шығын құрамы түсінікті және есептеме саясатында бұл сұраққа байланысты ешқандай толықтырулар жоқ.Соңында кіріс сомасы дұрыс анықталған және корпоративті салық бойынша есеп беру бағасы дұрыс көрсетілген [7].
  4. Капитал өзгерісі туралы есебі талаптарға сай дұрыс толтырылады. Барлық сомалар есеп регистрінде көрсетілген сомалармен сәйкес келеді. Ақша қозғалысы туралы есептеме де қатесіз толтырылды. Бухгалтер қалдықтар мен айналымдарды есепке бас кітаптан және журнал ордерден дұрыс көшіреді.
  5. Есептеме формаларының дұрыс құрылуы аудит кезінде тексерілген есептеме көрсеткішінің арақатынасы үзілмеуін бекітеді.

     Содан кейін қаржылық тұрақтылығының экспресс анализі және кроэффициент анализі  жүргізіледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қосымша бағасы кәсіпорын активтерінің 2010 жылғы бухгалтерлік балансы негізінде тұрғызылды. Кәсіпорынның ортақ валютадағы баланс жағдайының үлесі 2010 жылы 9.8%-ды құрады [9].

     «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорынының өзіндік капиталы 67543 теңгеге өсті.Өсім жинақ капиталының өсуі бойынша орындалды. Ал келіп түскен табыс арқылы ол 1.57%-ға өсті.

     Осылайша, «КазНИГРИ» ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайы экспресс талдау қорытындысы бойынша тұрақты еместігі анықталды. Кәсіпорын басшылығы кәсіпорын активтерінің өзара қалыптылығы және олардың пайда болу бастамасына тәуелді, қаржылық тұрақтылығы өсу бағдарламасын ойлап табуы қажет. 
 

     3.3 Кәсіпорынның ішкі аудит қызметі  
 

     Ішкі  аудит қызметінің мақсаты (әрі қарай  – Қызмет) «КазНИГРИ» ЖШС-ның (әрі қарай – Компания) басшылығына тәуекелділіктерді басқару міндеттерін жүзеге асыруға және бизнес-үрдістерді жақсартуға көмектесу болып табылады. Бұл Басқарма үшін оның жұмысын жақсырақ орындауға көмектесетін қызмет түрі. Қызмет аса маңызды жұмыс атқарады, сондықтан «КазНИГРИ» ЖШС-ның директорлар Кеңесі (әрі қарай – директорлар Кеңесі) Қызмет өкілдерімен жұмыс істейтіндердің бәрі ішкі аудиторларға толық қолдау көрсетіп, оларға қажетті ақпараттардың бәрін дайындауын және уақтылы ұсынуын талап етеді. Ішкі аудит қызметі директорлар Кеңесін Компанияда әрекет ететін ішкі бақылау рәсімдерінің нәтижелілігі туралы тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ішкі бақылаудың пәрменді тетіктері барлық операциялар (іс-әрекеттер) уақтылы және дәл есепке алынып, алаяқтықтар мен ұрлық-қарлыққа жол берілмеуін, және Басқарма, бизнестің табысты болуы мақсатында, дұрыс шешімдер қабылдауын қамтамасыз ету үшін керек [12].

     Ішкі  аудит қызметінің негізін «КазНИГРИ» ЖШС-не төніп тұрған тәуекелділіктерді анықтау және бағалау үрдістері құрайды. Қызмет Компанияның ішіндегі ішкі бақылау жүйесіндегі кез-келген кемшіліктерді анықтайды, тәуекелділіктерді төмендетуге және ішкі бақылау жүйесін және үрдістерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар береді. Ішкі аудиторлар, сондай-ақ, әрбір бизнес-бірлікте қабылданған шаралардың Компанияның жалпы стратегиялық мақсаттар шеңберінде алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін лайықтығына баға береді.

     Өз  жұмысын атқару мақсатында ішкі аудиторлар Компанияда жұмыс істейтін ішкі бақылау  жүйесі туралы егжей-тегжейлі ақпарат  алуы керек. Ішкі бақылау жүйесінің  мынадай өзара байланыстағы компоненттеріне  зер салу қажет:

     1) қоршаған ортаны бақылаудың мәні: (мәселен, қызметкерлердің білім  деңгейі қандай және олар бақылауды  дұрыс ұғына ма);

     2) тәуекелділіктерді бағалау: (мысалы, Компанияға қауіп төндіріп тұрған  тәуекелділіктер дұрыс анықталды  ма);

     3) қызмет үрдісін бақылау: (мысалы, жергілікті орындарда бақылау  құралдары дұрыс таңдалған ба  және олар ойдағыдай жұмыс  істей ме);

     4) ақпараттарды жинау және сараптау: (мәселен, жиналған ақпарат сенімді  ме, және де ол дәл де дұрыс  пайдалануда ма);

     5) жіберілген қателіктерді қадағалау  және түзету: (мысалы, бақылау құралдары  қателіктерді немесе ұрлық-қарлықты  дұрыс анықтай ала ма, және  оларға қарсы шұғыл әрекет  ете ме).

     Ішкі  аудиторлар ішкі бақылау жүйесіндегі  кемшіліктерді анықтауға және табуға ғана күш салмайды. Олардың жұмысы сондай-ақ Компания құндылығын ұдайы  жетілдіруге және жоғарылатуға бағытталады, ол үшін жұмыс өнімділігіи мен  нәтижелілігін ұлғайтуы мүмкін оң өзгерістерді насихаттап отырады.

     Ішкі  аудиторлар өз ұсыныстары мен ақыл-кеңестерін, аудитке шалынып отырған рәсімдердің  жүзеге асырылуына жауапты тұлғалармен  талқыға салады. Олар берілген ұсыныстардың жүзеге асырылуы үшін қажетті іс-әрекеттер  жоспарын үйлестіреді және келісілген әрекеттердің жүзеге асырлыуын қадағалайды [12].

     Ішкі  аудит Қызметінің басшысы тоқсан сайын директорлар Кеңесі алдында  жалпы корпоративтік басқарушылықты және «Қазпочта» АҚ-дағы корпоративтік  қызметтің тәуекелділіктерді басқаруын  жақсарту мақсатында жасалған ұсыныстар  туралы есеп береді. Директорлар Кеңесі ол есепті мұқият талқылайды және, ішкі аудит Қызметінің үйлестірілген  ұсыныстары жауапты бөлімшелер тарапынан  шұғыл орындалмаған жағдайда, тиісті шаралар қолданады. Ішкі аудиторлар өз жұмысын қалай атқарады:

     1. Ішкі аудит Қызметі директорлар  Кеңесінің аудит бойынша Комитетімен  келісілген болашақ бағдарламасына  сәйкес әрекет етеді. Ол бағдарлама  «Қазпочта» АҚ-на төніп тұрған  негізгі тәуекелділіктер салаларын  үздіксіз нұсқап отырады. 

     2. Белгіленген тексерістен аз дегенде  үш апта бұрын, ішкі аудит  қызметінің басшысы аудит өткізілетін  бөлімшенің менеджерімен байланысып, алдағы аудит бағдарламасы және  атқарылатын жұмыс көлемі туралы  келіседі.

Информация о работе «КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама