Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 16:27, контрольная работа
Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т.б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздіғ қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады.
Кіріспе ....................................................................................................
3
1
WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
....................................................................................................................
5
1.1
Windows туралы жалпы мағлұматтар .....................................
5
1.2
Windows жүйесінің негізгі функциялары ........................
5
1.3
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері .....
5
2.
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары ....................
7
2.1
Терезе .............................................................................................
7
2.2
Жұмыс столы .................................................................................
8
2.3
Белгішелер, жарлықтар, бумалар...............................................
8
2.4
«Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме .................................
9
2.5
Мәлімет алмастыру буфері ........................................................
10
2.6
Windows-ті іске қосу.....................................................................
13
2.7
Windows жүйесімен жұмысты аяқтау .......................................
14
Мазмұны
Кіріспе .............................. |
3 | |||
1 |
WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ .............................. |
5 | ||
1.1 |
Windows туралы
жалпы мағлұматтар ........... |
5 | ||
1.2 |
Windows жүйесінің негізгі функциялары ........................ |
5 | ||
1.3 |
Windows жүйесінің
негізгі технологиялық принци |
5 | ||
2. |
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары .................... |
7 | ||
2.1 |
Терезе .............................. |
7 | ||
2.2 |
Жұмыс столы .............................. |
8 | ||
2.3 |
Белгішелер, жарлықтар,
бумалар....................... |
8 | ||
2.4 |
«Тышқан» тәрізді
графикалық сілтеме .............................. |
9 | ||
2.5 |
Мәлімет алмастыру
буфері .............................. |
10 | ||
2.6 |
Windows-ті іске қосу.......................... |
13 | ||
2.7 |
Windows жүйесімен
жұмысты аяқтау .............................. |
14 |
Жұмыс столы – екінші негізгі ұғым.
Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т.б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздіғ қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төмелмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы бейнесі экранда жүзеге асырылып отыр.
Windows ортасында жұымс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онды жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шартбелгілер) түрінде орналасқан ( - сурет).
Өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетті құжаттарды, құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөлейік.
2.3. Белгішелер, жарлықтар, бумалар
Белгіше (Icon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экрандағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әо белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:
Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т.б.) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал, егер де сіз жұмыс столынан Shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке программаларға арналған, контейнер, т.с.с. Әрине, мұндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, көшіру және т.б.).
2.4. «Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме
Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ «тышқан» тетігінмен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді. Сол бетімен «тышқанды» жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.
«Тышқан» тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы, ал анда-санда оңжақтағы батырмасы пайдаланылады. «Тышқан» тетігінің ортағы батырмасы (егер бар болса) Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде пайдаланылады.
«Тышқан» тетігімен ең негізгі операция – экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай әрекет-амал орындамайды.
Келесі операция – шерту (Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өйткеніміздей, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын жай шерту дегеніміз - тышқанның сол жақ батырмасын басып жылдам қайта қоя беру.
Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, объектілерді белгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т.б. қолданылады.
Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет шерту әрекеті жатады (Double-click). Оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай шерту әрекетіне өте ұқсас, яғни тықшан сілтемесі керекті элементке апарылғаннан соң, тез арада тышқанның батырмасын екі рет сырт еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен жұмыс істей бастаған адамға күрделі операция болып табылады. Оның ерекшелігі тышқанды екі рет жылдам шерту аралығында өте аз уақыт өтуі тиіс, ол секундтың оннан біәр бөлігіндей ғана уақыт. Егер ол аралықта көп уақыт өтіп кетсе, онда Windows жүйесі бұл әрекетті жекеленген екі бөлек шерту деп түсінеді. Ал егер бұл амал дұрыс орындалса, онда Windows жүйесі бірден белгіленген операцияны (үнсіз келісім бойынша, көбінесе белгілі бір программаны, құжатты екпінді етіп іске қосу) іске асыра бастайды.
Келесі операция - тасымалдау (Drag&Drop). Ол терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Объектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап тұрып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.
2.5. Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланылады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін, бір-біріне ауысытырп отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т.б. объектілер алынуы мүмкін.
«Point-and-Click» (көрсету және шерту) принциптері. Бұл принцип бойынша графикалық технологияларды көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:
«Select» (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында біге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (мәтіннің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әр түрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады:
Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагменттен тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті - мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.
Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір объектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ? Кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы, буферге белгіленбеген фрагментті алуға болмайды); кейде команда ескерілмей, еленбей де қалады (мысалы, қаріпті өзгертуде); кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалып та (мысалы, абзацты форматтауда) кетеді. Сондықтан, осындай қателерден аулақ болу үшін, фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек!
«Drag-&-Drop» принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру). Бұл әдіспен өңделініп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, белгішені (пиктограмманы), терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшіресін алуға болады.
Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан мезетте сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында Ctrl пернесін басып тұратын болсақ, онда жаңа орынға сол сурет фргаменттің көшірмесі орналасады (көшіріледі). Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мысалы, көп элементтері ұқсас болып келген күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып (айталық, тіктөртбұрыш), сонан соң «Drag-and-Drop» режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады. Ақырында осы әдіспен тасымалдау режимінде экрандағы элементтердің шеттерін тегістеп түзетуге болады.