Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................3-4
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-7
1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................7-15
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-26
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................23-26
Қорытынды.........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................28

Файлы: 1 файл

Кедейшілік.doc

— 253.00 Кб (Скачать)
 

    Кедейшілік  сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасапдұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.

    1998 жылы Қазақстанда алғаш рет  халықтың кедейшілік индексі есептелді. Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар индексін БҰҰ ДБ ұсынған.

    Ол 4 көрсеткішті қамтиды;: - күнкөріс минимумынан төмен тұтыну деңгейіндегі халықтың үлесі;

    - 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін  халықтың үлесі;

    - біліммен қамтылмаған 16 жастағы  жастардың үлесі;

    - жұмыссыз халықтың үлесі.

    Кестеде көріп отырғанымыздай, азық-түлік себетінің ең жоғарғы көлемі Маңғыстау облысында 4517 теңге көлемінде байқалып отыр, ең төменгі көлемі 2673 тенге Оңтүстік Қазақстан облысында орын алып отыр.

    1998 жылдан 2002 жылға дейінгі уақыт  кезеңінде осы индекс 31 пайыздан 22,4 пайызға дейін төмендеп отыр, демек, елімізде жалпы кедейшілік жағдайының жақсарғанын көрсетіп отыр. Қазақстандықтардың 31,1 пайызының өмір ұзақтығы 60 жастан аспаған; 16 жастағы жастардың 3,1 пайызының білім алуға мүмкіндіктері жоқ, ал экономикалық белсенді халықтың 9,3 пайызы жұмыссыз болып отыр.

 

Кесте 3

    2006 жылғы аймактық бөліктегі кедейшілік көрсеткіштері

 
    Облыстар     Табыстары бар халыктын үлесі { пайыз)     Азық-түлік  себетінін күны, тенге Күнкөріс  минимун ының көлемІ, теңге Кедейшілік  тереңдігі пайыз Кедейші лік өткірлігі пайыз
 
    Күнкөріс минимунынан  төмен
    Азық-түлік  себетінің күнынан төмен
 
 
 
 
    Қазақстан Республикасы
    24,2     8,9     3333 4761     6,1     2,2
    Маңғыстау     39,8     20,4     4517 6453 11,37 4,08
    Алматы     36,3     17,0     3235 4622     10,1     3,8 і
    Жамбыл     35,8     12.9     2769 3956     8,82 3.14
    Атырау     34,1     17,7     4231 6045 30,95 4,66
Қызылорда     32,3     7,8     2939 4198     6,78 2,09
    Батыс Қазакстан     28,0     7,6     3413 4876     6,44 2,22
    Онтүстік  Қазақстаы     27,5     7,3     2673 3819     5,73 1,79
    Ақтөбе     22,6     11,6     3485 4979     6,78 2,78
    Қостанай     22,3     12,9     3160 4515     7,77 3,64
    Павлодар     21.6     8,3     3353 4790     5,1 1,76
    Шығыс Қазакстан     20,0     6,3     3247 4638     5,1 1,91
    Қарағанды     19,3     6,5     3456 4937     4,59 1,56
    Ақмола     18,6     3,2     3410 4872     3,3 1,04
    Солтүстік Қазақстан     14,3     4,1     3312 4732     3,01 0,94
    Алматы  каласы     4,1     0,7     3648 5212     0,62 0,17
    Астана  каласы     2,2     -     3344 4777     0,25 0,05

*Дерек көзі: Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары, БҰҰДБ басылымдар сериясы, 2006 жыл.

 

    1998 және 1999 жылдары халықтың кедейшілік  индексі еркектер мен әйелдер  үшін бөлек есептелді. Саяси және әлеуметтік экономикалық салаларда Қазақстандағы еркектер мен әйелдердін жағдайлары біркелкі емес. Бұл көрсеткіш ауылдық аймақтар мен қалалық қоныстар үшін есептеліп, қала және ауыл кедейшілігінің арасындағы елеулі айырмашылықтарды ашты.

    Табыс (кіріс) бойынша кедейшілікті өлшеу  мынадай көрсеткіштер арқылы айқындалады: халық ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңдігі, кедейшіліктің өткірлігі.

    Кедейшілік  деңгейі немесе халық ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі - табысы немесе тауарлар тұтынуы күнкөріс минимунына теңгерілетін елде белгіленген табалдырық белгісінен (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі болып табылады.

    Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға  белгілі  бір  ен төмеңгі  деңгейде  қажет  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттык ерекшеліктерді көрсетеді.

    Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер мен уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстанда кедейшілік деңгейі немесе халық ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен аныкталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. «Азық-түлік кедейшілігінің» деңгейі есептеледі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін анықтауға болады.

    Кедейшілік  тереңдігі кедей адамның қаншалыкты "кедей" екендігін көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне (Қазақстандағы күнкөріс минимумы) сәйкес ен аз қажеттіліктегі табыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшіліктің тереңдігі осылайша кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығын сипаттайды. Кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен кедейшілік шегіне сәйкес келетін табыстардың қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді.

    Кедейшіліктің осыншама жоғары деңгейінің себептері сан-түрлі. Еліміздің оңтүстік батысында орналасқан Атырау және Маңғыстау облыстары мұнай және газ өндірудің орталығы болып отыр. Өнеркәсіп өнімдерінін көлемі ауылшаруашылық өндірісінен Атырау облысында 9 есе, Манғыстау облысында 40 есе артық болды. Мұнай және газ өндіруші салаларда жұмыспен қамтылған халықтың ел бойынша ақшалай табыстары біршама көп. Алайда облыс халқының жұмыспен қамтылуының жалпы ұұрылымында осы салаларда жұмыс істейтіндердің үлес салмағы төмен. Оның себебі, мұнай және газ секторларында кезекшілік (вахталық) жұмыс әдісі кең тараған, мұндай әдісте жергілікті халықтың жұмыс істеу мүмкіндігі дұрыс пайдаланылмайды.

    Мүгедектерге, көп балалы жанұяларға мемлекет тарапынан көмек беру - нарықты экономика жағдайындағы алғы шарт.

    Халықты әлеуметтік қорғауға арналған қаржылардың ішінде мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін айта кеткен жөн.

    Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін алушылардың  аймақтардағы саны, демографиялық үрдістермен, тарихи және ұлттық дәстүрлермен, отбасының көлемі мен құрамына байланысты болып ерекшелінеді.

    2005 жылы осы көмекті алғандардың көпшілігі республиканың оңтүстігінде тұратын адамдар саны болды.

    Қазақстандағы ең кедей облыстардың қатарына экономикалық мүмкіндікті пайдалану тиімділігі жоғары аймақтар да (Атырау, Маңғыстау облыстары), сондай-ақ экономикалық деңгейі аз дамыған облыстар да (Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жатады. Экономикалық қатынастарда анағұрлым дамыған аймақтарда кедейшілік деңгейін төмендетудегі негізгі бағыт бүкіл халықтың игілігі үшін мұнай-газ ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздестіру болып табылады, яғни ен алдымен осы облыстардағы кедей тұрмысты халықтың мүдделерін ескеру арқылы ресурстарды қайта бөлу қажет.

    Кесте 4 Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі көрсеткіштері

 
    Көрсеткіштер     Жылдар
 
2003
2004 2005 2006
    Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны, мын адам 760,3 798,0 792,3 791,7
    Әлеуметтік  жәрдемақының орташа көлемі, барлығы, мың теңге 3509 3451 3630 4095

*Дерек көзі: Краткий ежегодник Казахстана. Статистический сборник/Под ред.К.С.Абдиева, Алматы,2006.С.28,184

 

    Жәрдемқаржылардың (субвенциялар мен бюджеттік алымдардың) көлемдерін анықтау барысында облыстардың экономикалық потенциалымен қоса кедейшілік деңгейін негізге алып анықтау - бюджетаралық қатынастардағы шиеленістерді шешудің бірден бір жолы болып табылар еді.

    Әлеуметтік жәрдемақыны алушылар саны 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 31,4 мың адамға өсіп отыр.2007 жылы мемлекет тарапынан 217,2 млрд. тенге әлеуметтік қорғауға арналған шығындарды каржыландыруға жіберіледі деп көзделіп отыр [2]. Аналитиктердің пікірінше, мемлекеттен бөлінетін жәрдемақының тек қана 1/3 бөлігі кедей адамдарға бөлінеді, ал калған 2/3 бөлігі әл-ауқаты қуатты, жәрдемақысыз ақ өмір сүре алатын адамдарға бөлініп отыр. Табыс көлемін бақылау, табыс көздеріне мониторинг ұйымдастыру дұрыс жолға қойылмаған. Біздің ойымызша, халықтың нақты табысы жәрдемақыларды тағайындауда негізгі көрсеткіш болуы керек.

