Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:33, курсовая работа
Нарықтық экономикада кәсіпорындар мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызыметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
КІРІСПЕ
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілетті технологиялық процестарді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар аұшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі- кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызыметінің нәтижесіне дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынана, чектердегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан сондай-ақ аударылған жаолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындпр мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Нарықтық экономикада кәсіпорындар мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызыметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол қашасыз сееп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министірлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттары;
2) Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын сепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдағы ұйымдарға, өндіріске, комерциялық қызыметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейіндегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса – есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекетік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызыметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап,әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпроынға қарыз береді және олардың қайтарылун қадағалайды. Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызыметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол аркылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігін көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1. Қолма-қол ақшасыз аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
3. Бөлінбеген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
4. Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дибиторлық және кридитролық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
5. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және бенктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуын бақылау жасау.
6. Есеп айырысу – төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
2. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшіншаруашылық суъбектісі өзі таңдаған банке сеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынандай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шот шауға раналған өтініш;
2) қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі.
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
1. Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына негізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі ресімделеді.
2. Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда- чек ресімделеді.
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызыметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда төлем талап-тапсырмасы жасалады.
5. Шаруашылық істері жөніндегі алқаның бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл-мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан көшірме беру жолымен құлақтандыру жасайды. Көшірмеде банк кодтайтын, қатаң түрде белгіленген көрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған көшірмені тексереді, құжаттардың таңдап шоттардың кодын қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркемелерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банктің көшірмесі есеп айырысу шоты бойныша талдамалы есептің тіркелімі өздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызыметін атқарады. Субъектілердің банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берешекте пассивтік шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебнт бойынша оның есептен шығарылуын көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты активтік болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі кредит бойынша көрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 1040-шотты жүргізеді.
1040-шот бойынша шаруашылық операциялары:
1. Өнімдер, жұмыстар мен қызыметтер шотын сатып алушылыр мен тапсырыс берушілердің төлеу сомасына Д-т 1040 К-т1210.
2. Төлеу мерзімі басталғанда вексель берушінің вексельді өтеуі Д-т 1040 К-т 1130.
3. Еншілес заңды тұлғалар берешекті өтеді Д-т 1040 К-т 1220,1230.
4. Жал, займ, қарыздар бойынша алынған % сомасына Д-т 1040 К-т 1270.
5. Дебиторлық берешек өтелді Д-т 1040 К-т 1250,1280.
6. Аккредитивтердің, лимиттелген чек кітапшаларының пайдаланылмаған сомаларпы есеп айырысу шотына есептеледі Д-т 1040 К-т 1070.
7. Ақша қаражаттары кассадан есеп айырысу шотына өткізілді Д-т 1040 К-т 1010.
8. жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшылардан қолма-қол ақшасыз қаражаттары келіп түсті Д-т 1040 к-т 5020.
9. Алынған несиелер мен зайымдардың сомасы есеп айырысу шотына есептеледі Д-т 1040 К-т 3010,3020.
10. Аванс алынды Д-т1040 К-т 3510.
11. Алдағы кезеңдер есебіне алынған ақы Д-т 1040 к-т 3520.
12. Акцияларға, облегацияларға салымдар жасалды Д-т 1150,2310 К-т1040.
13. Болашақ кезеңдер үшін жалдық ақыны төлеу Д-т 1630 К-т1040.
14. Аванс берілді Д-т 1610 К-т 1040.
15. Аккредетивке қаражаттар есептелді, чек кітапшасы ашылды Д-т 1070 К-т 1040.
16. Чек бойынша есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшалар алынды Д-т 1010 К-т 1040.
17. Займдар мен несиелерді қайтару Д-т 3010,4010 К-т 1040.
18. Акциялар бойынша дивидендтер төлеу Д-т 3050 К-т 1040.
19. Бюджетке салықтар аударылды Д-т 3110,3130,3190 К-т 1040.
20. Бюджеттен тыс қорларға аударылғаны Д-т 3420 К-т 1040.
21. Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын тұлғаларға, жеткізушілер мен басқа кредиторларға берешек өтелді Д-т 3320,3330 3310 К-т 1040.
22. Несиелер, қарыздар жалдау шарттары бойынша % төленді Д-т 3380 К-т 1040.
23. Айыппұлдарды, өсімақыларды, тұрақсыздық айыптарын төлеу Д-т 7210 К-т 1040.
1040- шотта өкрсетілген операцияларды есепке алу үшін №2 журнал-ордер мен №2 ведомосы көзделген. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк көшірмесінің және соларға қоса берілетін құжаттардың негізінде жүргізіледі . Құжаттар алдымен әрбір күн үшін жиынтықтарды сомалау арқылы біртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады, содан кейін №2 журнал-ордерге және 1040-шоттың дебеті бойынша №2 ведомосқа жиынтық бір сомамен жазылады.
№2 ведомоста біртектес жинақтамалы шоттар бойынша сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо көрсетіледі де, ай ішінде есептелген дебеттік және кредиттік айналымдар ескеріліп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 журнал-ордер мен №2 ведомос бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында бас кітаптағы 1040-шотқа көшіріледі.
Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойныша:
а) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана бөлігінің болмауына әкеп соқтырған субъект қызмет сипатының өзгерісі кезінде;
ә) субъектіні құрған органның шешімі бойынша;
б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.
Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерген кезде шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектермен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға міндетті.