1993 ж Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

“1993 ж Ақша реформасы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................... 3
IАҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
2.2Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің жағдайы
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ
3.1Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары
3.2Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері
3.3. Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1993 ж Ақша реформасы.doc

— 334.50 Кб (Скачать)

 

 

 Жаңа банкноттар

 

 
2000 тенге

 
2000 тенге

 
5000 тенге

 
5000 тенге

 
10000 тенге

 
10000 тенге


 

                   

 3.2. Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары.

  1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейін Қазақстан, ТМД-нің басқа  мемлекеттерімен бірге    “рубль  аумағында“ қала береді. 1992 жылы  айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар  шықты. Олардың эмитенті ретінде  жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

  Сөйтіп, Ресей Федерациясында және  одан тысқары жерлердегі айналыста  ақшаның үш түрі:1961 – 1991 жылы  кеңес ақшалар, 1992 жылы Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль). Ресей Орталық банк шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

1993 жылы 23 шілдесінде Ресей Орталық банкі  1961 – 1991 жылы кеңес ақшаларының  белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды  ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға  қарай жаппай ығысуына жол берілді.

1992 жылы  бірінші жартысында-ақ Қазақстан  Республикасының жетекшілері ендігі  жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бет-бұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды  шығаруға ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан РЕспубликасының  Президенті Нұрсылтан Әбішұлы  Назарбаев “ Қазақстан Республикасына  Ұлттық валютаны енгізу туралы  “ Жарғыға қол қойды. Осы  жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жылы Ресей үлгісіндегі қазыналық  және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен мінлеттемелердің теңгеге  айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбасы бағамы бойынша жүргізілді.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі  аралықта халық теңгемен және  рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен,  сол сияқты бөлшке сауданы  жүзеге асырушы және халық  арқылы қызмет көрсететін тұлғалардың  ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі  теңгенің валюталық бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар  айналысқа шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар  біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.

Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы  жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді.

Қазақстан ұлттық валютасының сәтті енггізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.                      

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1993 жылдың  наурызында «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы» жаңа  Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің  дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл  тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).

Ұлттық  валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

Дайындық  жұмыстары бітер кезеңде сол  кездегі Премьер-министр С.А. Трещенконың төрағалығымен мемлекеттік комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы» әзірленді. Ал, 1993 жылдың орта шенінде РФ Үкіметі мен РФ Орталық Банкі айналыстан 1961-1991 жылдары шығарылған рубльдік банкноттарды алып тастап, бұрынғы КСРО нышанынсыз жаңа рессейлік ұлттық валютаны енгізу арқылы өзінің ақша реформасына кіріскен еді, демек, жаңа рубльдің іс-қимыл аймағы бұрынғыдағы ТМД елдерінің жеке бюджеті кезіндегідей кең бола алмады.ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды.

Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның  туған күні деп саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде  бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге  деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз негіздік.

Бүгінгі күні, міне, Қазақстан өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз  ұлттық валютамыз теңге енгізгелі  он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер  бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде іс-қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтерліп келеді.Бұл ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көртеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес... 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер,  валюта қатынастары. - Алматы: “Экономика” 2000ж. 90 бет
  2. Интернет: «Goegle Kz» Банкноты
  3. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның  заңы   // 24.12.1996.№50
  4. М.С.Саниев “Ақша, Несие, Банктер” Алматы – 2001ж
  5. Ақша, несие, банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика,  2001, - 466 б.
  6. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.
  7. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003ж
  8. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. –  Алматы:ИздатМаркет 2004.
  9. Сейіткасымов Ғ. С. Ақша, несие, бакнтер. – Алматы: Экономика, 2001.
  10. Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
  11. Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.
  12. Ақша, Несйе, Банктер. Сейтқасымов Ғ.С 1999
  13. Ақша айналысы және несйе. Мақыш С.Б 1998
  14. Қаржы және несие – оқу-әдістемелік құралы. Қазақ Мемлекеттік университеті. 2000ж.
  15. Комерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б
  16. Дробат  Ю.Л. Экономическая система.-Москва.:Асафа 2004.-302с.
  17. Есипова Р.Р. Денежный оборот Республики.-Алматы,2000.-254с.
  18. Каренова Е.Г. Международный оборот денег.-Тараз,2000.-401с.
  19. Торова Ю.П. Экономические решения.-Москва,2003.-365с.
  20. Миронов П.О. Деньги.Кредит.Банки.-Москва,1999.-473с.
  21. Немигаило П.В. Эволюция денег.-Алматы:Cизиф,2003.-524с.
  22. Летников М.Д. Денежный оборот.-Москва,1998.-453с.
  23. Микосян А.И., Ефремова П.Ч. Денежный оборот.-Екатеринбург

- ЮНИТИ,2001.-492с.

 

 


Информация о работе 1993 ж Ақша реформасы