Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:14, реферат
Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.
Бірақ 1960-1980 жылдары ақшаның сандықтеориясы саяси экономиядағы неоклассикалық ағымдардың бірі — монтеризм түрінде қайта туады.
Ақшаның мұндай теориясына сәйкес ақшаның саны шаруашылық конънктурадағы негізгі фактор болып табылады, себебі айналыстағы ақша массасы мен жалпы ұлттық өнім шамасы арасында тікелей байланыс болады.
Монетаристік теория 50 жылдардың ортасында АҚШ-та «чикаго мектебі» ретінде қалыптасып, оның негізін қалаушы М. Фридмен болды. Оның ойынша кездейсоқ тауарлы шарушылық нарықтық бәсеке тетіктері (мехнизмдері) мен баға белгілеудің іс-әрекетіне негізделген ерекше ішкі тұрақтылыққа байланысты. Бұл теорияның жақтаушылары шаруашылық «үдерістерге мемелекеттің араласуының қажеттігі туралы» кейнстік тұжырымдардың қарсыластары болып табылады. Олар кейнсшілердің ұсынған сұранысты ынталандыруға байланысты мемлекеттік шаралардың тек қана экономика жағдайын жақсартып қоймай, сонымен бірге жаңа дипропорциялары және дағдарыстарды туындататынын айтады.Монетаризм 70 жылдары үкіметтік ұйымдардың оны стагфляциямен күресте пайдаланғандықтан кеңінен тарайды және ол экономиканы ақша-несиелік реттеудің мемлекеттік бағдарламаларының теориялық негізіне айналады.Монтеризмнің бірнеше бағыттары мен өкілдері (К. Бруннер, А. Мельцер, Д. Лейдлер және т.б.) болғанымен де М. Фридменнің мынадай тұжырымдары кеңінен тарайды:
Ұлыбритания,
АҚШ, Германия және өзге мемлекеттердің
үкіметтерінің монетаристік вдеяларды
тәжірибеде қолдануы инфляциялық үдерістердің
тежелуіне ықпал еткенімен, экономикадағы
дағдарыстық құбылыстардың
Қазіргі кезде Қазақстан да осы монетаристік тұжырымдар пайдаланушы елдердің қатарына жатады. Бізде де ондай идеяларды экономиканы ақша-несиелік реттеу барысында қолданып отыр.
Ақша жүйесінің элементері
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.
Ақша бірлігі
Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Кептеген елдерде 1:10:100, яғни ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең, ағылшынның 1 фунт стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі —100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.
Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары төменгі кестеде берілген.
Тмд және кейбір елдердің ақша бірліктері
Елдің атаулары | Ақша бірлігі | Елдің атаулары | Ақша бірлігі |
Қазақстан | 1 теңге = 100 тиын | АҚШ | 1 доллар = 100 цент |
Ресей | 1 рубль = 100 копеек | Англия | 1 фунт стерлинг = 100 пенса |
Украина | 1 гривня = 100 копийка | Израиль | 1 шекель стерлинг = 100 агора |
Беларусь | 1 рубль = 100 копеек | Жапония | 1 иен = 100 сена |
Өзбекстан | 1 сум = 100 тийн | Сауд Арабиясы | 1 риал = 100 халал |
Қырғызстан | 1 сом = 100 тыйн | Түркия | 1 лир = 100 куруш |
Тәжікстан | 1 сомони = 100 дирам | Кувейт | 1 динар =100 дирхам = 1000 филса |
Әзірбайжан | 1 манат = 100 гепик | Қытай | 1 юань = 10 цзяо = 100 финям |
Армения | 1 драм =100 люма | Йемен | 1 риал = 100 филса |
Молдова | 1 лей =100 бань | Кипр | 1 фунт =100 миллима |
Біріккен Араб Әмірлігі | 1 динар = 100 филса | Үндістан | 1 рупия 100 пайса |
Ауғанстан | 1 ауған = 100 пул | Марокко | 1 дирхам = 100 сантима |
Египет | 1 фунт = 100 пиастра | Моңғолия | 1 тугурик =100 мунгу |
Австралия | 1 австралия доллары = 100 цент | Тайланд | 1 бат = 100 сатанга |
Ирландия | 1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса | Бразилия | 1 крузейро = 100 сентаво |
Ақша түрлеріне — бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс, және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунтстерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақжаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар.
Ал, Қазақстанның бүгінгі ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.
Эмиссиондық жүйе
Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық банкі, ал Қазақстанда — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айналысады. Ұлттық Банктің қарамағында еліміздің банкнота жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) және монета жасайтын - Монета сарайы (Өскеменде) бар.
Пайдаланылған әдебиет