Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа
“1993 ж Ақша реформасы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Кіріспе................................................................................................................... 3
IАҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
2.2Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің жағдайы
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ
3.1Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары
3.2Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері
3.3. Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тәуелсіз еліміздің экономикасын тұрақтандыруда, экономикалық өсу мен экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуде ұлттық валюта – теңгенің рөлі айтарлықтай.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрады: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).
2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайн өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкноттар.
1993 жылға дейін айналыста кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Ұлттық валютаны енгізу туралы Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің бірлескен қаулысы қабылданды. Президенттің Жарлығы шықты. Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні деп саналады.
Егер де бүгінгі таңдағы қаржылық жүйеге , біздің валютаға келетін болсақ, қазіргі кезеңде теңге нығайтылды деп айту әлі ерте. Оның бағамы тек тұрақтанды деуге болады. 1999 жылға шейін теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема валюталық бағамда емес. 1996-1998 жылдар барлық күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша тапшылығын тудырды. [6]
Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының тарихы – Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталады. Алайда сол күнге дейін теңгенің сыртқы сипатын жасау бойынша ұзақ жылдар мен айлар бойы қатарлы еңбек пен табанды жұмыс жүргізілген болатын. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1,2,5,10, 20 және 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот жасау үшін Т.Сүлейменовтың басшылығымен суретші дизайнерлер командасы құрылды. Оған М.Әлин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте жауапты жұмыс жүктелді. Банкноттың дизайны көркемдік жағынан алғанда эстетикаға сай әрі алдағы уақытта оларды көптеп шығаруға, яғни полиграфиялық басылым тұрғысынан алғанда барынша ыңғайлы болуы керек. Біріншіден, банкноттар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда шын мәнінде қандай болуы керек екенін шешу қажет болды. Екіншіден, оларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру керек-тін.
Металл ақша – ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленді.
1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20; және 50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында "нейзильбер" қоспасынан жасалған 1993 жылдың үлгісіндегі құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың үлгісіндегі "нбрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және "нейзильбер" қоспасынан жасалған 20, 50 теңгелік металл ақшалар айналыста жүрді. 1997 жылғы үлгідегі (жаңа металл ақша қатары) металл ақшаларды айналымға қосу оларды халықтың пайдалануы үшін барынша қолайлы етіп шығаруға, металды аз жұмсауға деген ұмтылысқа, сондай-ақ металл ақшаның 50 теңгелік қосымша құнының енгізілуіне байланысты болды.
1999 жылы біздің өсуімізге
жаңа мүмкіндіктердің
Ел экономикасының стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекетте бағдарлама бекітілді. Осыған орай теңге үш жылдан кейін барлық экономикалық кеңістіктерде АҚШ-тың доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналмақ.Мұндай жағдайда теңге өзінің өміршеңдігіне негіз қалайтын болады. Дей тұрғанмен болашақта құрылатын біртұтас экономикалық кеңістікте ортақ валютаның болуы қиял емес. Теңге халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан асқаралы армандарының бірі болатын.
Қорғау элементтері, пайдаланатын техникалық тәсілдер, орындалу күрделігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және оның дизайны одан әрі жетілдірілуде, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына әрі ақшаны жаңа тұрғыдан қорғау мен оған мәшине ғана оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық банктің жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізді.
Ұлттық валюта- теңгені енгізген алғашқы күннен бастап қайта құру құрылымын тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге жету, төлем балансының тепе-теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алды, оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын шектеу кіреді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында валюталық режимді бұдан әрі ырықтандыру үшін қажетті алғышарт жасау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда.
Есеп айырысу баламасына деген сұраныс б.э. дейінгі VIII ғасырда белгілі салмақ пен құрамдағы стандартты құймалардың пайда болуына негіз қалады.
Қазақстанның Конститутциялық Кеңесі Қазақстанның біртілді я екітілді мемлекет екендігін ашып айтып бере алмаған күйі үнсіз. Демек, елдегі солқылдақ ұлттық саясаттың салдарынан біз әлі де мемлекеттік тілдің статусын айқындай алмай жүрміз. Сөйтіп, төл теңгеміз қос тілде жарық көрді. Мемлекеттік тілде қате кетті.
Елдің елдігін, мемлекеттігін паш ететін 5 түрлі символы болады, олардың бастысы әрі бірегейі – тілі мен территориясы, шекарасы мен ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы ретінде ғана қарауға болмайды екен. Ол төлем құралы бола тұрып, елдің тарихи жадында паш етуі тиіс.
Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар ұсталмай бірге –бір есебінде жүзеге асырылады. Алдағы уақытта болатын акция ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың республиканың бүкіл аумағында бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Әр түрлі дизайндағы банкноталар шыққан жылына қарамастан номиналы бойынша төлем құралы ретінде қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде қандайда бір заңды тұлға ескі және жаңа дизайндағы банкноталарды номиналына қарамастан қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс- әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылады.
Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік және ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде қабылданған орыс тілін пайдалану тарихы тұрғыда қалыптасқан. Біздің заңдарымыз , Конституциядан бастап бұл екі тілдің қандай да бір жағдайларға қарамастан тең дәрежеде, бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің қолданылуы және барлық заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға сәйкес келтірілуі - ұлттық валюта банкноталарында екі тілдегі жазулардың пайда болуына себепші болды. Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі банкноталардың жоғары номиналдарының сырт жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған тек екі жазу ғана бар. Бұл номиналдың әріптік таңбалануы және қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін жазу. Осы жоғары номиналдарды енгізгенде орыс тіліндегі жазулардың пайда болуы , шындығында , іс жүзінде байқалмады , бұл бұрынғы банкноталарда пайдаланылған біріңғай бейнелермен байланысты болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік тілде жазумен қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ",
Жаңа банкнотаны әзірлеу кезеңінде дизайнның бірнеше нұсқасы , әр түрлі тақырыпта жасалған болатын.Таңдалған тақырып ежелгі мекенімізбен қазіргі Қазақстанның , оның болашақтағы нышандарын сабақтастырушы буын болып табылады.
Жаңа үлгідегі банкноталарды енгізуге дайындықтың бастапқы сатысында ескі үлгідегі банкноталар жаңаны енгізгенге дейін жеткілікті болуының ықтимал нұсқалары зерделенеді. Енгізудің жарияланған күні- 2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы дизайндағы теңгенің жеткілікті болуының соңғы мерзімі.
Банкнота екі парақпен жасалынады, оның біреуінде ішкі жағында сутамғы белгісін және қорғаныш жібін алдамшы түрде басып шығарады. [
1.2 Ақшаның
металдық және номиналдық
Ақшаның металл теориясы
15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың
алғашқы қорлану дәуірінде
Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды.Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.
Германияда 19ғ. Екінші жартысында
алтынмонетарлық стандарттың
2-ші метаморфоза бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін
болды, оның өкілдері
Ақшаның металл теориясының 3-ші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды.Оның өкілдері (Ж. Рюэфф, М.Дебре,Р.Харрод) халықаралық айналымғаалтын стандартты енгізуге қажеттілік идеясын ұсынды.
Бреттон-Вуд валюта жүйесі қирағанда ХХғ-дың 70 жылдарының басында алтын стандартты қалпына келтіру қажеттілігін негіздеу қайта байқалды.АҚШ-та 1981 жылы осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрылды, бірақ ол алтын стандартты енгізуге пайдасыз болады деп есептеді.
17-18 ғғ. Ақшаның номиналистік
теориясы өкілдері ағылшын
Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары:
-ақша тамаша есептеу
бірлігі, оның көмегімен
-бірдей бөліктері
бар тамаша масштаб болып
Номинализм үстемдік жағдайға 19 ғ. Аяғы мен 20 ғ-дың басындақол жеткізді. Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы –оның қорғау объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.
Неміс ғалымы Г.Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:
-ақша –мемлекеттік
құқық тәртібінің өнімі,
-ақша –бақылау төлем
құралы, яғни мемлекеттік мұратты
төлем күшімен иемденген
-ақшаның негізгі қызметі-
1929-1933 жж. Экономикалық
дағдарыс кезеңінде номинализм
алтын стандарттан кетуді
Мемлекттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисы Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді- деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.