Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:33, курсовая работа
Нарықтық экономикада кәсіпорындар мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызыметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
4. Вексель бойынша төлем мерзімі басталғанда:
а) вексель сомасына Д-т 3310/1 К-т 1040,7050,1010-150 000.
ә) пайыз сомасына Д-т 3380 К-т1040,1050,1010-51 000 алынған
және берілген векселдердің талдамалы есебі төлем мерзімі
кешіккен вексельдер және төлем мерзімі әлі басталмаған
вексельдер туралы деректерді қамтамасыз етуге тиіс.
5. Жолдағы аударымның және банктегі арнайы шоттарындағы
қаражаттардың есебі.
Кәсіпорындар қолма-қол ақша қаражаттарын есеп айырысу шотына немесе субъектінің басқа шотына есептеу үшін банктердің, халықтық банктің немесе пошта бөлімшесінің кассасына өткізу арқылы операция жасайды. Ақша қаражаттарын табыстау мен оларды есеп айырысу шотына есептеу уақыты бойынша сәйкес келмейді. Кейде есепті кезеңнің соңында мынадай жағдай кездесуі мүмкін: ақша қаражаты пошта аударымы арқылы, халықтық банктің немесе банк мекемесінің кассаларына өткізу жолымен аударылған, алайда ай соңына дейін олар есеп айырысу шотына есептелмеген. Мұндай сомалар жолдағы ақша аударымдары деп аталады және олар 1030- «Жолдағы ақша аударымдары» шотында ескеріледі.
1. Ақша қаражатын енгізу сомасына Д-т 1030 К-т1010,1020.
2. Жолдағы ақша қаражаттары Д-т 1040 К-т 1210,1130,1280.
3. Пошта бөлімшесіне өткізілген түсім Д-т 1040 К-т 1250.
4. Аванс түріндегі жолдағы ақша қаражаттары Д-т 1040,1050 К-т 1030.
5. Нақты есептелген сомаға Д-т 1040,1050 К-т 1030.
1030-шот бойынша операциялардыңесебі №3 журнал-ордерде жүргізіледі.
1070- «Банктегі арнайы шоттардағы қолма-қол ақша» шотында мақсатта қаржыландыру қаражаттарының банкте оқшауланған түрде сақталатындарының қозғалысы ескеріледі, атап айтқанда, мынадай қаражаттармен.
Әлеуметтік мекемелерінді ұстауға пайдаланушылардан келіп түскендер Д-т
3310 К-т 1280.
а) электр энергиясын, жылуды, суды,отынды жеткізу қызыметін төлеу Д-т
1070 К-т 070;
ә) ТМҚ, инвентар, сатып алу Д-т 1310-1315,1317,2417 К-т 1070.
Ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландыруға алынған және
инвестордың өтініші бойынша жеке шоттан жұмсалатын қаражаттар Д-т 1070 К-т 4430/мақсатты қаржылар, 3320-3330.
i.
7. ЕСЕП БЕРЕТІН АДАМДАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ
Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес шаруашылық субъектілері кассалық қызмет көрсетуді жұзеге асыратын банк мекемесімен келісім бойынша субъект бастығы белгілеген мөлшерде және мерзімге операциялық, шаруашылық және басқа шығындар үшін қолма-қол ақшаны есеп беруге кассадан береді. Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі 3 күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуға тиіс. Қолма-қол ақшаны есеп беруге алған тұлға жұмсалған сомалар туралы есептемені мерзім аяқталғаннан кейінгі 5 күннен кешіктірместен субъектінің бухгалтериясына өткізуге міндетті. Қолма-қол ақша қаражаттарын есеп беруге беру тек кәсіпорын қызметкерлеріне және бұрын есеп беруге берілген ақшалар бойынша толық есеп бергенде жүргізіледі. Есеп беру сомаларын жұмсау туралы есептемені белгіленген уақытта тапсырмаған және аванстың пайдаланылмаған қалдығын кассаға қайтармаған тұлғалардан бухгалтер заңда көзделген тәртіпке сәйкес аталған борышты жалақысынан ұстап қалуға құқылы. Есеп беретін сомалардың жоғарғы үлес салмағы қызмет бабындағы іссапарға қатысты болады. Қолма-қол ақшаларды берудің және оларды іссапар шығыстары үшін пайдаланудың тәртібі қолданыстағы заңдармен реттеледі. Іссапарға жіберілген қызметкердің:
1) іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс
орнына дейінгі жол жүру шығындарын;
2) тұрғын үй-жайды жалдау шығындарын;
3) тәулік ақысын;
4)ұсынылған құжаттарға (сақталым, кеңсемен, офиспен сөйлесудің шоты және т.б.) сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субъектісі өтейді.
Жол жүру шығындары жолаушыларды сақтандыру жөніндегі сақтандыру төлемдерін, билеттерді алдын ала сату қызметіне төлемді, көрпе-жастық пайдалану ақысын қоса алғанда, әуемен, теміржолмен, су және жалпы пайдаланудағы автомобильмен жол құны мөлшерінде өтеледі. Іссапар орнына жетудін және қайтудың жол жүру құжаттары болмаған жағдайда, шығындар көлікпен жол жүрудін ең төменгі құны бойынша өтеледі.
Тұрғын үй-жайын жалдау жөніндегі шығындар мейманханадағы орынды сақтау кұнын қоса алғанда, ұсынылған құжаттар негізінде (люкс нөмірінен басқа) өтеледі. Егер құжаттар өткізілмесе, үй-жайды жалдау жөніндегі шығындар норманың 50 пайызы мөлшерінде өтеледі.
Қызмет бабындағы іссапардың тәулік ақысы қызметкер іс-сапарда болған әрбір күнге айлық есептік көрсеткіштің (1998 ж, 1-тоқсан — 630 теңге, 2-тоқсан — 640 теңге, 3-тоқсан — 650 теңге, 4-тоқсан — 660 теңге) 50 пайызы мөлшерінде төленеді. Іссапарға жіберілген адам тұрақты тұратын жеріне күнделікті қайтып келе алатындай жерге жіберілсе, тәулік ақы төленбейді.
Қызметкер іссапардан оралғаннан кейінгі 3 күннің ішіңде іс-сапарға байланысты жұмсалған сомалар аванстық есептеме тапсыруға міндетті. Аванстық есептемеге қоса берілетіндер: белгіленген тәртіппен ресімделген іссапар куәлігі, жол жүру құжаттарының түбіршегі, үй-жайды жалдау туралы құжаттар (шоттар).
Басшылар іссапарға байланысты белгіленген нормадан тыс қосымша төлемдерді кәсіпорын қарамағында қалған пайда есебінен жүргізуге рұқсат етеді.
Қызметкерді шетелге іссапарға жіберген кезде шетелдік валютадағы іссапар шығындарын өтеудің тиісті нормаларын басшылыққа алу керек.
Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың жинақтамалы есебі 333 — "Қысқа мерзімді қызметкерлер борышы" шотында жүгізіледі. Шот активтік, дебеттік сальдосы есеп беретін субъектіге берешек сомасын көрсетеді. Шоттың дебеті бойынша өндіріп алынған артық шығыс сомасы мен шығыс касса ордері негізінде есеп беруге қайтадан берілген сомалар көрсетіледі. Кредиті бойынша аванстық есептемеге сәйкес пайдаланылған сомалар мен кіріс касса ордері бойынша пайдаланылмағандар ретінде көрсетілген сомалар көрсетіледі.
1. Шаруашылық шығындарына, операция мұқтаждықтарына,
іссапарларға есеп беруге қолма-қол ақшалар берілгенде Д-т 1250
К-Т 1040, 1050.
2. Аударым жолымен есеп беруге сомалар берілді (ұшаққа би-
лет сатып алу) Д-т 1250 К-т 1040, 1050.
3. Жол жүру билеттері сатып алынды және чекпен төленді Д-т
1250 К-т 1070.
4. Есеп беретін тұлға сатып алған ТМҚ кіріске алынды Д-т
1310-1315, 1317, 1330, К-т 1250.
5. Аванстық есептемелер тапсырылан бойда есеп беру сома-
ларын есептен шығару Д-т 7210, 8048, К-т 1250.
6. Есеп беретін сомалар бойынша Д-т 1420 К-т 1250.
7. Жұмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 1010, 1020
К-т 1250.
8. Жұмсалмаған есеп беру сомаларын жалақыдан ұстап қалу
Д-т 3350 К-т 1250.
9. Есеп беретін тұлға алдындағы кәсіпорыннын берешегі (ар-
тық шығын өтелмейді) Д-т 1250 К-т 3390.
8. БАНК НЕСИЕЛЕРІ МЕН ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Коммерциялық несиені шаруашылық субъектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді.
Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы (ссудасы) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді жөне субъект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі. Онда несиелендіру объектілері, несие берудің шарттары мен тәртібі, оны өтеудің мерзімдері, міндеттемелерді өзара қамтамасыз етудің нысандары (кепіл), пайыздық ставкалар, оларды төлеудің тәртібі, тараптардың құқы мен жауапкершілігі, құжаттардың тізбесі және оларды тапсырудың мерзімділігі және т.б.
Нақты бір банкке қарыз үшін жүгінбес бұрын субъект:
1) оны алудың мақсатқа сайлығы мен қайтарудың мүмкіндіктерін ойластыруы;
2) несие беру мерзімдері, пайыздық ставкалардың мөлшері және басқа талаптар тұрғысынан әртүрлі банктердің несие беруінің және өтеуінің талаптарын бағалап алуы тиіс.
Банк кәсіпорынның қарызды уақтылы қайтару және пайыз-дар төлеу мүмкіндіктерін бағалап, оның төлем қабілеті мен та-быстылығына талдау жасайды.
Ол үшін банк баланс пен басқа есептемелерді сұрап алуға, несиенің тиісті тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін тексеруді жүзеге асыруға, есеп беру құжаттарымен, есептік тіркелімдермен танысуға құқылы.
Шаруашылық субъектілерін несие алу үшін несиенің қамтамасыз етілгендігі мен қарыздың қайтарылуы шындық екендігін растайтын құрылтай құжаттарының, есептеулердің, бухгалтерлік және статистикалық есеп берулердің көшірмелерін қоса тіркеп, банкке өтініш жібереді. Бір жылға дейінгі мерзімге берілетін қысқа мерзімді және бір жылдан астам мерзімге берілетін ұзақ мерзімді несиелер болады.
ҚР аумағындағы және шетелдегі ұлттық және шетелдік валютадағы түрлі несиелер туралы ақпаратты жинақтауға 3010, 4010-"Банк несиелері" шоты арналған.
Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптастыру көздерінің бірі болып табылады (меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы 60/40-тан аспауға тиіс).
Ұзақ мерзімді банк несиесі негізінен күрделі құрылысты қайта құрудың және өзге күрделі салымдардың шығындарына беріледі. Бұл қарыздар қосымша үнем есебінен немесе жаңа кәсіпорындардан, цехтардан, өндірістерден, жабдықтарды жаңғыртудан және технологияны жақсартудан алынған кіріс есебінен өтелуге тиіс.
3. Алынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің
сомасы кәсіпорынның шоттарына есептелген Д-т 1040, 1050 К-т
3010,4010.
4. Банк несиелері есебінен аккредитивтерге ақша қаражаттары
есептелді Д-т 1070 К-т 3010, 4010.
5. Банк несиелері есебінен чек кітапшалары берілген кезде
қаражаттардың депоненттелуі Д-т 1070 К-т 3010, 4010.
6. Алынған несие есебінен ашылған арнайы ссуда (несие) шо-
тынан жеткізушілердің, мердігерлердің шоттары төленді (егер
алынған несие кәсіпорынның шоттарына есептелмейтін болса) Д-т 3310,3390 К-т 3010,4010.
7. Несиені қайтару, өтеу Д-т 3010, 4010 К-т 1040, 1050.
8. 7-"Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу" БЕС-ы
бойьшша несиені төлеуге жұмсалан шығындар өндірістік өзін-
дік құнға қосылмайды және солар жұмсалған есепті кезеңнің
шығыстары ретінде танылады:
а) есептелген банктік %-дің сомасына Д-т7310 К-т3380;
ә) % төлеген кезде Д-т 3380 К-т 1050, 1040.
3010, 4010-шоттарының жекелеген субшоттарында вексельді (дисконтты) есепке алу операциялары бойынша банктермен есеп айырысулар ескеріледі.
1. Берілген вексель үшін банктен нақгы алынған ақша қара-
жаттарының сомасы Д-т 1040, 1050 К-т 3010, 4010/дисконттық
вексельдер.
2. Вексельге қарыз берілген кезде банк ұстап қалған дисконт
сомасына (банктік %) Д-т 7310 К-т 3010, 4010.
3. Банк авизосының (хабарламасының) негізінде вексель
бойьшша төлем мерзімі басталғанда Д-т 3010, 4010/дискоттық
вексельдер К-т 1130.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің талдамалы есебі оларды берген банктер бөлігінде қарыз түрлері бойынша жүргізіледі. 3010, 4010-шоттарының кредиті бойынша жинақтаушы есеп №4 журнал-ордерде жүргізіледі.
Шаруашылық субъектісі өз қызметкерлерінің:
а) жеке және кооперативтік тұрғын үй құрылысы үшін;
ә) мал сатып алуы үшін;
б) бау-бақша үйшіктерін сатып алуы немесе құрылысы үшін қарыз беруге банк мекемелерінен несие ала алады.
Қарыздар қызметкерлердің міндеттемелеріне кәсіпорындар арқылы беріледі.
Қызметкерлердің өтініші негізінде субъект банк несиесін алады:
1. Банктен алынған несиенің нақты сомасына Д-т 1040, 1050
К-т 3010, 4010/қызметкерлер үшін несие.
2. Қызметкерлерге қарыз беру Д-т 1250/қызметкерлер үшін
несие К-т 1040, 1010.
3. Несие үшін % Д-т 7310 К-т 3380.
4. Субъект қызметкерлерінен келіп түскен кезекті төлемдердің сомасы (осы қарызды өтеу тәртібіне қарай) Д-т3350, 1010, 1040 К-т 1250/қызметкерлер үшін несие.
5. Берілген қарыздың бір бөлігін шаруашылық субъектісі өзі-
нін таза кіріс есебінен өтей алады Д-т 5410, 5430 К-т 1250/қыз-
меткерлер үшін несие.
Қарыздар өтелген жағдайда шаруашылық субъектілері ҚР салық кодексінің 10, 48- баптарын басшылыққа алуы тиіс.
6. Банктік несиелерін өтеу Д-т 3010/қызметкерлер үшін несие
К-т 1040, 1050.