    Кедейшілік  денгейін төмендетуге жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, әлеуметтік құрылымды дамыту және экологиялық проблемалардын шешімін табу өз септігін тигізеді.Кедейшілік пен экономикалық теңсіздікке сан және сапа жөнінен баға беру мемлекеттің экономикалык және әлеуметтік саясатын бағдарлау үшін үлкен маңызы бар.

    Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде құн заңының (баға занының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау қажет. Табыс дифференциациясын (әркелкілігін) түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді (тұтқаларды) қиратумен тең.

    Нарық жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуы тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.

    Әлеуметтік  қорғау жүйесі байланысқан элементтер жиынтығын құрайды да барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағыт" алған.

    Ең  алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі-қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін мейірбандық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі манызды рөл атқарады.

    Әлеуметтік  жәрдемақылар мен мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі қазіргі кезде оларды алушыларға кедейшілік деңгейін азайтуға толық шамада жәрдемдесе алмай отыр. Жалпы, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халық кедейшілігінің алдын-алу мақсаттарын одан әрі жетілдіруді, оның нысаналылығын күшейту мен тиімділігін арттыруды талап етеді. Алдағы уақытта әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін өсуді қосқанда, бірқатар шаралар қабылдау қажет. .Міндетті әлеуметтік сактандыру халықты әлеуметтік қорғаудың нысанына айналуы тиіс. Оған қосымша, әлеуметтік саясатты еңбек жоне әлеуметтік қатынастардағы гендерлік теңсіздікті түбірімен жоюға бағыттау қажет.

    Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмекті (ақшалай түрде) кедей тұрмысты от басылар, әсіресе балалар үшін азық-түлік және азық-түліктен бөтен тауарлар беру түрінде тегін заттай жәрдемақылармен ұштастырған жөн.

    Қорыта  келгенде, елімізде халыұтың тұрмыс деңгейін экономикалық өсудің орнықты он ықпалына қол жеткізу үшін ұлттық табысты пайдаланудың тиянақталған саясатын қолдану қажет.

 
 

Кесте №5

 

Ағымдағы жылғы  есепті кезеңде кедейлік деңгейінің төмендеу серпіні зерттелетін үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейінің өмір сүрудің ең төменгі шамасына қарағандағы өсуін көрсетеді

 

2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен  жоқшылықты

      болдырмауға қарсы  іс-шаралар

    Қазақстан Республикасыныі І-міндеті: 1990-2015 жылдар аралығындағы кезеңде күнделікті табысы бір доллардан кем адамдардың үлесін екі есе қысқарту.Табыстары (тұтынуда) күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі (Жалпы санының %)

    Қазақстан 1 Міндетті орындады

    1 Міндетті шешу үшін негіз ретінде  1996 жыл алынған болатын, өйткені 1990-жж. өтпелі кезеңнің дағдарысын ескергенде, ол бұл көреткіш үшін 1990ж. қолайлылау болып шықты. Ал міндет ұлттық жағдайға сәйкестендіріліп, табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдардың — деп қойылды.

    2004 жылы Қазақстан Міндетті орындады. Төрт жыл ішінде (2002-2006) кедейлер саны 45-тен 12%-ға дейін, яғни 4 есе төмендегенін еске салайық.  Бірақ кедейлік ел үшін, әсіресе ауылдық аймақтарда, елеулі проблема күйінде қалып отыр.

    Жұмыссыздық пен халықтың табыстардың төмендігі Қазақстандағы кедейліктің себептері болып отыр. Экономикалық өсуге қарамастан, елдегі жалақысы төмен қызметшілердің үлесі бұрынғыша қатып отыр. Өздіктерінен жұмыс тапқандардың саны артса да, бұл табыстарды арттыру проблемасын шеше алмады мұндай қызметшілердің жалақысы төменгі деңгейде қалып қойды, сонымен бірге мемлекеттік секторда жұмыс істемейтін адамдар әлеуметтік қорғаусыз қалды.

     Кедейшілікпен күрес – қасиетті күрес. Кедейлік проблемаларын шешу үшін қоғамның барлық институттарының: мемлекеттік органдардың, кәсіби одақтардың, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде кедей халықтың мүддесін білдіретін бірлестіктердің белсене қатысуы мен бірлесіп іс-қимыл жасауы көзделген.

Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары