Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:14, реферат
Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.
Сонымен, ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға барша айырықша тауар.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
Жалпыға тікелей айырбасталу нысаны, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды
Ақшаның теориялары
Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:
Ақшаның металдық теориясы;
Ақшаның номиналистік теориясы;
Ақшаның сандық теориясы.
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.
Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.
Ертедегі метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен жасалатын материалдық игіліктер емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.
Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.
XIX ғ. екінші жартысындағы ақшаның металдық теориясының қайта тууы 1871—1873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл — ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы. Неміс экономистері (К.Книс және т.б.) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.
Ақшаның металдық теориясының екінші метаморфозасы бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Оның өкілдері алтын монета стандартын қалпына келтіру қажеттігін мойындай отырып, алтын монометализмінің жаңа қысқарған нышандарын: алтын құйма және алтын девиз стандартын енгізуге арналған өздерінің теорияларын жасады.
Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын монета стандартын халықаралық айналымда енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі М.Хальперии және француз экономисі оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.
Ақшаның номиналистік теориясы
Ақшаның номиналистік теориясы құл иеленушілік құрылыс тұсында пайда болды. Бұл теория қазынаның табысын ұлғайту мақсатында монеталарды бұзылуын ақтау үшін, ақшаның ішкі құнының болуын теріске шығарды.
Бұл теория XVII-XVIII ғғ. ақша айналысына толық құнды емес металдардың шығуымен байланысты қалыптасты. Ақшаның номиналистік теориясының алғашқы өкілдері ағылшындар Дж.Беркли мен Дж.Стюарт болды. Олардың пікірінше біріншіден, ақшаны мемлекет шығаруға тиіс, екіншіден олардың құны номиналына байланысты анықталуға тиіс, үшіншіден ақшаның мәні бағаның масштабына қатысты болуға тиіс дейді. Мысалы, Дж. Стюарт ақшаны баға масштабы ретінде қарастырады. К. Маркс ондай ұсыныстарды сынға ала келіп, ол қант қызылшасын кірдің көмегімен өлшеуге болатынын, және кірдің де қандай да бірлікпен өлшенетін салмағының болатынын айтады. Сол сияқты ақшаның да өзінің құны болатындықтан ол өзге тауарлардың құнын өлшейді деген пікірге келеді.
Демек, номиналистер ақшаның табиғи құнын жоққа шығара отырып, оларды тек қана техникалық айырбас құралы ретінде таныды. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында саяси экономияда бұл пікірлер өз орындарын алды. Ертедегі номинализмнен онын, айырмашылығы, ол мұнда айналыста толық құнды монеталар емес қағаз ақшалар (казынашылық билеттер) болуға тиіс деген пікірде болды.
Неміс экономисі Г. Кнаптың 1905 жылы жарық көрген «Ақшаның мемлекеттік теориясы» деген еңбегінде номинализм теориясы айқын көрініс тапқан. Оның негізгі пікірлері мынадай болған:
Г. Кнаптың
ақшаның мемлекеттік
Австрияның экономисі Ф. Бендиксеннің «Ақшаның кұндылығы туралы» және «Ақша жалпыға балама алмастыру құралы туралы» еңбектерінде ақшаны коғамның мүшелеріне қызмет етуге куәгер ретінде, яғни өнімді алуға құқық беретін құрал деп бағалай отырып, ақшаның мемлекеттік теориясын экономикалық тұрғыдан негіздеуге тырысқан. Бірақ оның номинализмді экономикалық негіздеуінің жолы болмады, себебі, ол ақшаның мәнін бағалауда құнның теориясын мойынсынбады.
1929—1933 жылдары экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түсіп, алтын стандартынан бас тартуды ақтау үшін теориялық негіз болып қала берді. Дж. М. Кейнс 1930 ж. «Ақша туралы трактат» деген еңбегінде алтын ақшаларды арбаның бесінші доңғалағына теңеді. Нағыз ақшалар — олар қағаз ақшалар, яғни олар алтынға қарағанды біршама икемді және қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасайды. Қағаз ақшалардың айналыстан алтынды ығыстырып шығаруын ол алтынан кету және Кнап теориясының жеңісі деп қарастырды.
Кнап теориясының қателігі, оның металл ақшалар икемсіз, олардың икемділігіне тек қана банкноталарды шығару арқылы қол жеткізуге болады деген пікірінен байқалады. Кейнс номинализмінің түпкілікті мақсаты — алтын монета стандартын алып тастау, қағаз ақша айналысына өту және экономиканы инфляциялық үдерістерді басқару арқылы реттеуді көздеді.
Қазіргі кездің өзінде номинализм бұл ақша теорияларының ішінде үстемдік етуші теорияға жатады. Атақты американ экономисі П. Самуэльсон ақшаны шартты белгі ретінде қарастырады. Өзінің «Экономика» атты еңбегінде ол: «тауарлы ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі басты. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі құндарын айқындай түседі. Ақша бұл жасанды әлеуметтік шартты белгі» — дейді.
Сөйтіп, номинализмнің барлық түрлеріне бір ғана нәрсе тән: ол ақшаның тауарлы шығу тегін жоққа шығару, олардың негізгі қызметтерінен бас тарту, ақшаның баға масштабын білдіруі, сондай-ақ ақшаның нағыз есептік бірлік ретінде болуы.
Ақшаның сандық теориясы
Ақшаның сандық теориясының өкілдерінің, пікірінше тауарлар бағасы мен ақша құнының деңгейі олардың айналыстағы санымен анықталады дейді.
Мұндай пікірді алғаш рет XVI ғ. француз ғалымы Ж. Боден айтқан болатын. Ол Батыс Еуропадағы тауарлардың қымбат болуын бағалы металдардың көп келуімен түсіндірді. Бұл пікірді XVII ғ. Ш.Л.Монтеське, Д. Юм, Дж. Милль, сияқты ғалымдар қолдай отырып, олар айналыстағы ақша саны мен олардың құндарының арасындағы өзгерістердің, пропорционалдығы туралы айтқан болатын.
XVIII ғасырдағы
ақшаның сандық теориясының
XX ғасырдың
басына таман батыс
Трансакциондық нұсқасын (ағылш. transaction — мәміле), американ экономисі И. Фишер жасады. Оның нұсқасы мынадай «айырбас тендеумен» көрсетіледі:
мұндағы,
— айналыстағы ақшаның саны;
— ақшаның айналысы жылдамдығы;
— тауарлардың орташа бағасы;
— сатылған тауарлардың саны.
Ақшаның сандық теориясын жасауда И. Фишер аталған тендеуді пайдалану барысында бірқатар кемшіліктер жіберді. Ол Ү — ақшаның айналыс жылдамдығы мен Q — сатылған тауарлар көлемі қысқа мерзім ішінде өзгеріссіз қалады, немесе ақшаның айналыс жылдамдығы ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал өнідіріс көлемі де өспеуі мүмкін, себебі неоклассикалық көзқарас бойынша ресурстардың барлығы толық өндірісте қамтылады деген пікір білдірді.
Кейінен Ү мен Q талдаудан алып тастап, М — ақшаның санымен Р — тауардың бағасы арасындағы байланысты ғана ақшаның сандық теориясының негізіне жатқызады.
Ақшаның
сандық теориясының Кембриджік нұсқасы
А. Маршал, А. Пигу, Д. Робертсон сияқты
ағылшын экономистерінің
Кембриджік нұсқаның негізгі қағидаты формуламен бейнеленеді:
мұндағы,
—ақшаның саны;
— ақшаның айналысы жылдамдығы;
— баға деңгейі;
— ақырғы өнімге жататын тауарлардың заттай көлемі;
- ақша нысаны сақталатын жылдық табыстың бір бөлігі.
Кембридждік нұсқа өзінің мәні жағынан айырбас теңдеуіне ұқсас болып табылады. Себебі, k — шамасы ақшаның айналыс жылдамдығына кері шама (k = 1/Ү). Екі нұсқаның бір-бірінен айырмашылығы мынада, егер И.Фишер ақша айналысының жылдамдығының айналым факторларының өзгеріссіздігімен байланыстырса, ал ағылшын экономистері оны психологиямен, яғни айналымға қатысушылардың әдеттерімен байланыстырады. Бірақ екі нұсқаның қорытынды пікірлері бірдей, ақша санының өзгерісі бұл бағаның өзгерісінің салдары еместігін көрсетеді.
К. Маркс ақшаның сандық теориясы өкілдерінің мынадай кемшіліктерін атап көрсетті, олардың ойынша айналысқа тауарлар бағасыз, ал ақшалар болса құнсыз түседі де кейіннен осы үдерісте тауарлардың, бір бөлігі тиісінші ақшалардың бір бөлігіне айырбасталады дегендігін теріске шығарады.
20-30 жылдары
ақшаның сандық теориясының