Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:05, реферат
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды.
1-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешенді үш факторы.
Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай.
Жалпы экономикалық қауіпсіздік ұғымын басты назарда ұстау қажет – яғни, мұнда экономикалық тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады. Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққандажеткілікті көлемде өндіру, оны тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Бәсекелік қабілеті арттыру механизмі – бұл кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттерді арқылы сипатталады. Дұрыс таңдала білген механизм осы кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестерімен ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмі нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат, мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика, экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Тамақ өнімдері өзінің тұтыну қасиеттеріне сай басқа сала өнімдерімен ерекшеленеді. Ең алдымен, ол қасиеттерге: адам ағзасына тигізетін әсері, құрамындағы белок, май және органикалық қосындылардың үлесі, сақталу мерзімі, иісі, түсі, дәмі жатады. Осы қасиеттер бұл сала өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мерзімі іс-әрекеттің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктерді өзіндік сипаттары бойынша, 4 топқа бөлінеді:
1 топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
2 топ – өнімнің
бағасын қалыптастыру немесе
кәсіпорынның баға саясатын
3 топ – өнімнің
тартымдылығын арттыру немесе
кәсіпорынның маркетингтік
4 топ – өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Бұл тетіктердің әрбірі белгілі бір дәрежеде нарықтағы тұтынушылардың сұранысы мен талап-тілектеріне, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты ықпал етуі мүмкін. Қандайда бір бәсекелік тетікті қалыптастыру немесе оны іске асыру әр кәсіпорынның өнім шығару сипаты мен ол өнімді өткізу ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған топтағы тетіктерді іске асырудың көптеген бағыт-бағдары және жолдары бар (2 сурет).
Бәсекелік қабілетті қалыптастыру тетіктері
Өнім сапасын арттыру - Халықаралық сапа стандарттарын енгізу; - Өнімнің орган олептикалық қасиеттерін жақсарту; - Ғылыми техникалық және инновациалық жетістіктерді енгізу; - Өндірісті диверсификациялау; - Өнімді дифференциациялау; - Еңбек күшінің ықпалы. |
Баға саясатын реттеу - Нарықта баға стратегиясын айқындау; - Өнімнің
өзіндік құнын төмендету - Бағаны
қалыптастыру әдістерін - Нарықтық бәсеке жағдайына байланысты өнімнің бағасын белгілеу. |
Өнімнің тартымдылығын арттыру - Өнімнің
сапалық және бағалық - Кәсіпорынның сауда белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту; - Өнімнің сыртқы келбеті мен жағымдылық қасиеттерін арттыру; - Маркетингтік
жүйенің стратегиясы мен |
Өндірісті мемлекеттік қолдау - БСҰ кіру
қарсаңында өндірушілерді - Инвестиция- лық саясат ұстану; -Экономикалық қолдау шараларын енгізу; -Өзара байланысты салаларды кешенді дамыту; -Бәсекелік ортаны дамыту. |
2 сурет. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жолдары.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері
және анықтау әдістемелері
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.
Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорынның ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.
Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с) және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға болады.
Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша ұйымшылдық процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.
Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.
Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ, өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар жатады. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты факторлар әсер етеді:
– өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық
деңгейі;
– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
– қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған
өндіріс құралдарын енгізу.
Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл қоршаған орта факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:
1. Кәсіпорының сыртқы ортада жүзеге асыратын атап айтқанда тауарлық,
баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы
қағаздар нарығындағы іс- әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету,
сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.
2. Кәсіпорының ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс
шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді
ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Кәсіпорының тауарлық стратегиясы келесілерді қарастырады:
– кәсіпорынның спецификасына жауап беретін, тауарлар мен қызмет
көрсетулердің потенциалды нарығын қалыптастыру және зерттеудің
тәсілдері мен ережелері;
– кәсіпорынға неғұрлым тиімді шаруашылық жүргізудің стратегиялық
аймақтарын іздеудің әдістерін;
– кәсіпорынның сыртқы тиімділігін қамтамасыз ететін аймақтарды
басқару әдістерін.
Ал тауарлы стратегияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:
– стратегиялық перспективті міндеттерін өзіндік ресурстар және
нарықтық потенциялды мүмкіндіктермен үйлесуі;
– тауар (технологиялар) сұранысының өмірлік циклдерін талдау;
кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарлатуды қамтамасыз ететін
тауар ассортиментін әзірлеу.
Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап, басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері сондай табысқа ие болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.
Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.
Тауарлардың бәсекелік қабілеті – нарықтық қатынастарға қатысушылардың нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы. Тауарлардың бәсекелік қабілеті оның нарықтағы салыстырмалы қалпын анықтаушы, тұтыну және құндық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталатындығы белгілі.
Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
1. Өнімнің бағалық бәсекелік қабілеті:
1.1. бағаның негізгі өнім өндірушілер арасында өзара салыстырылуы;
1.2. сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланыстыбағаны
дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
1.3. өнімді тұтынушыларды жеңілдіктер жүйесімен тартуы.
2. Өнімнің сапасы:
2.1. өнімнің техникалық- функционалдық қасиеттері;
2.2. қосымша пайдалылықтың болуы;
2.3. өнімнің танымалдылық деңгейі.
3. Өнім өткізу,
жарнама және қызмет көрсету
жүйелерінің бәсекелік
3.1. өнім өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
3.2. жарнаманың тиімділігі;
3.3. қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Кәсіпорынның бәсекелік жағдайында жұмыс істеуін жақсарту
Өнімнің бәсеке қабілеті өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен, сонымен қатар тұтынушы талғамын салыстырып талдауға және индекстік әдіспен бағаланады. Егер өнімнің физикалық қасиеті болмаса баллдық есептеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс (дифференциалды) бәсекені қамтамасыз ету мақсатында тұтынушының тауарды таңдап алған кезде әр бір параметірдің ықпал етуін көрсетпейді, тек қана өнім параметірлерінің өсуін немесе төмендеуін бақылауға болады. Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелік, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әр бір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Бұл келесі формуламен есептелінеді: К= Р/С* max. Мұндағы: Р – тиімділігі (өнімнің сапасы); К - өнімнің бәсекелік қабілеті; С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар; Экономикалық параметрлер бойынша көрсеткіштердің топтық есебі келесі формуламен есептеледі: Тэп =3/3э Мұндағы: 3/3 э – салыстырылып отырған өнімге және эталонға сәйкес тұтынушының барлық шығындары.
Информация о работе Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру