Пассив операция

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 12:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.

Файлы: 1 файл

Пассивтік курстык жумыс.doc

— 242.00 Кб (Скачать)

 

  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
     

ҚОРЫТЫНДЫ.     

 Қорыта айтқанда пассивтік  операциялар дегеніміз – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.      

 Банк  ресурстарын  құру  үшін  банк  қаржылары  қарастырылатын,  содан  кейін  актив  бойынша  пайдаланылатын  коммерциялық  банктің  операциялары  пассивтік  операциялар  ретінде  түсіндіріледі.  Ал  банк  активтерінің  көлемі  мен  құрылымы  олардың  құрылған  көздері  есебінен,  яғни банк  пассивтерімен  анықталады.              

 Коммерциялық  банктер  тәжірибесінде  пассивті операцияларға  айқындаушы операциялар  жатқызылады,  өйткені ресурстардың жеткіліктілігі  активті  операциялар  жасауға  мүмкіндік береді.  Коммерциялық  банк  балансының  пассиві  бойынша  реурстарды  құрудың төмендегідей  көздерін  көрсетуге  болады:

  • Салымдар (депозиттер)  қабылдау;
  • Клиенттердің  есеп  шоттарын, оның  ішінде банк –корреспонденттерді  ашу  және  жүргізу;
  • Меншікті  бағалы  қағаздар  (акциялар, облигациялар),  қаржы  құралдарын (вексельдер, депозиттік  және  сақтық  сертификаттарды)  шығару;
  • Банкаралық несие  ресурстарын алу.

 

    Коммерциялық  банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді (активті) операцияларды  жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығын  білдіреді.    

Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша  меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінеді.    

Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан  аса үлесін құрайтын тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі  көзі болып саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының 10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде қалыптасқан құрылымға жауап береді. Коммерциялық банктердің қызметіндегі депозиттік операциялардың алатын орны ерекше. Депозиттік  операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған. Салым (депозит) иелері өздерінің банкке салған ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде алу мүмкіндігіне ие. Банктің депозиттік операциясы жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі операциялар.       

2 тарауда мен «Банк Центр Кредиттің»  балансын талдауға алдым. Сонда байқағанымыз: активті және пассивті операциялар бойынша әр қашанда өзара байланыста болу қажеттілігін түсіндік. Бұл байланыссыз банк балансының дұрыстылығы болмайды. Актив операция жағы пассив операция жағында тепе-теңдік болу қажет. Банктің әрі қызметін жалғастыру үшін баланс дұрыстылығы, дәлдігінің болуы.        

 Пассивтік және активтік операциялар   бір–бірімен  тығыз  байланысты.  Мысалы,  пассивтердің  құрылымы  мен  сипаты  көп  жағынан   банктің  активтік  операцияларды   жүргізудегі  мүмкіндігін  анықтайды,  ал  несие  саласындағы  банк  саясатының  өзгеруі  ресурстардың  сипатына  елеулі  әсерін  тигізеді.         

 Заңды  тұлғалар  мерзімді  депозиттерін  ынталандыру  үшін,  коммерциялық  банк  шараларынан  басқа, мемлекеттік  органдар  тарапынан  келесі  шараларды  қабылдау  мақсатты  деп  ойлаймын:

  • банк  клиенттері  үшін  мерзімді  депозиттер  проценттері  бойынша салықтық  мөлшерлемелерді  төмендету,  яғни  олар  талап  еткенге  дейінгі  депозиттерден төмен  болуы  керек.  Қазір  заңды  тұлғалар депозиттерден  проценттер  бойынша  табыстан  15% -ін төлейді,  1 жылдан  жоғары мерзімді  10%  және  1,5 жылдан  жоғары  мерзімді  5%  мерзімді  депозиттер   бойынша  салықты  төмендету  қажет.  Осыған  сәйкес,  Салық  кодексіне  өзгертулер  енгізу  керек   (4 бөлім.  Корпоративтік табыс  салығы,  21 тарау,  135 бап,  2 пункт);
  • жинақтаушы  зейнетақы   қорларының  депозиттері  мерзімін  өсіру  қажет,  яғни   қазіргі  уақытта  ЖЗҚ-ға 3  айға   дейінгі  ЕДБ-дегі   депозиттерге  қаражат  салуға  рұқсат  етілген,  менің  ойымша,  ЖЗҚ-на  депозиттерге  1 жыл және  жоғары  мерзімге  салуға  рұқсат  беру  керек,  бірақ та  банкротқа  ұшыраған банктер  мен  ЖЗҚ-ң әлеуметтік  ролін  ескере  отырып,  біріншіден,  ЖЗҚ-на 3 айдан  жоғары  мерзімге  салымдар  жасауға  рұқсат  етілген (1 топ  банктері)  банктер  тобын  шектеу;  екіншіден,  ЕДБ  депозиті  салымдарының   лимиті  15%-тен  жоғары  емес   ЖЗҚ-на  бір  банкке  инвестициялауға  рұқсат  беру;  үшіншіден,  1 жылдан  аз  емес  мерзімі  бар  мерзімді  депозиттерді  сақтандыру  үшін  заңды  тұлғалар мерзімді  депозиттерін  сақтандыру  қорын  құру,  осыған  сәйкес  компаниялармен  зейнетақы  активтерін  басқару  бойынша инвестициялық  қызметті  орындау Ережесіне  шамалы  өзгертулер  енгізу  қажет  (14.12.98 ж қойылымына  сәйкес  енгізілген  өзгертулер). 

 

  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
     

Қолданылған  әдебиеттер     

1. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие,  Банктер», Алматы – 2001 ж.    

2. Долан Э. Дж., и др. Деньги, банковское  дело и денежно-кредитная политика. Пер. С англ. В.Лукашевича и др. Под общ. Ред. В. Лукашевича. Л., 1991 ж.    

3. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар  нарығы», Алматы – 1999 ж.    

4. Куликов А. «Экономикалық теория  негіздері», Алматы – 1997 ж.    

5. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер,  Валюта қатынастары», Алматы –2000ж.    

6. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын  экономикасы», Алматы – 2002ж.    

7. www.afn.kz    

8. www.google.kz    

9. www.nationalbank.kz    

10. Сайденов  А.  «Стабильность – главное условие экономического роста», Каз. Правда -2005 ж.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 http://freepapers.ru/77/banktn-passiv-operaciyasyny-tuekeldlgn-basaru/31342.198994.list7.html 
  
 

 


Информация о работе Пассив операция