Пассив операция

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 12:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.

Файлы: 1 файл

Пассивтік курстык жумыс.doc

— 242.00 Кб (Скачать)

Қазіргі  кезде  коммерциялық  банктер  қосымша  ақша  қаражатын  тарту  үшін  басқа  несие  мекемелері  жинақтаған  ақша  қаражаты  сатылатын  банкаралық  несие  мекемелері    жинақтаған  ақша  қаражаты  сатылатын  банкаралық  несие  ресурстары  нарығының  мүмкіндігін пайдаланады.  Банкаралық  несие  корреспонденттік  қатынастар  шеберінде  беріледі;  яғни  бір  банк  басқа  банкте  бір- бірінің  тапсырысы  бойынша төлем  және  есептесу  операцияларын  жүргізу  үшін  корреспонденттік  шот  ашады. Банкаралық  несиені  тарту  тікелей  сөйлесу арқылы,  не  болмаса  қаржы  делдалдары арқылы  жүзеге  асырылады.  Егер  банктер  өзара  банкаралық  несие  туралы  келіссе,  онда  ол  келісім  арнаулы  шартпен  рәсімделеді.  Бұл  келісімнің көбісі  белгілі  бір  мерзімге  жасалады.        

Коммерциялық  банктердің  пассив  операцияларына  олардың  орталықтанған  несие  ресурстарынан  несие  алуы  жатады.  Орталық  банк  коммерциялық  банктерге  несиені  жарыс  негізінде  қайта  қаржыландыру  ретінде,  сондай- ақ ломбардтық  несие формасында  береді.    

Коммерциялық  банктердің  қаражат  тартуының  келесі  бір  әдісі -  кері  сатып  алу  келісім  немесе  репо  операциясы. Бұл келісім банк  пен фирма арасында  немесе  мемлекеттік бағалы  қағаздар  сатушылармен  жасалады.  Егер  фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге  банкке  салғысы келсе,  онда  ол  банктен бағалы  қағаздарды  сатып алады да,  кейін оларды  кері  сатып алуы  туралы  келіседі. Фирма қаражатты келесі  күні  қайтаруы  мүмкін,  онда  алатын  процент мөлшері депозиттік  сертификаттан әлде  қайда төмен болады.  Бұндай  келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір жолы.    

Соңғы  жылдары  коммерциялық  банктердің  пассив  операцияларының бірі  еуровалюталық несие  кең  өрістеуде.    

Еуровалюталық  несие – ол  шетел  банктерінен  еуровалютамен  алынатын  несие.  Әлемдік  қарыз  капиталы  нарығында  басты  валюта  доллар  болып  есептеледі.     

Бұл бөлімді қорыта айтқанда, пассивтік операциялар дегеніміз – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.     

Банк  ресурстарын  құру  үшін  банк  қаржылары  қарастырылатын,  содан  кейін  актив  бойынша  пайдаланылатын  коммерциялық  банктің  операциялары  пассивтік  операциялар  ретінде  түсіндіріледі.  Ал  банк  активтерінің  көлемі  мен  құрылымы  олардың  құрылған  көздері  есебінен,  яғни банк  пассивтерімен  анықталады.     

Коммерциялық  банктер  тәжірибесінде  пассивті операцияларға  айқындаушы операциялар  жатқызылады,  өйткені ресурстардың жеткіліктілігі  активті  операциялар  жасауға  мүмкіндік береді.  Коммерциялық  банк  балансының  пассиві  бойынша  реурстарды  құрудың төмендегідей  көздерін  көрсетуге  болады:

  • Салымдар (депозиттер)  қабылдау;
  • Клиенттердің  есеп  шоттарын, оның  ішінде банк –корреспонденттерді  ашу  және  жүргізу;
  • Меншікті  бағалы  қағаздар  (акциялар, облигациялар),  қаржы  құралдарын (вексельдер, депозиттік  және  сақтық  сертификаттарды)  шығару;
  • Банкаралық несие  ресурстарын алу.

