Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:04, курсовая работа
Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.
Кіріспе...................................................................................................3-4
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-7
1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................7-15
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-26
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................23-26
Қорытынды.........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................28
немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі "кұнкөріс минимумы деңгейінен
Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалықты "кедей" екендігін көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне (Қазақстандағы күнкөріс минимумы) сәйкес ең аз қажеттіліктегі табыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшілік тереңдігі осылайша кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығын сипаттайды. Кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен кедейшілік шегіне сәйкесетін табыстардың қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты "кедей" екендігін көрсетеді, яғни кедей тұрмысты халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. Кедейшілік өткірлігінің индексі де салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және ол кедейшілік тереңдігі индексінің негізінде есептеледі. Кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі индекстері белгілерінің ұлғаюы кедей тұрмысты адамдардың жағдайларының нашарлауы туралы айғақтайды. Осы индекстерді қолдану кедей тұрмыстылар табыстарының тапшылығынан арылу ұшін қажет қаржылай қаражаттардың көлемдерін белгілеуге мүмкіндік туғызады. Кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстері сондай-ақ ең кедей тұрмысты халыққа мемлекеттің атаулы әлеу-меттік көмек жүйесін ұйымдастыру кезінде де пайдаланылулары мүмкін.Кедейшілікті экономиканың даму деңгейімен және қоғамның барлық жіктерінің әл-ауқат деңгейімен өзара байланысты қарау қажет, яғни қоғамдағы экономикалық теңсіздікпен сабақтастыру керек. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік онда салыстырмалы кедейшіліктің болуы туралы айғақтайды, бірақ абсолютті кедейшіліктің орын алуын міндетті түрде білдірмейді. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік деңгейіне ықпал ететін факторларды бірнеше топқа бөлуге болады:
• табыстар деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқа жеке меншік мөлшерлерінен болатын, сондай-ақ адамдардың әркелкі санаттарының байлық жинаулары деңгейіне байланысты айырмашылықтарды қосуға болады;
• білім деңгейіндегі айырмашылықтар.
Осы топқа сондай-ақ білімнің деңгейі
мен сапасындағы өзгерістерді, жеке жетістіктер
және шығу тегімен сабақтасатын айырмашылықтарды
қосады;
• адамдардың жастарына қарай және физиологиялық айырмашылықтары, сондай-ақ түрлі материалдық игіліктердің мүмкіндігі.
Осы факторлардың ықпал етуімен қоғамның негізгі әлеуметтік жіктері қалыптасып, олар материалдық молшылық пен тұтыну әрекеттеріне қарай бөлінеді. Тұрмыс деңгейі жөніндегі Бүкілресейлік орталықтың мамандары халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесін әзірледі, жүйе әл-ауқат/тұрмыс деңгейіндегі белгілі бір критерийлерге сүйене отырып, елдегі бүкіл тұрғын халықты нақты топтарға бөлуге мүмкіндік жасайды³. Осы жүйе негізгі 3 әлеуметтік стандартты қамтиды, олар: күнкөріс минимумы (КМ),ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) және жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ).Күнкөріс минимумы (КМ), бұрын айтылғандай, адамның абсолютті кедейшілігінің жігін белгілейді және кедейгілікпен күрес жүргізудегі мемлекет саясатымен байланысты маңызды әлеуметтік норматив болып табылады. Қазақстанда күнкөріс минимумы Қазақстан Республикасының "Күнкөріс минимумы туралы" Заңымен белгіленді және ол бір адамға ең төменгі тұтыну себеті құнының шамасымен бірдей және дамудың осы кезеңінде қоғам қабылдаған адамның ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қажет ең аз мөлшердегі ақшалай табысты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну себетінің құнына ең азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындар кіреді. Ең аз азық-түлік себетінің құны тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын, облыстарда айдың ортасында қалып-тасқан орташа бағаларға көбейту арқылы ай сайын есептеліп отырады. Тамақ тұжырымдамасына сүйенді (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсыныстары бойынша 2172 ккал). Сонымен, бағалар күнкөріс ми-нимумының шамасына ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады, өйткені тамақ өнімдерін тұтыну нормалары мен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын шығыстар арасындағы арақатынас – біршама тұрақты шамалар.Ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) адамдар тұтынүын қалпына келтіретін деңгейді қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік стандартты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну бюджеті күнкөріс минимумының екі мөлшеріне тең және ол адамның дене және парасат күштерін қалпына келтіру, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және дене дамуы, зейнеткерлердің белсенді әлеуметтік және дене жай-күйлерін демеу үшін қажет халықтың негізгі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.Жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ) адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін толық және орынды негізделген қанағаттандырумен қамтамасыз ететін игіліктер мен қызмет көрсетулердің оңтайлы жиынтығының болуын ұйғарады, ол сондай ақ міндетті төлемдер мен алымдарға жұмсалатын шығыстарды, бюжеттің осы үлгісін ұстау үшін жинақ ақшалар жасауға қажет шығыстарды қамтиды. Жоғары молшылық бюджеті адамның тұтынудың дамушы деңгейін иемденуіне жағдай жасайды немесе, басқаша айтқанда, адамның он жақты дамуын қамтамасыз ететін таңдау мүмкіндігін ұлғайтуды, ұзақ және салауатты өмір сүруді, білім алу мен лайықты тұрмыс құруды қосқандағы игіліктерді пайдалану мүмкіндігі; Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып, елдегі бүкіл халықты шартты түрде төрт әлеуметтік жікке бөлуге болады: кедей тұрмыстылардан ең жоғары қамтамасыздандырылған адамдарға дейін (1.2.1. кесте).
1.2.1. кесте.
Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі әлеуметтік жіктері
Әлеуметтік жіктер | Критерий |
Кедей тұрмыстылар | Табыстары күнкөріс минимумынан төмен (КМ) |
Төмен тұрмыстылар | Табыстары күнкөріс минимумынан жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну бюджетінен төмен (2КМ) |
Орташа тұрмыстылар | Табыстары ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірак жоғары молшылық бюджетінен төмен (7 КМ), тұтынудың қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз етеді. |
Жоғары тұрмыстылар (дәулеттілер) | Табыстары жоғары молшылық бюджетінен көп, тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз етеді. |
Қоғамдағы
экономикалық теңсіздікті сараптау
үшін табыстарды шоғырландыру мен саралау
коэффициенттері кеңінен
Бұдан бөлек, халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу қабілеті табыстарының керсеткішін енгізеді. Осы индикатор халықтың күнкөріс минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының арақатынасы ретінде есептеледі (Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта есеппен жан басына шаққандағы табыстар есептеуге қолданылады), ол осы табыстарға сатып алуға болатын күнкөріс мини-мумына кіретін тауарлар мен қызмет керсетулер жиынтығының санын анықтауға мүмкіндік жасайды. Адамдар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіші елдегі экономикалық теңсіздіктің сипаттамасы болып табылады.
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары
2.1 Қазақстанда кедейгіліктің бүгінгі күнгі ахуалы
Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.
Елдегі
қазіргі әлеуметтік-
“Жаңа кедейшілік” ауқымы ауылдық жерлерде тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл халқының табысы қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (ҚР Статистика агенттігі 2004 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері бойынша) 24,8 %-ды, ал қалалық отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды. Қазіргі жағдайда өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардың үлесі жоғары өңірлер арасында Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды (бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3%, Қызылорда – 26,5%, Оңтүстік Қазақстан – 23,0%. Аталған облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,1%.
Халықтың
табыс деңгейі бойынша
Кедейлектен топты азайту - рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің енбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасы мүшелерінің саны, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялык, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты - осы айырмашылыктарды азайтып, 2 коғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау.
Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі деп - табысы күнкөріс минимумына теңгерілетін кедейшілік шегінен төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесін айтамыз. Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік деңгейі, 2005жыл (пайызбен)
Ел | Абсолютті кедейшілік деңгейі | Ел | Абсолютті кедейшілік деңгейі |
Германия | 10,5 | АҚШ | 13,1 |
Ресей | 25,3* | Қырғызстан | 84,0 |
Ұлыбритания | 18,7 | Қазақстан | 17,2 |
Дерек көзі: «2005 жылдағы адам дамуы туралы" Мыңжылдық Декларациясында тұжырымдалған даму саласындағы мақсаттар: адамзаттың жоқшылықтан құтылуы туралы мемлекетаралық шарт" Біріккен Ұлттар Ұйымының даму (БҰҰДБ) бағдарламасы дайындаған, баяндамасы, 2005 жыл, Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қаңтар, 2004 жыл. Ресей Федерациясының статистикалық комитеті, 2004.
Қазақстанда халықтың 17,2 пайызы физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын денгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмай отыр.
Кедейлік - күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық терең тамырлары бар.
Қолайлы макроэкономикалық жағдай білімге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қорғауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әсер етеді және осы қадамдар ұлттық әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы маңызды іс-әрекеттерге айналуы тиіс.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шақкандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек от басына қажет қызметтер жиынтығының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.
2004 жылы әлеуметтік қорғауға арналған шығындар 2003 жылмен салыстырғанда 23,2 пайыздан 21,5 пайызға төмендеп отыр.
Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты - кедейшілік деңгейін төмендету.
Кедейшілік ұғымына және оны сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тауарларды тұтыну деңгейін қарастырады.
Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын "абсолютті кедейшілік" деп атайды, ал "салыстырмалы кедейшілік" кезінде қоғамда ең көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдарды жаткызады .
2003-2007 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарының құрамы
Кесте2
(млн.тенге)
Аты | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
Әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың жалпы бюджет шығысындағы үлесі | 34,0 | 28,4 | 24,6 | 24,1 | 22,5 |
Әлеуметтік қорғауға арналған шығындардын ЖІӨ үлесі | 7,9 | 6,6 | 5,7 | 5,3 | 5,3 |
Бюджеттік шығыстар, барлығы | 468423 | 602023 | 759610 | 834162 | 1062611 |
Бюджеттік шығыстардың ЖІӨ үлесі | 23,2 | 23,2 | 23,4 | 22,1 | 23,6 |
ЖІӨ көлемі | 2016400 | 2599900 | 3250600 | 3776300 | 4495000 |
Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары