Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы күрделі нарықтық өзгерістер сатысынан өтіп өрістеу сатысында тұр. Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге өндірістік үздіксіз және динамикалық даму құбылысы тән. Капиталдық табыстылық деңгейін жоғарлату үшін өндірістің экономиклық тиімділігін арттыру мәселесі зерттеу қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіш ретінде өндірістік іс әрекетін жүзеге асыру үшін және тбысты алу үшін кәсіпорынның мүліктік құны, яғни негізгі қорлардың құны қолданылады.

Оглавление

ЖОСПАР

КІРІСПЕ............................................................................................3
І. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ...........4
1.1 Негізгі капиталдың мәні және оның құрылымы................4
1.2 Негізгі қорларды бағалау әдістері..........................................7
1.3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы..................10
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.......................................................15
2.1 Кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................19
2.2 Қазақстан өнеркәсібіндегі APH group кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануын талдау .............................................................................................................23
2.3 Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану жолдарын арттыру.........................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................29

Файлы: 1 файл

Курсовая. Негізгі қорлар.doc

— 271.50 Кб (Скачать)

 

Кумулятивті әдіс амортизациондық  еңбек құралдар құндарының олардың нормативтік қызмет ету соңғы мерзіміне толық өтелуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар амортизациондық аударымдардың маңызды  үлесі  бірінші, екінші жылдарында аударылады. Амортизацияның ынталандыру рөлі артады. [3,119б]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ  ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Кәсіпорының негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдау.

Негізгі қорлардың пайдалануын жақсарту өндріс тиімділігн арттыруға бағытталған ауқымы кен экономикалық проблемаларын шешуді көздейді: өнім шығарылымының артуы, еңбек өнімділігінің өсімі, өзіндік құнның төмендуі, капитал салымдарының үнемділуі, пайда және капитал рентабельдігін арттыру т.б.

Негізгі капитал пайдалануын сипаттау үшін жалпы, құндық, қатнастық және заттай көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Нарықтық экономика қатнастар жағдайында кәсіпорын іс әрекетінің тиімділігін сипаттайтын жалпы крсеткіші болып рентабельдік табылады, яғни пайданың негізгі және айналым капиталдардың  авансталған орташа жылдық құнына қатнасы. Бұл көрсеткіш негізгі қорлар қатнасы ретінде анықталуы және динамика ретінде құрылуы мүмкін.

Негізгі қорлардың құрылымы және техникалық деңгей мәліметтеріндегі өнім шығарылымын арттыру, өзіндік құнының төмендеуі және кәсіпорын жинақтарының өсімі тікелей пайдалану деңгейін байланысты.

Барлық пайдалану көрсеткіштері үш топқа біріге алады:

      Негізгі өндірістік қорлардың уақыт бойынша пайдалану деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіштері ( жабдықтың пайдаланудың экстенсивті көрсеткіші, ауыстрымдылық коэффиценті, енгізу т.б. коэфиценттері )

      Өнімділігі бойынша пайдалану деңгейін көрсететін интенсивті көрсеткіштер

      Экстенсивті және интенсивті факторлардың жиынтығын есепке алатын интегралдық көрсеткіштер.

Экстенсивті коэффиценті құралдың нақты қызметінің оның жоспарланған қызмет сағаттарына қатнас ретінде анықталады, яғни

 

Кэкст.=t обор.ф/tобор.пл

 

Мұндағы:

             t обор.ф құралдың нақты жұмыс уақыты, сағ.

            t обор.пл нормаланған жұмыс уақыты,сағ[2,98б]

 

Интенсивті коэффиценті негізгі технологиялық құралдардың нақты өнімділігінің оның нормативті өнімділігініңқатнасы ретінде анықталады, яғни келесі формула арқылы

 

Кинт =Вф/ Вп

 

Мұндағы:

            Вф  құралдың бірлік уақыттағы нақты өнім шығарылымы

                  Вп    құралдың бірлік уақыттағы техникалық негіздіген өнім      шығарылымы

Интегралдау коэфифиценті келесі формула арқылы есептелінеді[2,98б]

 

К инт.гр= Кэкст* Кинт

 

 

Негізгі капиталдың пайдалану деңгейін көрсететін жалпы көреткіштерге қор қайтарымдылық және қор сыйымдылық  жатады. Қор қайтарымдылғы бұл жыл ішіндегі  немесе басқа уақыт мерзімінде өндірілген өнімнің негізгі өндірістік қрларды орташа жылдық құнына қатнасы ретінде анықталады. Қор сыйымдылығы қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш болып табылады, яғни орташа жылдық құнының өндірілген өнімге қатнасы ретінде анықталады.Бұл көрсеткіштерді есептеген кезде капиталдың орташа жылдық құны орташа жылдық бағалар есебінен шығуы керек. Қор қайтарымдылық іс әрекеттегі негізгі капиталдың әр тенгесінен алынған қанша өнім алынғанын көрсетеді; ал қор сыйымдылығы өнімнің берілген көлемін өндіру үшін қажетті негізгі капиталдың құн көлемін көрсетеді. Қор қайтарымдылық көрсеткіштері негізінен іс әрекеттегі қорлардың пайдалану деңгейін талдау үшін қолданылады; ал қор сыйымдылық  көрсеткіштері ең бастысы перспективалы жобалау кезінде негізгі қорларға және капитал салымдарына деген қажеттіліктерін жоспарлау үшін қолданылады.             

Жоғарыда айтылғанға сәйкес  қор қайтарымдылық көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:

             

         V

Ққ = -------  ,

         Қ

 

Мұнда:

     V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн                                                                    есебімен,

               Қ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.[1,68б]

 

              Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану  деңгейін  егжей тегжей талдау үшін пайдалыналады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақаттанғадығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақатанған қорға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте онды нұсқа болып есептеледі.Өйткені осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның қарсы көрсеткіші   өнімнің қор сыйымдылығы.  Бұл өнімнің өлшемін ешаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды.

           Қо

Қ  = -----  ,

            Өқ

Мұнда, Қо – жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты бөлігінің құны, теңге,

                Өқ - негізгі өндіріс қордың орташа жылдық құны, теңге.[1,68б]

 

         Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру  үшін  олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет.

              Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі  жабдықтардың  пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді. Сонымен қатар келесі факторларға назар аудару қажет:

      Құралдардың жұмыс істеу сменаларының ауыстыру коэффициенттерін арттыру

      Қуаттылық және уақыттың пайдалануын арттыру

      Қайтадан енгізілген жаңа қуаттылықтарды игеруді тездету

      Қолмен орындалатын еңбекті машинамен ауыстыру

      Қайта енгізілген, жөнделген, құрылған қуаттылық бірліктер құнынын төмендеткізу т.б.

Сонымен қатар негізгі қорларды пайдалану деңгейі және көлемі кәсіпорын өндірістік өнімділігін анықтайды.

Кәсіпорынның өндірістік өнімділігі бұл уақыт бірлігіндегі барлық өндірістік құралдардың толық пайдалану кезіндегі өнімнің заттай түрдегі жәнежоспарланған номенклатура бойынша мүмкін болатын максималды шығарылымы.

Өндірістік өнімділік берілген өнімнің жоспарланған өндіріс бірліктерінде есепьейді (тонна, бірлік, метр). Кәсіпорын өндірістік өнімділігі жетекші өндірістік цех, аланжәне агрегаттар бойынша анықталады. Жетекші цех, алан, агрегат болып берілген өнім өндірудегі ең маңызды және массалық операцияларды орындағандар табылады. Қара металлургияда мұндай жетекші цех  домен, мартен, болат еріткіш цехтері; түрлі түсті металлургияда  электролиздік ванналар; тестильде  тоқу және жіп иіру өндірісі; машина құрылыс заводтарында  механикалық және жинақтау цехтері болып табылады. 

Кәсіпорын өндірістік өнімділік мөлшерін анықтайтын элементтер:

      Құралдар құрылымы және түрлер бойынша мөлшері

      Машиналар мен жабдықтардың қолданудың технико экономикалық көрсеткңштерң

      Жабдықтардың жұмыс істеу уақыт қоры

      Кәсіпорынның өндірістік алаңдары

      Берілген жабдықтар құрамы кезіндегі өнімнің еңбексыйымдылығына әсер ететін жобалаған номенклатура және  ассортименті

      Жетекші өндірістің өндірістік өнімділігін мына формула арқылы анықтауға болады:

 

 

М=n*Фмакс

            Мт

 

Мұндағы: М цех, алаң берілген бірлік өлшеміндегі өндірістік                     өнімділік    

                    N цехтегі жетекші құралдардың бірлік саны

                     Фмакс жетекші құралдың максималды мүмкін болатын жұмыс уақыт қоры

                    Мт жетекші құралдағы өнімді қайта өндеудегі еңбек сыйымдылығының прогрессивті нормасы[2,101б]

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстан республикасындағы  APH group кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануын талдау

Сонымен көріп отырғанымыздай кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі тікелей негізгі  қорлардың пайдалуына  байланысты. Өндіріс өнімділігі де, өнім шығарылым көлемі, рентабельділік деңгейі де барлығы негізгі қорларға тәуелді болады. Сондықтан да негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері кәсіпорын қызметінде маңызды фактор болып табылады. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары әлем елдерінде өте актуалді проблемалардың қатарына кіреді. Қазақстан Республикасында да бұл маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Негізгі қорлардың пайдалануын талдау үшін полиграфия саласындағы  APH group типографиясыныңнегізгі қорлардың пайдалануын талдау арқылы біз Қазақстандағы жағдайы туралы түсінік ала аламыз.[4,51б]

Кәсіпоынның активтерін талдай отырып біріншіден олардың құрамына және құрылымындағы өзгерістерді талдап, бағалау керек.

 

Кесте 2.1

2001-2003 жылдар арлығындағы APH group тың активтер құрылымы

             

Кәсіпорын құралдары

 

2001 ж

2002ж

2003ж

 

Мың тг

%

Мың тг

%

Мың тг

%

Айналмалы емес активтер

151604.1

78.5

144856.3

65.7

138126.5

54.1

Айналымдағы ыктивтер.

Соның ішінде:

 

А) өндіріс саласында

 

Б)айналым саласында

41626.3

 

 

14004.3

 

27622.0

21.5

 

 

33.6

 

66.4

75695.6

 

 

40701.4

 

34954.2

34.3

 

 

53.8

 

46.2

117370.5

 

 

67740.4

 

49630.6

45.9

 

 

57.7

 

42.3

Барлығы

193230.4

100

220512.0

100

255497.0

100

 

Кестенің нәтижелерін қарастырылып жатқан кезен аралығында талданатын кәсіпорынның активтердің құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырады: айналымдағы емес капиталдың үлесі азайды, сәйкесінше айналым қорлар ұлесі  24.4 % ға өсті, сонымен қатар өндіріс саласында   24.1 % ға  өсті, сәйкесінше айналымдығы 24.1% ға төмендеді. Сонымен қатар қорлардың құрылысы да өзгерді: 2001 жылы айналым капиталының айналымдағы емес капиталға қатнасы 0.27 ге, ал 2002  жылы 0.52 ге, ал 2003 жылы 0.85ті құрады. Осының барлығы активдердің айналымдығының жоғарлануына әкелді. Бүкіл период үшін айналымдылық 44.8 ге жоғарлады. Кәсіпорын активтерінің құрылымдық өзгерістерін түсіндіру үшін  осы өзгерістердің пайда болу себептерін талдау керек.

Бірінші кезекте, APH group тың  баланста есептелген айналымдағы емес активтер бұл материалдық емес активтер және негізгі капитал, яғни оларды машина, жабдықтар және де басқа шаруашылық жиһаздар деп бөлуге болады,

Жалпы айналымдағы емес капитал құнының  0.7 % ын типографияның материалдық емес активтер құрайды, ал қалған 99.3% негізгі каитал кұрайды; соның ішінде машиналар және жабдықтар үлесі 97.8ге тең, өйткені кәсіпорын балансында ғимараттар жоқ, ал қажетті аландар арендаға алынады. Материалдық емес активтердің және барлық түрлер бойынша амортизациондық жарналарың жоқтығынан материалдық емес активтердің құрылымы тұрақты және 10 %ды құрайды. Ең үлкен үлесті 93.7%ды бағдарламалық қамтамасыздандыру алып отырады. Бұл кездейсоқтықтан емес.өйткені полиграфиялық кәсіпорын үшін компьютерлік жабдықтаудың маңызды мөлшері қажет.

Жыл сайын негізгі капиталдың орташа жылдық құны 4.5% сатылы түрде қысқаруда; яғни машиналар мен жабдықтардың құнынын 4.5% зы жыл сайын молшерде дайын өнім құнына өткізіледі.Негізгі капиталдың амортизациясы түзу сызықты және өндірістік әдіс бойынша есептеледі. 2000-2001 жылдары Арт Принт Хаус Груп фирмасы полиграфия саласында инвестицияларды қажет ететін жаңа технологияларды қолдана бастады, нәтижесінде кәсіпорын рентабельділігі шамалы төмендеді. Бірақ та көтерңлгеншығындар кейінен өтелді, өйткені қаңылтырды қолданатын жаңа технологияны қолдана отырып фирма жаңа клиенттермен тиімді тапсырыстар ала бастады да өндірілген өнімнен пайда арта бастады.

Жаңарту , шығарылым коэффицентері, негізгі каиталдың жалпы қозғалысының бағасын береді де, онымен қатар бұл көрсеткіштер кәсіпорынның техниканың қайта қарулану деңгейін және техникаының жаңару белсенділігін көрсетеді. Негізгі  капиталдың   жағдайын бағалау үшін төзімділік және тозу коэффиценттері анықталады.[4, 53б]

 

 

 

 

 

Информация о работе Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары