Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 18:40, дипломная работа
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет кодексi бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
1-бµлім.
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу...........................................................................
1.2 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары
1.3.Алымдар мен төлемдерді жоспарлау...........................................................................
2-бµлім Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.
2.1 Бюджет кірісінің жіктемесі ...........................
2.2 Бюджет шығысының жіктемесі.......................................................
2.3. Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау..............
2.4. Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру...................................................
Бюджеттердің бірлігі біріңғай құқытық негізбен, Қаржы министрлігі бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы стастикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесінің құруды маңызды қағидаты болып оытрған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлуді тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруда әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдерімен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республиксының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың алынатын түсімдердің шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай – ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің дамуы тенденциясын,жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүние жүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнет ақы, әлеуметтік сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынға Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуына индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп – қисаптарымен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларында жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүние жүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішіндегі түзетуді пайдаланады. Нақтылы қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарының сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылы қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шыншыл көрсетілуін бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылы дамудың болжамдарымен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздерімен шығыстар бағыттарының есеп – қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялылығы бекітілген бюджеттермен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялылық елдерге адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізу субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастыруды көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай – ақ бюджет қаражыттарының бағыттары туралы болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасынің бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндеті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістерімен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оның жабудың әдістері жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және “Бюджет жүйесі туралы”, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеудің шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттердің теңгерімділігі бюджет – қаржы саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеу мүмкін.
Бюджет тапшылығын
ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы
заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығы
жабудың негізгі нысандары
Тапшылықты
азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу
– ағымдағы қаржы жылының қалған
уақыты ішінде барлық баптар бойынша
белгілі бір пайызға
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламентімен биліктің жергілікті органдары анықтап бекітеді.
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың ролі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен олардың негізгі мақсаттарда , яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге , білім мен денсаулық сақтауды дамытуға , индустриалды- инновациялық дамуға , аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіндіктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік
жоспарлаудың экономикалық
Жалпы қаржылық жоспарлау және
оның маңызды құрамалы буыны-
бюджеттік жоспарлау, яғни
Бюджеттік жоспарлау
қаржылық жоспарлаумен , бюджеттік
арнаулардың мақсаттық
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін , жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.
Бюджетті
жоспарлау мен бюджеттік
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды , нақты әлеуметтік- экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып , бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы – бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Бюджетті жоспарлау мен болжау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:
Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс- әрекеттің негізгі шарты- ол жалпы мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамамсыз ету.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік , жалғастырушылық , басымдылық , теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджеттін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын бюджеттік бағдарламалар тізімін қалыптастыруға , бюджеттер деңгейлер арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамасыз етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті- экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлау мен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақта арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуеті-экономикалық ерекшеліктері есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті кодекске сәйкес натуралды нормативтер-ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланылатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерге қолданатын кірістері бөлісу норматьивтер-ол әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі ол орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықтамалады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.
Информация о работе Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері