Банк ресурстарының көздерінің құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 03:10, курсовая работа

Краткое описание

Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері..............6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы.......................................9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты..................28
2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері.............................39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі................................................49
Қосымша............................................................................................................54
Қорытынды.......................................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер................................................................................61

Файлы: 1 файл

Дикони курсовой.doc

— 457.50 Кб (Скачать)

      Банктің жарғылық  капиталына  акционерлер (қатысушылар) салым  ақшаны салумен қатар жыл сайын   дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.

      Аударылатын дивидендтердің мөлшері,  аударылатын кезегі мен тәртібі  акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция).

      Банкке түскен пайда жеткіліксіз  болған жағдайда артықшылықты  акция бойынша дивидендтерді  есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.

      Екінші деңгейлі банктің резервтік  қоры активтік операциялардан  болған залалдың орнын толтыруға  арналған, банк облигациясы бойынша  төлем көзі ретінде әрі алынған  пайда жеткіліксіз болған жағдайда  артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25 – 100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу қайтадан басталады.

      Екінші деңгейлі банктерде резервтік  қормен қатар пайдадан аударудың  есебінен арнайы қорлар (банктің  өндірістік және әлеуметтік дамуына арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.

      Банктегі өзіндік қаражаттың  айрықша құрамдас бөлігіне банктің  нақты операцияларды орындау  арқылы қалыптастыратын сақтандару резерві  жатады. Ол (сақтандыру резерві) – банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және  берілген сауданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.

      Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы – банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс-тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың  ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем  қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық  нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгілейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй-ғимаратты , машинаны, құрал-жабдықты, есептеуші техниканы және т.б. керек-жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банкті өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатын қор жатады.

      Өзіндік қаражаттың шамасын (мөлшерін) екінші деңгейлі банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:

    1. банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
    2. өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
    3. өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;

          4) Ұлттық банктің жүргізіп отырған  несие саясатына және несиелік  ресурстар нарығының даму деңгейіне  тәуелді. 

      Дамыған  нарық жағдайында  несие саясатын ырықтандыратын  болсақ, екінші деңгейлі банктер  несие ресурстарына оңай қол жеткізеді, әрі банкке  қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.

      Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:

  1. банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;
  2. пайданы немесе шығарылатын акциялардың санын (банк пайшыларының санын) арттыру. Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру, әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда (немесе жаңа пайшыларды тартуда) қосымша шығынды қажет етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.

      Отандық екінші деңгейлі банктер  әбден қалыптасқан нарықта өз  орнын (позициясын) тұрақты, сенімді,  берік ету үшін әрекеттенетіні  белгілі. Алайда, оларды көбінесе  пайданы ұзақ мерзімді келешекте  өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер  проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.

      Коммерциялық кәсіпорынның бір  түрі ретінде банк мекемесінің  өзіндік ерекшелігі мынада: оның  көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит) қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға (банкаралық несие арқылы) алған қаражаты жатады.

      Депозиттік операция (латынша depozitum – сақтауға берілген зат) – клиент қаражатының банкке, оның уақытша пайдалануына берілетінін білдіретін экономикалық қатынас.

      Жоғарыда айтылғандардан мынадай  тұжырым жасауға болады: депозит тек салымшыға ғана емес, сонымен бірге, банкке де пайдалы. Депозиттердің көбісі ссудалық капиталды құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Депозит бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал процентіндегі айырмашылық, банктің бос ақшалай қаражатты тартуы бойынша және ссудалық капиталды орналастыруы бойынша жүргізген жұмысының сый-ақысы болып табылады. Банктер бұл сый-ақының мөлшерін арттыру үшін «жалған салым ақшаны» құру арқылы өзінің ресурстық базасын ұлғайтуға ұмтылады. Ал, бұл «жалған салым ақшаның» пайда болуына талап етілмелі шот өз септігін тигізеді.

      Банктің «Алтын» ережесінде қаржылық  банк талабының шамасы мен  мерзімі, оның міндеттемесінің  мөлшері мен мерзіміне сәйкес келу керектігі айтылады. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шот бойынша қалдықтарды несие ресурсы ретінде пайдалана алмайды, өйткені олар кез келген сәтте талап етілуі мүмкін. Алайда, әдеттегіше, клиенттер өзінің барлық қаражатын бір мезгілде өндіріп ала алмайды, сондықтан да банктің қолма-қол резервтері салыстырмалы түрде көп болмайды. Оның үстіне, көптеген банк операциялары қолма-қол ақшасыз түрінде жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша сомасы кассалық резерв ретінде әрекет етпейтіндіктен, бұл банктердің өтімділігін арттырады, әрі басқа клиенттерге немесе басқа банктерге несие ретінде берілуі мүмкін. Екінші деңгейлі банктердің депозиттерді несие ресурсы ретінде пайдалануына шек қоятын кассалық резервтерден басқа тағы бір шектеушіге орталық банк белгілейтін міндетті резерв жатады.

      Депозит шоттары әр түрлі болуы  мүмкін. Оларды жіктеудің негізінде  салым ақшаның көздері, олардың  мақсатты тағайындауы, табыстылық  деңгейі және т.б. секілді өлшемдер  болады, алайда, өлшем ретінде көбінесе  салымшының категориясы мен салым ақшаны алудың формалары алға шығады.

      Салымшылардың категорияларына  қарай депозиттер былайша бөліп  көрсетіледі:

  1. заңды тұлға (кәсіпорын, ұйым, өзге де банктер);
  2. жеке тұлға.

      Қаражаттың алыну формасы бойынша  депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. талап етілмелі (нақты мерзімі болмайтын міндеттеме);
  2. мерзімді (нақты мерзімі бар міндеттеме);
  3. шартты (бұрын айтылған шарт күшіне енгенде алынатын қаражат).

      Талап етілмелі депозит – клиент тарапынан банкке алдын ала хабарлаусыз кез келген сәтте  талап етілуі мүмкін қаражат. Оған ағымдық, есеп айырысу, бюджет шоттарындағы қаражат және есеп айырысуды орындаумен немесе қаражаттың мақсатты пайдаланылуымен байланысты өзге шоттардағы қаражат кіреді. Талап етілмелі депозит ағымдағы есеп айырысуға арналған. Клиенттер есеп айырысуды жүргізу, төлемдерді төлеу және банк делдалдығы арқылы ақшалай қаражатқа ие болу үшін мұндай шотты ашу туралы бастаманы өздері көтереді. Қаражаттың бұл шот бойынша қозғалысы (түсуі және есептен шығарылуы) қолма-қол ақшамен, чекпен, аударыммен, басқадай есеп айырысу құжаттарымен рәсімделуі мүмкін.

      Банк өтімділігін басқару тұрғысынан  алғанда банктер үшін ағымдағы  және бюджеттік шоттар, капитал  салымын қаржыландыру жөніндегі  шот, арнайы тағайындау шоты  пайдалы болып табылады, өйткені қаражаттың осылар бойынша қозғалыс сипаты (жүзеге асырылатын немесе келіп түсетін аударымдардың сомасы, мерзімі, кезеңділігі) банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін.

      Контокоррент (итальянша conto corrente – ағымдағы шот) – бұл бірыңғай шот. Онда банктің клиентпен жүргізген барлық операциялары ескеріледі. Контокоррентте, бір жағынан, банк ссудасы мен клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан төленетін барлық төлемдер, екінші жағынан, аударымдар, салым ақшалар, қайтарылған ссуда түрінде шотқа түскен қаражат көрініс табады. Осылайша, бұл есеп айырысу мен ссуда шоттарының қосындысын білдіретін активті-пассивтік шот болып табылады. Несие сальдосы клиенттің өзіндік қаражатқа ие екенін білдірсе, ал дебет сальдосы айналымға қарыз қаражатының тартылғанын әрі шот иесінің несие бойынша банктің борышкері болып табылатынын білдіреді. Несие сальдосы бойынша банк клиенттің пайдасына пайызды есептейді, ал дебет сальдосы бойынша берген ссудасы үшін өз пайдасына пайызды өндіріп алады. Әрі-беріден соң, пайыз шот иесінің пайдасына қарағанда банктің пайдасына ең жоғары мөлшерлеме бойынша есептеледі. Контокорренттік шот ерекше сенімділік танытудың белгісі ретінде сенімді клиентке бірінші класты қарыз алушыға ашылады. Қаражаттың түсуіне жұмсалатын шығын артатын болса, шот иесі әрбір жеке жағдайда несиені арнайы рәсімдеусіз келісім-шартта белгіленген сомада ала алады.

      Контокорренттік шотқа овердрафтық ағымдағы шот ұқсас болады. Бұл шот клиент пен банктің арасындағы келісімнің негізінде несиенің қарызға алынғанын білдіретін қаражат қалдығының шамасынан асып түскен соманы белгілі бір мөлшерде  есептен шығаруды ұйғарады. Алайда, бұл шотты ажырата білу керек. Овердрафтіде (контокорренттіге қарағанда) мұндай қарыз алу жағдайдан жағдайға қарай жүзеге асырылады, яғни, сипаты тұрақты емес.

      Осыған орай бұл шотқа көбінесе  пассивтік (несиелік) қалдық сипаты  тән. Овердрафтық ағымдағы шоттың  болуы жекелеген операцияларды  жүргізгісі келетін клиенттің  қосымша депозиттік немесе ссудалық  шоттарды ашуына бөгет келтірмейді,  ал контокорренттік шотта банктің клиентке қатысты жүзеге асыратын барлық операциялары шоғырланған. Оның үстіне, контокорренттік шот шаруашылық ұйымдардың – заңды тұлғалардың адресіне ашылса, овердрафтық шот қаражаттың түсуі мен жұмсалуының арасындағы, яғни, түскен қаражат пен жұмсалған қаражаттың арасындағы уақытша айырмашылықты жабу үшін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да ашылуы мүмкін.

      Талап етілмелі депозитке бір  жақты тәртіппен немесе бір-біріне  тапсырма беру бойынша төлемдерді  және есеп айырысуларды жүзеге асыру мақсатында корреспондент банкісінде немесе ҚР Ұлттық банкісінде ашылатын банктің корреспонденттің шоты қатысты болады. Бір банктің басқа банкте ашқан корреспонденттік шоты ностро-шот (итальянша nostro-conto – біздің шот) деп аталады және бұған керісінше, корреспондент банктің осы банкте ашатын корреспонденттік шоты лоро-шот (итальянша loro-conto – олардың шоты) деп аталады. Әдетте, банктердің корреспонденттік қатынасы белгіленгенде тараптар осы шот бойынша овердрафты  қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастырады. Дебеттік немесе несиелік қалдық бойынша пайыздық мөлшерлемелер, мерзімдер, шекті мөлшерлер басқа шарттармен бірге банктердің корреспонденттік қатынасы туралы келісім-шартпен анықталады.

      Лоро-шотта пассивтік (несиелік) сальдоның қалыптасуы банк айналымында корреспондент банк арқылы тартылған қосымша ресурстардың бар екендігін білдіреді, ал активтік (дебеттік) сальдо-овердрафтың пайда болғанын , яғни, корреспондент банкке несиенің берілуін білдіреді. Керісінше, ностро-шот бойынша несие қалдығы айналымға овердраф туралы келісім-шартқа сәйкес басқа банк қаражатының тартылғанын білдірсе, ал, дебеттік – осы корреспондент-банкке өз қаражатының бір бөлігінің орналасқанын білдіреді.

Информация о работе Банк ресурстарының көздерінің құрылуы