Банк ресурстарының көздерінің құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 03:10, курсовая работа

Краткое описание

Екінші деңгейлі банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3
I-БӨЛІМ. Банк ресурстарының құрылуының қайнар көздері..............6
1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-
1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен заңдылығы.......................................9
II-БӨЛІМ. Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты..................28
2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28
2.2. Банктің тартылған қаражаттары және депозиттері.............................39
2.3. Инвестициялық операциялардың үлесі................................................49
Қосымша............................................................................................................54
Қорытынды.......................................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер................................................................................61

Файлы: 1 файл

Дикони курсовой.doc

— 457.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

Банк  ресурстарының көздерінің құрылуы

Кіріспе..................................................................................................................3

I-БӨЛІМ.  Банк ресурстарының  құрылуының қайнар  көздері..............6

    1.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы........................................-

    1.2. Банк ресурстарын жоспарлау мен  заңдылығы.......................................9

II-БӨЛІМ.  Банктің ресурстарының  қалыптастыру сипаты..................28

     2.1. Банктің меншікті капиталы...................................................................28

     2.2. Банктің тартылған қаражаттары  және депозиттері.............................39

     2.3. Инвестициялық операциялардың  үлесі................................................49

Қосымша............................................................................................................54

Қорытынды.......................................................................................................59

Қолданылған әдебиеттер................................................................................61 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

       Бүгінгі әлемде ел экономикасы дамып, нарықтық қатынастардың қалыптасу мақсатына байланысты банк саласындағы қазіргі заманға сай банк ресурстарын қалыптастыру, реттеу және ресурстар көздерінің құрылуын жоспарлау экономика, нарық қатынастары үшін банктің маңызды мәселесі болмақ.

      Екінші деңгейлі банктер бір  жағынан, шаруашылық субъектілердің  уақытша бос ақшалай қаражаттарын  тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

      Ал, «банктің ресурстары» терминіне  ұғым беретін болсақ:

Банк  ресурстары деп  – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

      Банк ресурстарын банктердің  өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты  және тартылған қаражаттары құрайды.  Сондықтан да, «банк ресурстары»  термині «банктің несиелік ресурсына»  қарағанда кең ұғымды білдіреді.   

      Банк ресурстары тек несиелеуге  ғана емес, сол сияқты басқа  да активтік немесе комиссиондық  операцияларды қаржыландыру үшін  пайдаланады, яғни табыс табу  мақсатында жұмылдырылған ресурстарды  орналастырады.

      Банктің пассивтік және активтік операциялары бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі

әсерін  тигізеді.

      Сондықтан да, бұл курстық жұмыстың  өзектілігі осында жатыр. Яғни, қазіргі еліміздің нарықтық экономикасына  сай екінші деңгейлі банктердің  басты өзекті мәселесі осы  банк ресурстарының құрылуының  көздерін жоспарлауда дұрыс таңдау  жасай білу. Мәселен, ең алғаш құрылған банктер үшін де және қазіргі жұмыс істеп жатқан банктер үшін де басты міндет болып, банк ресурстарын дұрыс орналастыру, яғни өзінің өзіндік және тартылған қаражаттарды жинап алу арқылы, оны тиімді жұмсауды жоспарлау банк үшін маңызы зор.

      Сондықтан да, мен курстық жұмысымның  тақырыбын «Банктің ресурстарының  құрылуының көздері» деп алдым.

      Бұл курстық жұмысты жазудағы  негізгі мақсатым: қазіргі нарыққа сай құрылған банктердің ресурстарын, яғни меншікті және тартылған қаражаттар жиынтығын дұрыс орналастыру, негізгі бағыттары бойынша олардың құрылу көздерін жоспарлау, реттеу, қалыптастыру негізінде жинақталған мәселелерді аша білу.

      Бұл курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары бойынша: банктің ресурстарының құрылуының қайнар көздері және банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты етіп  2 бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші  бөлім бойынша,  банктің ресурстарының ұғымы, мазмұны, құрылымы және банк ресурстарын жоспарлануы мен заңдылықтары туралы мәселелерді қозғадым. Ал, екінші бөлім бойынша, банктің өзіндік қаражаттары, яғни меншікті капиталы және оның жеткіліктілігі туралы толық мағлұматтары және банктің тартылған қаражаттары, оның ішінде депозиттік операциялар (депозит, аманат қабылдау) және депозиттік емес операциялары (банкаралық несие) бойынша басты мәселелер қарастырылды.

      Жоғарыда айтылып өткен тақырыптар  негізінде банк ресурстарының

 толықтай  мәселелері  қарастырылды.  Айтар  болсақ,  қазіргі уақыттағы

 екінші  деңгейлі банктердің меншікті  қаражаттары мен тартылған қаражаттарының банк үшін экономикалық нарықта алар орны, қазіргі уақытта олардың дәрежелік көрсеткіштері жайында мәселелері.

       Курстық жұмысты жазу барысында  жан жақты ізденуім негізінде  А.Ә. Ілияс, С.Б Мақыш, А.А.  Абишева, С.А. Святова, Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н. Хамитов еңбектерін қорыта отырып қолдандым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I – БӨЛІМ. Банктің ресурстарынң құрылуының қайнар көздері

1.1. Банк ресурстарының  ұғымы және құрылымы

     Екінші деңгейлі банктер бір  жағынан, шаруашылық субъектілердің  уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Екінші деңгейлі банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

      «Банк ресурстары» термині «банктің  несиелік ресурсына» қарағанда  кең ұғымды білдіреді. Банк  ресурстары тек несиелеуге ғана  емес, сол сияқты басқа да активтік  немесе комисcиондық операцияларды  қаржыландыру үшін пайдаланылады.

      Банк ресурстары деп – банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

      Банк ресурстары банк балансының  пассивінде көрсетіледі. Пассив  операциялары тарихта дәстүр  бойынша актив операцияларына  қарағанда алдымен жүргізіледі,  себебі актив операцияларын жүргізу  үшін белгілі бір қор мөлшері  қажет.

      Банктің меншікті капиталы банктің  тұрақтылығын қамтамасыз етуде  маңызды роль атқарады. Банктің  бастапқы құрылуы барысында меншікті  капитал көмегімен банк қызметіне  байланысты алғашқы шығындар: жер,  ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға  жұмсалатын және тағы басқа шығындары жабылады. Сондықтан да, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Ал, банктің капиталы өз қаражатынан, тартылған қаражаттарынан және эмиссияланған қаражаттарынан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік капиталы және резервтік, қосымша қорлары, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі мөлшерін бекітеді. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивидендтері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Банктің резервтік қоры ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты пайызбен белгіленеді. Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивидент түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөліп төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % - ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

      Екінші деңгейлі банктердің өзгешелігі  – олардың өзгенің қаражатымен  қызмет жасауы. Айтып өткендей, банк  капиталының 90 % - ға жуығы тартылған  қаражат.Тартылған қаражаттың ең  үлкен мөлшері банктің өз капиталына  байланысты анықталады.

      Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының  құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы  және қызметінің ерекшеліктеріне  қарай ерекшелінеді. Осыларды қорыта  келгенде банк ресурстарының  құрылымы жалпы мыналардан тұрады:

  1. Банктің меншікті капиталы.
  2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

      Банктік ресурстарды құрудың  құрылымы, құрамы және сипаттамасы  мыналарға тәуелді:

  1. біріншіден, Ұлттық банктік секторының интеграцияларының дәрежесінен

    дүниежүзілік  банктік жүйесіне;

  1. екіншіден, екінші деңгейлі банктердің ұйымдық түрлері;
  2. үшіншіден, банктік менеджментінің сапасы;
  3. төртіншіден, банктің ресурстар тасымалдаушысына бос ақша қаражаттар құралдарының негізгі жабдықтаушысы болып келетін экономиканың нақты секторының даму дәрежесі;
  4. бесіншіден, толық құнды басқа да банктік секторымен бәсекелестік қызмет атқаратын қаржылық нарықтың сегменттері;

      Банктің ресурстарының құрылуының қайнар көздері тартылған қаражаттар бөлімінде банк алдында 2 үлкен мәселені қарастырады: тарту шығындарының басты компонентін құрайтын сый-ақы мөлшерін таңдау, және нарықтық конъюнктураның өзгертулеріне байланысты ресурстық база құру.

      Банктік ресурстарды  құрудың негізгі  мақсаттарына мыналар  жатады:

    1) Ресурстарды шығындары аз мөлшерде  тарту

    2) Ресурстарды ең ұзақ мезгілге тарту

    3) Міндеттеме портфелі –  мөлшері,  мерзімі бойынша диферсифицирленуі  тиіс.

      Банктік ресурстарды құру және  әр түрлі қайнар көздерінің  қиыстыруларын өзгерту және оларды  тарту, активті операцияларды  қорландыру көлемі мен құнын  анықтағандай, дәл осылай банк қызметі үшін бұл да,  үлкен мәселе болып табылмақ.

      Депозиттік саясатты сауатты  жүзеге асыруынсыз ресурстарды  нәтижелі басқару мүмкін емес. Осы облыстың қызметінің ерекшелігі  мынада: ресурстарды тарту бөлімінде  таңдау құқығы клиентке беріледі де, ал банктер үшін кейбір кездері салымшыларға арналған  өте қатал бәсекені жүргізу болып табылады.

      Банктік ресурстарды құру ерекшеліктерінің  бірі меншікті қаражат пен  тартылған ресурстардың мөлшерлерінің  арақатынастары болып табылады.  Банктің меншікті қаражаты әдетте қаржылық ресурстың қажетті мөлшердегі үлесін ғана жабады. 

1.2. Банк ресурстарын  жоспарлау және  заңдылығы

      Банк ресурсы банктің пассивтік  операцияларды жүргізуінің нәтижесінде  пайда болады әрі банктегі  баланстың пассивінде көрініс табады.

      Айтып өткендей, банк ресурстарын  банктердің өзіндік қаражаты, қарыз  қаражаты және тартылған қаражаты  құрайды. Банк олардың жиынтығын  активтік операцияларды жүзеге  асыру үшін пайдаланады, яғни, табыс табу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.

      Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі, ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.

      Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.

      Банктің өзіндік қаражатына жарғылық  және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан  өзге де қорлар, сақтандыру резервтері  және жыл ішінде бөлінген пайда  жатады.

      Банктің жарғылық қоры (капитал) – банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы әр түрлі болады.

      Банктің ұйымдық-құқықтық формасына  қарамастан оның жарғылық қоры  толықтай қатысушылардың – заңды  және жеке тұлғалардың салым  ақшаларының есебінен қалыптасады, әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиесінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.

Информация о работе Банк ресурстарының көздерінің құрылуы