Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:33, курсовая работа
Нарықтық экономикада кәсіпорындар мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызыметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
2. Өнімнің келісім кұнына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210 К-т 6010 -
200000 теңге.
3. ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130-40 000 теңге.
4. Бюджетке ҚҚС төленген Д-т 3130 К-т 1040 - 40 000 теңге.
5. Сатып алушылардың шоты төленді Д-т 1050, 1040, 1010,
1020 К-т 1210-240 000 теңге.
6. Жыл соңында:
а) шығыстар Д-т 5410 К-т 7010 - 195 000 теңге;
ә) кірістер Д-т 6010 К-т 5410 - 200 000 теңге. Таза кіріс 5 000 теңге құрады.
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
Төлеушілер - бұл салық жылында салық салынатын кірістері бар жеке тұлғалар (ҚР азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар).
Салық салу объектісі - бұл жиынтық жылдық кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын кіріс.
Салық кодексінің 29-бабында табыс салығының ставка — келтіріледі. Төлем көзінде ұсталған табыс салығын есептеу салық жылының ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж. бастап табыс салығын ұстауға арналған қайта есептеу коэффициенті ендірілген. Мұның өзі 12 санының салық салынатын кірістің есептік сомасы анықталатын ай санына қатынасын білдіреді.
Қаңтар - 12 (12/1), ақпан - 6 (12/2), наурыз - 4 (12/3), сәуір -3(12/4).
Салық кодексінде табыс салығы салынбайтын кірістер келтірілген. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі пассивтік 3120 — "Жеке тұлғалардың табыс салығы" шотында жүргізіледі.
1.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын ұстап қалғанда
Д-т 3350 К-т 3120
2. Табыс салығын аударған кезде Д-т 3120 К-т 1040
Акциздер
Төлеушілер — ҚР аумағында акцизделетін тауарлар өндіруші немесе осы тауарларды импорттаушы және сатушы жеке және заңды тұлғалар.
Салық салу объектісі — акциздер қосылмаған бағалар бойынша анықталатын тауар құны.
Өкімет ставканы тауардың құнына немесе өндірістің физи-калық көлеміне қатысты пайызбен бекітеді.
Акцизделетін тауарлар өзгерген кезде акциз тауар (импорттықтан басқа) құнына қосылады. Акцизделетін тауарлар сатылған кезде акциздердің есебі ҚҚС есебі сияқты жүргізіледі.
Сатып алушыларға шот ұсынған кездегі акциз сомасына Д-т 1210 К-т 3140.
Акциздерді бюджетке аударған кезде Д-т 3140 К-т 1040
Жер салығы
Төлеушілер - иелігінде немесе пайдалануында жері бар жеке және заңды тұлғалар.
Салық салу объектісі — жер учаскесі.
Салық жер көлемінің бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелгені төлемдер түрінде белгіленеді.
Жер салығы есептелген кезде Д-т 7210 К-т 3160.
Жер салығы аударылған кезде Д-т 3160 К-т 1040
Көлік құралдарына салынатын салық
Салық төлем сәтіндегі айлық есептік көрсеткіштен % түрінде көлік құралдары куатының әрбір киловатынан салық ставкалары бойынша жыл сайын төленеді.
Төлм мерзімі - 1 қыркүйекке дейін.
Төлеушілер - меншік құқығында, сенімгерлік басқаруыңда, шаруашылық басқаруында немесе жедел басқаруында мемлекеттік есепте тұрған көлік құралдары бар жеке және заңды тұлғалар.
Салық есептелген кезде Д-т 7210 К-т 3170.
Салық төленгенде Д-т 3170 К-т 1040.
10. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ
3210-3230-бөлімшеде бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу жасалады. Шаруашылық субъектілері сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларынан есеп айырысуды жүзеге асырады. Мүліктік сақтандыруға жататындар:
1. Үйлерді, ғимараттарды және басқа мүліктерді сақтандыру.
2. Көлік құралдарын сақтандыру.
3. Жануарларды сақтандыру.
Жеке сақтандыруға жататындар:
1. Өмірді сақтандыру.
2. Қайғылы жағдайлардан сақтандыру.
3. Балаларды сақтандыру.
4. Неке қию күніне сақтандыру.
Субъектілер мүлік сақтандырудың төлемдерін сақтандыру компаниясына есептейді және бұл шығындарды өндіріс шығындарына немесе кезең шығыстарына қосады. Сақтандырылған мүлік немесе егіс бүлінгенде немесе апат болғанда сақтандыру компаниялары сақтандыру өтемдерін төлейді.
Субъектілер қауіпті жұмыстарды орындайтын қызметкерлерді (өрт сөндірушілер, ұшқыштар, тауға шыққыштар) сақтандыруға міндетті.
Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол қаражат, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар жай чектер, касалық ордрлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа есеп айырысу құралдары жатады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Есеп айырысудың мақсаты- нарықтық қатынастардың нығаюына, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысқа түсуіне ықпал ету, кірістер мен шығыстардың шама шарқынша есеп айырысу қатынастарын өзара ынталандыру жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай түрлері бар:
1. Төлем тапсырмасы.
2. Чек.
3. Вексель.
4. Төлемдік талап-тапсырмасы.
5. Аккредитив.
6. Инкассалық өкім.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу дегеніміз-ақша жіберушінің тапсырмадан көрсетілген сомада бенефициар пайдасына ақша аудару туралы қызымет көрсететін алушы-банкке тапсырмалары.
Чек – чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйрығы бар, олардың арасындағы шартқа негізделген, осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу төлем құжаты.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі бар, қатан белгіленген нысандағы төлем құжаты.
Төлемдік талаптар-тапсырмасымен есеп айырысуда бенфициар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызымет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат.
Аккредитив дегеніміз – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының банкісінің жабдықтаушаның банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтердің басқа да шарттарын орындағы жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.
Инкассалық өнім – ақша өндіру туралы сот шешімдері үкімдері белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетінорындау қағазының сол түрі.
33