«КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 23:21, курсовая работа

Краткое описание

Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сайесептеу жұмысын жүргізу.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 «КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама.....................5
1.1 «КазНИГРИ» ЖШС-нің даму тарихы мен шаруашылық қызметі...................5
1.2 «КазНИГРИ» ЖШС-нің есеп саясаты.................................................................6
2 Кәсіпорындағы қаржылық есепті ұйымдастыру...........................................10
2.1 Кәсіпорын активтері, оларға сипаттама............................................................10
2.2 Қысқа мерзімді активтердің есебі .....................................................................17
2.3 Ұзақ мерзімді активтердің есебі ........................................................................20
2.4 Кәсіпорын міндеттемелерінің есебін ұйымдастыру........................................27
3 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің аудиті.....................30
3.1 Аудиттің жұмыс құжаттарымен танысу............................................................30
3.2 Кәсіпорынды аудиторлық тексеру жөніндегі есептеме құру.........................31
3.3 Кәсіпорынның ішкі аудит қызметі.....................................................................33
3.4 Кәсіпорынның ақша қаражаттарының ішкі аудиті..........................................38
Қорытынды..............................................................................................................44
Пайдаланылған ақпарат көздері..........................................................................45

Файлы: 1 файл

Рахыметова А.УиА-08 к.о отчет.docx

— 197.05 Кб (Скачать)

     Ағымдағы  деп - қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің боцында жүйелі түрде әрбір есеп алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады [9].

     Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1430-«Басқа да»  шоттың дебетінде және 3280,705 (жалға  субъектінің негізгі қызметі  болса шоттарының кредитінде көрініс табады.

     7210 егер де негізгі құрал жалпы  шаруашылық қажеттілігі үшін  пайдаланылса 3210 шоттың  кредитінде  көрініс табады.

     Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.

       Қаржыландырылатын жал-мүлікке меншіктік  құқымен байланысты, жалға берушінің  алжасымен қоса, онымен байланысты  болатын тәуелділіктің де үлкен  бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады.

     «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорынының жалгерлік есебінде мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

     Жалдау  мерзімінің  соңында негізгі құралдар өтемін төлеу былайша көрсетіледі: жалға берушінің шоты бойынша өтемін төлеп қайтарылмаса

     Дт 2412-12116  Кт 3310

     Егер  негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылса, онда:

     Есептелген  тозудың сомасына:

     Дт 2421-2428/2   Кт2412-2416/2 [3].               

        Негізгі құралдарды есептен шығару.

     Негізгі құралдарды есептен шығарған кезде  «Негізгі құралдардың есептен шығару актісі» толтырылады. Актіні субьектінің  басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп тағайындайды. Актінің 1-данасы бухгалтерияға беріледі,екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.

     Негізгі құралдардың синтетикалық  есебі  бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал - сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасын топтап көрсетеді.

     Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау  және түгендеу есебі. Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:

     толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал - жабдықтың  өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.

     толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.

     тозуды  алып тастағандағы бастапқы құны.

     тозуды  алып тастағандағы қайтадан қалпына  келтіру құны.

     «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорынының операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар тобы деп аталады. Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс [5].

     Егер  активтің баланстық құны қайта бағалау  нәтижесінде кемитін болса, бұл  кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.

     Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен  бағалануы және есептелінуі. Материалдық  емес активтері деп – белгілі  бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз. 
        «КазНИГРИ» ЖШС кәсіпорынында материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді , ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады. Оларға анықтама беріп көрейік: 
          Лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқықтар; 
Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады; 
            Патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға , не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді; 
Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін)сақтандыру; 
            Гудвиль – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтіне пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтерінің жеке-жеке гудвиль фирманың алған нақты бағасы мен таза активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемелер» болып табылады [7].
  
 
 
 

     2.4 Кәсіпорын міндеттемелерінің есебін ұйымдастыру 
 

      «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорыны салық және басқа  да міндетті төлемдерді салық заңнамасына  сәйкес бекітілген рет бойынша мердігерлер  есеп құралдарын мемлекет бюджетіне  аударады. Салық бюджетін және басқа  да міндетті төлемдердің есептелу және төлену реті Қазақстан Республикасының  Салық кодексіне сәйкес анықталған.

      Бюджет  алдындағы мәліметтер туралы жағдайы  3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» шотына сәйкес реттеледі. Бұл барлық шоттар пассивті болып табылады. Жағдайдың туындауы кредит бойынша, ал шешілуі дебет бойынша әсер етеді.

      Әлеуметтік  салық бойынша бюджетпен есебі  7210 «Әкімшілік шығыстар» шотымен толықтырылатын 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» шоты тобынан 3150 «Әлеуметтік салық» шоты бойынша жүргізіледі.

     Көлік құралдары салығы бюджетпен есебі  3170 «Көлік құралдары салығы» шоты негізінде жүрізіледі. Көлік құралдары салығы бойынша есептеу кезінде 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдары салығы» шоты кредиттеледі.

     Мүлік салығы бюджетпен есебі 3180 «Мүлік салығы» шоты бойынша жүргізіледі. Салықты есептеу салық төлеушінің өз еркімен сәйкес келетін салық базасын қолдану жолымен жасалады. Мүлік салығын есептеу кезінде 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеледі және 3180 «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі [3].

     «КазНИГРИ»  ЖШС кәсіпорынының салық салу бойынша корреспонденттік шоттарды қарастырайық:

     Мүлік салығы салынды:

     7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеледі

     3180 «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі

     Көлік салығы есептеме шотынан есептелді:

     3170 «Көлік құралдары салығы» шоты дебеттеледі

     1030 «Ағымдағы банк шоттарына ақша құралдары» шоты кредиттеледі

     Мүлік салығы есептеме шотына есептеледі:

     3180 «Мүлік салығы» шоты дебеттеледі

     1030 «Ағымдағы банк шоттарына ақша құралдары» шоты кредиттеледі

 Жеке  меншік салығын өтеу салық  кезеңінің 1 шілдесінен кешіктірілмей бюджетке беріледі. Салықты төлеу 3180 «Мүлік салығы» шоты дебетіне, 3170 «Көлік құралдары салығы» шотының және 1030 «Ағымдағы банк шоттарына ақша құралдары» шотының кредитіне әсер етеді [3].

      «КазНИГРИ»  ЖШС бухгалтериясы т ексеріс  кезінде кредиторлармен акт құру жолымен алынған есептемені жүзеге асырады.

      Кәсіпорын өз жұмысының тиімді және ырғақты  жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету  үшін, ол өзінің материалдық техникалық базасын жасайды. Кәсіпорынды жабдықтау  экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына  сәйкес жүргізіледі.

      Жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қаралған, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізіледі. 3310 шотының кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шотфактурасы және дебеті бойынша есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

      Келіп түскен шот-фактураларда алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналында» (ү№М-1) тіркейді. Журналдың деректерін 3310 шот бойынша жүргізілетін есепке алу регистрлердің деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журналға жабдықтау бөлімі тауар-көліктік ілеспесі, кіріс ордерлері материалдарды қабылдау туралы актілер (ү№М-7) негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне арай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы жазылады [8].

     Есеп  журналы бойынша тіркеу нөмірін  көрсете отырып, түскен жүктердің  акцептелген шоттары бухгалтерияға  беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысулар есебі жөніндегі  журналға жазады, оны бухгалтерия  үш кезеңде толтырылады.

     Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулар жазылады. Бұнда тіркеу нөмірі мен төлем-талап тапсырмаларының нөмірі, жабдықтаушының аты, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады.

     Екінші  кезеңде, журналға қоймаға бухгалтерияға  келіп түскен кіріс құжаттары  негізінде жазу жазылады.

     Үшінші  кезеңде журналда шот-фактураның төленуі көрсетіледі. Бұл жағдайда шот төлемінің қай шоттан аударылғаны көрсетіледі.

     Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептеледі және төленбеген шот бойынша қалдықтар  шығарылады.

     Мердігерлер мен жабдықтаушы есептемесін есепке алу үшін 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты қарастырылған. 3310 шотының кредиті бойынша мердігерлер мен жабдықтаушылардың ТМҚ қойылған, жұмыстар мен қызмет көрсетулер атқарылған жағдайды, ал дебет бойынша – бұл жағдайлар төлем бойынша бейнеленеді. Кредиттік қалдық мердігерлер мен жабдықтаушылардың есеп кезеңі аяғында төленбеген қарыз сомасын көрсетеді [5]. 
 

6 – кесте

     Мердігерлер мен жеткізушілердің есеп айырысу  бойынша типтік шоттар корреспонденциясы 

Операция  мазмұны шоттар  корреспонденциясы
дебет кредит
Қоймаға келіп түскен тауарлы өнім белгіленді 1330 3310
Келген  тауарлардың ҚҚС сомасы белгіленді, сома есептеуге қабылданды 1420 3310
АҚ  «Қазақтелеком» қызметінің шот фактурасы  келіп түсті 7210 3310
Есептеуге алынған ҚҚС сомасы белгіленді 1420 3310
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің аудиті 
 

     3.1 Аудиттің жұмыс  құжаттарымен танысу 
 

     Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл атқарады. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, кәсіпорын арасындағы сенімділіктің  қалыптасуына  септігін тигізеді, оңтайлы  басқарушылық шешімдер іріктеу мен  кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

     Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың  тәуелсіз расталуы мемлекетте, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасына былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттермен оқиғалар, олардың  белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс» [7].

Информация о работе «КазНИГРИ» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама