IOS операциялық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:04, реферат

Краткое описание

Apple қазіргі заманғы компьютерлерді шығаратын ең танымал және ірі компаниялардың бірі болып табылады. Ол бүкіл әлемде шығармашылық аймағындағы мамандардың - дизайнерлердің, архитекторладың, режиссерардың қолдауына ие болды. 30 жыл бұрын компанияның өзіне жүктеген миссиясы - "адамдарға өз идеяларын шындыққа айналдыруға көмектесу" болды. Оның негізін қалаушылар - Стив Джобс және Стив Возняк. Apple компьютерлері сәйкес бағдарламаларда дербес компьютерлерге қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді. Басында Apple жоғары мультимедиалық мүмкіндіктері бар компьютерді дамытты, ол графикамен жұмыс істейтін алғаш компьютер болды.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................. 3
1. iOS -тың жасалыну тарихы............................................................................ 4
2. iOS даму тарихы............................................................................................ 5
2.1 iOS 1.0............................................................................................................ 5
2.2 iOS 2.0............................................................................................................ 6
2.3 iOS 3.0............................................................................................................ 7
2.4 iOS 3.2............................................................................................................ 7
2.5 iOS 4.0............................................................................................................ 8
2.6 iOS 5.0........................................................................................................... 9
2.7 iOS 6.0........................................................................................................... 10
Қорытынды......................................................................................................... 11
Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 12

Файлы: 1 файл

iOS.docx

— 333.35 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................

3

1. iOS -тың жасалыну тарихы............................................................................

4

2. iOS даму тарихы............................................................................................

5

2.1 iOS 1.0............................................................................................................

5

2.2 iOS 2.0............................................................................................................

6

2.3 iOS 3.0............................................................................................................

7

2.4 iOS 3.2............................................................................................................

7

2.5 iOS 4.0............................................................................................................

8

2.6 iOS 5.0...........................................................................................................

9

2.7 iOS 6.0...........................................................................................................

10

Қорытынды.........................................................................................................

11

Қолданылған әдебиеттер...................................................................................

12


 

 

 

 

 

Кіріспе

     Apple қазіргі заманғы компьютерлерді шығаратын ең танымал және ірі компаниялардың бірі болып табылады. Ол бүкіл әлемде шығармашылық аймағындағы мамандардың - дизайнерлердің, архитекторладың, режиссерардың қолдауына ие болды. 30 жыл бұрын компанияның өзіне жүктеген миссиясы - "адамдарға өз идеяларын шындыққа айналдыруға көмектесу" болды. Оның негізін қалаушылар - Стив Джобс және Стив Возняк. Apple компьютерлері сәйкес бағдарламаларда дербес компьютерлерге қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді. Басында Apple жоғары мультимедиалық мүмкіндіктері бар компьютерді дамытты, ол графикамен жұмыс істейтін алғаш компьютер болды.

 

1. iOS -тың жасалыну тарихы

     iOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) — Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған. Бастапқыда iPod touch және iPhone құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялық жүйелеріне қарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады.

     iOS-тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырмалардан, сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған.

     iOS MacOS-тің негізінде құрылып, оның POSIX (орыс.)қазақ.-үйлесімді Darwin (орыс.)қазақ.-нің негізгі компоненттерінің жинағын қолданады.

iOS-та төрт абстракциялау қабаты (орыс.)қазақ. бар: Core OS қабаты, Core Services қабаты, Media Layer қабаты және Cocoa Touch қабаты.

     iOS-тың қазіргі таңдағы версиясында (iOS 6.0) жүйелік бөлімге құрылғының 1,5 -2 Гб флеш-жады беріледі және бос орынға 800 Мб беріледі (құрылғының модификациясына байланысты өзгереді).

     2013 жылдың 7 қаңтарына қараған таңда App Store бағдарламалар дүкенінде iOS-қа арналған 755 мың бағдарламалар бар. Оларды жүктеудің жалпы саны 40 миллиардтан асып түсті.

     Алғашқы смартфон үшін мобильді операциялық жүйесін жасау қажеттілігіне тіреліп, Стив Джобс өзара бәсеке екі лагерь құрды. Бұрын нарықтағы бірінші орын үшін күрескенде Macintosh компьютерлерінің программистері Lisa девелоперлерінен бөлек отырса, қазір де бір бөлімше мобильді қажеттіліктер үшін Mac OS X десктоп платформасын жетілдірсе, екіншісі - телефондық функцияларын қолдайтын iPod плеерлерінің операциялық жүйесін құрастырды.

     Форстал Mac-қа қарай бағытталды. Оның бөлімшесі 15 инженерлерден тұрды. Олар Mac OS X үстелдік операциялық жүйесін жетілдірумен және дәстүрлі компьютерлерге қарағанда аппараттық мүмкіндктері мен автономдық жұмыс уақыты төменірек құралдарда осы үстелдік операциялық жүйесінің қысқартылған құсқасын тестілеумен айналысты.

     Екінші топтың бастығы iPod құрастыруына қатсқан Фадел болды. 2005 жылы ол Apple-дің ең жас вице-президенттерінің бірі болды, ол небәрі 36 жаста еді. Бәсекелестік өте қатаң болды, менеджерлердің екеуі де компаниядағы таланттар, ресурстар, назар және репутация үшін күресті .

Нәтижесінде Форстал тобы жеңіске жетті, және iOS-тың алғашқы ішкі нұсқасы (ол кезде iPhone OS) бөтен қосымшаларды жүктеуді қолдаған жоқ.

Басты сервистер қатарын Apple-дің  өзі жазып, қалғандары серіктесі Google-мен  толықтырылады, ал жасаушылар мобильді Safari үшін HTML жазады деп болжанды. 
     iPhone-ның презентациясына дейін Apple -ге бөтен жасаушылар үшін эко-жүйесін жасаудың қажеті жоқ екендігінде Форстал Стив Джобсты қолдады. Ол кезде олар мобильді құрылғы үшін телефонды iPod плеерімен және аса тез браузермен біріктіру жеткілікті деп есептеді. YouTube -та видео көрген сияқты ең танымал сауықтар үшін Форстал командасы нарық көсбасшысы, арнайы iPhone-қосымшасын жазуы керек Google-мен серіктестігін болжады.  
Алайда Apple-дің жаңа өнімі шабыттандырған мыңдаған девелоперлер құрастырған авторлық емес қосымшаларды жүктеу үшін пайдаланушылар өз смартфондарына джейлбрейк-кеңейтуін орната бастағаннан кейін бұл концепция тез өзгерді. iTunes-тағы App Store бөлімін жасауға және барлық программистерге бөтен iPhone-қосымшаларды жасауға мүмкіндік беретін дайындық үшін официалды инструментарий жазу жұмысын Форталдың өзі басқарды.

 

2.iOS даму тарихы

     iOS мобильді операциялық жүйесі соңғы бірнеше жыл бойына орасан зор түрлендірулер қатарынан өтті. iPhone-ның алғашқы моделі анонсталғанда, таныс дауыстық байланыстан басқа тек YouTube-тан видео көру мен веб-браузинг қана жалғыз ойын-сауық болатын. Ол кез қосымшаларға, көпесептілікке және т.б. жаңалықтарға дейінгі кез еді. Өткенге қарап,  iOS-тың сенсорлық экранды құрылғыларға арналған және көп кілттік ерекшеліктері жоқ  қарапайым операциялық жүйеден пайдаланушының кез-келген дерлік қажеттілігін қанағаттандыратын көпфункционалды программалық өнімге айналғанын байқау өте қызық.

     Бүгінгі күннің өзінде iOS-тың кезекті буыны - Apple мобильді жүйесінің алтыншы нұсқасы шықты. Алғашқы iPhone-ның анонсынан осы күнге дейін не өзгерді?Apple-дің мобильді операциялық жүйесі қазіргі iOS 6-ға дейін қалай дамыды? iOS тарихын еске түсірейік!

 

2.1 iOS 1.0

 

 

     iPhone 2G презентациясында Стив Джобс iPhone OS-ті (iPad-тың шығуына дейін iOS осылай аталды ) мобильді құрылғыларында жұмыс істеуге бағдарланған үстелдік OS X-тің белгілі бір интерпретациясы деп жариялады.

iOS 1.0 көп мағынада инновациялық  шешім болғанына қарамастан белгілі  бір функциялардың жетіспеушілігі  қатты сезілді. Стандартты жиынтыққа  кіретін бағдарламалардың арасында  пошталық клиент, музыкалық ойнатқыш, күнтізбе, сағат, веб-браузер, жазбалар, калькулятор, фотоальбом, камера, карталар, YouTube, акциялар курстары және телефондық  қосымша болды. App Store мен iTunes Store туралы сөз де болған жоқ. Бөтен қосымшаларды жасаушылар үшін Стив Джобс веб-технологиялар концепциясын қолдануды ұсынды, бірақ бірнеше айдан кейін ойын өзгертіп 2008 жылдың наурыз айында алғаш iOS SDK шығарып, App Store-дағы 700 мың бағдарламаларға жасыл шам берді.

 

2.2 iOS 2.0

 

 

     App Sore дүкені ең маңызды жаңалық болды. 2008 жылдың 11 шілдесінде көрсетілген App Store мыңдаған қосымшаларға жол ашты және Apple-дің жақсы мінетілген экожүйесіне күшті үйлесті. Жаңа қосымшалар үшін негізгі бетте орын жетіспеді, сондықтан Apple бірнеше үй экрандарын жасау опциясын қосты. MS Office құжаттарын ашу, скриншот жасау, Safari-ден фотоальбомдарға сурет сақтау, ата-аналық қадағалау, Genius плейлистерін жасау, кіріктірме пошталық клиент үшін push-ескертулерін қолдау мүмкіндіктері пайда болды.

 

 

 

 

 

 

 

2.3 iOS 3.0

 

 

     2009 жылдың 17 маусымында iOS 3.0 шықты. Қиып тастау, Көшіру, Кірістіру функциялары, сонымен қатар видео жазу (бірақ тек iPhone 3GS үшін ғана)  мүмкіндігі пайда болды. Apple программистері GPS позициялауының дәлдігін жақсартты және картографиялық бағдарламаға магнитті компас қондырды. MMS қолдауы пайда болды, ал SMS қосымшасының атын Хабарламаларға ауыстырды. Find My iPhone және Spotlight-ты да атап кетпеуге болмайды.

 

2.4 iOS 3.2

 

 

     2010 жылдың сәуір айында iPad анонсымен бірге Apple iPad үшін операциялық жүйенің алғашқы нұсқасы болып табылатын iOS 3.2-нің аралық апдейтін шығарды. Аса қатты өзгерістер болған жоқ, тек интерфейс кішкене қайта жөнделді.

 

2.5 iOS 4.0

 

 

     2010 жылдың 17 маусымында көрсетілген iOS 4.0 iPhone-ды нағыз посткомпьютерлік құрылғы қылды. Көпесептік функциясы ашық қосымшалар мен олардың ағымдық жағдайын сақтау арасындағы ауыстыру мүмкіндіктерін ашты, ал FaceTime видеочаттары ол кезде нағыз күшті әсер қалдырды. Сонымен қатар Apple стандартты жиынтыққа электронды кітаптарды оқу үшін iBooks қосымшасын қосты. Үй экранындағы қосымшаларды Бумаларға жинақтауға болды, камера сандық жақындату мүмкіншілігіне ие болды, ал Spotlight Википедияда іздеуді үйренді. Біраз уақыттан кейін, iOS 4.1-де, арнайы мобильді геймерлер үшін Game Center платформасын қосты, онда пайдаланушылар ойындардағы өз жетістіктерін басқа қатысушылармен бөлісе алды.

 

 

 

 

 

2.6 iOS 5.0

 

     200-ден астам жаңа функциялар әкелген ол кездегі ең масштабты жаңарту. Хабарландырулар орталығы, жасалынған суреттерді операциялық жүйе құралдарымен редакциялау, iTunes-пен сымсыз байланыс, Twitter-мен интеграция, Safari-де кейінірек оқу опциясы, жаңа енгізілген қосымшалар және көптеген басқалар - міне осындай үлкен емес тізім. iPad-қа арналған нұсқасы енді бірнеше жаңа қимыл қолдады, музыкалық ойнатқыштың дизайны жаңартылды, ал бөліктенген пернетақта iPad-ты екі қолмен ұстағанда жұмысты әлдеқайда жеңілдетті. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.7 iOS 6.0

     Жақсартылулардың көптүрлілігі (200-ден астам) арасында келесілерді бөлуге болады:

  • үшөлшемді барлауды, қадамдық навигацияны және реал уақытта кептелістрді көрсетуді қолдайтын өзіндік жасалынған Карталар қосымшасы;
  • жаңартылған Siri дауыстық көмекшісі;
  • App Store-дың жаңа дизайны;
  • Facebook социалдық желісімен интеграциясы;
  • өз фотоағымдарын басқа қолданышулармен бөлісу мүмкіндігі;
  • сандық ақпаратты сақтайтын Passbook  қосымшасы (киноға электронды билеттер, скидка купондары, авиабилеттер және т.с.с);
  • FaceTime-да ұялы желілерді қолдау;
  • кіріс дабылдар үшін кеңейтілген опциялар (Хабарламамен жауап беру, Кейін еске түсіру);
  • Mail пошталық клиентінде VIP-қолданушылардың тізімдері;
  • Safari-де оффлайнда оқу үшін веб-беттерін сақтау;
  • Камера қосымшасы үшін Панорама режимі.

 

 

 

Қорытынды

     2011 жылдың мамыр айында компания Millward Brown агенттігінің рейтингісінде әлемдегі ең қымбат тауар маркасы ретінде жарияланды. 2012 жылдың маусым айында Apple ACSI рейтингінде пайдаланушылардың қанағаттану дәрежесі бойынша жеңімпаз атанды.

     Қазіргі таңда фирма 5440 патент алды, соның ішінде өнертабыстар - 4480 дана, дизайнерлік проектілер - 914 дана. Apple айналымы 70 млрд доллардан асады. Компания өнімдері бүкіл әлемде жоғары сұранысқа ие. Сондықтан да Apple-дің қазіргі таңда майталман сапаны кепіл ететін тарихтағы ең танымал бренд деп атауға болады.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. http://apple-kirov.ru

2. http://appstudio.org/articles/istorya-ios-ot-pervojj-proshivki-iphone-k-ios-6.html

3. http://yatolich.ru/obzor/11-apple/223-istoria-apple.html

 


Информация о работе IOS операциялық жүйесі