Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы күрделі нарықтық өзгерістер сатысынан өтіп өрістеу сатысында тұр. Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге өндірістік үздіксіз және динамикалық даму құбылысы тән. Капиталдық табыстылық деңгейін жоғарлату үшін өндірістің экономиклық тиімділігін арттыру мәселесі зерттеу қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіш ретінде өндірістік іс әрекетін жүзеге асыру үшін және тбысты алу үшін кәсіпорынның мүліктік құны, яғни негізгі қорлардың құны қолданылады.

Оглавление

ЖОСПАР

КІРІСПЕ............................................................................................3
І. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ...........4
1.1 Негізгі капиталдың мәні және оның құрылымы................4
1.2 Негізгі қорларды бағалау әдістері..........................................7
1.3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы..................10
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.......................................................15
2.1 Кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................19
2.2 Қазақстан өнеркәсібіндегі APH group кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануын талдау .............................................................................................................23
2.3 Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану жолдарын арттыру.........................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................29

Файлы: 1 файл

Курсовая. Негізгі қорлар.doc

— 271.50 Кб (Скачать)

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде арнайы эксперт бағалаушылар қызметі ХХ ғасырдың орталарында қалыптасқан. АҚШ та елдегі бағалау іс әрекетін қадағалайтын арнайы өкіметтік ұйым құрылған. Маманданған бағаларға және тәжірибелі бағалаушыларға қойылатын талаптардың біркелкі стандарттарын дайындайтын баға Қоры орналған. Ал Англияда бағалау іс әрекеттің сандарттары Корольдік бағалау институтымен тағайындалады. 1981 жылы Мүліктік Бағалау Стадарттары бойынша Халықарлық комитеті  халықаралық стандарттарды құру мақсатында қалыптасқан. Бұл комитет сегіз стандарт жобалаған, соның ішінде төртеуі іс жүзеге асырылуда: а) баға базасы ретіндегі нарықтық  құн;   б)нарықтық  құннан басқа баға базасы;   в) қаржылық есеп және сметалық  құжаттар мақсатындағы баға;  г) ссудалық қамтамасыз ету, қарыз берешектер бағасы.[3,112б]

Халықаралық  стандарттары бойынша объекттердің нарықтық құны әр қайсысы басқа нарықтық мүмкіндіктерді және альтернативтік нұсқаларды зерттеуге қажетті уақытқа ие бола отырып сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім жасаған уақыт мезетіне сәйкес келетін баға ретінде анықталады. Нарықтық құн  түсінігі жетілген бәсеке нарығындағы келіссқздер арқылы белгіленгенбаға ретінде қарастырылады. Сонымен қатар  стандарттарда есептеудің нарықтық емес әдістерге,  негізделген бағаларды қолданылады.Ұсынылғанбағалар жүйесін қолдану тәртібі және мазмұны анықталады; инвестициондық, сақтандырылатын, салық салынатын, ликвидтік, амортизациондық, арнайы, эффективті,әділетті т.б.

 

 

1.3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы

 

Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен техникалық  және экономикалық факторлардың ықпал арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте бірте жояды,жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы  кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.

Табиғи тозу түсінігінің астында негізгі қорлардың тек қана қызмет ету  ғана емес, сонымен қатар әрекетсіздік  (сыртқы әсерлер, атмосфера қысымы, коррозияға ұшырау мүмкіндіктері) нәтижесінде  өзінің бастапқы құнының сатылай жойылу түсіндіріледі. Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың сапасына; техникалық жетілдіруіне (конструкциялар, материалдардың түрі және сапалығы, ғимараттардың  құрылыс сапасы және станоктардың монтаждығы ); қызмет ету уақытына (жылдық жұмыс күн саны, тәуіктегі сменалар саны, сменадағы жұмыс сағаттары);негізгі қорларды сыртқы жағдайлардан қорғау деңгейіне (ыстық, суық, ылғалдық, жауын шашын); жұмыскелердің мамандауына байланысты болып келеді.

Табиғи тозу негізгі қорлардың бірдей элементтерінде де бірқалыпты жүрмейді. Негізгі қорлардың толық және жартылай тозуын қарастырады.Толық тозу кезінде іс әрекеттегі қорлар жойылады немесе жаңа қорлармен орын ауыстырады. Ал жартылай тозу кезінде негізгі қорларды жөндеу арқылы қалпына келтіру болып табылады.

Негізгі қорлардың табиғи тозуы нақты қызмет ету мерзімінің нормативтік мерзіміне қатнасы ретінде есептелу мүмкін. Ең дұрыс әдісі бұл заттың толық тексерілуі.                           

Сапалық тозуы бұл машиналар мен жабдықтардың құнының олардың қайта өндіруіне кететін қоғамдық қажетті шығындардың кемуі (бірінші түрдегі сапалық тозу) ; олардың құнының жаңа және экономикалық тиімді машиналар және жабдықтардың енгізуі арқылы кеміту (екінші түрдегі сапалық тозу).  Бұл сапалық тозу формаларының әсерінен негізгі қорлар өзінің техникалық сапалылығы және экономикалық тиімділігі бойынша артта қалып кетеді. конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.

Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін дүркін ауыстырып отырудың қажеттлігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы сапалық тозу болып табылады.  Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны  ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олар жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

Нарықтық қатнастарға өтпелі кезенінде негізгі қорларды жаңарту шығындарының қайнар көзі болып кәсіпорынның өзіндік қаражаттары болып табылады. Олар амортизациондық аударымдар ретінде негізгі қорлардың қызмет ету мерзім ішінде жинақталады. Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозуы олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түріндегі өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.

Сонымен, амортизация  бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте бірте ауысуы ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады. Амортизациондық аударымдар сомасы негізгі қорлардың құнына, олардың эксплуатация кезеніне, модернизация шығындарына байланыстыблып келеді.

              Нарықтық қатнастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себебті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қыскарады.

              Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржынның айналым мерзімін ұзартады. Ал бұл олардың ескіріп калуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.

              Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал жабдықтардың баланстык құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудін жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.

              Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен аңықталады.

              Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:

 

              Қ бқ    - Қ ж

М А =  ------------------------- Х   100%,  

    Қ бқ Х Мқ

 

 

Мұнда :

  МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері,( %),

            Қбқ – негізгі қорлардың бастапқы құны,

             Қж – жойылу құны,

             Мқ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.[1,66б]

             

Негізгі қорладың толық құнын қалпына келтретін қажетті амортизациондық аударымдар сомасын келесі формула арқылы еептеуге болады:

 

Аа = Ма х Қ

 

Мұнда:             

           Аа -амортизационды аударымдар

            Ма -амортизация мөлшері

           Қ  -негізгі қорлардың орташа жылдық құны[2,95б]

 

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептенеледі. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегінде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс аңықтау өте қажет:

      Негізгі қорлардың төзімділігі;

      Сапалық тозу;

      Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;

      Жабдықтау балансы;

      Жаңғырту және күрделі мүмкіндігі.[2,96б]

Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.

Амортизациялық аударымдар практикада екі әдіспен есептеледі: пропорционалды және регрессивті.

Пропорционалды әдіс  өзінің қызмет ету мерзімі ішіндегі жыл сайын

амортизациондық аударымдар негізгі қорлардың бастапқы құны бойынша бір нормамен есептелетінін сипаттайды. Амортизациялық аударымдардың пропоционалды әдісіне түзү сызықты бірқалыпты; еңбек құралдарының белгіленген қызмет ету мерзіміне байланысты тозудыесептеу; өндірілен жұмыс көеміне байланысты амортизацины есптеу. Амортизациондық аударудың бірқалыпты әдісі көптеген елдерде негізгісі болып саналады.Сонымен қатар амортизациондық аударымдар сомасын есептеу келесі сатылар бойыншаіс жүзеге асырылады:

1.      Негізгі қорларды амортизацияның бірдей нормасына ие топтарға бөлу

2.      Негізгі қорлардың топ бойынша орташа жылдық құны

3.      Амортизация сомасын  норманың қорлардың орташа балансталған құнына көбейтіндісі арқылы табу.

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны келесі формула арқылы есептеледі:

 

Св= С+    Сс * К- Свыб * (12-К)

                    12             12

 

Мұнда:

С -негізгі қорлардың период басындағы құны;

Сс -  негізгі қорлардың жоспарлы немесе есеп беру уақытындаға орташа жылдық құны;

Св -есеп беру уақытындағы негізгі қорлардың енгізу құндары;

С выб- есеп беру уақытындағы негізгі қорлардың шығару құны;

К  -есеп беру уақытындағы еңбек құралдардың қызмет ету айлары[3,118б]

          Бұл әдістің артықшылықтары: амортизациялық қорға түсетін аударымдардың бірқалыптылығы, тұрақтылық және пропорционалдық, есептеулердің қарапайымдылығы және нақтылығы.

Басқа пропорционалдық әдістер еңбек құралдардың бөлек түрлерінің қызмет ету шарттарының ерекшелігін есепке ала отырып, бірқалыпты әдіс болып табылады. Өндірілген жұмыс көлеміне байланысты тозу есебі , ең бастысы  жылжымалы автомобильдер  және қалалық транспорт құрылымы бойынша жүргізіледі. Тау кен өнеркәсіп салаларында амортизация есебі нақты алынған пайдалы қазбалар және нормалардан шыға отырып есептелінеді.

Пропорционалдық әдістердің кемшіліктері: олар әрқашанда  негізгі қорлардың толық құнын өндірілген өнім құнына өткізуді қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да еңбек құралдардың толық амортизациясы жүрмейді де, тікелей шығына әкелу мүмкін. Белсенді сапалық тозу әсеріне ұшыраған еңбек құралдардың тездетірілген ауыстуруына қажетті рессурстардың концентрациясын қамтамасыз ете алмайды.

Негізгі қорлардың тездтілген әдістердің қолдануына сәйкес амортизацияның ынталандыру рөлі жоғарлайды. Әлемдік тәжірибеде регрессивті және прогрессивті әдістердің көптеген түрлері қолданылады. Соның ішінде негізгілері үшеуі болып табылмайды; еңбек құралдардың қызмет ету мерзімінің қатаң белгілену әдісі; тұрақты пайыз әдісі; кумулятивтік әдіс.

Бірінші әдіс кезінде негізгі капиталдың амортизациондық қорға аудару мерзімі белгіленеді. Егер де 5 жыл мерзім белгіленсе, онда жыл сайын өнімнің өзіндік құнына капиталдың  20% аударылады. Алғашқы рет бұл әдіс 1940-1945жылдары әскери өндіріске жеке капитал салымдарын ынталандыру үшін қолданылған. Қазіргі кезде бұл әдіс таза күйінде кем қолданылады.

Тұрақты пайыз әдісінің  мәні амортизация мөлшері негізгі қорлардың қалдық құнының қосарланған норма бойынша (бірқалыпты әдіспен слыстырғанда) есептеледі.

Мысалы: Тұрақты пайыз әдісі бойынша есептелетін құралдар құны24 млн.тг –ні құрайды.Амортизация нормасы түзү сызық әдіс кезінде-7%. Тозуды есептеу 1жылы- 24миллионның 14% (қосарланған құн бойынша) = 3.36 млн. тг. 2ші жылы- 20.64( 24-3.36)милионның 14%  = 2.89млн.тг. 3ші жылы- 775 (20.64-2.89) милионның14%=2.49млн.тенгені құрайды.[3,119б]

Іс әрекеттегі еңбек құралдардың құны бастапқы жылдарында аударылады, бұл аударымдар амортизацияның маңызды бөлігін жаңа капитал салымдарына және құралдады жаңартуға мүмкіндік береді. Дегенімен бұл әдіс көп жылдарға созылып кетеді.

Кумулятивті әдіс немесе сандар соммасы құрамында бастапқы екі әдісті біріктіріледі. Еңбек құралдардың қызмет ету мерзімі нормаланады және экспулатацияға енген бастапқы жылдарында тозу нормасы көбейеді.

Мысалы:Кесте 1.1

Кесте 1.1

 

Қызмет ету жылдары

Кері тәртіпте жазылған

жылдар

Амортизация нормасы

1

6

6/21

2

5

5/21

3

4

4/21

4

3

3/21

5

2

2/21

6

1

1/21

6 жыл

21 бөлік

21/21

Информация о работе Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары