Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:23, реферат
Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.
Жергілікті бюджет
(облыстық, республикалық маңызы бар қаланың,
ауданның (облыстық маңызы бар каланың)
бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған
түсімдер есебінен қалыптастырылатын
және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғанда
Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, жергілікті атқарушы орғанның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумактағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықты ң салықтық түсімдері (40,9%) құрап отыр (15.1 кестені қараңыз). (2009 жылғы Бұл мэліметтерді қосымшалардан қараңыз).
Қазақстан бойынша
орта есеппен жергілікті бюджеттерге
түсетін түсімдердің жекелеген санаттарының
арасындағы ара салмағы 15.1 кестенің мәліметтері
бойынша республикалық бюджеттен берілетін
трансферттердің басымдығымен (55,8%) қалыптасып
отыр; салықтық түсімдер, жоғарыда атып
өтілгендей, 40,9%ды құрайды, олардың ішінен
әлеуметтік салық - 13,7%, жеке табыс салығы
- 14,6% басым болып отыр. Сөйтіп, түсімдердің
екінші көзі республикалық бюджеттен
берілетін трансферттер болып табылады.
Әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің
55,8%-ын құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстар
Бұл аспектіде республикалық бюджет арқылы
бюджеттік алынымдар мен субвенциялар
механизмінің көмегімен түсімдерді қайта
бөлу проблемасы көкейтесті болып табылады,
яғни объективті қағидаттарға негізделген
бұл механизмді меңгеріп алуды қажет етеді.
Мысалға, Алматы өңірінде айтарлықтай
сәйкессіздіктер бар: тек Алматы қаласының табыстық
әлуеті бүкіл мемлекеттік бюджеттің 25%-ға
жуығын құрайды, бұл уақытта қала бюджетінің
шығыстары мемлекеттік бюджет шығыстарының
7%-ын құрайды, бұл қала бойынша жиналатын
түсімдердің 2/3-сі республикалық бюджетке
жұмылдырылатынды білдіреді. Оның үстіне,
қалған 1/3 бөлігінен қала бюджеті республикалық
бюджетке бюджеттік алынымдар түрінде
түсімдердің тағы жартысын аударады. Қарсы
жағдайда Алматы облысының жалпымемлекеттік
әлуетте 2,6% салықтық әлуеті бола отырып, мемлекеттік бюджет жиынының 4%-дан
жоғары шығынын жасайды, яғни бюджет субвенциялар есебінен 50%-ын
қалыптастырады. Жергілікті бюджеттердің
проблемасы сондай-ак олардың меншігін
құрайтын шаруашылық салалары (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
мәдениет және шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым -
су құбыры, көлік, тазалау службасы және
басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға
кіріс бермек түгіл өздері залалды болып
келеді және жергілікті бюджеттер қаражатта
Жергілікгі бюджеттердетиісті қаржы жылынаарнапған
оларды әзірлеу кезінде жоспарланбаған
шығындарды, олардың тосындығына және
ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды
талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру
үшін резерв қарастырылады. Облыстық
деңгейдің атқарушы орғандарының резерві
мыналарды кіріктіреді: төтенше резерв; шұғыл шығындарға, соттардың
шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға,
ағымдағы қаржы жылында оның болжамы жағдайында
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)
бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын
жабуға арналған резервтер.Аудан деңгейінің
атқарушы орғандарының резерві тетенше
резервті, шұғыл шығындар резервін, соттардың
шешімдері бойымша міндеттемелерді орындауга
арналған резервті кірікгіреді.Жергілікті
бюджеттердің шығыстары да республикалық
бюджеггің шығыстары сияқты негізінен
мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
көрсету; қорғаныс, коғамдық тәртіп
және кауіпсіздік; білім беру, денсаулық
сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм жәнеақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және
қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс
Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта
даярлауды және мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды
коса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын
мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз
етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға
(бағдарламаларға), жергілікті басқару
орғандарының заңдарында көзделген өзге
де функцияларына жұмсалатын шығындар
да қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттерден
қаржыландыратын жергілікті атқарушы
орғандарды ұстауға арналған шығындар Үкіметбекітетін штат санының
жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде
жоспарланады.
Республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің құрамында каладағы ауданның,
аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің
құрамында каладағы ауданның, аудандық
маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық) округтің бюджеттік
бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша
көзделеді: каладағы ауданның, аудандық
маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының
жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды
жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін
тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз
ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін
материалдықтехникалық қамтамасыз ету;
ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды
дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын
денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік
көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын
қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау
және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді
мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемел