Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:00, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы күрделі нарықтық өзгерістер сатысынан өтіп өрістеу сатысында тұр. Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге өндірістік үздіксіз және динамикалық даму құбылысы тән. Капиталдық табыстылық деңгейін жоғарлату үшін өндірістің экономиклық тиімділігін арттыру мәселесі зерттеу қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіш ретінде өндірістік іс әрекетін жүзеге асыру үшін және тбысты алу үшін кәсіпорынның мүліктік құны, яғни негізгі қорлардың құны қолданылады.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ............................................................................................3
І. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ...........4
1.1 Негізгі капиталдың мәні және оның құрылымы................4
1.2 Негізгі қорларды бағалау әдістері..........................................7
1.3 Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы..................10
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.......................................................15
2.1 Кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін талдау .............................................................................................................19
2.2 Қазақстан өнеркәсібіндегі APH group кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануын талдау .............................................................................................................23
2.3 Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану жолдарын арттыру.........................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................29
Кесте 2.2
APH group тың жылдары үшін негізгі қорлардың техникалық жаңарту және қозғалысы туралы мәліметтер
Көрсеткіштер | Көрсеткіштер деңгейі | ||
2001 | 2002 | 2003 | |
Жаңару коэффиценті ,% | 2.3 | 18.2 | 7.2 |
Жаңарту мерзімі, жылдар | 47.9 | 5.3 | 15.8 |
Шығу коэффиценті,% | 13.2 | 15.7 | 18.4 |
Жыл соныңдағы тозу коэффиценті,% | 23.9 | 31.2 | 42.1 |
Жыл соныңдағы жарамдылық коэффиценті,% | 76.1 | 68.8 | 57.9 |
Кесте мәліметтері бойынша жаңарту коэффиценттерінің ең жоғарғысы 2002 жылы болды және 18.2% тең. Мұның себебі 2002 жылы 26623.2 мын тг. сомаға сатып алынған көрсететін қызмет көлемін ұлғайту және баспа өнімдеріндегі үлкен форматтағы басуларды ұлғайту үшін қолданатын жаңа технологияның енгізілуі болып табылады. Сонымен қатар магнилік клишелерді өндіретін жүйе енгізілді. Егер де жаңару коэффиценттері кейін де сол қалыпта қала берсе, онда жабдықтар толығымен 5.3 жыл ішінде жаңарар еді. 2003 жылы жаңару коэффиценттері төменрек болды да 7.2 пайызды курады , сондықтан да жаңару мерзімі де он жылға созылып кетеді. Шығарылым коэффиценттерінің тұрақты өсуі байқалуда; 2001 жылы жабдықтардың шығарылым құны 13.2, 2003 жылы -18.4 құрады. Жыл сайын тозу коэффицент мәні өсуде және жарамдылық коэффиценттері қысқарғаны байқалады. 1999 жылдың соныңда жабықтардың тозбаған бол г 76.1% га тең болған, ал 2001 жылы 57.9%, яғни негізгі капиталдың дайын өнімге өткізілген құнының үлесі 42.1% тең.
Нәтижеде айналымдағы емес активтердің орташа жылдық құны олардың интенсивті шығарылудың себебінен қысқарғаны байқалды, бұл әсіресе 2001-2003 жылдары айқын көрінді. Ал айналымдағы активтердің өсімі, өндірістегі айналым құралдарын қосқанда типографиядағы болған өзгерістерді келесі кесте арқылы түсіндіруге болады.
Кесте 2 .3
APH group тың 2001-2003ж.ж айналым капитал құрылымы
Айналым құралдары | Орташа жылдық құны Мың тг. | Құрылым,% | ||||
2001ж | 2002ж | 2003ж | 2001ж | 2002ж | 2003ж | |
Материалдар | 13311.0 | 39041.6 | 6156.0 | 32.0 | 51.6 | 52.4 |
ТМҚ | 693.4 | 1659.8 | 6179.7 | 1.7 | 2.2 | 5.3 |
Дайын өнім | 3921.7 | 3991.8 | 3362.4 | 9.4 | 5.3 | 2.9 |
Дебиторлық борыш | 18748.0 | 26624.2 | 38281.6 | 45.0 | 35.2 | 32.6 |
Ақшалай құралдар | 4952.2 | 4338.2 | 7986.5 | 11.9 | 5.7 | 6.8 |
Барлығы | 41626.3 | 75655.6 | 117370.6 | 100 | 100 | 100 |
Кесте мәліметтерін талдай отырып біраз ауытқуларды көре аламыз. 2002жылыматериалдардың қалдық құнының орташа жылдық 3есе ұлғайды, ал 2003 жылы тағы да өсті. Осының барлығы айналым капиталдыц айналысының тежеушілігіне әкеледі, потенциалды табыстардың төмендеуіне, тауарлы материалды қорлардың сақталануына кететін шығындадың өсуі байқалады. Көріп отрғанымыздай дайын өнімнің қалдық құны шамалы тұрақты болып келеді.
Тапсырушының қалауын орындау мақсатында кәсіпорын басқа типографиялармен, мысалы «Интерсервис», «Таймас принтхаус», «Технология изображения» келісімдер жүргізеді. Кооперация деңгейі шамалы болғандықтан кейбір жұмыстарды (үлкен форматтағы өнімдер шығару, УФ лакпен жалату т.б) басқа типографияларға тапсыру тиімдірек болады. 2001 жылы 5.4% , 2002жылы- 2.5%, ал 2003жылы- 0.4%ға тең болды. Құрылымда дайын өнім және тауарардың жалпы үлесінің 9.4% дан 2.9% га дейән қысқарғаны, айналымдағы басқа элементтерінің өсімімен түсіндіріледі.Тапсырыстың жоарлау нәтижесінде дебиторлық борыш азайды. Фирманың орташа жылдық активтердің өсімі байқалды, бұл негізінен барлық капитал салымдарының айналымдығын тежеу керек болған, бірақ та тежемеген. Өйткені өткізуден түсетін табыс темптері активтердің өсу темтерінен жоғары болады. Бұл коэффицент 2002 ж 1.097, 2003ж -1.322, сәйкесінше актив айналымдығының жылдамдығын қамтамасыз етеді 9.4және 32.4.
Сонымен APH group тың технико экономикалық анализін талдай отырып өндірістік тиімділігне қорытынды жасау керек. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын сапалы өнімдерді шығару және кәсіпорынның пайда алуы әр тауар өндірісінің тиімді көрсеткіші болып келеді. [4,54б]
2.3 Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
Қарастырылған полиграфия саласындағы кәсіпорының экономикалық іс әрекетінің талдауы нәтижесінде біз мынадай тұжырымдар шығара аламыз. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі тікелей негізгі қорлардың өнімділігіне, пайдалану көрсеткіштеріне, амортизация жарналарына тікелей тәуелді деп айта аламыз. Сондықтан да негізгіқорлардың қолданудың жақсарту жолдары қазіргі кезде өте көп талданатын мәселелердің бірі болып табылады. Көріп отырғанымыздай негізгі қорларды пайдалануын арттырудың маңызды факторы болып техникалық жаңарту және Ғылыми Техникалық Прогресс жетістіктерді енгізу болып табылады. ҒТП жетістіктерін енгіздіру өндірістің автоматизациясын және механизация деңгейін жоғарлатады, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттырадады, материалдық шығындарды үнемдеуге көмектеседі, мәдениетті көтереді және өндіріс қауіпсіздгін жоғарлатады.
Жабдықтардың тәуліктік, сменалық әрекетсіздіктің себептері болып жөндеу, бұзылу, материалдардың жетіспеушілігі т.б табылады. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін арттыр жолдары келесіжүйе арқылы көріну мүмкін:
І. Еңбек құралдардың техникалық жетістілігі
Ескірген техниканы ауыстыру, жабдықтарды модернизациялау
Көмекші құралдардың және қызмет ететін өндірістерді механизациялау
Кешенді автоматизация базасында техникалық қайта қаруландыру
ІІ. Машиналар және жабдықтардың жұмыс істеу уақытының артуы
Бос тұрған жабдықтарды ликидациялау
Жабдықтар жөндеу уақытын қысқарту
ІІІ. Өндістіруді басқару және ұйымдастыруды арттыру
Материалды техникалық рессурстармен қамтамасыз етуді жақсарту
Жұмыскерлерді ынталандыру
өндірісте ғылыми ұйымдастыруды енгізу.[3,124б]
Көріп отырғанымыздай ҒТП жетістіктерін енгізу саясаты, яғни инновациялық саясат маңызды факторлардың бірі болып табылады. Инновациялық саясаттың негізгі мақсаты болып кәсіпорынның технологиялық деңгейін және бәсекқабілеттілігін арттыру табылады.
Қойылған масатқа жету инновациялық процесстің статистикалық ақпаратсыз мүмкін емес. Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігімен қазақстандық кәсіпорындарда конъюнктуралық зерттеулер жүргізілген. Анкета 17 көрсеткіштерді құрамына кіргізген; соның ішінде кәсіпорынның жүмысшылар саны, өндірістік қуаттылықты енгіздіру деңгейі, жаңа технологиялық процесстерді енгізу т.б.
Бұл зерттеуде 2000 жылы 105 кәсіпорын қатысты, ал 2001жылы 106 кәсіпорын, республикамыздың 16 өндірістік саласы; соның ішінде азық түлік саласынан 25 кәсіпорын, машина құрылыс және металлөндеу саласынан 21, жеңіл өнеркәсіп 8, мүнай өндіру 7, қүрылыс материалдардың өндіріс саласынан 6, химиялық және мүнай өндіру саласы 5, тау кен өндіріс саласынан 4.
Талданған мерзім ішінде зерттелген кәсіпорындарда мынадай экономикалық көрсеткіштерді экономикалық өсубайқалуда: негізгі өнім түрлерінің шығарылым мен өткізу көлемдерінде, жұмысбастылықтардың өсімі және негізгі қорларға инвестициялық аударымдардың өсуі.
Алынған нәтижелер келесі диаграммада көрінеді.[]
Диаграмма 1
Өндіріс салаларында зерттелген нәтижелерін талдай отырып келесі қорытындылар шығара аламыз. Өндірістік өнімділік деңгейі өндеу саласында 2001жылы 2000 жылмен салыстырғанда 4.2%ға қысқарды, ал түрлі түсті металлургияда 8 %ға, қара металлургияда 2% ға қысқарды. Зерттелген кәсіпорындарды өндірістік өнімділікті енгізу дәрежесіне байланысты оларды үш топқа бөлеміз:
І топ өндірістік өнімділік дәрежесі 70 %дан асатын кәсіпорындар (мұнайй, тау кен,металлургия саласындағы).
ІІ топ енгізу дәрежесі 50ден70%ға дейін (темір жол, полиграфия, сумен қамтамасыз ету, арақ шарап, жеңіл өнеркәсіптер).
ІІІ топ енгізу дәрежесі 50%ға жетпейтін кәсіпорындар ( өндірістің басқа да салалары).
Байқалғаны инновациялардың көбісі кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары арқылы іс жүзеге асады. Мемлекет тарапынан қаржыландыру тек қана энергетика, машина құрылыс салаларында азғантай мөлшермен жүргізіледі. Мысалы энергетика саласында бюджеттен алынған қаражат 2000жылы 6%дан 5%ға дейән қысқарды, ал электротехника саласыда 2001жылы 12.7ден 1.5%ға дейін, машина құрылыс саласында 7.3тен 4.4%ға дейін қысқарды.
Кәсіпорындарда отандық және шетелдік ғылыми техникалық жетістіктерді енгізіледі.[]
Диаграмма 2
Байқағанымыз, егер де 2000 жылы зерттелген кәсіпорындарда отандық технологиялардың 107 , ал 2001 жылы 221 жетістіктер енгізілді. Олардың көбісі мұнай өндіру салаларына келеді 2000 жылы 27, 2001жылы 100, машина құрылыс және металлөндеу салаларында сәйкесінше 36-54, және жеңіл өнеркәсіпте 22-29 енгізілді.
Кәсіпорындарда инновациялық іс әрекетті тежейтін факторлар:
Өзіндік қаржылардың жетіспеушілігі;
Мемлекет тарапынан жеткіліксіз және қаржылық көмек;
Екінші деңгейлі банктерден несие алу қиындығы;
Кәсіпорынның инновациялық потенциалдығының төмендігі;
Жоғары экономикалық тәуекел;
Жаңа технологиялар туралыақпара жетіспеушілігі;
Заң және нормативтік құқықтық базаның жетілмеуі;
Кәсіпорындардың консерватизмділігі;
Сонымен алынған нәтижелер негізінде келесі тұжырымдарды шығаруға болады; республиканың өндірістік кәсіпорындарда инновациялық дәреженің төмендігі, жоғары технологиялы және ғылыми сыйымды технологиялардың жоқтығы, жалпы технологиялық базалардың жақсармауы т.б.
Экономиканың инновациялық даму жолына кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыруға бағытталған инновациялық саясат іс жүзеге асу мүмкін емес. Бұл мәселелерді жалпы экономикалық салаларын мониторинг жүргізусіз және инновациялық дамуды зерттеусіз шешуге мүмкін емес.[5, 79б]
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы айтқандардыңбарлығын қорыта келгенде мынадай тұжырымдар шығаруға болады. Негізгі қорлардың заттық маамұны еңбек құралдары. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік прцесске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді. Негізгі қорлар өндірістік материалды техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуатымен еңбектік техникамен қаруландыру деңгейіне байланыстс болады.