Ақша қаражаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:33, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызыметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Файлы: 1 файл

ақша қаражаты...doc

— 303.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

 

Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланылады және мынадай әр түрлі валюталарда:

а) ұлттық;

б) еркін айырбасталатын;

в) тұйық валютада;

г) клиринг валютасында операциялар жасайды.

ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы №206 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне” сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады. Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны.

1) Валюталық шотты ашу туралы өтініш;

2) Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмесі;

3) Өкілетті тұлғалардың қойған  қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері;

4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

5) Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының       анықтамасы.

Резидент заңды тұлғалардың валюталық шотты ашуы, жүргізуі және жабуы «Клиенттердің екінші деңгейіндегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы»1997 жылғы 4 наурыздағы №61 нұсқаулықта көзделген тәртіппен жүргізіледі.

“Шетелдік валютадағы операциялардың есебі” 9 БЕС-ына сәйкес валютада жасалатын мәмілелер шетелдік валютадағы операциялар болып табылады. Мұндай кезде субъект:

1.      Мүлікті шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.

2.      Төленуге немсесе алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.

3.      Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдлік валютамен  өзіне міндеттеме  алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.

Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнге Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар, сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуі тиісті.

Шетелдік валютамен есеп айырысу, әдетте, мынандай нысандарда жүргізіледі:

1)               Банктік аударым- бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке пошта немесе телеграф бойынша салып жіберуімен жүргізілетін есеп айырысу операциясы.

2)               Құжаттамалық инкассо- бұл импортшыдан ақша сомасын немесе  тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндігін растауды алуға экспоршының өз банкіне берген тапсырмасы.

3)               Құжаттамалық аккредитив- бұл импоршы-клиентінің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктік ақшалай міндеттеме.

Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен ресімделеді:

    а) қолма-қол валютаның келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен ресімделеді;

    б) қолма-қол валютаның берілуі- валюталық шығыс касса ордерімен;

     в) шетелде жүрген бенефициарға валюта қаражатын аудару өтінішімен                                                                                                 ресімделеді.

Валюталық шоттар бойынша операциялардың есебі активтік 1050- “Ағымдағы корреспонденттік шоттағы шетел валютасы” шотына жүргізіледі. Мұндай шотты ашу және сол бойынша операциялар жасау ҚР Ұлттық банкі белгілегн нысанда және мерзімде тапсыруға міндетті. 1050-шоттың дебет бойынша ьастапқы қалдық, ақша қаражаттарының түсуі және соңғы қалдық көрсетіледі.1050-шоттың кредит бойынша субъектінің валюталық шотынан қаражаттардың есептен шығарылуы көрініс табады. 1050-шоттың кредит бойынша операциялар банк көшірмесінің негізінде №2 журнал-ордерге, 1050-шоттың дебет бойынша №2 ведомоске жазылады. Жиынтық айналым мен сальдо ай соңында бас кітапқа көшіріледі.

1050-шот бойынша шаруашылық операциялары.

1.               Экспортқа жөнелтілген өнімдер мен көрсетілген қызыметтер үшін шетелдік сатып алушылардан түсім түсті Д-т 1050 К-т 1210.

2.               Әр түрлі шетелдік дебиторлардан берешектің келіп түсуі Д-т 1050 К-т 1060.

3.               Бұрын берілген аванстардың түсуі Д-т1050К-т 1610.

4.               Шетелдік валютадағы шоттан ел ішіндегі валюталық шотқа келіп түскені Д-т 1050 К-т1060.

5.               Құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымы шетелдік валютамен түсті Д-т 1050 К-т 5020.

6.               Шетелдік валютамен  несие, займ алу Д-т 1050 К-т 3010,3540.

7.               Шетелдік валютамен аванс алынғанда Д-т 1050 К-т 3510,4410.

8.               Шетелдік валютадағы ақша қаражаттары валюталық шотқа өткізілді Д-т 1050 К-т1020.

9.               Оң бағамды айырма Д-т1050 К-т 6250.

10.           ТМҚ жеткізуге, жұмыс және қызымет үшін шетелдік валютамен берілген аванс Д-т 1610,2910 К-т 1050.

11.           Шетелдік валюта аккредитивке есептеледі Д-т 1070 К-т 1050.

12.           Банктерден қолма-қол шетел валютасын алу Д-т 1020 К-т 1050.

13.           Несиелер, займдар берешек өтелді Д-т 3010,3540 К-т 1050.

14.           Шетелдік жеткізушілердің шотын төлеу Д-т 3310 К-т 1050.

15.           Өзге кредиторларға берешектерді өтеу Д-т 3390 К-т1050.

16.           Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешектерді өтеу Д-т 3330,3320 К-т1050.

17.           Теріс бағамдық айырма Д-т 7430 К-т1050.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. БАҒАМ АЙЫРМАСЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

Валюта бағамының тербелісі бағам айырмасының туындауына себепші болады. №9 БЕС-ына сәйкес бағамдық айырма- бұл шетелдік валютаның бір ғана бірлігін бағам өзгерісі кезінде бухгалтерлік есептің жүйесі мен қаржылық есептемеде көрсету  нәтижесінде туындайтын айырма.

А) импорттық операциялар кезінде тауарларды кедендік ресімдеу мен жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық немесе кредиторлық берешектерді қосымша бағалау немесе бағасын кеміту жолымен олар үшін ақша қаражаттарын аудару күндерінің арасында келісімшарттық құнның ұлттық валютадағы баламасы.

Субъект 2 000 АҚШ доларына шикізат сатып алған, кедендік ресімдеу құнындағы бағам 1 доллар үшін 75,3 теңге болған кезде сомасы 150 600 теңге құраған Д-т 1310 К-т 1050-151 400 теңге (2 000 * 75,7). Бағамдық айырма Д-т 7430 К-т 3310-800 теңге.

Егер төлем күні доллар бағамы 75,15 теңге болса, онда Д-т 3310 К-т 1050-150 000 (2 000 * 75,15). Оң бюағамдық айырма болады Д-т 3310 К-т 6250-00теңге.

ә) экспорттық операциялар кезінде келісімшарттық құнның сату күні мен ақша қаражаттарының келіп түсуі күндерінің  арасындағы ұлттық валютаның баламасы.

Шетелдік сатып алушыға 5 000 АҚШ долларының өнімі жөнелтіледі. Кедендік ресімдеудің есеп айырысу- ақша құжаттарын жазу күнінде бағам 1 доллар үшңн 75,3 теңге болған. Тауарлардың құны 376 500 теңге құүрап, жөнелтілген өнімнің өзіндік құны 305 000 теңге болды.

1.      Жөнелтілген өнімнің келісімінде құнына Д-т 1210 К-т 1320-305 000.

2.      Жөнелтілген өнімнің келісімді құнына Д-т 1210 К-т 6010-376 500.

3.      Бағам 75,6 теңге болған кезде төлемжасалады, яғни Д-т 1050 К-т 1210- 375 250 (5 000 * 75,05).

4.      Оң бағамды айырма Д-т 1210 к-т 6250- 1 500.

5.      Егер төлем күні доллар бағамы Д-т 1050 К-т 1210 – 375 250 (5 000 * 75,05).

6.      Теріс бағамдық айырма Д-т 7430 К-т 1210,1250.

Валютаны сатқан және сатып алған кезде Ұлттық банктің бағамы мен биржалық бағамының арасында айырма пайда болады. Бұл айырма бағамдық қайшылық болып саналып, кезеңнің шығысы немесе кірісі ретінде танылады. Салық есебінде жиынтық жылдық табысты анықталған кезде оң  бағамдық айырма шегерімге жатады, ал терісі жылдық жиынтық табысты арттырады.

 

 

 

                                                                                                             

 

 

 

5. КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

Қолма-қол ақшалардың қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса - бұл қолма-қол  ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үйжай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Касса операцияларын орындау кассирге жуктеледі. Ол материалдық-жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма-қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік  берген тұлға қол қойған КО№1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаларды кассадан беру КО№2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар бойынша жүргізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болуы керек. Егер ШКО қоса берілетін құжатта рұхсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емес.

Кіріс касса ордері мен оның түбіршегі, ШКО мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуы немесе машинкаларымен басылуы тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, өшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау және беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін.

ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін буъгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында тіркеледі. Операциялар жасалғаннан кейін ордерлерге кассир қол қояды, ал оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні көрсетілген «төленді» жазумен өтелді.

Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир КО№4 нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байланған, нөмерленген және мөрленген болуы тиіс.  Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болуы керек. Жұмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келксі күге қалатын ақша қалдыған шығарады. Касса  кітабындағы жазулар көшіру қағазы арқылы 2 данадан жүргізіледі.

Екінші даналары жырпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызымет етеді. Егер  кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызыметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа құжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бұл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма-қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық  ақшалыры болып саналады және субъектінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қлода бары мен қозғалысын  есепке алу үшін активтік 1010, 1020-шоттар қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредит бойынша- берілуі көрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жұргізіледі, бірақККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы көрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма-қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналды бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда көлік пен байланыстың объектілері 1010-шотта мынадай субшоттар аша алады:1010/1-субъект кассасы, 1010/2-операциялық касса.

Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдалануға учаскілердің, аяалдама, өзен өткелдердің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 1010/2-шотта ескеріледі.

Информация о работе Ақша қаражаты