Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Оглавление

Кіріспе...................................................................................................3-4
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-7
1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................7-15
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-26
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................23-26
Қорытынды.........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................28

Файлы: 1 файл

Кедейшілік.doc

— 253.00 Кб (Скачать)

     Осы бағдарламалар қатарынан Кедейлікпен  күресу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға тоқтала кетейік.

     Бағдарламаның негізгі мақсаты: еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ еңбек  рыногындағы неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек  көрсету есебінен кедейліктің ауқымын  қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету.

     Бағдарламаның міндеттері: экономикалық өсу негізінде  әлеуметтік салада дәйекті реформа  жүргізу арқылы  халықтың тұрмыс деңгейін тұрақтандыру және арттыру, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал жіктерін әлеуметтік бейімдеу, экономикалық оңалту және әлеуметтік қолдау көрсету шаралары негізінде кедейлікпен нақты күрес жүргізу.

       Бағдарламаның жаңалығы: біріншіден, зейнеткерлік жасына толған адамдарға  жұмыс істеген-істемегеніне қарамай  зейнетақы төлеу. Екіншіден, міндетті  түрде әлеуметтік сақтандыру  кіргізілген. Міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кіретін әлеуметтік қауіпті жағдайдағы еңбекке жарамсыз болғанда, асыраушыны жоғалтқанда мемлекеттік әлеуметтік фондтан төлемақылар бөлінеді.

     Біздің  елде өмір сүру минимумы – бұл қажетті  минималды ақшалай табыс жан басына шаққандағы көрсеткіші.

     Ақырғы  алымдары халықтың табыс көзі өсуіне байланысты. Соған байланысты соңғы  жылдары халықтың қажеттіліктері өсуде. Халықтың азық-түлікті және басқа  да тауарды қамтуда адам басына шаққанда 50%-ге 50% құрайды. Кедей үй шаруашылығында 60%-ке 40% болады екен. Осыған байланысты өмір сүру минимумының көрсеткігін қайта қарастыруда.

     Біріншіден, азық-түлік қаржысын ұлғайтқан кезде, яғни 20-дан 43 түрлеріне дейін, бұл  азық-түлікпен қамтудағы әртүрлі  рационалды нормадағы тағамдардың ұлғаюы. Осыған байланысты 3772 теңгеден 4020 теңгеге ұлғайды. Өмір сүру минимумының ұлғаюына байланысты 2005 жылы 7000 теңгеге дейін өсіп, ал 2006 жылы 7,5 мыңға ұлғайды.

     Елбасының жолдауы бойынша 2006 жылы базалық зейнетақы енгізілді. Бұл зейнетақының құрамы өмір сүру минимумының 20%-ын құрайды және 75%-ға өсуі мүмкін. Өткен 2006 жылы базалық зейнетақы жүйесі бойынша минималды төлем 8046 теңге, орташа 11266 теңге, максималды зейнетақы 13036 теңгеге өседі.

     Осы бағдарламада аз қамтылған тұрғын халық  санына қосылған әрбір дүниеге келген балаға 18 жасқа дейін жәрдемақы төленіп отырады. Ал 2007 жылдан бастап әрбір қазақстандық отбасындағы бала 1 жасқа толғанға дейін ай сайын жәрдемақы төлемдері төленіп отырады.

     Көп балалалы отбасылар 2006 жылы 2 есе арнайы мемлекеттік жәрдемақы аналарға төленеді. Бұларға 4 баладан немесе одан да көп 16 жасқа толмаған отбасылар жатады.

     Қазақстан Республикасында соңғы 10 жыл бойы нарықтық экономикаға ауысуына байланысты әртүрлі келеңсіз жағдайларға байланысты ел үлкен дағдарысқа ұшырады. 1992 жылы басталған инфляция, жұмыс орнындағы қысқарту, азық-түліктің талонмен санап берілуі, халықтың көбінің жұмыссыздық әсерінен базар жағалауы. Осы барлық мәселелер елді кедейшілікке әкеліп соқты. Ол халықтың демографиялық жағдайына да әсер етті. Балалар үйінде жетім балалар саны, қарттар үйінде қараусыз қарттар саны жоғарылады.

     Осы ақырғы 2008 жылдарға қарай ел жағдайы түзеле бастады. Әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар арқылы жұмыстар атқарылуда. Ендігі мақсат экономиканың өсуін қуаттау мақсатында еңбек интенсивтілігін көтеру. 

        Мемлекетіміздің тəуелсіздік алуы мен қалыптасуы кезеңінде жүргізілген қарқынды нарықтық өзгерістердің арқасында Қазақстан экономикада ірі əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік тудырған айтарлықтай оң нəтижелерге қол жеткізді. Зейнетақылар мен жəрдемақылдардың мөлшерлері үлғайтылып, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы өсті, бөлінетін қаржылар көбейтілді жəне денсаулық сақтау мен білім салаларында жүйелі өзгерістер жүргізуге бағытталған кешенді шаралар қамтамасыз етілуде, ауылды дамытуға, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске  асыруға  айтарлықтай  көңіл бөлінуде.

     Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев халық  тұрмысының сапасы мен əлеуметтік стандарттарын  тұрақты түрде арттыруды белгіледі, осы міндетті іске асыру кезінде басым бағыттардың бірі – əлемдегі ең бəсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіру. Осыған байланысты, ел Үкіметі үшін осы саладағы жұмыстың негізгі бағыттарына халықтың кедей жəне осал топтарының мүдделерін көздеп атаулы əлеуметтік көмек көрсету механизмдерін дамыту, сондай-ақ əлеуметтік қамсыздандыру мен қызмет көрсетудің нормативтерін əрі қарай жетілдіру əрекеттері жатады. [5. 44б.]

     Бүгінгі таңда кедейшілікті болдырмаудың нақты  жолы – адамдарды еңбекпен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу.

    Кедейлік  деңгейін одан әрі қарай тұрақты  төмендету үшін Қазақстанға өзінің макроэкономика аясындағы мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту қажет. Басты  міндет тек мұнайгаз және шикізат  секторларында ғана емес, экономиканың әртараптану жағдайында да экономикалық өсуге жету болып табылады. Бұл өндірісті кеңейтуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, солар арқылы халықты жұмыспен қамту проблемасын шешіп, кедей және жұмыс істемейтін халықтың бір бөлігінің табыстарының артуына көмектеседі.Өмір суру деңгейінің аймақтың экономикалық дамуынан тікелей тәуелділігі ел үшін өткір проблема күйінде қалып отыр. Табыстары бойынша орын алып отырған елеулі теңсіздікке байланысты кейбір аймақтарда кедейлік деңгейінің салыстырмалы жоғарғы деңгейі сақталынып қалады деп күтуге болады. Бұл теңсіздіктің нағыз себептеріне талдау жасап, адамдардың, әсіресе ауылдың жерлердегі, өмір сүру жағдайларын жақсарту жолдарын белгілеу қажет.

    Алдағы  уақытта да ең төмен жалақы мен  зейнетақыны көбейту жолымен табыс бойынша теңсіздікті төмендету қажет. Осал топтарға (мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға т.б.) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек те тағайындалу және тиімділігі жақтарынан жақсартыла түсулері керек.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

      Қоғамдағы кедейлік деңгейін төмендетуге жалпы елдің дамуы үшін, сондай-ақ əр адамның əлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасау арқылы қол жетуі мүмкін. Кедейлік проблемасынан арылу үшін бірқатар жағдайларды, атап айтқанда, орнықты экономикалық өсуді, халықтың жұмыспен өнімді қамтылулары үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді, мемлекеттің əлеуметтік саясатының тиімділігін, мемлекеттің ұтымды (оңтайлы) басқаруын жəне қоғамның демократиялық институттарын дамытуды қамтамасыз ету қажет. Соның ішінде, кедейлік ауқымдарын азайту міндетіне жету үшін, ең бірінші кезекте, арасында егде жастағылардың ұзын саны бар кедей тұрмысты адамдардың мүдделерін ескеретін кедейлікпен күрес жүргізуге қатысты ұлттық стратегиялар əзірлеу жəне оларды жүзеге асыру маңызды шара болып табылады.

         Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың  халыққа жолдаған  «Қазақстан-2030» бағдарламасында  Қазақстан Республикасының әлеуметтік  – экономикалық дамуында тұрақты  экономикалық өсуге, халықтың  жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғам қалыптастыру мақсаттары қаралады.

    Кедейлік  деңгейін одан әрі қарай тұрақты  төмендету үшін Қазақстанға өзінің макроэкономика аясындағы мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту қажет. Басты  міндет тек мұнайгаз және шикізат  секторларында ғана емес, экономиканың әртараптану жағдайында да экономикалық өсуге жету болып табылады. Бұл өндірісті кеңейтуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, солар арқылы халықты жұмыспен қамту проблемасын шешіп, кедей және жұмыс істемейтін халықтың бір бөлігінің табыстарының артуына көмектеседі.

Экономикалық  өсудің негізгі мақсаты – халықтың материалдық әл – ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.      

        Индустриялдық – инновациялық  даму бағдарламасына  сәйкес біз   экономиканың  шикізаттық  бағытынан  арылып, Қазақстанның  индустрияландырылуын  тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіптік жабдықтарын шығаруды жолға  қоюға  тиіспіз. Яғни, инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.

        18 ақпан күні 2007жылы  Қазақстан Республикасының  Президенті

Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деп айтты:

        «Біз алдымызға  анық та  айқын мақсат қойдық: біз жақсы  өмір  сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын  балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер  мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей  биікке көтерілдік».

 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасы», Алматы – 1998 ж.
  2. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік  және  саяси  жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың  2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан Астана журналы № 1(20), 2005 қаңтар – ақпан.
  3. Назарбаев Н. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге  қабілетті халық үшін». № 5 мамыр 2004 ж, 3 бет, Ақиқат журналы.
  4. Назарбаев Н. Саяси тұрақтылық тірегі - өркендеу жолымен ілгерілеу/Егемен Қаз/ ., 2004 ж. – 3 қыркүйек., 1-3 бб.
  5. «Қазақстандағы аға ұрпақ: болашаққа көзқарас», Алматы 2005, Адам дамуы туралы 2005 жылғы Ұлттық Есепті Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тапсырысы бойынша авторлар тобы дайындады.
  6. Есентугелов А. «Қазақстан Республикасының индустриалдық – инновациялық дамуының стратегиясы нақты  және  болашақ» Алматы – 2003 ж.
  7. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  «Экономиялық теория», Алматы – 2004 ж.
  8. Бекхожаева Л.К. «Уровень жизни и проблема бедности. Исследование миравого опыта».
  9. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2004.
  10. Краткий ежегодник Казахстана. Статистический сборник/Под ред.К.С.Абдиева, Алматы,2003.С.28,184
  11. Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігі. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы» Ақиқат журналы № 1/2003, 1/2004 ж. ж.
  12. Нұрақым Райхан «Дамудың  индустриялдық – инновациялық стратегиясы», № 7, 2004 ж, 20 б, Ақиқат журналы.
  13. Медеуұлы И. Басты мақсат экономиканы көтеру. /Егемен Қаз/,2004,7-сәуір, 2 б.
  14. Бимендиева Л.А. Экономикалық өсу-ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесі – Хабаршы, № 66 2004
  15. Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу, Ақиқат- № 2, 2003

    Қазақстан Республикасындағы кедейшілік мониторингінің индикаторлары.

  1. Волчкова Л.Т., Минина В.Н. Стратегии социологического исследование бедности //Социс – 1999 - №1 ст.49
  2. Социальная политика и бедность. /Саясат №3- 4, 2002г.
  3. Мұхтарова К.С. «Бедность и экономика Казахстана». Саясат, №3, 2002г.
  4. «Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен олардың шешу жолдары», Қазақстандағы БҰҰДБ басылымдар сериясы, Алматы 2004.

Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары