Активные операции коммерческого банка

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 18:39, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасың экономикасы жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық жүйені жетілдіруге, одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Сонымен қатар өз ұлттық валютамыз өзгеріп, экономикамыз күннен-күнге дамуда. Президентіміздің арнайы бұйрығы бойынша, 2006жылы, Ұлттық банк төрағасы Ануар Сайденовтің қол қойуымен енгізілді. Бұл экономикаиыздың дамуына да өз ықпалын тигізуде.

Оглавление

МАЗМҰНЫ___________________________________________
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ........... .. 3
I. ҰЛТТЫҚ БАНК
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат. 4
1.2. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері . . . . 6
1.3. Банктің қызмет бағыттары . . . . . . .. . . . . . . . . 7
1.4. Меншік қаражаттары мен пайдасы . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ДАМУ ДӘРЕЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау 12
2.2. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны .. . . . . . . . .14
2.3. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................... 23

Файлы: 1 файл

курс по анб.docx

— 277.63 Кб (Скачать)

   Соңғы кездегі көрсеткіштер бойынша 2005-2006 жылғы көрсеткіштер бойынша айта кетер болсақ, соңғы жылдары Қазақстаның қаржылық секторы тұрақты дамуда. 2005жылғы көрсеткіштер бойынша, бұрынғы жылға қарағанда елдің ішкі саудадағы таурлық айналымы 33,8%тен, 55,4 млрд. долл., таурлық экспорт және қызмет-34,5%тен, 30,4млрд. долл., ал импорттік тауар 32,9% дан, 25,0млрд. долл. өскен.

   Ал 2004 жылмен салыстырған 2005 жылы ЖҰӨ көлемі 9,4% құраған. Төлем балансы 2006 жылы 7,5 млрд, долл. құраған. Ал экспорттан   түсетін кіріс 2006 жылы 8млрд. долл. құраған. 2006 жылы тікелей инвестиция операциясындағы  капитал 1,9 млр. долл құраған.Сонымен  қатар 2006 жылы коммерциалық несиелер бойынша  республикалық банк, ссудалық және еурооблгация 2,1млрд.долл., 2005жылға  қарағанда,құрады. Ұлттық Банк 2006 жылы ақша базасын 1,7 %тен, 1059,0млрд тенгеге  ұлғайтты.

   Мемлекеттік казыналық міндетемелер, банаралық  несиелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 2004 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

   Ұлттық  банкінің ноталы және казыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банаралық  несие бойынша табысынан төмен  жағынан несиелреге қарағанда үлкен  сенімділігімен түсіндіріледі.

   Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау  тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік  талаптар механизмін қолданады.

   1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан  Республикасының коммерциялық, кооперативтік  және жеке банктердің қызметтерін  реттеу туралы» Ережесіне сәйкес  міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл  ереже 1994 жылы мамыр айына дейін  қызмет етті, осы жылдан бастап  норматив банктердің теңге және  шетел валютасындағы жалпы депозиттік  міндеттемелерінен 30% мөлшеріне  дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында  шетел валютасындағы депозиттік  міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.

   2005 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 1645%-ын құрады, ал жыл аяғында – 48,4%.

   2005 жылы банктердің 38,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл санкциялары қолданылды.

   Ұлттық  Банкте қолма-қол ақша айналысы 8,8%ден, 503,4млрд. тенгені, ал банктік жүйедегі депозиттер 8,3%тен, 2010,5 млрд. тенгені  құраған.Ақша массасындағы  қолма-қол  ақша айналысы 20,0% құраған.

   Несие операциялар Ұлттық банкі пен  Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені  үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгіленген  басымдықтар бойынша мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер.

   1994 жылы Министрлер Кабинетінің  қарамағына Ұлттық банк ұсынған  (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75%-ы  несиеге берілген. Сонымен бірге,  бюджеттің кірісіне бөлінбеген  пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы  депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің  17% несиесін құрады.

   Ұлттық  банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік  қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші  аукционын өткізгенде Қаржы министрлігі  бастапқы үш айда сату көлемін 1,5-2,3 млн. теңгеден, 2004 жылы желтоқсан айында – 171,7 млн., ал 2005 жылдың маусымында – 3 млрд. теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1994 жылы маусымда – 55,65%-дан 2006 жылдың ортасында 92,92%-ға дейін өсті.

     Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға дейін берілді.

1995 жылы  орталық несиелер бойынша банктердің  қарыздарын қайта құру процессі  басталды, бұл позитивті бағаланды,  өйткені 1993-1995 жж. берілген қарыздары  бойынша айып-пұлдар мен пайыздың  өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі  және жиналуы республикадағы  жалпы экономикалық жағдайға  кері әсерін тигізді, соның  ішінде төлем жағдайына және  есеп айрысу тәртібіне ықпал  етті. 

   Ұлттық  банктің несиелік көрсеткіші бойынша, 2006жылы экономикадағы 

несиелер  бұрынғы жылдарға қарағанда 2006жылы 4,5%тен, 2982,4 млрд.тенгені құрады. Ұлттық валютадағы несие 2006 жылы 4,6%тен, 1516,8млрд. тенгеге, ал шетел валютасындағы  несие 4,4%тен, 1465,6млрд,тенгеге өсті. 
 
 
 
 
 

   2.2. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны

   Республикасының Ұлттық банкінің ең басты мақсаты  – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету  және елдің барлық несие жүйесінің  қызмет етуіне жағдай жасау, есеп барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына  келтіру, банк қызметін реттеу болып  табылады. Ол басқа қаржы – несие  құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа  да несиелік мекемлер  болды. Осыдан келіп, Ұлттық «банк банктердің бірі»  деп атайды. Коммерциялық банктер  және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол  сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.

       Ұлттық банк «банктердің банкі»  қызметін атқару үшін :

  • коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды ;
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді ;
  • жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады ;
  • банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

   Ұлттық  банкінің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы » және «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет туралы»  Заңдарына сәйкес барлық мекемелер  өз резервтерін ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.

   Ұлттық  банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді  несиелеу қызметін атқарады.Шетелде  орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші»деп атайды.Олар- коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала  отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді.Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік  бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен  қамтамасыз етілуі тиіс.

   Ұлттық  банк банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.

   Ұлттық  банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық  шаруашылықтың  есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы  болып табылады.Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:

  • қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналымының ауқымын бақылау;
  • бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;
  • есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және үйлестіру ;

   Елімізде  қолма-қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар.Біріншісі- коммерциялық банктер  арасында тіклей есеп айырысу,екіншісі- Ұлттық банкідегі банктердің корреспондеттік  шоттары арқылы жасалатын ортлықтандырылған  есеп айырысулар.Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бірқалыпты корреспондеттермен тікелей есеп айырысу  үшін LORO-NOSTRO орталықтандырылмаған корреспондеттік  шоттары бойынша – коммерциялық банктер өзара есеп айырысуларды жүзеге асыра алады.

   Ұлттық  банк пен өзінің құрамдас бөлімшелері  есеп айырбастау кассаық орталығы (ЕКО) клирингтік (қарама-қарсы талаптардың  өзара есептелінуі) режимде ашылған  бюджеттің кассалық орындалуын бюджеттік  банкіге беру және төлем жүйесінің  нормасына дейін орталықтандырылған банкарлық есеп мөлшері міндетті қорлар (резервтер) нормативіне сәйкес келу керек.АҚШ-та федералды резервтік  жүйесі банкаралық есеп айырысуларды міндетті резервтер сомасын реттеу арқылы жүзеге асырады.Оларда коммерциялық банктер корреспондеттік шоттарды ашпайды.

   Төлем құжаттарының барлық түрлерін өңдеуді, төлемдерді өтеуді, республиканың бүкіл  аумағында есеп айырысуды іске асыруды  қамтамасыз ететін Ұлттық банкінің облыстық басқармаларының әрекетін кешенді  «КУБАЖ» автоматтандыру жүйесін 1995 жылы ендіру аяқталды.

   Ірі және ұсақ сомалардағы төлемдер үшін пайдаланылатын гросс-есеп айырысу  жүйесі 1995 жылдың 15 мамырында Алматыда енгізілді.Бұл банкаралық клиенттік  жүйенің қатысушылары: барлық банктер  және олардың Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарындағы филиалдары,Алматылық  клирингтік палатасы болып табылады.

   Қатысушының кез-келген уақытта корреспондеттік  шоттың  жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін.Жүйенің  қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі.Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған  төлемдер құны түрінде қайтарылады.

   Төлем жүйесінің реформасы шегінде  екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспондеттік  шотты өңдеумен айналысады.Біртұтас корреспондеттік шотқа өту екі  кезеңде жүреді.Бірінші кезеңде  біртұтас корреспондеттік шотқа  өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңдле- республика деңгейінде өту  қарастырылған. 

    

   2.3. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары

   Ұлттық  банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелерін  «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»  Ережесі негізінде анықтылады.

   Ұлттық  банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарама, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа  да жергілікті құрылымдық бөлімшелері  бар.

   Ұлттық  банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады.

   Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына –  Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президентімен  бекітіледі (ҚР Ұлттық банктің құрылымының сұлбалық бейнесі қосымша 1-сұлбада көрсетілген).

   Басқарма  мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерін бекітеді;
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
  • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық баласты қарастырады;
  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді жәнеҰлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
  • Банктер және олардың филиалдары үшінэкономикалық нормативтерін бекітеді.

   Кезектен  тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының  немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

   Ұлттық  банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен  алты жылға сайланады.

   Ұлттық  банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық  және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

   Ұлттық  банк төрағасы Ұлттық банк қызметі  бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.

   Ұлттық  банк төрағасы басқарманы, директорлар  кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілетте бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

Информация о работе Активные операции коммерческого банка