1993 ж Ақша реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

“1993 ж Ақша реформасы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................... 3
IАҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕНІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
2.2Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің жағдайы
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА БАҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ
3.1Қазақстан Республикасы валюта жүйесінің дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары
3.2Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері
3.3. Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1993 ж Ақша реформасы.doc

— 334.50 Кб (Скачать)

Iс жүзінде валюталық  операциялар ағымдық  операциялар  және капитал қозғалысымен байланысты  болып бөлiнедi.



 

 

 

 

 

  • Ағымдық операцияларға жататындар:
  • тауарлар жұмыстар және қызметтер  үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен  аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт- импорт мәмілелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған  аударымдар;
  • 180 күнен аспайтын несиелер беру және алу;
  • салымдар (депозиттер),  инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де  табыстарды алу және аудару;
  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк сомманы, жалақыны, зейнетақыны, элименттердi және басқа соммаларды аудару;
  • осы заңмен капитал  қозғалысына  байланысты операцияларға жатпайтын   барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты   операцияларға жататындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;
  • интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;
  • мүлiктiк құқыққа және өзге де жылжымайтын  мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;
  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң  мерзiмiн 180 күннен асатын  мерзiмге ұзартуды көздейтiн  экспорт- импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
  • өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
  • зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша халықаралық  аударымдар,
  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша  халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде  шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзуде ҚР  Ұлттық банкiнен алған лицензиясы бар өкiлеттi банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР ұлттық банк валюталық реттеудi  және валюталық бақылауды жүргiзедi.

Банктердiң жүзеге асыратын валюталық  операциялардың өзiндiк белгiлерiне байланысты  жiктеледi:

  • Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
  • заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге)  валюталық шот ашу;
  • шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
  • овердрафт (банктiң жетекшiлерiнiң шешiмiмен ерекше клиенттерге) несиелерiн беру;
  • операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
  • кез-келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
  • клиенттердiң тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебiне шетел валютасын сатып алу және сату);
  • экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.

2. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты мен импортты  және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:

  • қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын  сату және сатып алу;
  • шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
  • шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
  • ақшалай аккредитивтердi төлеу.
  1. Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
  • НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумен байланысты операциялар;
  • ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент- банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары

4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:

СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.

ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бір валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi  валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша  белгiленген күнi бiр валютаны  сатып алуға байланысты  басқа валютаға  айырбастау үшiн жасалған контакт. Форвард операциясы өз кезегiнде мынадай түрге бөлiнедi:

  • Аурайтпен жасалған мәмiле – белгiлi бiр күнге валютамен жабдықтау шартын бiлдiредi;
  • Опционмен жасалатын мәмiле – валютамен жабдықтаудың күнi белгiленбеген  шартын сипаттайды;

СВОП мәмiлесi -  бір валюта қарсы екiншi валютаны  сатып алу, сатуға байланысты  осы валютаны болашақта қайта сатып алу  және сатуға сәйкес, яғни екi қарама-қарсы оперциялардан тұратын банктiк мәмiле. 

Конверсиондық (айырбас) операциялар – сол елдiң қолма  – қол және қолма қолсыз  ұлттық валюталарына қарсы  қолма- қол және қолма- қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмiлелерi.

Конверсиондық  операцияларды банктiң  валюталық позициясын есепке алмай  жүргiзуге болмайды. Валюталық позиция  – тиiстi валюталарда активтер  пассивтердi қалыптастыратын ( аяқталмаған  операциялар бойынша баланстан тыс  талаптар мен мiндеттемелердi есе алғандағы), шетел валютасындағы  қаражат қалдықтары.

Валюталық позицияның мынадай  түрлерi бар:

  • Ашық валюталық позиция – шетел валюталарындағы қаражаттарды алу талаптарымен беру мiндеттемелерiн көрсететiн, сандық жағынан активтер мен пассивтердiң сәйкессiздiгiн қалыптастыратын шетел валюталарындағы қаражат қалдықтарының айырмасын бiлдiредi.
  • Қысқа ашық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты  пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелерi активi мен баланстан тыс талаптарынан  сандық жағына асатын  ашық валюталық позиция.
  • Ұзын ашық валюталық позиция – активi  мен баланстан тыс  талаптарынан осы валютадағы  пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелердiң сандық жағынан  асатын ашық валюталық позиция.
  • Жабық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты активтер мен пассивтердiң  (аяқталмаған опрациялар бойынша баланстан тыс талаптар мен мiндеттемелердi алғанда  сандық жағынан  сәйкес келуiн сипаттайтын валюталық позиция).
  • Халықаралық есеп айырысу бойынша:
  • Құжатталған аккредитивпен есеп айырысу операциялары;
  • Құжатталған инкоссомен есеп айырысу  операциялары;
  • Банктiк операциялар бойныша есеп  айырысу операциялары.

Құжатталған аккредитив – акккредитивке  көрсетiлген құжаттарға қарсы экспортердың пайдасына өзiнiң  бұйырушы клиентерiнiң  өтiнiшi бойынша жасайтын аккредив ашушы банктiң  мiндеттемесi.

Құжатталған инкассо-эмитент  – банктiң, сенiм бiлдiрушiнiң берген құжаттарын төлеушiге төлеу үшiн  ұсынуға  немесе ақшасын алып беруге өзiне алған мiндеттемесi.

Банктiк аударым –  банктiк аударым жасаушының  жасаған  тапсырмасы  негiзiнде барлық есеп  айрысудағы валюталық түсiмдердi өкiлеттi банктердiң шотына  есепке алынуын бiлдiредi.

 

2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің жағдайы.

 

Валютаны реттеудің тиімділігін бұдан әрі сараптау үшін валюталық бағамдардың отандық экономиканың жағдайына ықпалын, қазіргі таңдағы жағдайын қарастырып көрейік.

Дүние жүзінің экономикасын қамтыған дағдарыс 1998 жылдың басынан бастап Қазақстанның төлем балансының жағдайына жағымсыз әсер етіп, соның нәтижесінде ұлттық валютаның айырбас бағамы қымбаттады. Ресей қаржы нарығының 1997 жылғы тамыздағы дағдарысы Ресей қаржы рублінің бағамының тамыз-желтоқсан айларында үш еседен астам төмендеуіне апарып тіреді. Сол уақытта рублдің шұғыл құнсыздануы кезінде тұтыну бағасының өсуі 84,4%, өндірушілердің бағасы 25%-ға өсті. Осы себепті сол уақыттарда Ресей өндірушілерінің сыртқы нарықтарда, соның арасында Қазақстан нарықтарында баға басымдылығына ие болу қамтамасыз етті. Нәтижесінде Қазақстандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтарында бәсекелестік қабілеттері нашарлады. Америка долларына шаққанда валюталық бағамды 76-84 теңге аралығында ұстап тұру үшін 1,1 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі алтын-валюта қорын жұмсауды талап етті. Елеулі басқыншылықтар және халықаралық валюта қорының несиелерін өтеу алтын-валюта резервтерінің сомасы 2584,14 млн. доллардан 1998 жылдың басында 1628,09 млн. долларға дейін азайып, үш айдағы импорттың құнын жаба алмады. Ол ішкі нарықтағы сауда көлемінің 48% құраған.

Тұрақты айырбас бағамының есебінен болатын елеулі нақты нығайту  отандық өндірушілердің бәсеке қабілеттілік жағдайын жоғалтып, олардң өнімдерін  импорт тауарлардың ішкі нарықтан ығыстыруына, соның салдарынан өндірістің құлдырауына  апарып тірейді.  1997-1998  теңгенің жоғары нақты бағамы мемлекеттік қысқа мерзімдегі бағалы қағаздар нысанында елге қойылған  капиталдың есебінен ұстап тұрылды. Сөйтіп отандық өндірістің бәсеке қабілеттілігі төмендеп, тұтыну импорты шапшаң өсіп,  ағымдағы операциялардың сальдосын 1998 жылдың орта шеңінде бірте-бірте теріс мәнді аймаққа ауысты. Халықаралық қаржы нарықтарының жағдайына ауысқан мерзімде мемлекеттік борышты өтеуге қызмет көрсетудің құны шамадан тыс жоғарлап, дағдарыс өткір кезеңге ауысты.

Ресейдегі дағдарыстың ізінше ТМД елдерінің валюталарына ара қатынасына қарай теңгенің елеулі түрде нақты қымбаттауы 1998 жылдың аяғында Ресей рубліне қатынасы бойынша 69% құрады.

1999 жылы еркін құбылатын айырбас  бағамының енгізілуі принцип  бойынша валюталық бағам деңгейін  еркін нарықтық жағдайда анықтайтынын білдіреді. Яғни, валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуі тиіс. Валюта бағамының деңгейі төлем балансының тұрақты міндеттіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайда жеткізу қажет болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді.

Құбылмалы бағамға өткен сәттен бастап Ұлттық банк шетел валютасын белсенді сатып алушы болып, Ұлттық банктің сатып алғанының көлемі 1998 жылмен салыстырғанда 40 еседей өсті. Сол уақытта сату көлемі 2,5 есеге қысқарды.

1999 жылдың 30 желтоқсанындағы жағдайының  нәтижесінде алтын-валюта резервтері 2003 млн. АҚШ долларына бағаланып, тауарлар мен қызмет көрсетудің 3,6 айдағы импортын қаржыландыруды қамтамасыз етті. Одан кейінгі 2000 жылдан бастап Ұлттық  банктің ішкі валюталық нарықта таза сатып алушы ретіндегі беталыс басымдығы сақталды. Сөйтіп жаңа валюталық тәртіптеме Ұлттық банктің елеулі валюталық резервтерді үнемдеуіне мүмкіндік туғызды. Коммерциялық банктер үшін депозиттер бойынша ұлттық және шетелдік валюталар мен міндетті резервтердің сараланған нысандарын белгілеуге Ұлттық банктің мүмкіндігі барды. Депозиттер бойынша шетел валютасымен резервтік талаптарды ұлттық валюталы резервтік талаптардан жоғарылатса,  шетел валютасына деген сұранысты арттырып, өзге тең жағдайларды ұлттық валютаны құнсыздандырады және керісінше болады.

Елде таңдап алынған  құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесі валюталық бағамның елеулі түрде ауытқуын жол беруі мүмкін. Экономикалық саясат мақсатына жауап бермейтіндіктен Ұлттық банк ондай жағымсыз ауытқуларды оқшаулауға мүмкіндік беретін жеткілікті алтын-валюта резервтерін қалыптастырады. Ұлттық бағамды белгілей отырып ұлттық валютаның деңгейін нарыққа көрсеткен сыңай танытып бағамның қажетті бағытын көрсетіп, нарық оны қабыл алады. Мұндай беталыс 2000 жылдың басынан бастап айқын көрінеді.

Құбылмалы валюталық бағамның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды.  Сол уақытта нарық негізінен «төмеге» бағыт алып тұрған. Валюталық бағамның өзгеруіне және сауда балансының оң сальдосына ие болуына байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға ара қатынасына қарай деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды. Егер жылдық есептемеде құнсызданудың орташа қарқыны үш күн ішінде ағымдағы жылға арналған болжамды деректерден асып кетсе, Ұлттық банк валюталық бағамның серпініне араласады. Сондықтан алып-сатарлық қатынастар әлсіреп, нарықтың кейпін анықтай алмайды. Сондай күндерде комерциялық банк клиенттерінің шамалы көлемдегі тапсырыстары қанағаттандырылып, ол шетел валютасының басым ұсыныстарын негізінде жүргізілуі мүмкін. Сол себепті Ұлттық банк теңгенің нақты көріністе қымбаттауына жол бермей доллар бағамын ұстап тұруға, оған сұраныс мүмкіндігін жасауға мәжбүр болады.

Айырбас бағамы тәртіптемесі ауысқаннан кейін Қазақстанның экономикалық дамуы  валюталық бағам аясындағы экономикалық саясаттың өзгерісі ретінде өнеркәсіп өндірісінің өсуіне, экспортты және импортты орнын басу үшін алтын-валюта жинақтауға әсер етеді. Сол жылдары Ұлтық банктің есебі бойынша нақты тиімді айырбас бағамы 1999 жылдардағы қаңтар-наурыз айларында 1 долларға шаққандағы тұрақты валюталық бағам 84-88 теңгеге қарсы 129-130 теңге деңгейінде тұрды.

Информация о работе 1993 ж Ақша реформасы