1993 ж Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

“1993 ж Ақша реформасы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................... 3
IАҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
2.2Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің жағдайы
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ
3.1Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары
3.2Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері
3.3. Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1993 ж Ақша реформасы.doc

— 334.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: 1993 ж Ақша реформасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012

                                          Жоспар

Кіріспе...................................................................................................................

3

I

АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 

 

1.1

Ақшаның пайда болуы  және мәні

 

1.2

Ақшаның металдық және номиналдық теориялары

 

II 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ

 

2.1

Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

 

2.2

Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің жағдайы

 

III.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ

 

3.1

Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары

 

3.2

Құбылмалы валюталық  бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері

 

3.3.

 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

КІРІСПЕ

“1993 ж Ақша реформасы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Ақша ертеден адамзат  пайда болуымен қатар өмір сүріп  келеді. Ғасырлар  бойы ақша өзгеріп  отырған және бүгінде олардың  жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория  ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.

Ал екінші бөлімде  қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің  негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша массасы мен ақша базасы туралы жазылған.

Ал ақырғы бөлім Қазақстан  Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы  тоқтай кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны «Ұлттық Банк» туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамның ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.

 

 І. АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ  ЭВОЛЮЦИЯСЫ 

1.1 Ақшаның  пайда болуы және мәні.

 

Қазақ ұлысы Жібек  Жолымен керуен тартып келген саудагердің  әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз  мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.

X ғасырдың ортасымен  XIII ғасырдың бас шені – бұл  қараханит мемлекетінің құрылуымен  өмір сүру кезеңін қамтиды.  Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар  өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.

Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс  дағдарысын жойған Масұтбек реформасына  дейін сақталынып келді.

1271-1272 жылдары моңғолдардың  Орта Азия  мен  Қазақстан  өңіріндегі наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.

XIV ғасырдың аяғында  Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері  айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен, Ақсы, Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы – тәңге, оның ширегі – мір, ал он екіден бір бөлігі – тәңгеше деп аталды.

XV ғасырдың соңынан  XVII ғасырдың  I  жартысына дейін  мәнет сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.

Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.

XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда  1655-1663 жылдары Александр патшаның  тұсында аса зор мөлшерде шығарылған  мыс тиындары пайда болған Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.

Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль  аймағында қалуға мүдделік танытуы  туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.

Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас  республикалардың түгелге жуығы  шикізат шығаруға бағытталып,соңғы  өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп  орындары мен зауыттардың барлығы  ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт  пен  импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.

Енді теңгені құпия  жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне  келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің  құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.

1992 жылдың қаңтарында  Елбасының тікелей тапсырмасымен  ұлттық валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның аты қандай болады деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің,  ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын",  "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді.  Қазақтың  тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына  қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың  ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық  қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған  Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер  күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.

Ұлттық валютаны алғаш  енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация  түрін жасадық. Ал барлық елдерде  одан кейінгі  және  жүздің  сыртындағы валюталар елдің  экономикалық деңгейінің көрсеткішінің  анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да  елде инфляция болған жағдайда олардың  айналымнан  шығып  қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп  классикалық   негіз  ретінде  алынған  1 теңгеліктің  нұсқасы  қалдырылды. Әрі  Әл-Фараби  бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.

Теңгені  шығарар  алдында  біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін  көп  зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден  негізгі валютамызды шығаруға  тәуекел  еттік. Дизайн  жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген  валюталардың  қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз  үшін  теңгені  басу  басты шаруа емес еді. Теңге  Лондондағы кәсіпорында  небәрі  4 айда  басылып  шығарылды. Мемлекет  басшылығымен  оны  1 қыркүйекте   шығару  тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді  бітіріп  алуға  тиіс  едік.

Егер  ақша  дегеніміз  не деген  сауалға  жауап  іздесек,  онда  оның  қоғамда  үш  түрлі  негізгі  қызмет  атқаратынын  айтқан  жөн. Біріншіден, теңге  айналым  құралы болып  табылады, яғни  тауарлар мен  қызметтерді сатып  алу  мен  қайта сатуда  пайдаланылады. Бұл  базардағы ресурс иелері  мен өндірушілердің  кез-келген тауар мен қызметті  сатып  алуға  пайдалануына  мүмкіндік  беретін  өте  қолайлы  әлеуметтік  құрал. Теңге  айырбас құралы  ретінде  қоғамды  баспа  бас  айырбастың  қолайсыздығынан  құтқарады. Тауар  айырбасына  қолайлы жағдай  туғыза  отырып , ақша  қоғамға географиялық  мамандану және адамдар арасындағы  еңбек бөлінісі жемістерін  пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни  теңгенің  арқасында біз әлемнің көптеген  елдерінен тауар ала аламыз.

Екіншіден, теңге  бағаның  өлшемі болып  табылады. Қоғам  ақшаны  түрлі  байлық пен ресурстар  бағасының  салыстырмалы  өлшемі ретінде  пайдалануды  қолайлы  көреді. Жолды  шақырыммен, салмақты килограммен  өлшейтініміз  сияқты  байлық  пен  қызмет  құнын  ақшамен  өлшейміз. Мұның артықшылығы  айқын. Ақша  жүйесінің  арқасында біз  бір  тауардың  құнын  анықтау  үшін  оған  айырбасқа  жүретін  басқа  тауарды  іздестіріп  жатпаймыз. Мәселен, малдың  бағасын  астықпен,  мәшинемен, шаймен  немесе басқа  заттармен  өлшеп  шығарып  жатудың  қажеті  шамалы. Ақшаны  жалпы  атау  ретінде пайдалану, кез келген  өнімнің  құнын  ақша  арқылы  бағалау  деген  сөз. Оны  бұлайша  пайдалану  адамдарға  түрлі  тауарлар  мен  ресурстардың  салыстырмалы  бағасын  оңай  бағамдауға  мүмкіндік  туғызады. Мұндай салыстыру  дұрыс  та тиімді  шешім  қабылдауды  жеңілдетеді. Яғни  ақшамен  жалпы  ұлттық  өнім  мөлшері  және  басқа да  экономикалық  көрсеткіштер, барлық  төлемдер  мен  қарыз,  несие  міндеттемелері  өлшенеді.

Үшіншіден, теңге  салым  құралы  ретінде қызмет  етеді. Ақша  тауар ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы  байлықты  салым ретінде сақтау  ұтымды. Бұл тұрғыдан  алғанда ол  қозғалмайтын  мүліктер  (жеке меншік) және  бағалы  қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар байлықты молайту  құралы болып  табылады. Әдетте, ақша  деп  қолда  бар, айналыста  жүрген  металл және  қағаз  ақшалар,  сонымен  қатар  чектік  салымдар, яғни  банктегі , түрлі  сақтық мекемелеріндегі  чектер  түсініледі. Металл  және  қағаз  ақшалар  мемлекет міндеттемесі болса, ал  ағымдағы есеп  шоттар  коммерциялық  банктер мен сақтық  мекемелерінің  міндеттемелері болып  табылады. Сол  сияқты ақшамен қатар  түрлі  қаржылық  міндеттемелер  формасы  ретінде  мемлекеттік  бағалы  қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар  тікелей қарым қатынас құралы  қызметін  атқармағанымен , жедел  қолма қол  ақшаға  немесе  чекке  айнала  алады. Нарықтық қарым қатынастың келешек дамуына орай мұндай  міндеттеме-лердің  саны  мен  көлемі  өсе  түсетін  болады. Ақшаның  бағасы  немесе  сатып  алу  пәрмені  дегеніміз  сол  ақшаға  сатып  алуға  болатын  тауарлар  мен  қызмет  көлемі.

Информация о работе 1993 ж Ақша реформасы