Банк ресурстарының көздерінің құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 03:10, курсовая работа

Краткое описание

Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері..............6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы.......................................9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты..................28
2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері.............................39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі................................................49
Қосымша............................................................................................................54
Қорытынды.......................................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер................................................................................61

Файлы: 1 файл

Дикони курсовой.doc

— 457.50 Кб (Скачать)

 тәсілдеріне  байланысты үлкен екі топқа  бөледі:

  1. Депозиттік қаражаттар;
  2. Депозиттік емес  тартылған қаражаттар.

      Тартылған қаражаттар ішінде  ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

      Ал, сол, депозиттік қаражаттарға  келетін болсақ:

      Депозиттік қаражаттар дегеніміз– бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттарын айтамыз.

      Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді:  

      Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

      Пассивті депозиттік  операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақыты және пайыз төлеу шарты бойынша тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.

      Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың,  депозиттердің және депозиттік  емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

      Экономикалық мазмұнына қарай  депозиттерді мынадай топтарға  бөледі:

  1. талап етуіне дейінгі депозиттер;
  2. мерзімді депозиттер;
  3. жинақ салымдары;
  4. бағалы қағаздар.

      Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне  байланысты жіктеуге болады:

  1. мерзімдеріне қарай;
  2. салым иелерінің категорияларына қарай;
  3. қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  4. пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  5. банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  6. басқада с.с.

      Салым иелерінің категорияларына  байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. жеке тұлғалардың шоттарына;
  2. кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
  3. жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
  4. қаржылық мекемелердің шоттарына;
  5. шетелдік азаматтарының шоттарына.

      Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшалардың алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

      Отандық банктік тәжірибеде талап  етуіне дейінгі депозиттерге  мыналар жатады:

  1. мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  2. әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  3. есеп айырысудағы қаражаттар;
  4. жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  5. басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

      Талап етуге дейінгі депозиттік  шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарға өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға, қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

      Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  1. ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  2. шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
  3. банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  4. талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, екінші деңгейлі банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

      Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

      Бұл депозит түрі, алдын ала  хабарлаудан кейін немесе мерзім  бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді  депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

      Бұл салымның ерекшелігі –  талап еткенге дейінгі депозитке  қарағанада, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

      Депозиттің бұл түрін алдын  ала хабарлау негізінде немесе  уақыты жеткен кезде салым  иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді  чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа  шоттарға аударуға болады.

      Мерзімді депозиттер мынандай  түрлерге бөлінеді:

  1. меншікті мерзімді депозиттер;
  2. алдын ала алуы ескертілген мерзімді депозиттер.

      Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу  мерзіміне қарай жіктеледі:

  1. 30 күнге дейінгі;
  2. 30-90 күнге дейінгі;
  3. 90-180 күнге дейінгі;
  4. 180 күннен 360 күнге дейінгі;
  5. 360 күннен жоғары.

      Мерзімді депозиттер бойынша,  салым иесінен алдын ала хабарлау  депозиті бойынша міндетті түрде  өтінішін талап етеді. Өтініш  беру уақыты алдын ала келісіледі  және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді.      

      Әдетте , алдын ала алуын хабарлау  мерзімі жеті күннен жоғары  болып келеді.

      Мерзімді депозиттердің мынадай  ерекшеліктері бар:

  1. Есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  2. Шоттағы қаражат баяу айналады;
  3. Тұрақты пайыз төленеді;
  4. Пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
  5. Ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  6. Бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

      Тағы бір кеңінен таралған  депозиттердің түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

      Банктер үшін мұндай шоттар  қосымша жұмыстарды талап етеді:  оперцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны  жоғалту және ұрлатып алу жағдайына  сай екі жақты тіркеу енгізу  қажет және т.б. Компьютердің  көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.

      Мерзімді депозиттер және жинақ  салымдары депозиттік ресурстардың  біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

      Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі  болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

      Жинақ салымдарының төмендегідей  ерекшеліктері болады:

  1. ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
  2. шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
  3. ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.

      Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.

      Отандық банктік тәжірибеде жеке  тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары  салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. мерзімді жинақ салымдары;
  2. қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  3. ұтыс салымдары;
  4. ақшалай-заттай ұтыс  салымдары;
  5. мақсатты және ағымдық салымдар;
  6. алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  7. валюталық салымдар

      Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

      Қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с.) толық төленеді.

      Ағымды жинақ салымдар негізінен,  жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді  төлеу үшін жинақталатын және  пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді.  Мұндай салымдар бойынша өте  төменгі пайыз төленеді.

      Мерзімді депозиттер мен жинақ  салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

      Депозиттік және жинақ сертификаты – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатта және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.

      Депозиттік және жинақ сертификаттары  иемденуіне қарай екі түрлі  болып келеді:

  1. атаулы сертификаттар;
  2. мәлімдеуші сертификаттар.

      Атаулы депозиттік және жинақ  сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

      Депозиттік және жинақ сертификаттары  сатылған тауарлар және көрсетілген  қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

      Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік  сертификаттардың мынадай екі  түрі бар:

  1. аударылатын;
  2. аударылмайтын.

      Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

      Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші

 нарықта  сатып алу-сату арқылы өтеді.

      Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Информация о работе Банк ресурстарының көздерінің құрылуы