 

    Коммерциялық  банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді (активті) операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығын білдіреді.    

Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша  меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінеді.    

Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан  аса үлесін құрайтын тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының 10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде қалыптасқан құрылымға жауап береді.               

 Банктің негізгі үлесін 65%-ын  депозиттер құрайды. Коммерциялық  банктердің қызметіндегі депозиттік  операциялардың алатын орны ерекше.Депозиттік  операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған. Салым (депозит) иелері өздерінің банкке салған ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде алу мүмкіндігіне ие. Депозит  қатынастардың субъектілері әр түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар. Банктің депозиттік операциясы жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі операцияла  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
     

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ  ПАССИВТІК ОПЕАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ.     

2.1 АҚ «Банк Туран  Алем» қаржы қаражаттарды  тартуын талдау.        

      

 АҚ”Банк Туран Алем” Қазақстан  Республикасындағы 36 банктің ішіндегі  ең ірі ондықтыққа кіреді. Ондықта  ”Банк Туран Алем” екінші орынды алып отыр.Өзінің банктік қызметінің жоғарғы деңгейде дамуына байланысты.Сол себепті мен мысал ретінде осы банктің балансын  алдым. Мысалға алынған банк балансын есептемелерінен алдым. Бұл банк әртүрлі операцияларды жүзеге асырады.         

 Банк  Туран  Алем  2007 жылы  ААҚ  «Банк  Туран  Алем»  4 млрд  теңге  көлеміндегі   жай атаулы  акциялардың  бесінші   эмиссиясы  толығымен   орналастырылған   болатын ,  оның  нәтижесінде   төленген  жарғылық  капитал  33% -ке   көбейді.   Банк  акциялары  Қазақстан  қор  биржасының  листингіне  қосылған  және  саудаларда  белсенді  қатысады.     

2007 жылдың  19 ақпанында  Қазақстан   қор  биржасының  Биржалық  Кеңесі  шешімімен  ААҚ «Банк  Туран Алем»  бірінші  эмиссиясының  субординирленген  атаулы  купонды  облигациялары  биржа  бағалы  қағаздараның  «А»  категориясы  әдейі  тізіміне  енгізілді.    

2007 жылы  банк  2008 жылға  дейін  100млн дол. соммасында  еврооблигациялар  шығарылды.    

2008 жылы  2  маусымында  банк  225млн  АҚШ доллары  соммасында  долларлық  облигациялар шығарды.  Ағымдағы  займ  өтеу мерзімі  7 жылға  дейін  созылғаны  арқасында  айырылады.  Ал  7,875% купондық  ставка  ТМД  елдерінің  қаржы  институттарының  арасындағы  қарыз  беру  бойынша  ең  төмен  болып  келеді.    

Осылайша,  шетел елдері  банктерімен  тиімді  корреспонденттік  қатынастарды  ұстау  мен  құру,  халықаралық  есепайырысу  мен  құжаттық  операцияларды  сапалы  жүргізу  банк  қызметінің  жетістікті  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Банкпен  өнделген  стратегия  шеңберінде саудалық  қаржыландыру  қызметтің  басты  бағыты  болып  белгіленген.  Жүргізілген жұмыс  нәтижесінде  2008 жылы құжаттық  бизнес  2007 жылмен  салыстырғанда  1,4 есе  өседі,  шетел  қаржы институттардан,  несие  несие  орындарынан  құжаттық  және  форфейтингтік операияларға  130млн  АҚШ  долларынан  220млн  АҚШ долларына  дейін  көлемінің  бір  уақытта  өсуі  арқасында.  Банк  клиенттері бұйрығымен  берілген  банктік  кепілдемелер, сонымен  қатар  экспортты- импорттық  операциялар  бойынша  құжаттық  аккредитивтер  көлемі  елеулі  өсті.    

2008 жылдың  31 желтоқсаны  жағдайына   айналымға  шығарылған  және  айналымдағы  құжаттық  аккредитивтердің  соммасы  65,89млн.  АҚШ долларын  құрады. 2008 жылы  31,59 USD соммасында  халықаралық  кепілдемелер  визаланды   және  берілді. Екі  жылда  (2005-ден  2006-ға  дейін)  шығарылған  және  визаланған  кепілдемелер  мен  аккредитивтер  көлемі  сәйкесінше  2,1 рет  және  1,6 ретке  өсті.    

Банк  клиенттерінің  негізгі  сауда  серіктестері  Германия, Россия,  Индия,  Турция,  Корея,  Голландия,  Италия,  Дания,  Иран,  ОАЭ,  Китай болып табылады.    

«Банк ТуранАлем»  және  оның  қарамағындағы  бүкіл  компаниялар  қаржылық  топты  құрайды.  Бұл -  ЖШС «Туран  Алем  Секъюритиз»,  ол  1997 жылдың желтоқсанында  құрылған  болатын.  Банк  атап  өтілген ЖШС-ң жалғыз  акционері болып келеді,  оның  негізгі қызметі үкіметтің,  муниципалитеттің,  Қазақстандағы корпорацияның бағалы  қағаздарын  орналастыруда,  сатуда,  саудада белгіленеді.      

ААҚ «Банк Туран Алем  сақтандыру  компаниясы»  1998 жылдың  қыркүйегінде  құрылған.  Банк  БТА сақтандыру  компаниясының  40% жарғылық  капиталына  ие.    

ЖАҚ Зейнетақы  қоры  «Құрмет», банк  оның  47,5% жарғылық  капиталына  ие.    

Банк, сонымен  қатар  «Династия»  сақтандыру  компаниясының  акционері  және  оның  41,3% жарғылық  капиталына  ие.    

«Банк Туран Алем»  дамыған  аймақтық  желісі  бар,  ол 23 филиал  және  274 есеп айырысу–кассалық  бөлімдер,  сонымен  бірге  республика  бойынша  филиалдық  желі  саны  бойынша  ірі  банктердің  бірі  болып  қалады (салыстыру  үшін, 1940 жылы 182 РКО болған).    

Осылайша, ААҚ «Банк ТуранАлем»  екінші  деңгейлі банкке тән  бүкіл  қасиеттерге  ие,  ол  клиенттерге  есеп айырысу-кассалық  қызмет көрсету  үшін  максимум  қызметті  көрсетеді.    

Банктің  негізгі  сүйенетін  қағидасы  болып  әр  клиентке  жеке  қарау,  клиенттің  мұқтаждығын  зерттеу және  ол  үшін  негізгі  қызмет  құру  табылады.  Банк  Туран  Алем  жеке  тұлғалармен  ғана емес  корпоративті  клиенттермен       де  жұмыс  істейді.  Бұл  банк  көптеген   банктер сияқты  қаржы қызметінің  қандай  да  бір сегментінің кішкене дамуына тырысқан  емес,  мысалы,  корпоративті  банкинг,  өте бай қызметтер үшін  қызмет немесе  бөлшектік қызметтің дамуына тырысқан  жоқ.  Банктің міндеті -  бүкіл бағыттар  бойынша  үйлесімді  және  максималды  тиімді  даму.  Осылайша,   2006 жылы  банк  40 мыңнан  аса  корпоративті  және  500 мыңнан  аса  жеке  клиенттерге  қызмет  көрсетті.    

2007 жылы  Банк Туран Алем үш  ірі  банктердің  арасында  (Казкоммерцбанк,  Халық  Банк)  активтердің,  капиталдың,  міндеттемелердің  және  клиенттік  депозиттер  көлемінің  ең  жоғары темпі  бойынша  динамикалы  дамыды.     

01.01.08 жылға  Банк  Туран  Алем  балансы  бойынша  пассивтер   жалпы  соммасы  224,958.095мың теңге   есептелді.     

Меншікті  қаражат  толуының  негізгі  көзі  банк  жарғылық  капиталының  өсуі  болып  табылады.  Банктің  жарғылық  капиталы  01.01.04 жылда  8,9 млрд. тг,  ал  ал  01.01.08 жылы 2 есе,  яғни  17,0 млрд. тг көбейді.    

2004 жылдан  2008 ж.ж. Банк  Туран   Алем  жарғылық  акционерлік капитал соммасының  өсу динамикасы.     

1 кесте

Жарғылық  акционерлік  капитал,  млрд.  Тг

01.01.04

01.01.05

01.01.06

01.01.07

01.01.08

01.01.08 %-да 01.01.04

8,9

8,9

11,9

11,9

17,0

191


 

    Соңғы  төрт жыл  ішінде  Банк Туран Алем  жарғылық капитал көлемі  бойынша бүкіл банктер арысында  көшбасшы  болып келеді.     

2008 жылы 2004 жылмен  салыстырғанда   Туран Алем  банкінің меншікті  қаражаты  4,3 есе  ретке  өсті (2 кесте).    

Меншікті  капитал көлемінің  динамикасы, млрд  тг.    

2  кесте

01.01.04

01.01.05

01.01.06

01.01.07

01.01.08

01.01.08 %-да 01.01.04

4,4

5,1

8,9

14,8

19,1

434,1


 

     

Банк  Туран  Алем  екінші  деңгейлі  банктер  арасында  меншікті капитал  көлемі  бойынша  екінші  орын  алады.  Туран  алем  банкінің  жарғылық  және  меншікті капиталы өсуінің  2004 жылдан  2008 жылға  дейінгі  динамикасы  1-суретте  көрсетілген.    

       

1 сурет  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
     

2004 – 2005 ж.ж. аралығында  банктің   жарғылық  капитал  көлемі меншікті  капиталдан  артты,  оның  себебі  шығыстардың  табыстардан   асып кетуіне  байланысты.  Банк  шығыстары арасында  негізгі  орынды  сыйақыларды  төлеуге  кеткен шығыстар  алады.  2006 жылдан  бастап  меншікті  капитал 01.01.08ж  3,6млрд  тг  құраған  және  01.01.07жылмен салыстырғанда  2,3 ретке  өскен  таза  пайда  көлеміне байланысты  жарғылық  капитал да  артты.     

2007 жыл  аралығында  банк  активтерінің  белсенді  өсуі  байқалды,  ол  өткен  жылға  қарағанда  1,4 есе,  яғни  157,3 млрд тг-ден  225 млрд тг-ге  өсті (3 кесте).     

2004 жылдан  2008 жылға  дейін   активтер  соммасының  динамикасы                                                                                       

3 кесте

Активтер,  млрд.  тг

01.01.04

01.01.05

01.01.06

01.01.07

01.01.08

01.01.08 %-да 01.01.04

1,9

46,9

62,1

157,3

225

11842,1


 

  
     

Активтерді  орналастыру  бойынша  жалпы  акцепт – клиенттермен  активтік  операциялар  үлесінің  өсуі  бірінші  кезекте – несиелендіру.  2007 жыл  аяғындағы несиелік  салымдар 1,3 есе  өсті  және  активтердің  жалпы  соммасынан  60% -ды құрайды.  Банк  шағын  және  орта  бизнес  бағдарламасын  дамытуды  жалғастыруда.  
     

2.2 Центр Кредит Банк  бойынша активті  және пассивті   операцияларының  өзара байланысуына  талдау.         

 Қазақстан Республикасында «Центр  Кредит Банкі” төртінші орынды  алып отыр.Өзінің банктік қызметінің  жоғарғы деңгейде дамуына байланысты. Мен мысал ретінде осы банктің балансын  алдым. Мысалға алынған банк балансын есептемелерінен алдым.      

Информация о работе Пассив операция