Пассив операция
Курсовая работа, 18 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.
Файлы: 1 файл
Пассивтік курстык жумыс.doc
— 242.00 Кб (Скачать)АҚ”Центр Кредит Банкінің”баланстық есеп беру 2007 жылға.
Активтер (мың тенге)
Қолма-қол валюта
Ұлттық валюта-тенге
Шетел валютасы
ҚР Ұлттық банк депозиттері
Басқа банктер депозиттері(шығынды өтеуге
Құнды қағаздар
Аффирленген бағалы металдар
Лизингілер және қарыздар(шығынды өтеуге
провизия есептеуінде)
Басқа заңды тұлғалар капиталына
Клиенттердің төлеңбеген акцептері бойынша
міндеттемелер
Негізгі қаражаттар(
Материялдық емес активтер(амортизациясы
Басқа да активтер
Алу: класиффицирленген активтер шығындарын жабуға
Барлығы активтер(330 584+645 833+684
Барлығы активтер 32 528 656
Міндеттемелер (мың тенге)
Депозиттар
Талап етілегнге дейінгі депозиттер
Жинақталған депозиттар
Шұғыл депозиттар
ҚР Ұлттық банк алдындағы қарыздар
Басқа банктер және ұйымдар алдындағы
ҚР Үкіметі алдындағы қарыздар
Банк құнды қағаздары
Халықаралық ұйымдар алдындағы қарыздар
Төленбеген акцептер бойынша банк міндеттемелері
Басқа да қарыздар
Басқа да міндеттемелер
Барлығы міндеттемелер.
(22 452 532+8 568 012+841 905+
Капитал (мың тенге)
Жарғылық акциоенерлік капитал(сатып
Қосымша капитал
Банктердің резерв капиталы
Негізгі құралдарды есептеу бойынша резерв
Есептелінген резерв
Банк әмірінде қалған,
Төленбеген таза кіріс.(шығынды жаппағанда)
Барлығы капитал (2 482 484+950 456+228 035+17
29 442 251+3 086 405=32 528 656
Барлығы пассивтер
«Центр Кредит Банкі» бойынша біз баланста көріп
«Центр Кредит Банкі» бойынша мысалға қарастырайық.
Мысал ретінде салыстыратын болсақ депозиттарды банк міндеттемесінде ол 22 452 532 мың тенгені құраса,ал активте лизингілер және қарыздар жағында 21 044 011 мың тенге құрады,бұдан айырма 1 408 521 мың тенге екенін көріп отырмыз.
«Центр Кредит Банкі»
1)Міндеттеме: 22452532 (депозиттер)
32528656 (жалпы активтер және міндеттеме)
Актив: 21044011 (лизингілер және қарыздар)
32528656 (жалпы активтер және міндеттеме)
Айырма 1 408 521 мың.тг 4,3% құрады.
Актив, пассив операциялар |
32528656 |
Депозиттер |
22452532 |
Лизингілер және қарыздар |
21044011 |
Міндеттемелер бойынша үлес салмағы |
69.0% |
Актив бойынша үлес салмағы |
64.7% |
Депозиттарды банк міндеттемесінде ол 22 452 532 мың тенгені құрады,ал активте лизингілер және қарыздар жағында 21 044 011 мың тенге құрады,бұдан айырма 1 408 521 мың тенге.Сонымен барлық депозиттар қаржысын банк лизингілер және қарыздарға салады.Бұл деген өте жақсы көрсеткіш.Банк лизінгі және қарыздарға ақшаны басқа капиталдан алған жоқ. Банк өзінің жарғылық капиталына тиіскен жоқ.
Бұл бөлімді қорыта айтқанда, активті және пассивті операциялар бойынша әр қашанда өзара байланыста болу қажеттілігін түсіндік. Бұл байланыссыз банк балансының дұрыстылығы болмайды. Актив операция жағы пассив операция жағында тепе-теңдік болу қажет. Банктің әрі қызметін жалғастыру үшін баланс дұрыстылығы, дәлдігінің болуы.
Пассивтік және активтік
3 бөлім ДЕПОЗИТТЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЛҒАЙТУ КӨЗДЕРІ
3.1 Экономиканың қазіргі секторында депозиттерді ынталандыру және ұлғайту көздері.
Қазіргі уақыттағы банктік жүйе ресурстық базасының әрі қарай өсуі 2 негізгі қайнар көзге ие: бұл депозиттер (жеке және заңды тұлғалар), сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері. Екінші деңгейлі банктер депозитіне арзан және «ұзын» ақшаға қатысты көздер ретінде зейнетақы қорларының активтерін тарту үшін банктер орнатылған жағымды жағдайды (нарықты шектеу және мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығының төмендеуі, корпоративтік қағаздар нарығының дамымауы) сәтті қолданады. 2006 жылдың жеті айы ішінде екінші деңгейлі банктер депозиттеріне жинақтаушы зейнетақы қорлары активтерін салу үлесі шамамен 4 есе өсті, 1.08.2008ж мәліметтері бойынша олардың көлемі жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің 9,45%-ін құрады, жылдың басына осы мандар 2,6% -ке теңелді.
Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) депозиттері жағдайының динамикасы ЕДБ ресурстық базасына жағымды және жағымсыз әсері бар келесі негізгі тенденциялармен сипатталалды:
- ҚР ЕДБ-ң активтер құрылымында депозиттердің үлес салмағының және жалпы көлемінің өсуі. Депозиттер үлес салмағының ұлғайыуы 2007 жылы – 8,8 % ұлғайса, 2008жылы – 5,9 %, ал 2009жылдың 9 ай ішінде 1,3% өсіп, 56,7 % -ға жетті;
- Депозиттердің жалпы көлемінің ұлғаюы шетел валютасындағы салымдардың тез өсуі арқасында болады, 2009жылдың 9 ай ішінде шетел валютасында депозиттердің өсу темпі ұлттық валютадағы көрсеткіштерге қарағанда 2 есе өскен (2007 жыл үшін депозиттер өсуінің темпі теңгеде 74,3 %, ал 2008 жыл үшін – 62,8 %, 2009 жылдың 9 айы ішінде – 58,0% құрады).
Жеке тұлғалар депозиттерінің өсу темпінің жоғарылауы 2009 жылдың 9 ай ішінде 10,8% құрады, сонымен бірге 42,3%-ке жетті, заңды тұлғалармен салыстырғанда, депозиттердің жалпы көлемінде жеке тұлғалар депозитінің үлес салмағында жағымды көрініс тапты. Жеке тұлғалар депозиттері жалпы көлемінің өсуі шетел валютасындағы салымдар арқасында пайда болады. Жеке тұлғалар депозиттерінің өсу темптері 2007жылы - 74,6%, 2008 жылы – 66,5%, 2009 жылдың 9 айында – 90,6% құрады, ал заңды тұлғалар депозиттерінің өсу темптері сәйкесінше 134,4%, 74,5%, 19,2%.
Мерзімді депозиттер өсуінде талап еткенге дейінгі депозиттермен салыстырғанда тенденциялар өзгеруін белгілеуге болады, егер 2007-2009 жылдарда байқалған талап еткенге дейінгі депозиттер үлес салмағының түсуі бойынша тұрақты тенденция тартылған депозиттер жалпы көлемінің 2007 жылы - 63,3% және 2008 жылы - 56,6% байқалса, ал 2009 жылдың 9 айында керісінше тенденция талап еткенге дейінгі депозиттер үлес салмағының 0,2% ден 36,8% өсуі байқалды.
Нәтижесінде жедел депозиттер үлес салмағы 01.09.09 жылы – 60,7%, тамызда 60,9% құрады. Сондай-ақ мерзімді депозиттер негізінде депозиттер өсуі арқасында өсетін ерекшелігі бар екенін ескеруге болады: жеке тұлғаларды шетел валютасында және заңды тұлғаларды ұлттық валютада, ал талап еткенге дейінгі депозиттер – ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың депозиттері арқасында, шетел валюасындағы заңды тұлғалардың депозиттері арқасында.
Сонымен, ҚР ЕДБ ресурстық (депозиттік) базасының баланстануы бойынша келесі бағыттарды атап өтге болады. Біріншіден, мерзімді депозиттердің үлес салмағы мен көлемінің әрі қарай ұлғаюы бойынша шаралар кешені қажет (әсіресе, 1 жыл немес одан көп айналым мерзімі бар депозиттер). Екіншіден, американдық экономиканы инвестициялау құрамы ретінде депозиттердің «долларизациясымен» байланысты бірқатар шаралар кешені қажет.
Осыған байланысты келесі шараларды ұсыну қажет:
- банктің банкроттығы жағдайында жеке тұлғалар салымдарының (депозиттерінің) кепілдеме беру (сақтандыру) қоры жағынан жедел салымдар бойынша толық компенсацияның аса жоғары соммасын қою. 1,5 жылдан жоғары мерзімде депозитке салу кезінде толық компенсация соммасын 400 мың тг-ге дейін көбейту, және 2 жылдан жоғары мерзімде депозитке салу кезінде Қормен мерзімдік депозиттердің 100%-к сақтандыруын қою;
- ұлттық валютада 1,5 жылдан жоғары мерзімде депозитке кезінде валюталық бағамның 75%- ке желілік өзгеруі жағдайында сақтандырма қабылдау, ал 2 жылдан жоғары мерзімде едпозитке салу кезінде жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру қоры жағынан 100%-к сақтандыруын қою;
- шоттар бойынша шетел валютасында ұлттық валютасына қарағанда резервирлеудің аса жоғары мөлшерлемесін қабылдау.
Бұл бөлімді қорытындасақ, заңды тұлғалар мерзімді депозиттерін ынталандыру үшін, коммерциялық банк шараларынан басқа, мемлекеттік органдар тарапынан келесі шараларды қабылдау мақсатты деп ойлаймын:
- банк клиенттері үшін мерзімді депозиттер проценттері бойынша салықтық мөлшерлемелерді төмендету, яғни олар талап еткенге дейінгі депозиттерден төмен болуы керек. Қазір заңды тұлғалар депозиттерден проценттер бойынша табыстан 15% -ін төлейді, 1 жылдан жоғары мерзімді 10% және 1,5 жылдан жоғары мерзімді 5% мерзімді депозиттер бойынша салықты төмендету қажет. Осыған сәйкес, Салық кодексіне өзгертулер енгізу керек (4 бөлім. Корпоративтік табыс салығы, 21 тарау, 135 бап, 2 пункт);
- жинақтаушы зейнетақы қорларының депозиттері мерзімін өсіру қажет, яғни қазіргі уақытта ЖЗҚ-ға 3 айға дейінгі ЕДБ-дегі депозиттерге қаражат салуға рұқсат етілген, менің ойымша, ЖЗҚ-на депозиттерге 1 жыл және жоғары мерзімге салуға рұқсат беру керек, бірақ та банкротқа ұшыраған банктер мен ЖЗҚ-ң әлеуметтік ролін ескере отырып, біріншіден, ЖЗҚ-на 3 айдан жоғары мерзімге салымдар жасауға рұқсат етілген (1 топ банктері) банктер тобын шектеу; екіншіден, ЕДБ депозиті салымдарының лимиті 15%-тен жоғары емес ЖЗҚ-на бір банкке инвестициялауға рұқсат беру; үшіншіден, 1 жылдан аз емес мерзімі бар мерзімді депозиттерді сақтандыру үшін заңды тұлғалар мерзімді депозиттерін сақтандыру қорын құру, осыған сәйкес компаниялармен зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметті орындау Ережесіне шамалы өзгертулер енгізу қажет (14.12.98 ж қойылымына сәйкес енгізілген өзгертулер).