1993 ж Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

“1993 ж Ақша реформасы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................... 3
IАҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
2.2Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің жағдайы
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ
3.1Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары
3.2Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері
3.3. Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1993 ж Ақша реформасы.doc

— 334.50 Кб (Скачать)

Сонымен, Кейнс номинализмнің тәжірибиелік мақсаты-алтын стандартты жойып, қазаз ақшаның айналымғаеркін енуін және экономиканы инфляциялық процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибиелік негіздеуінде болды.

Қазіргі таңда номинализм- ақша болмысының мәселесі жөніндегі  үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп есептейді. «Экономика» шығармасында ол: «Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша- жасанды әлеуметтік шарт» деп жазды.

Номиналистік теорияның  пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен  пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша- металды қатынастардың белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінң жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды.Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі- мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.

Сонымен, номиналмзм теориясының  сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас  тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып  табылыды.   

 

 

 II  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта.

Қазақстанның ұлттық валюта жүйесi қазiргi кезде өзiнiң қалыптасуы және даму дәуiрiн бастан кешiрiп отыр. Дегенмен оның негiзгi тенденциялары мен қағидалары жеткiлiктi түрде анықталды деп айтуға толық болады. Бiздiң мемлекет дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15 шiлдесiнде Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше болып кiрдi.

Ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк  валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазiргi валюталық жүйесi мен оның негiзгi элементтерiн мұқият қарастырып көруге мүмкiндiктер жеткiлiктi деп есептеймiз.

Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн  осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.

Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру. Мұның өзi бiр жағынан балансталған, екiншi жағынан шетелдiк тауарлар мен валюталар үшiн ашық ұлттық рыноктың болуын талап етедi. Теңгенiң еркiн ауысатын валюталармен салыстырғандағы бағамының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшiн дүниежүзiлiк рынокқа шығудың тиiмдi жолы.

Нарыққа өту  кезеңiнде  Қазақстан  егемендi  ел  ретiнде өзiнiң  саяси  дамуы  кезеңiнде  валюталық  саясат жүргiзуi  керек. Қазақстанның  алдында  шетелдермен  дербес  валюта  қатынастарын құрумен   қатар  халық  шаруашылығын  қайта  құру  оны  нарық  рельстерiне  түсiру  мәселелерiн  бiрге  шешу  мiндеттерi  тұрады.

Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде  Халықаралық валюталық қорға  мүше  болып  кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  “Ямаика” валюта  жүйесiнiң  құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы  үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде  “Валюталық  реттеу  туралы” ҚР-ның алғашқы  заңы  қабылданды. Ол  кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық  байланыстар  жоқтың  қасында  болатын. Қабылданған  заң  бойынша валютаны ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр жағдайларға  байланысты  дамып  келе  жатқан  валюта  қатынастарына  тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық  реттеу  туралы” жаңадан заң қабылданды.   Ол заң бүгінгі таңда дейін экономиканың дамуына және заман талаптарына сай өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады.

Жоғарыда  аталған  заңға қоса, “Қазақстан  республикасының  ақша  жүйесi  туралы” 1993 жылдың  13 желтоқсандағы  заң; “Қазақстан  Республикасының  ұлттық банкi  туралы” 1995 жылдың  30  наурыздағы  заң “Асыл  тастар және қымбат бағалы  метелдармен  байланысты  қатынастарды  мемлекеттiк  реттеу  туралы”  1995  жылдың  20  шiлдедегi  заң, сонымен  қатар  ҚР  Президентiнiң  Жарлықтары  үкiмет  қаулылары  мен  ұлттық  банк  басқалырымен нормативтiк  актiлерi жатады.

Қазақстан Республикасында 1999 жылы еркін  құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарық жағдайында анықтайтынын білдіреді. Яғни, еркін құбылатын айырбас бағамның енуі валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда валюта бағамы нарықтық заңдармен реттеліп, оның бағамдық өзгерістері анықталады. Бүгінгі таңда осы жүргізілген валюталық реформаларға сәйкес ұлттық валютамыз тұрақтанып, шетелдік валютаға қарағанда ( АҚШ доллары) соңғы уақыттарда құнының артуы байқалады. Әрине бұл үлкен жетістік деп те айтсақ артық болмас.

Валюталық бағамның деңгейін төлем  балансының тұрақты міндетіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайға жеткізу қажет  болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты  бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы бағамға өткеннен бастап Ұлттық шетел валютасын белсенді сатып алушыға айналды.

Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді. 

Өндірістің қазіргі  қалыптасып отырған құрылыма байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі  шикізатқа, түсті металдарға, отынға, астыққа және мұнай өнімдеріне байланысты болып отыр. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың тиімді және тұрақты экономикалық дамуына кері әсер етеді.                                         Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі – валюталық түсім-ақша мен шығындардың ара салмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажет ететін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.

Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан асып түсуі ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы болып табылады. Сонымен қатар экспорттың жоғары болуы елдің төлем балансының оң айырмасын тудырады. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыландырылады.

Қазақстан  заңдары  бойынша  валюталық  обьектiсi  болып  шетел  валютасы, шетел  валютасындағы  бағалы  қағаздар, валюталық  құндылықтарды, аффинирленген  алтын  мен  басқа  металдарды  республикаға  әкелу, алып кету  және  жiберу  тәртiбiн  белгiлеу  болып  есептелiнедi.

Валюталық  қатынастардың  субъектiлерi  болып  “резиденттер”  және  “резидент  еместер”  саналады.  Резидентке  жататындар: 

  • Қ.Р-да  тұратын  жеке  кәсiпкерлер, оның  iшiнде  уақытша  шетелдерде  мемлекеттiк  қызметте  жүргендер;
  • Қ.Р-ның  заңдары  бойынша  құралған  заңды  тұлғалар, сондай-ақ  олардың  Қазақстан  территориясындағы  филиалдары  және одан  тыс  жердегi  өкiлеттерi.
  • Қ.Р-нан  тыс  жерлердегi дипломатиялық, сауда  және  басқа  ресми  өкiлдiктер, сондай-ақ  шаруашылық несие  коммерциялық  iспен   шұғылданбайтын  өкiлдiктер.
    • Қ.Р-дағы   “резидент  еместерге”  жоғарыда  республика  резиденттерi  түсiнiгiнде  көрсетiлген  заңды  және  жеке  тұлғалар  жатады.
    • Қазақстанда  валюталық  бақылауды  валюталық  бақылау  органдары  және  олардың  агенттерi  жүргiзедi. Валюталық  бақылау  органдары  болып  заң  бойынша  валюталық  бақылау  қызметiн   жүргiзетiн  ұйымдар, валюталық  операциялар  жүргiзетiн өкiлеттi  банктер  жүргiзедi. 
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;

1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;

3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;

4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;

Валюталық реттеу және валюталық  бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:

  1. Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
  2. Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
  3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
  4. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
  5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
  6. Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
  7. Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
  8. Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
  9. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
  10. Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
  11. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
  12. Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

Валюталық  бақылау  негiзiнен  мына  бақылауда  жүргiзiледi:

  • Жүргiзiлетiн  валюталық  операциялардың  заңға  сәйкестiгiн  анықтау  жiне  оған  қажеттi  лицензиялар  мен  рұқсаттың  болуы .
  • Резиденттердiң  мемлекет  алдындағы  шетел  валютасымен  мiндеттемелерiн  орындауын  тексеру; сондай-ақ  Қ.Р-сы  валюта  нарығында  шетел   валютасын  сату  мiндеттемелерiнiң  орындалуын  тексеру; шетел  валютасымен  жүргiзiлген төлемдердiң  фиелдiгi, валюта  операциялары  бойынша  есеп  пен  есептесудiң  толықтығы  және  обьективтiлiгiн  тексерiп  сонымен  бiрге  резиденттер  еместердiң  теңгелермен  жүргiзген   операциялары  бойынша  бақылау  жүргiзiледi.

Сөйтiп, валюта  қатынастары  халықаралық  экономикалық, саяси  және  мәдени  қатынастарға  қызмет  етiп, ол  мемлекеттiң  төлем  балансында  төлем  табады. 

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминiнiң мәнiне тоқталайық. Қазақстан  Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды  төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның  iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ  шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.

Осы заңға “валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген:

1) меншiк құқығының  және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты  операциялар соның iшiнде төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмдемелер;

2) валюталық құндылықтарды  кез-келген тәсiлмен Қазақстан   Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы  валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1.  Шетел валютасы;

2. Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдары;

3. Тазартылған құйма алтын;

4. Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен  көрсетiлген бағалы қағаздар  және төлем құжаттары.

Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына  бағалы металдар (алтыннан басқа  да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.[4]

Информация о работе 1993 ж Ақша реформасы