Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................3-4
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-7
1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................7-15
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-26
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................23-26
Қорытынды.........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................28

Файлы: 1 файл

Кедейшілік.doc

— 253.00 Кб (Скачать)

     Бағдарламаларда 1995 жылғы наурызда Копенгаген қаласында қабылданған «БҰҰ-ның кедейлікті жою жөніндегі 10 жылдығы» әлеуметтік даму жөніндегі Дүниежүзілік Саммит Декларациясының, сондай-ақ халықаралық Еңбек Ұйымының еңбек, жұмыспен қамту, гендерлік теңдік саласындағы конвенцияларының ережелері ескерілген.

     Сонымен қатар, Бағдарламалар қоршаған ортаның  халықтың тұрмыс деңгейіне әсерін, кедейліктің өңірлік ерекшеліктерін, сондай-ақ тоқтап тұрған қала салушы кәсіпорындары  бар шағын қалалардағы және тоқырауға  ұшыраған ауылдық аудандардағы кедейлікті ескереді. 

1.2 Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау

      Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (эконо-микалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялык және т.б.) қоғамнан "тысқары" қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге және т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Оңдай адамдарды кедей деп атайды.

      Кедейшілік  ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті  және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен  адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын "абсолютті кедейшілік" деп атайды, ал "салыстырмалы кедейшілік" кезінде қоғамда ең, көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мумкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады (1.1.1. кесте). Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлерінің негізінде бағалануы мұмкін, осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме "субъективті кедейшілік" туралы қозғалады.

1997 жылғы  адам дамуы туралы БҰҰДБ Баяндамасында  кедейшілікті адам әлеуетінің даму контексінде қарау ұсынылды, бұл тұрғыдағы кедейшілік адам дамуы ұшін базалық мүмкіндіктердің болмауымен және оның таңдау шектеулілігімен анықталады, олар: ұзақ, салауатты және баянды өмір сүруге, лайықты тұрмыс деңгейін иеленуге, жеке қадір-қасиет сезіміне қысым жасаусыз еркіндіктен ләззат алуға, өзгелердің тарапынан сый-құрметке бөленуге шамаларының жоқтығы. Проблемаға адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарау кедейшілікті көп аспектті әлеуметтік құбылыс ретінде пайымдауға мүмкіндік береді.  

        1.1.1 ендірме. Әлемдегі  кедейшілік: кейбір  фактілер¹

•    Әлемдегі 1,2 миллион адам күніне 1 доллардан кем ақшаға күнелтеді,

     ал 2,8 миллион адам күніне 2 долларға жетпейтін деңгейде тұрмыс     

     кешеді.

•    Планетадағы 790 миллионға жуық адам шала тамақтанудан зардап    

     шегеді.

    • Дүние жүзіндегі 880 миллион адамның денсаулық сақтау қызмет көрсетулеріне мүмкіндіктері жоқ, және 2,6 миллионға жуық жұрт қалыпты санитарлық жағдайларсыз тіршілік жасайды. Прогрестің ағымдағы қарқындарына қарай 2015 жылға дейін төмен табысты халықтың үштен бір бөлігінің (900 миллион адам) қалыпты санитарлық жағдайларда тұруға қолдары жетпейді.

•    Оңтүстік Азияда 46 миллион балалар мектепке бармайды. Болжам

     бойынша бүкіл дүние жүзіндегі 250 миллион бала жұмыс істеуге      

     мәжбүр. 340 миллионға жуық әйелдер 40 жасқа дейін өмір сүрмеулері  

     мүмкін. Дүние жүзіндегі ересек адамдардың төртеуінің біреуі сауатсыз,  

     солардың үштен екісі - әйелдер.

•  1998 жылы 47 миллионнан астам адамдар, солардың көпшілігі кедей   

     тұрмыстылар, АИВ жұқтырған. АИВ/ЖИТС ауруы ең көп тараған

     елдерде нәрестелер шетінеуінің деңгейі 2010 жылға дейін 75%-ға, ал 5  

     жасқа дейінгі балалар өлімі 100%-ға өсуі мүмкін.

•  ЖИТС-пен ауыратын жетімдер саны 1998 жылғы 8,2 миллионнан 2010  

     жылы 40 миллионға дейін ұлғаюы ықтимал. АИВ/ЖИТС кеселі ең көп

     тараған тоғыз елде болжалды орташа өмір ұзақтығының 2000 жылы 10  

     жылға, 2010-2015 жылдарда 16 жасқа қысқаруы мүмкін. 
 
 

¹ Halving Extreme Poverty. An Action Strategy for the United Nations, 2000. Ресми емес аударма (www. undg.org). 

     Кедейшілік  пен экономикалық теңсіздікке сан және сапа женінен баға берудің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін үлкен маңызы бар.

Адамзат қоғамында бұрыннан келе жатқан ірі  дағдарыстарының арасындағы ең маңыздысы  кедейлік болып саналады. Кедейліктің  тарихы шамамен адамзат тарихымен бірдей. Түрлі дәуірлерде көптеген адамдар табыстың аздығы және ең қажетті мүмкіндіктерден мақрұм болу салдарынан өмірін үзген. Өкінішке орай бүгінде 21-ғасырда кедейлік жойылмаумен қатар, азайған да жоқ. Осы ащы ақиқаттан алатын алғашқы нәтижеміз, ол адамдар соңғы онжылдықтарда зор жетістіктерге қол жеткізгенмен, адамзаттың ең үлкен түйткілдерінің бірі, яғни кедейлікті азайтуда айтарлықтай оң іс атқара алмады. Сонымен қатар осы жаңалықтармен жетістіктер соғыстарды азайтып, қауіпсіздікті жая алмады, тіпті есірткі мен адам контрабандасы түйткілін де шеше алмады. Бұл әлсіздіктің себебі, адамзат жетістіктері көбінесе әлемнің мықтылары мен дандайсушылары қызметінде болуынан. Өйткені олар кедей және мақрұм халықтардың қайғы мен қасіреттерін азайтуды емес, бәлке өз байлығы мен күшін арттыруды ғана ойлайды. 
Жалпы алғанда кедейлік - күшті кедейлік және күшті емес кедейлік деп екіге бөлінеді. Күшті кедейлікте, адамдар - тағам, тұрғын үй мен гигиена тәрізді өмірге қажетті ең қарапайым заттарға зәру болады. БҰҰ тұрғысынан мұндай кедейліктің өлшемі - әлемдік банктің есептеуі бойынша күніне бір доллардан аз табыс табу болып табылады. Осылайша дүниежүзі халқының шамамен 20 пайызы осындай табыспен өмір сүріп жатыр. Күшті емес кедейлікте, жағдайдың қиындығы өте ауыр болмағанмен, кісілер қажетті білім алу, гигиена, сау тағам және өзге де қажетті мүмкіндіктерден мақрұм болады. Әлем тұрғындарының жартысына жуығы осындай халде өмір сүруде. Әлем деңгейіндегі кедейлік жайындағы осындай мәліметтер өте қайғылы. Алайда салыстырмалы статистика қозғалғанда, кедейлік одан сайын өкінішті көрінеді. Мұндай статистикада зор кедейлік проблемасы мүмкіндіктердің аздығынан емес, бәлке әлем деңгейінде және мемлекеттердің ішінде байлықтың әділетсіз үйлестірілуінде екені анықталады.  
Ресми деректер бойынша 1990 жылдан бері дамып келе жатқан елдердегі адам басына табысы 3 пайызға артқан. Алайда дәл осы кезеңде 54 мемлекеттің орташа табысы азайып отыр. Әлемдік банк экономистерінің бірі Бранко Миланович жан-жақты жүргізген зерттеуінде дүниедегі ең бай адамның табысының бір пайызы әлемдегі ең кедей кісілердің 57 пайызымен бірдей екенін айқындаған. Осындай кемсітушілік пен айырмашылық әлемнің түрлі аймақтарында байқалады. Мысал үшін, Латын Америкасының кейбір жерлерінде, қоғамдағы ең бай адамдардың 5 пайызының табысы сол қоғамдағы ең кедей кісілердің 5 пайызының табысынан 300 есе артық. Америкадағы саяси-экономика ұстазы Торстин Виблан осы кемсітушілік жағдайды сараптауында: "Адамдар екіге бөлінеді: дүниежүзі халықтарының шамамен басым бөлігін қамтитын кедей халықтар және барлық жерде маңызды болып саналатын байлар азшылығы. Осы ақшасы мен күші бар аз ғана топ дүниежүзінің экономикалық құрылысына, әсіресе үлкен сауда компанияларына жан-жақты әсер етеді. Бұл компаниялар әлемдік нарықтарды басқара отырып, байлар мен бірнеше мемлекеттің мүдделерін ғана қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттер - сегіздік тобының отырысына қатысушылар",-дейді. 
Дүниежүзілік экономиканың ауыр жағдайының айтарлықтай бөлігі дүниеде кең тараған капиталистік жүйеден шығып отыр. Осы экономикалық жүйеде бір қарағанда барлығына бірдей мұрсаттар қойылған. Дегенмен іс-жүзінде бұл мұрсаттарды өздерінің байлығы мен саяси-экономикалық күшін ұлғайту үшін қаржы иелері көбірек пайдаланады. Көне және жаңа отаршылдық Батыстың осы пайдақор пікірінен шығады. Отарлау кезеңдерінде әлемнің ондаған мемлекетінің байлықтары отарлаушы елдердің қоржындарына кетті. Бұл арада "Әлемдік банк" пен "Халықаралық валюта қоры" тәрізді халықаралық қаржы органдарының кедейлікті таратудағы рөліне көз жұмуға болмайды. Бұл органдар дамып келе жатқан мемлекеттерге төлемі мен шарттары ауыр болып табылатын қарыздар берумен, оларға қатты қысым жасауда. Әлгі мемлекеттер өздерінің қарыздарын белгілі мерзімде қайтара алмағандықтан, бұл қарыздардың өсімі күн өткен сайын "Әлемдік банк" пен "Халықаралық валюта қоры" пайдасына арта береді, осының салдарынан қарыз алған елдердің кедейлері де көбейе түседі.  
Америкалық университет ұстазы және сыншы Ноам Чомский осы орайда былай дейді: "Халықаралық экономикалық жүйе зор өсімді қарыздар беріп, кедей мемлекеттерден орасан зор пайда көріп отырғанына қарамастан, өз шараларының жауапкершіліктерін қабылдаудан бас тартады. Әрине бұл үдерісті "Халықаралық валюта қоры" да қолдап отыр. Атқарушы директоры айтқандай, бай мемлекеттердің экономикалық әрекеттерінің маклерлеріне айналған қор." Чомский мысал ретінде, ел үкіметінің оны қайтара алмайтын, оның және маңайындағылардың қалтасына құйылған Индонезияның бұрынғы диктаторы генерал Сухартоға миллиардтаған доллар қарыз беруді келтіреді.

Әлемде кедейліктің таралуына себепші болып отырған халықаралық экономика жүйесіндегі кемсітушіліктермен қоса, мемлекеттердің ішінде де бұл проблеманың одан сайын таралуына әкеп соғатын теңсіздіктер орын алып жатады. Көптеген мемлекеттердегі демократиялық емес және тиімсіз үкіметтер табыстың өсуіне және оның тең үйлестірілуіне кедергі жасайды. Мәліметтер тіпті жақсы экономикалық жетістіктері бар Қытай мен Үндістан тәрізді елдердің өзінде табыстың басым бөлігі байлардың қолында шоғырланғанын және кедейлер санының айтарлықтай өзгермегенін көрсетеді. Әрине Батыс мемлекеттерінде де кедейлік түйткілі бар, өйткені бұл елдерді әділетсіз қаржылық жүйе мен байланыстар билеп отыр. Мысалға, Америкада 400 ірі қаржы иесінің жалпы байлығы 57 млн америкалық отбасының байлығымен тең, былайша айтқанда Америка халқының жартысы. Америкалық жазушы және зерттеуші Холи Склар: "Американың байлығы азайып бара жатпағаны, бәлке күннен-күнге ұлғайып келе жатқаны сөзсіз, айырмашылығы тек бұл байлықтың жұмысшылар қалтасынан олардың басшыларына, ал одан Американың ірі капиталистері қалтасына құйылып жатқандығында, яғни кедейлерден байларға кетіп жатқанында,"- депжазады.Осындай үдерістің нәтижесінде Америкада, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында кедейлік пен аштық жайылып отыр. Американың статистика департаментінің мәліметі бойынша, Нью-Йорк қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің төрттен бірі кедейлік межесінен төмен деңгейде өмір сүреді. Осылайша кедейлік дүниенің барлық аймақтарында тамыр жайған және өзінің қатерлі және қиратушы әсерлерін тигізіп отырған құбылыс болып табылады. Кедейлік адамдардың жанын алып, немесе олардың ғұмырын қысқартады. Көптеген кісілер кедейлік салдарынан өлімге ұласатын ауруларға шалдығады. Бұл аурулардың алдын алуға болады, дегенмен кедейлердің оның шығынын төлеуге шамасы жоқ. Көптеген әйелдер жүкті болған кезеңде немесе босану кезінде жан тәслім етеді. Сәбилер кедейліктің кесірінен бес жасқа жетпес бұрын көз жұмады. Бұл арада - кедейлік пен тапшылық, қауіпсіздік тәрізді маңызды мәселеге қандай әсерін тигізеді?-деген туындайды.

Қазіргі әлемде көптеген құбылыстар, соның  ішінде кедейлік пен қауіпсіздік  бір-біріне әсер етеді. Қауіпсіздік  болмаса және соғыс пен тәртіпсіздік болса, кедейлік пен тапшылық жайыла түседі. Сонымен қатар кедейлік, тартыс пен қақтығыстарға да себеп бола алады. Көптеген соғыстардың негізі кедейлікке оралады, мұндай жағдайда жауласушы тараптар құнарлы жер немесе сулы өзенге қол жеткізіп, өздерінің экономикалық түйткілдерін азайтуды көздейді. Келесі бір тұрғыдан байлардың кемсітушіліктерін көріп отырған аш халық кез-келген уақытта өзінің құқұқтарын қайтару үшін келеңсіз жағдайға қарсы көтеріліске шығуы мүмкін.

Бүгінде үкіметтердің басым бөлігі кедейліктің  қауіпсіздікке тигізіп отырған  тікелей емес әсерлеріне көңіл аударып  отыр. Неге десеңіз кедейлік кейбір халықаралық қауіп-қатерлер мен келеңсіздіктерге жағдай жасайды. Мысал үшін лаңкестік кедейлік пен әділетсіздік және теңсіздіктен шығып отырған әлемдік қауіптердің бірі болып табылады. Бүгінде лаңкестік ұйымдардың мүшелері, кедейлік пен экономикалық келеңсіздіктер үшін лаңкестік ұйымдарға қосылады. Дәл осы кедейліктің таралуына Батыс елдері зор үлес қосты. Осылайша Америка лаңкестік мәселесінің тамырларына көңіл аудармастан, әскери күш арқылы лаңкестікпен күресіп, оны жоюға болады деп ойлайды. Шын мәнінде кедейлік тәртіпсіздікке жағдай жасайтын үлкен қылмыстар дамуының факторы болып табылады. Басқаша айтқанда, әлемдік қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған есірткі контрабандасы және адам саудасы тәрізді ұйымдасқан қылмыстардың көбі кедейлік пен тапшылықтан шығып отыр. Сонымен қатар кедейлік мемлекеттердің экономикалық дамуына зор кедергі болып табылады. Осылайша даму мен өркею қауіпсіздік негіздерінің нығаюына себеп бола алады. 
БҰҰ-ның мыңжылдық жобасы бойынша, 2050 жылға дейін жер шарының түкпір-түкпірінде кедейлік тамырымен жойылуы тиіс. Мұндай жағдайда, әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылық орнайды деп үміттенуге болады. Әрине мұндай армандар орындалу үшін халықаралық саяси және экономикалық қарым-қатынастарда әділ байланыстар орнауы керек. Сөз соңында айта кететін жай, халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған факторлар бір-бірімен байланысты, сондықтан кедейлікті азайту осы қауіптердің пайда болу жағдайларын азайта алады.

      Табыс (кіріс) бойынша кедейшілікті өлшеу  үшін пайдаланылатын ең көп тараған көрсеткіштер - елдегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі.

Кедейшілік  деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі - табысы немесе тұтынуы әдетте күнкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген табалдырық белгісінен (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар. Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет тауарлар мен қызмет көрсетулерді түтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қатысты ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды². Қазақстанда, кедейшілік деңгейі

Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары