Зейнетақы жүйесін жетілдірудің экономикалық тетіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 12:55, автореферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.

Файлы: 1 файл

зейнетақы жүйесі.doc

— 474.00 Кб (Скачать)

ӘОЖ  35.087.43:364 (574)                                                                         Қол жазба құқығында

 

 

 

 

МЕРГЕНБАЕВА   АЗИЗА   ТОЙМАХАМБЕТОВНА

 

 

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ

 

 

 

 

 

08.00.05. – экономика және халық шаруашылығын басқару

              (салалар мен қызмет сфералары бойынша)

 

 

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Түркiстан, 2009

 

 

Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде орындалды

 

 

Ғылыми жетекшiлері:                                           экономика ғылымдарының докторы,

                                                                                    Утаров А.К.

 

экономика ғылымдарының кандидаты,

Қалықұлов Қ.М.

 

Ресми оппоненттері:                      экономика ғылымдарының докторы,        профессор Шалболова Ү.Ж.

                                                                                                                                                                                                          экономика ғылымдарының кандидаты,

Тұрсынбаева Д.К.

 

 

 

Жетекшi ұйым:              Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті                                         

 

 

 

Қорғау 2009 жылы 23 мамыр сағат 1100-де Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiндегі докторлық диссертациялар қорғау құқығына ие  Д 14.61.15 диссертациялық кеңесiнде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркiстан қаласы, университет қалашығы.

 

 

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің кiтапханасында танысуға болады.

 

Автореферат  22 сәуір 2009 жылы таратылды.

 

 

Диссертациялық кеңестiң

Ғалым хатшысы                                                          

э.ғ.д.,профессор                                                         Ж.С. Раимбеков

 

Кiрiспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан – 2030” Жолдауында “Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi - халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту” деп атап өтті.  Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50  елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі - Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай  қарқынды  дамып,  зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.

Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.

Қазақстанның нарықтық қайта құрулары мен макроэкономикалық көрсеткіштегі оң өзгерістеріне қарамастан, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі кезеңнің талаптарына сай келе алмай отыр.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі – жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: “Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін” деген ойымен де расталды. 

Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік–қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.

ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық, құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен  кепілдендірмесе  зейнетақы қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады. Осыған байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субьектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан да зерттеу жұмысы тақырыбының таңдалу себебі әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына бағытталған зейнетақы жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігімен негізделеді.

Жұмыстың  ғылыми – зерттеу деңгейі. Экономикалық мектептердің көпшілігінде қоғамдағы еңбекке қабілетсіз мүшелеріне әлеуметтік–экономикалық қорғауға әрқашан жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген. Бұл мәселелерге тоқталған: А.Смит, У.Петти, Д.Рикардо, Д.Кейнс, А.Маршал, П.Даймонд, Х .Пинер және т.б. классиктер болды.

Халықты зейнетақымен қамтамыз ету мәселелері ТМД ғалым экономистерінің еңбектерінде де, яғни: А.Аникеева, В.Агорхан, Е.Астрахан, С.Афанасьева, А.Берг, А.Вихляев, Н.Ветрова, Л.Вульф, М.Герасимов, А.Егоров, М.Захаров, Л.Зубненко, Л.Лебедева, В.Михеев, Б.Ракитский, Л.Соловьева, Е.Четыркин, Ю.Шартов және т.б. ғалымдардың  жұмыстарында қарастырылған. Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің қызмет етуі кезінде Қазақстандық нарықтың ерекшелігін ескеру қажет. Берілген тақырыптың әртүрлі аспектілері: Н.М.Мамыров, Т.Н.Рогачева, Ж.О.Ихданова,                   Н.Н. Хамитова еңбектерінде көрініс тапқан. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет етуіне қатысты мәселелерді және әлеуметтік аннуитеттік сақтандыру   мен  әлеуметтік   нарық   мәселелерін    зерттеушілер   қатарына                          Н. Алимуханбетов, Г.Ж Карагусова, Г.А Марченко сияқты эксперттерді атап өту керек. Жинақтаушы зейнетақы  қорларының  қаржы құралдарындағы   ерекшеліктері В.Г.Ли еңбегінде зерттелген.

Зейнетақы қорларының институционалдық инвестор ретінде қызмет етуі, қор нарығының дамуы және әлеуметтік мәселелерді шешу тетіктері мен олардың қарқыны А.А.Алимбаев, Р.А.Алшанов, У.Б.Баймуратов, С.Х. Берешов, А.Б.Зинельгабдин, Р.Е.Елемесов, А.С.Есентугелов, Г.А.Есіркепов, У.И.Искаков, Л.Е.Ибрагимова, К.К.Ильясов, А.К.Кошанов, М.В.Кенжегузин, К.С.Мухтарова, Н.К.Нурланова, А.Х.Нурсейітова, Г.Н.Сансызбаева, К.М.Тулепбаев, Д.К.Турсынбаева, Г.Н.Шалгинбаева еңбектерінде көрініс тапса, соңғы жылдардағы әлеуметтік саясат және республикадағы іске асып жатқан зейнетақы және әлеуметтік– экономикалық қайта құрулар, зейнетақы активтерді басқаруды жетілдіру А.М.Жуманов, Р.С.Каренов, Ш.К.Көпешов, Б.С.Мырзалиев, А.А.Сатыбалдин, С.Д.Тәжібаев, Т.Я.Нурымбетов, Ә.К.Утаров, Ұ.Ж.Шалболова, сияқты және басқа да  экономист ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 

Алайда, Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қалыптасуына арналған зерттеулерде халықты мемлекеттiк емес зейнетақымен қамтамасыз етудің қаржылық тетігі, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекетi және оны басқару тетігі, зейнетақылық активтердiң инвестициялық қоржынын қалыптастыру, оны ұтымдастыру жөнiнде ұсыныстар жасау, сонымен қатар елдiң экономикасын қаржыландыруда зейнетақы қорларының активтерiн пайдаланудың болашағы жөнiндегi мәселелер жан-жақты жетілдірілуді қажет етеді. Сондықтан, нарықтық экономикада ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетiлдiру бойынша әдістемелік  нұсқаулар дайындап, ғылыми негiзделген ұсыныстар беру.

      Зерттеудiң міндеттері. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

                       тұрғындарды  зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық мәнін нақтылау және теориялық негіздеу ;

                       экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен салыстыра зерттеу;

                       тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін зерттеу және талдау; 

                       зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің  тиімділігін арттырудың факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;

                       зейнетақы  қорларының қызметтерін кеңейтудің қажеттілігін ғылыми негіздеу;

                       зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша  ұйымдастырушылық – экономикалық тетіктерін жасау;

                       зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасауда экономика-математикалық үлгілерін ұсыну.

      Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасындағы халықты мемлекеттiк емес зейнетақымен қамтамасыз ету үрдісінде пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар қарастырылады.

       Зерттеудiң нысаны болып Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi табылады. 

       Диссертациялық зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзi болып Қазақстандық және шет елдiк ғалымдардың ғылыми зерттеулері; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету қатынастарын реттейтiн заңнамалық  және нормативтік актілер, зейнетақы жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары  табылады.

Диссертациялық жұмыста мемлекеттiк статистикалық Агенттіктердің, бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық Комиссиясының, жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттеу жөнiндегi Комитеттiң, ҚР-ның қаржы нарығы және ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің деректері, жинақтаушы зейнетақы қорларының анықтамалық, статистикалық материалдары және есеп беру мәлiметтерi, мерзiмдi басылымдардың материалдары, халықты жинақтаушы зейнетақымен қаматамасыз ету мәселелерiне арналған конференциялардың материалдары пайдаланылды.

Мәселелерді шешу тәуелділігіне байланысты әр-түрлі зерттеу әдістері қолданылды: топтастырулар, орта шамалар табу, графикалық әдістер, мәліметтерді талдау және жинақтаудың экономикалық–статистикалық әдістері,  салыстырулар тәсiлдерiн пайдалану арқылы және басқалар.

Қорғауға шығатын диссертациялық  жұмыстың негізгі тұстары:

-   тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік- экономикалық мәнінің ғылыми тұжырымдамасы;

-   жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыру жүйесін тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуге енгізу қажеттілігіне тұжырымдама;

-   тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастырудың әдістемелік негізі;

-   жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражаттарды тиімді пайдалану, қор активтерін сақтандыру және салымшылар санын арттыру мақсатында зейнетақы жүйесін  жетілдірудің экономикалық –математикалық үлгілері мен даму болжамы;

Диссертациялық жұмыстың ғылыми  жаңалығы:

-     ғылыми зерттеулер негізінде тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық мәні тиянақталды;

-     зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің дамуындағы әсер етуші факторлар анықталды;

-     жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыруды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне енгізу қажеттігі негізделді;

-     зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастыру тетіктері жасалды;

-     тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіретін ұсыныстар берілді;

-     зейнетақы жүйесінің дамуы мен қызметінің экономикалық тиімділігінің үлгілері жасалды.

        Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде негiз   бола алады. Диссертацияның жеке тұстарын ЖОО-да сабақ өткiзуде экономикалық саясат, сақтандыру, қаржы нарығын және делдалдар, экономиканы мемлекеттік реттеу курстарын оқытуда, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша оқу-әдiстемелiк материалдарды жасауда қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелерiнiң сынақтан өткізілуі және тәжiрибелiк қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негiзгi тұстары мен қорытындылары халықаралық және республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияларда баяндалған. Зерттеу нәтижелерi “Қазақстан Халық Банкі” ЖЗҚ АҚ ОҚО өкілеттілігінің бағдарламасына енгізіліп,  Х.А Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ-нің оқу үрдісінде қолданылды.

Зерттеулер қорытындысы жарияланған жұмыстар. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемi 4,5 баспа табақ болатын 12 ғылыми жұмыс жарияланды, соның ішінде: Қарағанды университетінің (“Наука и образование–ведущий фактор стратегии “Казахстан-2030”.- Қарағанды, 2002 ж.), Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ-нің (“Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері” (Шымкент, 2003 ж.),  М. Әуезов ат. ОҚМУ-нің (“Әуезов оқулары-3”.- Шымкент, 2007 ж.) ұйымдастырылуымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Іздену жұмысының материалдары 129 жазба, 20 кесте және 18 сурет түрінде берілген.

 

 

Жұмыстың негізгі мазмұны

       Бірінші “Зейнетақы жүйесін жетілдірудің теориялық-әдістемелік негіздері” тарауында әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер және осы қызмет түрін реттеудің әдістемелік негіздері зерттелді.

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы іс-әрекеттер қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік қызмет болып табылады. Ол ұлттық табысты қайта бөлу тетігі арқылы өзінде реттеу құралдарын зейнетақымен қамтамасыз етуге бағыттайды және соған сәйкес экономикалық қатынастардың нысаны ретінде қатысады. Себебі, ол қоғамның жұмыс істемейтін мүшелеріне көмек көрсетудің мүмкіндіктерін және осы көмектердің өлшемдерін анықтайды.

Әлеуметтiк қамсыздандыру, соның iшiнде зейнетақымен қамтамасыз ету қазiргi түсiнiктеме бойынша тек XІX ғасырдың соңында ғана қалыптасқан. Ең алғашқы мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi XІX ғасырдың соңында Германияда тосын жағдайлардан және науқастығы жөнiнде сақтандыру, қарттығы мен мүгедектiгi бойынша зейнетақы енгiзу туралы, сонан соң  Канадада, Францияда, Италияда, Ұлыбританияда және басқа да мемлекеттерде заңдарды қабылдауға байланысты құрылған.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақыны қайта құру үрдісі өзара алмасу тәртібінде өтіп жатыр. Бұл табиғи қарқын. Өз қоғамының қатынастарына өзге әлеуметтік тетіктерді ендіру ғылыми–техникалық және экономикалық алмасуды қолдануға қарағанда тиімді екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Айырмашылығы тек қоғамдық тетіктің белгілі бір даму кезеңінде “кері реакция” көрсетуінде ғана болуы мүмкін. Оған арнайы жасалған бейімделу тетіктерінің көмегімен қарсы тұруға тура келеді. Бұл жағдай қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру үшін өте маңызды, өйткені қарастырылатын қарым–қатынаста бұл бәріне тән. Экономистер нарықтық қайта құрулар жасау кезеңінде ерте ме, кеш пе бейімделудің нақ осы деңгейі қайта құруда теріс өзгерістерге ұласатындығын айтқан болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекет пен зейнетақылық қамтамасыз етудің өзара әсерлесуінде екі жақты көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, либералды экономиканың жақтастары мемлекеттік билік қажетті және жеткілікті түрдегі ең төменгі бақылаушы қызметтерінің жиынтығын өзіне қалдыруы тиіс деп санайды. Екінші жағынан, радикалдар–мемлекетшілер, керісінше, зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекеттің кең көлемде қатысуын, олардың ұсыныстарын зейнетақы қорларын ұлттандыру деп түсінуін талап етеді.

Нарықтық экономикадағы  зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекет маңызды роль атқарады. Ол қартайғанда табыспен қамтуды қаржыландыру, басқару және реттеуге байланысты кең көлемдегі мәселелерді қамтиды. Мемлекет қоғамның көзқарасын жақтаушы ретінде зейнетақылық сақтандыруды ұйымдастыруда басқарушы роль атқарады. Бірінші кезекте мемлекет азаматтарды әлеуметтік қорғауда кепіл болуға, зейнетақымен қамтамасыз етуде нормативті–заңдылық актілердің сақталуына кепіл болуға арналған. Мұның барлығы заң шығарушы, атқарушы билік органдарының көмегімен орындалады.

Мемлекеттік реттеу мен  нарықтық өзін-өзі реттеудің арақатынасы экономиканың жағдайымен анықталады: өндірістің айтарлықтай төмендеуі, инфляцияның  күшеюі, жұмыссыздықтың өсуі-мемлекеттің ролін нығайтуға алып келеді; әлеуметтік экономикалық жағдайдың жақсаруы кезінде мемлекеттің әсері әлсіреп, нарықтық реттегіштер іске қосылады. Зейнетақылық сақтандыру жүйесін реттеу ерекшелігі осы саладағы өзін-өзі реттеудің нарықтық тетіктері мен оған мемлекет әсерінің дамыған жүйесінің үйлесуінің қажеттілігінен туындайды. Нарықтық экономикадағы зейнетақы саласында мемлекеттің ролі күрделене түседі. Зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеуден бұрын мемлекеттік зейнетақылық сақтандыру тетігінің өзін қалыптастыру үрдісінің және оған өту үрдісінің реттеушісі болуы қажет. Зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құруда басқарудан мемлекеттің бас тартуы қайта құрудың либералды тәсілдеріне, зейнеткерлерді экономикалық қорғаудың тиімсіздігіне әкеліп соқтырады. Мемлекетке үйлестірушілік және әдістемелік қызметтерді  бекіту тиімді.

Нарықтық тетіктерді реттеуге күш салған мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания), мемлекеттің араласуы төмен деңгейде. АҚШ-да қорларға қатысты өзіндік инвестициялаудың шегі ғана орталықтан реттеледі. Бұл жағдайда қорларға бекітілген төлемдер мөлшері бойынша жалпы активтер көлемінен 10% төленіп отырады.

Жапония, Германия және бірқатар басқа мемлекеттерде мемлекеттің араласуы біршама жоғары. Сонымен, Жапония мен Германияда ЖЗҚ үшін өзіндік инвестициялау шегінің 10%-нан басқа, келесі активтердің түрлеріне инвестицияланатын құралдардың жоғарғы шектері бекітіледі: өнеркәсіптік фирмалардың акциялары, мүлік салымдары, шет елдік инвестициялар. Қазіргі кезде бұл шектер Германия мен Жапонияда сәйкесінше 20 және 30% акциялар бойынша, 5 және 20% мүліктік инвестициялар бойынша, 4 және 30% шет елдік инвестициялар бойынша үлестерін құрайды.

Қазіргі және болашақ ұрпақты лайықты қамтамасыз ету үшін зейнетақымен қамтуды қайта құру мемлекеттің ең күрделі мәселесі болып қала береді. Зейнетақы нарығының ары қарай табысты өркендеуі зейнетақы қорлары мен олардың салымшыларының көзқарастарына байланысты  көптеген факторларға тәуелді болады. Зейнетақы құралдарын басқаруда мемлекеттің қатысу дәрежесін анықтау барынша маңызды.

Ол әр елде әр түрлі:

       - нарықтық қағидалар негізінде мемлекеттік басқару. Бұл типтегі жүйелердің пайда болуы инвестициялық шешімдер қабылдау үрдісіне саяси ықпалдарды төмендетудің қажеттілігінен туындады. Бұл жағдайда қор құралдарымен бұрынғысынша мемлекет басқарады. Бірақ, инвестициялық шешімдер шенеуніктермен емес, мемлекеттік қызметке шақырылған мамандармен қабылданады. Берілген жоба көп жағдайда тікелей мемлекеттік басқарудан гөрі әртүрлі инвестициялық стратегиялардың тәуекелділіктерін бағалауды ұйғарады. Келтірілген жоба бойынша Канаданың мемлекеттік зейнеақы қоры жұмыс істейді. Қорды басқарушы құралдардың қандай да бір бөлігімен екінші жүйе  бойынша жұмыс істесе, сол уақытта қалған бөлігі бірінші жүйе бойынша бөлінетін деңгейлерде көрінеді. Мұндай жоба Сингапурда және Фиджи де әрекет етеді. Қор аймақтық қағида бойынша бөлінетін жағдайларда болады, әрбір аймақ өз басқарушысын шақырады. Бұл Боливияда қолданылады;

- тікелей мемлекттік басқару (Уганда). Жинақтаушы зейнетақы шоттарындағы құралдар мемлекеттік бюджеттің бір бөлігін құрайды немесе жеке қаржыны қалыптастырады. Екі жағдайда да құралдарды инвестициялау туралы шешім мемлекеттік шенеуніктермен қабылданады. Құралдардың басым бөлігі елдің мемлекеттік қарыз ақшаларына бөлінеді, мемлекеттік банктердің депозиттік шоттарына аударылады немесе мемлекеттік инвестициялық жобалар арасында таратылады;

- қатаң реттеуші тәсілдермен орындалатын сыртқы басқару (Уругвай). Инвестициялық стратегияларды жасау және қор құралдарын басқару сыртқы жетекшімен жүзеге асырылады. Бірақ,  мемлекет инвестициялық қоржынның құрылымына қатаң шектеулер қояды. Мөлшерлемелер инвестициялау стратегияларын таңдауда және қолдағы құралдардың санын айтарлықтай деңгейде шектейді. Осы сияқты шектеулердің көмегімен мемлекеттік зейнетақы қорларын тікелей басқарудағыдай нәтижелерге жетуі мүмкін. Бірінші типтегі қорларға қарағандағы ерекшелігі мұнда инвестициялық қоржын негізіне нарықтық бағалы қағаздар енеді;

- мемлекеттің өте төмен деңгейде қатысуымен сыртқы басқару (Австралия). Берілген жүйе бірінші кезекте басқарушылар арасындағы бәсекеге негізделіп дамыған капиталдар нарығымен халықтың инвестициялық мәдениетін талап етуге бағытталған басқарудың тиімділігі жоспарында барынша “ілгеріленген” болып саналады.

Қазақстанның зейнетақы  жүйесі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып тиімді үлгіні енгізу арқылы әдістемелік негізін қалыптастыру керек.

Зейнетақы жүйесінің қызмет етуінің әдістемелік жүйесі төмендегі кестеде  берілді.

 

 

 

 

 

Кесте 1- Әлем елдеріндегі тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің                                                үлгілері

Зейнетақы жүйесінің үлгілері

Әдістемелік негіз

Экономикалық тетіктері

Басқарылуы

Зейнетақы төлеу түрлері

 

АҚШ

 

Америка үлгісі

 

Мемлекеттік реттеу

-сақтандыру компаниялары

-зейнетақы қорларынан

-мемлекеттік бағдарламаларынан

Скандинавия елдерінде

Әмбебап және әлеуметтік үлгі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары

Германия

Бисмарк үлгісі

Үкіметтен реттеу

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары

Ресей

Беверидж үлгісі

Бисмарк үлгісі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары

-жинақтаушы қорларынан

Өзбестан

Кеңестік үлгі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

Қазақстан

Чили үлгісі

Мемлекеттік реттеу

-мемлекеттен

-ынтымақты

-жинақтаушы   қорларынан

Ескерту: Автор құрастырған

 

Ұлттық зейнетақымен қамтамасыз етуді құруға байланысты мәселелерді шешу басқа мемлекеттердегі орын алған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерін зерттеусіз мүмкін емес. Қазақстандық ерекшелік үшін барынша қолайлысын таңдау үшін, экономикалық дамыған мемлекеттердегі зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ақпараттар қажет. Оның бар болуы қалыптасқан тәжірибені мүмкіндігінше пайдалануға және табыстылығы төмендеу отандық жүйені жетілдірілген тәжірибесі мол жүйелермен ауыстыруға мүмкіндік береді.

                Жоғарыда айтылғандарды қорытындасақ, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң әрекет етуi нарықтық экономикалы мемлекеттердiң бәрiне дерлiк тән. Әлеуметтiк көмекке деген қажеттiлiктiң өсуi әдетте қоғамдағы экономикалық мәселелердiң өршiгуi мен әлеуметтiк қысымдар жағдайында орын алады. Әр түрлi мемлекеттердегi әр  түрлi кезеңдердегi экономикалық жағдайларына мәдени тарихи ерекшелiктерiне–саяси мәдениетiнiң, қоғамдық қозғалыстардың бой алуына байланысты мемлекет халықты әлеуметтiк қорғаудың, қоғамдық дамуды тұрақтандырудың кейбiр мәселелерiн шешудi өзiне алады.

         Әлеуметтiк бағдарламалар, оларды жүзеге асырудың түрлері мен басқару қағидалары, сонымен қатар мемлекеттiк емес құрылымдардың қатысу дәрежесi көлемiндегi мемлекеттер бойынша ерекшелiктер өте кең.

        Әлеуметтiк көмектер мен жоғары сапалы қызмет көрсетулердi ұсыну қағидасына негiзделген, азаматтық қағидаға құрылған Швед үлгісін бүгiнгi Қазақстанда тек оқшауландырылған болашақтың жобасы ретiнде қабылдауға болады. Көп жағдайларда Қазақстан үшін мемлекеттiк билiктiң барлық деңгейiндегi қызметтердің өзара әсерi мен бөлiну қағидасына, сонымен қатар, жеке секторды бiрқатар әлеуметтiк зейнетақымен қамтамасыз етуді қоса есептегендегi мәселелердi шешуге негiзделген әлеуметтiк бағдарламалардың американдық тәжiрибесi жақындау болып келедi. 

Екінші “Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуының қазіргі жағдайы” тарауында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына талдау жасалынып, оны дамытудағы негізгі бағыттарға сипаттама берілді.

Қазақстан – халықты әлеуметтік қамсыздандыруын қайта құруды жүзеге асырған тәуелсіз мемлекеттер достығы  елдерінің ішіндегі алғашқы ел болып табылады. Сондықтан да, халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құру елдегі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру негізінде жүзеге асты.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы – халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құраушысы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік салалардың  талдануы халықтың әлеуметтік тұрғыда қажетті деңгейде қорғалмағандығын көрсетеді.

Жыл сайын елімізде зейнетақыны жоғарылату жүзеге асырылады. Ол 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің номиналды өсімі тұтыну бағалар индексінің өсуінен 2%-ға артты.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 2003 жылдың 1 маусымынан 1055 мың адамның зейнетақысы көбейген, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны үш есеге азайған, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары деңгейде зейнетақы алған. Қазақстан Республикасының  “2004 жылғы республикалық бюджет туралы” заңында (2003ж. 5 желтоқсан №505 М) 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңген белгіленген болатын, ал 2006 жылғы республикалық бюджет туралы” заңында осы көрсеткіш 6 700-теңге (9500) мөлшерінде белгіленді, базалық зейнетақы мөлшері 3000 теңгені құрап сәйкесінше 2006 жылы 1200 теңгеге, 2007 жылы 1210 теңгеге өсті. 2008 жылы бұл көрсеткіш, яғни ең төменгі зейнетақы мөлшері 12700 теңгені құрады.

        Зейнетақылық төлемдерін “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан (бұдан әрі- “ЗТЖМО” РМҚК) қарулы күштер құрылымын ескергендегі алушылардың саны 2006 жылы 1,645 мың адамды немесе республикалық жалпы халық санының 10,8%-ның ішінде 49,5% ауыл тұрғындары құраған. Зейнетақы алатындардың жалпы санын әйелдер 67,9% құрайды, оның ішінде 22,7% - 4 баладан көп туып, олардың сегіз жасқа дейін тәрбиеленген, көп балалы аналар. Зейнетақы толық көлемде алатын зейнеткерлер саны (қарапайым халық)   1559,5 мың адамды құрады және 39,5 мыңы – еңбек өтімі толық еместер. Ал ең төмен зейнетақы мөлшері алушылар саны 46,1 мың адамды құрады.

ЖЗЖ 2003-2007 жылдар аралығында дамуы сандық көрсеткіштерінің қарқынды өсуімен сипатталады (кесте 2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2 - Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің даму

динамикасы

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2007ж 2003ж % өсу қарқыны

2003

2004

2005

2006

2007

Зейнетақы жинақтар (млн.теңге)

368 348

483990

648581

909696,572

1208120

3 есе

Зейнетақы жарналар (млн.теңге)

276173

380073

512425

683888,41

912124

3 есе

Салымшылар саны (міндетті)

616 4316

6974437

7613369

8537712

9223712

1,5 есе

Зейнетақы қорларының табысы (мың.теңге)

5171629

4823653

11755355

23620354

23480648

4,5 есе

Зейнетақы қорлары активтері (мың.теңге)

7375192

8532842

12444055

24504138

31146130

4 есе

Зейнетақы қорларының шығысы (мың.теңге)

3 762273

4 060295

6947044

11 484138

12833524

3 есе

Ескерту: ҚР-ның қаржы нарығын және ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін  мәліметтері негізінде автор құрастырған   

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс әрекетін сипаттайтын зейнетақы активтерінің сомасы ғана емес, сонымен қатар оларға тартылған салымшылардың санымен де бағаланады. Себебі, барлық ЖЗҚ-ның негізгі қызметі салымшылардан міндетті және ерікті, ерікті-кәсіби жарналарды жинау мен алушыларға зейнетақы төлеу, зейнетақы қалыптасыру және оларды инвестициялау болып табылады. 2008 жылы салымшылар саны 9224 мың адамға жетті.

Кестеден көріп отырғанымыздай ЖЗЖ-нің зейнетақы жинақтары мен міндетті зейнетақы аударымдарының дамуы салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының (ДЗШ) санының өсуімен сипатталады. 2007 ж. зейнетақы жинақтары 1,2 триллион теңгені құрап, ЖІӨ-ге қатысуы 9,07% жетті. Бұл көрсеткіш 1998 жылдың қызмет еткен жүйесімен салыстырғанда 40 еседен артық, ал тұрғындарды жүйеге тарту 2 есеге ұлғайғандығын көрсетеді. Ағымдағы жылды 2003 жылмен салыстырғанда салымшылардың  ДЗШ саны 49,6% өскен (сурет 1).

ЖЗҚ-ғы міндетті зейнетақы жарналары бойынша ең көп салымшылар: МЖЗҚ- 26,44%; “Қазақстан Халық Банкі” - “Ұлар - Үміт-14,86%; “БТА Қазақстан” - 9,48%-ға немесе олардың үлесіне ДЗШ жалпы санының 72,06 % сәйкес келеді. 2007 жылға 4 қордың үлесі 0,69%-ық тармаққа ұлғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1-  Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының динамикалық өсуі

 

Бүгінгі таңда ЖЗЖ-ң салымшыларын ынталандыру керек. Ол үшін міндетті зейнетақы жарналарды төлеуін салық орындарының бақылауын күшейту жолымен әкімшілік және экономикалық шараларды қолдану, нәрестені күтім көрсету бойынша демалысқа шыққан адамдардың пайдасына мемлекеттік бюджет  есебінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жетілдіру, ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық салынатын кірістерді айқындау кезінде шегерімді ұлғайту, трансфер-агенттер желісін оның ішінде елдің барлық өңірлеріндегі салымшыларға қызмет көрсету үшін “МЗТЖО” РМҚК және КазПочта АҚ тарату жолдарын дамыту керек.

“ҚазПочта” АҚ бүгінгі таңда Монополист болуы арқасында ЖЗҚ да 1 зейнеткерге көрсеткен қызметі 184 теңгені құрап отыр. Бұл әрбір қор үшін үлкен қаржылық шығындардың өсуіне әкелді.

      ЖЗҚ дамуының жоғары қарқыны халықтың жұмыспен қамтылуының және жалақының өсуімен міндетті зеййнетақы жарналары аударымдарының ұлғаюымен қамтамасыз етіледі.

    ҚР ЖЗҚ зейнетақы жинақтары мен салымшылар саны төменде көрсетілген (кесте 3). Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың дербес зейнетақы шоттарын бөлінген “таза” инвестициялық кіріс сомасы 2009 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 306,9 млрд теңге  құрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 3 – Қазақстан  Республикасының ЖЗҚ қазіргі жағдайы (01.01.08ж.)

 

ЖЗҚ АҚ-ның атауы

Барлық зейнетақы жинақтары,

мың тг.

Салымшылар

саны,

адам

Адам басына шаққандағы зейнетақы жинақ (мың теңге)

1.                    

Ұлар Үміт

212976600

1,380.820

154,24

2.                    

Аманат Қазақстан

30 258019

6 58550

45,94

3.                    

Атамекен

30238344

272081

111,13

4.                    

МЖЗҚ

204 954 982

24 39 212

84,03

5.                    

Туран Әлем Банкі

1 25422588

8 74754

143,38

6.                    

Қазақстан Халық Банкі

1351224796

1. 964. 257

178,8

7.                    

Қазақмыс

25025967

120362

207,9

8.                    

Мұнайгаз-Дем

29 812 379

345780

86,21

9.                    

Еуразиялық банк

42671019

267178

159,7

10.                

Қорғау

16848378

152495

111,14

11.                

ГРАНТУМ

72882879

218777

333,13

12.                

Отан

29963698

225666

132,78

13.                

Капитал

39 226228

335605

116,88

14.                

Республика

1514969

13927

108,78

 

Барлығы:

1208 120846

9 268464

130,35

Ескерту: Кесте ҚР қаржы ұйымдары мен нарығын реттеу мен қадағалау агенттігін мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

“Таза” инвестициялық  кірістің өсу қарқыны соңғы 5 жыл ішінде өткен жылдардың тиісті кезеңдерімен салыстырғанда төмендегі көрсеткіштермен сиптаталады

 

Кесте 4 -  Зейнетақы активтеріндегі “Таза” инвестициялық  кірістің өсу

қарқыны

 

 

 

Көрсеткіштер

 

Жылдар

01.01.2004

01.01.2005

01.01.2006

01.01.2007

01.01.2008

1

Таза инвест. кіріс (млрд тенге)

99,2

114,7

155,1

255,7

339,7

2

Өсім (млрд.теңге)

-

15,5

40,4

100,6

84,0

3

Өсу қоржыны  (%-бен)

27,34

15,63

35,22

64,86

32,85

4

ЖІӨ (млрд.теңге )

4612,0

5870,1

7453,0

10139,5

13315,2

5

Жинақталған зейнет-ақы қаражатындағы таза инвестициялық кірістің үлесі  (%-бен)

26,93

23,70

23,91

28,11

28,12

6

Таза инвест. кірістің ЖІӨ -не қатынасы

(%-бен)

2,15

1,95

2,08

2,52

2,55

Ескерту: ҚР-ның қаржы нарығын және ұйым. реттейтін қадағалау агенттігінің деректері бойынша автор құрастырған

 

Жоғарыда көрсетілгендей есепті жылда “таза” инвестициялық кіріс көлемінің төмендегені байқалады (кесте 4). 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы “таза” инвестициялық кірістің кемуі 32,8 млрд теңгені құрап, ал өсім төмендеді. “Таза” инвестицияның кіріс сомасы орташа айлық өсу барысында 2005 жылы -3,4 млрд теңге, 2006 жылы 8,4 млрд теңге, 2007 жылы 7,0 млрд теңге болып, сома 16,67%-ға төмендеді.

ҚР-ғы мемлекеттік бағалы қағаздардың жиынтық инвестициялық қоржынындағы үлесіне, АҚШ долларында облигациялар бойынша кірістіліктің төмсендеуі, сондай-ақ АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамының көтерілуі ықпал етті. Ал 2006 жылғы 204 177 млн. теңге немесе 78,52 %-ға өсімі ҚР-ның эмитенттерінің корпоративті бағалы қағаздарына инвестициялауында болып отыр (сурет 2).

 

 

Сурет 2 - Зейнетақы активтерінің қоржындық құрылымы (01.01.08ж)

 

Зейнетақы қайта құруының бастапқы кезеңінде ең ЖЗҚ-ның инвестициялық  қоржынын негізінен МБҚ қамтыды. ЖЗЖ-нің жұмыс істеу кезінде ЗҚ инвестициялық қоржындарының көлемі ұлғайды, сонымен қатар бір шама өзгерістерге ұшырады.

2008 жылы зейнетақы жинақтары 40–тан астам кәсіпорын мен ұйымдардың  акцияларына және облигацияларына салынды. Инвестициялық кірістерді тұрақтандыру және салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқарудың тиімділігін арттыру үшін ЖЗҚ-ның инвестициялық қоржынының әр тараптандыру және зейнетақы жинақтарының сақталуы талаптарына сәйкес келетін қаржы құралдарын көбейту керек. Бұл ҚР экономикасының нақты секторын ішкі жинақтармен өндірістік секторлардың өркендеуі негізінде қаржыландыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. ЖЗҚ-ы үшін ұзақ мерзімді қаржы құралдарының шығарылымын ынталандыру тиімді болып табылады. Жалпы, ЖЗҚ-ы инвестициялық жобаларды дамытуға ішкі ұзақ мерзімді инвестициялар арқылы қатысуы экономикалық өсуге және бәсекелік қабілеттілікті арттыруға оң әсерін тигізеді.

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласы үшiн зейнетақы жүйесiн қайта құрудың қажеттiлiгi сол кездегi зейнетақыны төлеудi кешiктiру болып табылады. Қоғамда зейнеткерлердің мәселелерi  үкiметтiң барлық орындары мен тармақтары, әртүрлi партиялық және қоғамдық қозғалыстармен мойындалып пайдаланатын, зейнеткерлердiң өз жағдайларына тағатсыздықпен қарауы олардың және сонымен байланысатын елiмiздегi нарықтық қайта құруға қатысатын тұлғалардың терiс көзқарасын қалыптастыруы мүмкiн.

Жалпы айтқанда, қазіргі зейнеткерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету үшін үлкен қаржы керек. Бүгінгі зейнеткерлерді қолдау үшін қосымша ірі ресурстар іздеу керек. Зейнеткерлерді қаржыландыру көздері тек мемлекеттік бюджет емес, ақшалай құралдардың дәстүрлі емес көздері де болуы мүмкін. Зейнетақы жүйесін таңдау ел үшін бірнеше ұрпақтардың өмір сүруін қамтитын стратегиялық, базистік мәселелерге жатады.

Үшінші “Зейнетақы жүйесіндегі тиімді  ұйымдастырушылық -   экономикалық тетіктер” тарауында экономика-математикалық әдістердің көмегімен тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің болашақта дамуына болжам жасап, әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалын арттыру тетігі ретінде өзіндік жауапкершілік пен ерікті өзара түсінушіліктің бірігуінен тұратын жаңа қатынастағы зейнеткерлік жүйесі қарастырылды.

Зейнетақы төңірегінде орын алған мәселелердің көлемі зейнетақымен қамтамсыз етудің жаңа үлгісін құруды, оның теориялық базасын нығайтуды, әлеуметтік серіктестіктер, жұмыс беруші, жұмыскер, мемлекет, азаматтар арасындағы міндетті өкілеттіліктерді бекітуді талап етеді. Ең алдымен, зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру нарықтық өзгерістерді нақты қарастыратын теориялық тұрғыны ескеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етуді ұтымдастырудағы негізгі мәселе зейнетақымен қамтамасыз ету институттарын дамытудың ұтымды қатынастарын анықтауда болып табылады. Оның тиімді үйлесуі үшін:

-   зейнетақымен қамтамасыз етудің ерікті жеке үлгісін жасау;

-   әлеуметтік тәуелділіктерді бағалау мен негіздеу бойынша ғылыми құралдар жасау;

-әлеуметтік зейнетақы мен зейнетақылық сақтандырулардың ұйымдастырушылық, қаржылық, құқықтық формалары, зейнетақының әлеуметтік және сақтандырушылық мәнін, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру сегменттері арасында ұтымды қатынасты қалыптастыру;

- зейнетақы жүйесінің негізгі әлеуметтік субъектілерінің (жұмыс беруші, жұмыскер, мемлекет) тең деңгейде қатысуының (жарналарды төлеушілер, алушылар үшін де көзқарастарының теңгермешілігіне қол жеткізу) жаңа тәртібін орнату;

- халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді қаржыландырудың ерікті жеке тетігін (сақтандыру құралдарын аз қамтылғандардың пайдасына қайта бөлу, бірақ “кім сақтандыру жарнасын көбірек төлесе, сол зейнетақымен көбірек қамтылады” деген басты қағида) жасау;

- сақтандыру жарналары мен зейнетақының көлемдері арасында өзара байланысты қалыптастыру. Ол сақтандырушының құқығы мен жауапкершілігін теңестіруге мүмкіндік береді;

- барынша зейнетақы жүйесінің әлеуметтік тиімділігі, бір жағынан қартайғандағы кедейлікті жою, бүкіл халықты әлеуметтік қорғау, екінші жағынан–сақтандырушыларды зейнеткерлікке шығу кезінде еңбек еткен мерзіміне сәйкес табыс деңгейін сақтап қалу;

- еңбекке жарамдылығын жоғалту және денсаулығына зиян келетін тәуекелділігі жоғары өндірістер үшін міндетті кәсіби жүйені қалыптастыру және жүйелендіру. 

Ол үшін Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін жасау керек.

Қазіргі қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз ету нарығы өзінің қалыптасу кезеңінде.Тәжірибелер көрсеткендей Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру, оны жекелеп жетілдіру емес, түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда азаматтардың зейнетақы жүйесінің қай бөлігіне жататыны және қандай мөлшерде зейнетақы тағайындалатыны туралы түсініксіздігі тұрғындардың арасында жаңа ақпараттармен қамту қажеттілігін айқындайды. Себебі, кеңес одағы кезінен қалыптасып қалған пікірлер зейнетақымен тек мемлекет тарапынан қамтамасыз ету түсініктері әлі де болса орын алуда.

Сондықтан зейнеткерлерді төменгі сызба бойынша санаттарға жіктеу арқылы түсініктер зейнетақы төлеу жүйесі үшін тиімді болады (сурет-3).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 - Тұрғындарға зейнетақы төлеу жүйесі

 

Мұндағы: А санатты зейнетақы Базалық (Б) + ынтымақтық (Ы); Б санатты зейнетақы Базалық (Б) + ынтымақтық (Ы) + жинақтаушы (Ж); С санатты зейнетақы Базалық (Б) + ынтымақтық (Ы) + жинақтаушы (Ж).

Ұсынылып отырған үлгі-өмірді сақтандыру мен инвестициялық қорлардың іс-әрекеттерінің әр түрлілігі зейнеткерлік бизнес салымшылардан зейнеткерлік жарнаны жинап, есесіне әлеуметтік тәуекелділік туындағанда зейнетақылық жинақтың барлық сомасын (инвестициялық табыспен қоса) төлеу міндеттемесіне айырбастайды.

        Бұл жағдайда салымшылардың ақшалай құралдары ұзақ мерзімге салынып, орналастырылады. Елдi зейнетақымен қамтудың ұсынылып отырған үлгісі аз уақыт iшiнде жинақтаушы зейнет ақы қорларының зейнетақылық активтерiнiң көлемдерiнің жоғарылауына мүмкіндік береді. Ұсынылған  үлгіні енгiзгеннен тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету барысында, бюджетке салмақ түспейді.

Сонымен қатар, зерттеу жұмысында зейнетақылық жарналардың көзі және міндетті зейнеткерлік сақтандыру кезіндегі салымшылардың зейнетақыларын қалыптастыру тәртіптері жасалынды.

           Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жетілдіруде экономикалық-математикалық әдістерді пайдаланудың маңызы өте үлкен.

       Экономикалық әдебиеттерде зейнетақы жүйесінде қолданылатын экономикалық көрсеткіштерді регрессиялық талдау, осы көрсеткіштер арасындағы өзара қатынастардың математикалық үлгілерін құру сияқты мәселелер аз зерттелген.

       Математикалық талдаудың көбiрек тараған бөлiмiнiң бiрi - көпфакторлық талдау. Көп факторлы жүйе әр түрлi мәнiсi және қолданылуы бар, бiр емес көп байланыс тығыздығын анықтайтын көрсеткiштердi талап етедi. Байланыс тығыздығын есептейтiн негiзгi болып коэфициенттер матрицасы табылады. Бұл матрицаның негiзiнде факторлардың нәтижелiк шамалардың арасындағы және бiр-бiрiмен байланыс тығыздығын бағалауға болады.

       Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық көрсеткіштерін математикалық талдауда оның: зейнетақы алушылар саны, белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері, ЖЗҚ-ның салымшыларының саны, ЖЗҚ-ғы тұрғындардың зейнетақы жинақтары, еңбек ақының орташа айлық мөлшері және қамтылған тұрғындар саны сияқты негiзгi көрсеткiштерi қарастырылады.

       Көпфакторлық талдау негiзiнде факторлардың нәтижелiк шамаларының арасындағы байланысты және бiр-бiрiмен байланыс тығыздығын бағалауға болады. Бұл барлық көрсеткiштер қос байланыстарға жататын болса да матрицаны регрессия теңдеуiне енгiзу үшiн факторларды алдын алуға, тандауға қолдануға болады. Тендеуге нәтижелi шамамен әлсiз байланысты, бiрақ басқа факторлармен тығыз байланысы бар факторларды енгiзбеген дұрыс. Бiр-бiрiмен функционалды тығыз, яғни корреляция коэффицентi бiрге тең факторларды қосу мүлдем орынсыз. Мұндай шамаларды енгiзу коэфициенттердiң бұзылған матрицасына және шешiмiнiң анықсыздығына алып келедi.

        Мысал ретiнде зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық көрсеткіштерін математикалық талдаудады қарастырайық (кесте-5).

Математикалық есептеулер жүргiзе отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: корреляция коэффициентi белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері мен ЖЗҚ-ғы халықтың зейнетақы жинақтары арасында өте жоғары, сондықтан аталған факторлар бiр бiрiмен тығыз байланысты. Корреляция коэффициенттерi ЖЗҚ-ның салымшыларының саны және ЖЗҚ-ғы халықтың зейнетақы жинақтары арасында да жоғары. Бұл деген сөз, ЖЗҚ-ның салымшыларының саны артқан сайын, ЖЗҚ-ғы халықтың зейнетақы жинақтары да арта бастайды. Корреляция коэффициентi жоғары болып тұрған келесi көрсеткiштер – қамтылған халық саны мен зейнетақы алушылар саны.

Кесте 5 - Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық көрсеткіштерін математикалық талдау матрицасы

 

Негізгі көрсеткіштер

Зейнет

   ақы 

алушылар   

    саны

Белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері

ЖЗҚ-ның салымшы-ларының саны

ЖЗҚ-ғы

Халықтың зейнетақы жинақтары

Еңбек ақы-

ның орташа айлық

мөлшері

Қамтыл-ған халық саны

Зейнетақы алушылар саны

1

 

 

 

 

 

Белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері

0,878541

1

 

 

 

 

ЖЗҚ-ның салымшыларының саны

0,541247

0,805692

1

 

 

 

ЖЗҚ-ғы халықтың зейнетақы жинақтары

0,623564

0,989678

0,990675

1

 

 

Еңбек ақының орташа айлық мөлшері

0,756124

0,856432

0,703361

0,777653

1

 

Қамтылған халық саны

0,894213

0,866630

0,800652

0,789689

0,687234

1

Ескерту: Жүргізілген есептеулер негізінде автор құрастырған

 

                            Сондықтан жинақтаушы зейнетақы қорындағы халықтың зейнетақы жинақтарын арттыру мен белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшерін көтеру қазiргi кезеңдегi өзектi мәселе. Қалған зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық көрсеткіштері арасындағы корреляция коэффициентi – төмендеу.

Yлгiлеу көмегiмен зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің байланысын талдап және талдау көрсеткiштерiне болжам жасалсын. Мәлiметтердiң көрсеткiштер тiзiмi график түрiнде бейнеленеді. Онда болжау ретiнде келесi тәсiлдi қолдануға болады. Екi жағынан да мәндердiң ара қашықтығы бiрдей болатындай етiп көрсеткiштер үшiн сызық (түзу, парабола, дәрежелік және гипербола) таңдап алынады. Таңдалынып алынған сызықтың (мысалы, парабола) математикалық көрінісі мына түрде болады:

мұндағы берiлген мәлiметтердiң уақыт аралығындағы сәйкес келетiн түзетiлген теориялық мәнi, a және b нақты мәндердiң  ŷx түзетiлген теориялық мәндерден ауытқу дәрежелерiн ең аз шамаға келтiретiн  константалар,  яғни   Σ (ŷx – уx) →   min.

Өсіңкілік қатарлар негiзiнде құрылған математикалық үлгiлер арқылы болжауды былай жасайды: егер мәлiметтер 1999-2007 ж.ж. аралығында 9 жылға берiлсе, тәуелсiз айнымалы орнына сәйкесiнше 9, 10, 11 мәндердi қойып 2008, 2009 және 2010 жылдар үшiн болжам табылады (кесте 6).

Кесте 6 - Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің даму серпіні

 

Негізгі

  көрсеткіштер

1999ж

2000ж

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

Зейнетақы алушылар саны, мың адам

1877,6

1796,7

1749,1

1690,6

1659,9

1640,7

1645,9

1637,1

1675,0

Белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері, тг.

4104

4298

4947

5818

8198

8628

9061

9898

12534

ЖЗҚ-ның салымшы-ларының саны, мың адам

3001,9

3732,5

4652,3

5424,4

6191,7

7007,3

7649,0

8574,4

9268,4

ЖЗҚ-ғы халықтың зейнетақы жинақтары, мың тг.

64502

112649

182383

269752

368349

483990

648581

909697

1208121

Еңбек ақының орташа айлық мөлшері, тг.

11864

14374

17313

20305

23128

28329

34066

42452

50910

Қамтылған халық саны, мың адам

6105

6201

6699

6709

6968

7893

7903

7928

8100

Ескерту: Жүргізілген есептеулер негізінде автор құрастырған

 

2008-2010 жылдар аралығындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің болжамы  келесі түрде болады:  зейнетақы алушылар саны үшін  сызықтық болжам,  белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері үшін де сызықтық болжам,  ЖЗҚ-ның салымшыларының саны үшін сызықтық теңдеу, ЖЗҚ-ғы тұрғындардың зейнетақы жинақтары үшін сызықтық болжам,  еңбек ақының орташа айлық мөлшері үшін логарифмдік теңдеу және қамтылған тұрғындар саны бюджет түсімін анықтауда  сызықтық болжам  ең тиімді болып келеді (сурет 4).

 

График түрінде барлығы келесі түрде болады:

 

                            Ескерту: Жүргізілген есептеулер негізінде автор құрастырған

Сурет 4  - Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің  негізгі көрсеткіштерінің болжамдық мәндері

 

График түрiнде зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің  негізгі көрсеткіштерінің болжамы мынадай: экономикалық көрсеткіштердің ықтималдылығы 95 % болатындай етiп сиаттайтын теңдiктi шығара отырып, 2008-2010 жылдарға болжам жасауға болады. Әрi қарай, алынған коэффициенттер көмегiмен зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің  негізгі көрсеткіштерінің жақсарту бойынша iс-шаралар жүргiзуге болады. Сонымен қатар, үш болжамды: зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi  қызметкерлерiнiң 2008 - 2010 жылдарға iстеген болжамын, математикалық есептеумен алынған болжамды және 2008 - 2010 жылдардағы тiркелген жағдайларды салыстыруға болады. Математикалық есептеумен алынған болжамдық көрсеткiштердi кесте түрiнде келтiрейiк:

Кесте 7 - Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің келешектегі дамуын сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер

 

Көрсеткiштер

1999-2007жж.

(орта есеппен)

Болжам

2008ж

2009ж

2010ж

Зейнетақы алушылар саны, мың адам

1776,3

1669,3

1701,2

1752,2

Белгіленген   зейнетақының орташа айлық мөлшері, тг.

8319

16158

27005

23000

ЖЗҚ-ның салымшыларының саны, мың адам

6135,1

9556,1

9838,8

10020,3

ЖЗҚ-ғы халықтың зейнет-ақы жинақтары, мың тг.

636311,5

1326085

1384345

1391823

Еңбек ақының орташа айлық мөлшері, тг.

31387

56000

56345

56405

Қамтылған халық саны, мың адам

7102,5

8122

8127

8230

Ескерту: Жүргізілген есептеулер негізінде автор құрастырған    

 

        Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негiзгi көрсеткiштерiнiң өзара байланысын зерттеу - жұмыстың ең маңызды мәселесiнiң бiрi. Бұл жүйедегі жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар негiзгi көрсеткiштердi реттеумен байланысты. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жақсартуда дұрыс шешiм қабылдау үшiн осы жүйенің негiзi болатын айнымалылардың бiр бiрiне қалай әсер ететiнiн бiлдiк. Атап айтар болсақ, нарықтық экономикада зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiне тiкелей әсер ететiн факторлар арасындағы байланыс зерттелдi. Зерттеу жұмысымызда аталған мәселелердi шешу үшiн ғылыми есептеулер көмегiмен зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнің негiзгi көрсеткiштерi мәндерінiң болжамдық мәндерге барынша жақындатылған мүмкiншiлiктерге жетуге болатындығы  дәлелдендi.

 

Қорытынды

 

Жүргізілген зерттеу төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

     1.Тұрғындардың зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық мәні, ерекшеліктері және даму сипаттары айқындалды. Қазақстан Республикасында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді қалыптастыру-экономика мен қоғам дамуындағы оң өзгерістер болып табылады. Сондықтан, зейнетақы жүйесін қалыптастыру мен дамытуда, бір жағынан, жүйенің әлеуметтік жақтары ескерілсе, екінші жағынан, зейнетақы келісіміне қатысушылар, ондағы қаржы ресурстары және оларды жүзеге асыру әдістері мен түрлері ескерілуі тиіс.

       Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің дамуы мына ерекшеліктермен:   

а) әлемдік қаржы дағдарысының ықпал ету сипатымен; ә) нақты әлеуметтік және экономикалық жағдайлармен; б) зейнетақы жүйесін реттеудің құқықтық-нормативтік және экономикалық тетіктерімен; в) зейнетақы жүйесіне қатысушылар арасындағы байланыстармен сипатталады.  

   2.Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму үрдісінің ерекшеліктері анықталып, дамыған елдердегі озық тәжірибенің ең тиімдісі айқындалды. Нарықтық тетікті реттеуге күш салынған мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания), мемлекеттің араласуы төмен деңгейде. АҚШ-да қорларға қатысты өзіндік инвестициялаудың шегі ғана орталықтан реттеледі. Бұл жағдайда қорларға бекітілген төлемдер мөлшері бойынша жалпы активтер көлемінен 10% төленіп отырады.

Жапония, Германия және бірқатар басқа мемлекеттерде мемлекеттің араласуы біршама жоғары. Сонымен, Жапония мен Германияда ЖЗҚ үшін өзіндік инвестициялау шегінің 10%-нан басқа, келесі активтердің түрлеріне инвестицияланатын құралдардың жоғарғы шектері бекітіледі; яғни: өнеркәсіптік фирмалардың акциялары, мүлік салымдары, шет елдік инвестициялар. Қазіргі кезде бұл лимиттер Германия мен Жапонияда, сәйкесінше, 20 және 30% акциялар бойынша, 5 және 20% мүліктік инвестициялар бойынша, 4 және 30% шет елдік инвестициялар бойынша үлестерін құрайды. Сонымен аталған шетелдік тәжірибелер мен үлгілер негізінде отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері сипаттала отырып, Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыруда Чили үлгісінің таңдалуы негізделді. 

3. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыру мен дамытуда мемлекеттік реттеу бағдарламаларының ұтымды элементтеріне баға берілді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуы мен дамуында зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейімен  мемлекет тарапынан қолдаудың маңызы үлкен. Бұл қолдау базалық, міндетті жинақтық және жеке ерікті зейнетақылардың қызметін реттеуді білдіреді. Сонымен  қатар, мемлекеттік реттеудің өркениетті іс-шараларына салымшылардың жинақтары, зейнеткерлердің зейнетақы көлемі және т.б. мәліметтердің  қауіпсіздігін  қорғау да  кіреді.

4. Тұрғындардың зейнетақымен қамтамасыз етілуін кең көлемді талдау және зерттеу нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне әсер ететін факторлар бағаланып, оларды шешу жолдары анықталды. Салық жүйесі, еңбек нарығындағы жағдай және демографиялық ахуал сияқты зейнетақы жүйесіне ықпал етуші сыртқы факторлардың әсерлік деңгейлері бағаланып, шешу жолдары анықталды.Ішкі факторлар ретінде зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтар, қор салымшыларының саны, орташа зейнетақы көлемі сияқты негізгі өлшемдерін реттеудің негізгі бағыттарына баға берілді.

5.Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың экономикалық тетіктері зерттеліп, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпалы бағаланды. Зейнетақы жинақтарының тұрғындардың әлеуметтік дамуына, яғни білімге, ғылымға, денсаулық қорғауға, мәдениетке және т.б. жұмсалуын бағалаудың экономикалық маңызы үлкен. Себебі, зейнетақылық салымдардың адам капиталына бағытталуы қазіргі салымшылардың зейнеткерлік жаста көбірек инвестициялық  кірістер келтіруін  қамтамасыз етеді.

6.Зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптасу ерекшеліктері мен дамуына талдау жасалынып, қорлар активтерін сақтандыруды зейнетақы жүйесіне енгізу қажеттігі негізделді. Жинақтаушы қорларға сақтандыру жүйесін енгізу мына  іс шараларға:

- жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылар жинағын келеңсіз немесе әділетсіз әрекеттерден қорғау жүйесін  қалыптастыруға;

- зейнетақы жинақтарын экономиканың нақты секторына бағыттай отырып, елдің ЖІӨ-нің артуына мүмкіндіктер туғызуға;

- тұрғындардың сенімін арттыры отырып  және жаңа қаржы құралдарын қалыптастыра отырып, Қазақстанның қаржы нарығындағы жинақтық бағалы  қағаздардың кірістілігіне көбірек тәуелді. Сондықтан, ұсынылып отырған салымшылардың жинақтарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін әлемдік үздік стандарттарға сай кіріс келтіруші жүйе деңгейіне жеткізуге мүмкіндіктер береді.

7.Қазіргі жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту үлгісін қолдау дәлелдері күшейтілді. Зейнетақы жүйесін дамыту тетігі ретінде өзіндік жауапкершілік пен ерікті өзара түсінушіліктің бірігуінен тұратын жаңа қатынастағы зейнеткерлік жүйесін  құру  ұсынылдыЖаңа  қатынастарға  негізделген  зейнетақы  жүйесі:

а) зейнетақыны  сақтандыру  қағидаларынан; ә) жұмысшы,  жұмыс беруші және мемлекет сияқты әлеуметтік субьектілердің ынтымақтастығы мен жауапкершілігін қорғаудың әдістерінен; б) жүйенің қаржылық тұрақтылығы-ның әдістемелік негідерінен; в) зейнетақыны төлеу тәртібінен; г) аз қамтылған тұрғындарды жеткілікті деңгейде материалдық қамтамасыз ету тетіктерінен тұрады.

8. Қолданылған экономикалық–математикалық есептеулердің нәтижесінде тұрғындарды зейнеткерлік төлемдермен қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіштеріне болжам жасалып, ұсынылып отырған Қазақстандағы зейнетақ

ы жүйесін дамыту үлгісі тәжірибелік тұрғыдан мәнді екені негізделді.

 

Диссертациялық тақырып бойынша баспаға шығарылған ғылыми жұмыстар тізімі

 

1 Сущность пенсионного обеспечения как социально-экономической категории //Труды международной научной конференции “Наука и образование-ведущий фактор стратегии “Казахстан-2030”, выпуск 1., с. 196-198. Караганда КарГТУ, 2002

2 Негосударственные пенсионные фонды Республики Казахстан //Труды международной научной конференции посвященной 10-летию независимости Республики Казахстан.т. I с.260-263.Шымкент, ЮКГумИ, 2002

3  Зейнетақы қорларының дамуы және қалыптасуы // ҒЕ “Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері. Кітап 1,    Экономика сериясы,  .115-119 б. Шымкент, ХҚТУ, 2003

4   Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының жағдайын бағалау // ҒЕ “Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері.  Кітап 1, Экономика сериясы:, 316-318 б. Шымкент , ХҚТУ, 2003 

5 Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін талдау  // Экономикалық журнал “Аль Пари” 2/3, Алматы, 2004 - 141-144б.

6   Математикалық әдісті қолдану арқылы жұмысқа қабілетсіздерді зейнетақымен қаматмасыздандыруды есептеу // Экономикалық журнал “Аль Пари” (1),Алматы, 2004 - 154-155б.

7   Инвестиционная деятельность фондов и оценка пенсионных активов Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы  // Халықаралық конференцияның материалдары.I бөлім  Қ.А Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті  Түркістан,  2005 - 15-18б.

8  Зейнетақы төлеуді жетілдіру жолдары //Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы. Халықаралық конференцияның материалдары.II бөлім Қ.А Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті  Түркістан, 2005-146-147б.

9  Негосударственные пенсионные фонды как иститутциональные инвесторы социальной сферы //Хабаршы Вестник Аль–Фараби атындағы ҚҰУ Экономика сериясы №5 (1) Алматы, 2005- с.16-17 

10 Нарықтық экономикадағы зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесін реформалаудың әлеуметтік мәселелері //“Әуезов оқулары -3”халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. – Шымкент, 2007--19-21б.

11 Зейнетақы жүйесінің қалыптасу қағидалары мен модельдері // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. Республикалық ғылыми журнал № 7(72) –Шымкент,2008 3-6 б.

12   Зейнетақы жүйесі дамуындағы факторлар // “Әуезов оқулары -7: М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. – Шымкент, 2008-173-176 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резюме

 

Мергенбаева Азиза Тоймахамбетовна

 

Экономические механизмы совершенствования пенсионной системы

 

Диссертация на соискание ученой степени кандидата экономических наук по специальности 08.00.05 –Экономика и управление народным хозяйством

(по отраслям и сферам деятельности)

 

Предметом исследования являются организационно-экономические отношения, возникающие в процессе негосударственного пенсионного обеспечения в РК.

Объектом исследования является накопительная пенсионная система РК.

Цель и задачи исследования. Цель исследования – разработка  научно-методических рекомендаций и научно-обоснованных предложений по совершенствованию организационно-экономического механизма деятельности накопительной пенсионной системы РК.

Для достижения поставленной цели предполагается последовательное решение следующих задач:

- теоретическое обоснование и углубление социально-экономической сущности пенсионного обеспечения населения;

- исследование опыта пенсионного обеспечения в  экономически развитых странах и ее сравнительной анализ с отечественной пенсионной системой;

- исследование и анализ возможностей государства в  регулировании пенсионного обеспечения населения;

- систематизация факторов и показателей повышения эффективности пенсионного обеспечения;

- научное обоснование необходимости расширения сферы обслуживания пенсионных фондов;

- разработка организационно-экономических механизмов совершенствования пенсионной системы;

- разработка экономико-метематической модели при выработке предложений по обеспечению пенсионной системы;

Теоретический и методологический основой работы являются научные исследования казахстанских и зарубежных ученых, законодательные и нормативные акты, регулирующие отношения в сфере пенсионного обеспечения, государственные программы развития пенсионной системы. 

В диссертационной работе использованы данные Агенства РК по статистике, Национальной комиссии РК по ценным бумагам, Комитета по регулироваию деятельности пенсионных фондов, Агенства РК по регулированию и надзору за финансовыми рынками и финансовыми организациями, справочные и статистические материалы накопительных пенсионных фондов, материалы периодических изданий и конференций по вопросам пенсионного обеспечения населения.

В зависимости от решаемых задач использовались различные методы исследования: группировка, расчет средних величин, графические методы, анализ данных и экономико-статистические методы, метод сравнительного анализа и др.

Основные положения, выносимые на защиту:

- научно обоснована социально-экономическая сущность пенсионного обеспечения населения;

- обоснована необходимость внедрения в пенсионное обеспечение системы страхования активов накопительных пенсионных фондов;

- предложена теория формирования обязательных профессиональных пенсионных взносов в контексте совершенствования системы пенсионного обеспечения;

- разработана экономико-математическая модель совершенствования пенсионной системы в целях эффективного использования средств пенсионных фондов, страхования активов фондов и увеличения количества вкладчиков.

Научная новизна диссертационной работы

- на основе научных исследований обозначена социально- экономическая сущность пенсионного обеспечения населения;

- определены факторы, влияющие на развитие системы пенсионного обеспечения;

- разработаны механизмы формирования обязательных профессиональных пенсионных взносов в системе пенсионного обеспечения;

- обоснована необходимость внедрения в систему пенсионного обеспечения страхования активов накопительных пенсионных фондов;

- даны предложения по совершенствованию системы пенсионного обеспечения населения;

- разработана модель экономической эффективности деятельности и развития пенсионной системы.

Теоретическая и практическая значимость работы

Выводы и предложения представленные в данном исследовании могут служить основой при  решении проблем пенсионного обеспечения. Отдельные моменты диссертации могут быть использованы при чтении таких курсов как: экономическая политика, страхование, финансовые рынки и посредники, государственное регулирование экономики,  а также применяться при разработке учебно-методических материалов.

Апробация и реализация результатов исследования

Основные положения и выводы диссертационного исследования докладывались на международных и республиканских научно-практических конференциях. Результаты исследования внедрены в программу ЮКО представительства АО “Накопительный пенсионной фонд Народного Банка Казахстана” и в учебный процесс Шымкентского института МКТУ им.Х.А.Яссави

 

 

 

 

Resume

 

Mergenbajeva Aziza Toimachambetovna

             

Economic mechanisms of improving pensionary  system

 

Dissertation on competition of the university degree candidate economical science of philology for specialty 08.00.05 – economy and management of

national economy.

 

   The subject organization – economic relation, arising in the process of non–government pension supplement of RK.

  The object of the research work is saving pension system of RK.

  The aim of the research work is work out and scientific – methodical recommendations by improving substantiated organization – economic mechanisms activity of saving pension systems of RK.

The achievement of given aims are planned by the following tasks:

-          theoretical substation and deepening of social – economic essence of research supplement;

-          the research experience of pension supplement of developed countries and its comparative analysis of pension systems;

-          the research and analysis of state possibilities regulation of pension supplement of population;

-          factor systematization and indicator increasing effectiveness of pension supplement;

-          scientific supplement of sphere necessity service of pension funds;

-          work out of organization economic mechanisms of improving of pension systems;

-          work out economics of mathematical models at developing suggestion by supplement of pension systems;

   Theoretical and methodical significance are scientific research of Kazakhstan and abroad scientists legislative and normative acts, regulation the relation in the sphere of pension supplement, state programmers of development of pension systems.

The Agency of RK in statistics, National commission of RK in securities, Committee at regulation and control at financial market and finance. The organization, reference and systematic materials of saving pension funds, periodic publications and conference by the problems of pension supplement of population are used in this thesis.  

In dependence from decision tasks are used the different methods of research; grouping, calculation of medium, quantity, graphic methods, the analysis of given and economic statistic methods, method of comparative analysis and etc.

   The main points of research:

-          the social – pension supplement of population is substantiated

-          the necessity introduction in pension supplement systems of insurance assets of saving pension funds:

-          the theory formation of obligatory professional  of pension contribution in the context of improving systems of pension supplement:

-          economic-mathematical model of improving of pensions systems in the aim of effective usage means of pension funds, insurance assets of funds and infatuation  the quantity of investors.

-          Scientific novelty of thesis

-          The research of social –economic essence of pension supplement of population is considered;

-          The factors  influencing on developing systems of pension supplement is defined

-          The mechanisms of formation obligate professional  pension contribution  in the system of pension supplement is developed :

-          The necessity of introduction   in the system of pension supplement of insurance  assets of saving pension funds is offered;

-          Proposals to improve pension providing system were    offered:

-          Development models of pension system  and its economic effectiveness were made:

Theoretical and practical meaning of the research work.

The conclusions and proposal of the research work is the base to solve the problems of pension providing. Research work can be reading in high education and theory of economic, macro- and social-economic courses and preparation of guidance manual.

      Approbation and practical use of research finding.

The main research directions and conclusions were reported in meetings at the H.A. Yassayi IKTU “Department of economy and management” and other international and republic scientific-practical conferences. Research results were used in state and regional pension funds in Republic of Kazakhstan.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мергенбаева Азиза Тоймахамбетовна

 

Зейнетақы жүйесін жетілдірудің экономикалық тетіктері

 

08.00.05. – Экономика және халық шаруашылығын басқару

(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

 

 

 

             

 

 

 

Басуға 14.04.09 жылы қол қойылды.

Шартты баспа табағы 2,0. Есептік баспа табағы 1,75.

Пішімі 60х84 1/16. Офсеттік қағаз. Таралымы 100 дана

Тапсырыс №1315

 

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы, Шымкент қ.

Тауке хан даңғылы, 5

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32

 

Информация о работе Зейнетақы жүйесін жетілдірудің экономикалық тетіктері