Жанама салык

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:05, дипломная работа

Краткое описание

Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды.
Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.

Оглавление

Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
1.1 ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
3.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
3.3 ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

жанама саылықты.doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Нидерландыда бұл салық  өндірістің әрбір кезеңіне және тауарлар мен қызметтерді үлестіруге төленеді. Алдыңғы есептеулердің арқасында  ҚҚС жинақтау нәтижесіне ие емес. Салық  салуға жататын әрбір төлеуші  инвестициялар мен шығындарды алып тастағандағы ҚҚС алу арқылы айналым бойынша ҚҚС төлеуге жауапты.

ҚҚС бойынша салық  салудан мынадай кейбір операциялардың түрлері алынып тасталады: меншік үшін арендалық төлем мен аудармалар үшін, медициналық қызметтер, білім  беру мекемелері ұсынған қызметтер, әлеуметтік-мәдени қызметер, бакнпен көрсетілетін көптеген қызметтер, сақтандыру келісімшарттары, коммерциялық емес әлеуметтік теле-радиохабарлық ұйымдар, пошта, телефон және телеграф қызметтері.

Францияның салық салу жүйесінде ҚҚС бюджет жүйесінің  жетекші буыны болып табылады.

Ол ортақ тұтынуға арналған жлпы салық және ел аумағында  тұтынылатын және қолданылатын барлық тауарлар мен қызметтерді қозғайды. Экспортпн байланысты операциялар  Нидерландыдағы сияқты ҚҚС-тан босатылады.

ҚҚС төлеу жасалынған келісімшарт сипаты арқылы анықталады және салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды. Салық салу обьектісі болып сатылатын тауарлар мен қызметтердің сатылым бағасы табылады, сонымен қатар бөлшек сауда кезіндегі бағадан басқа салық салу обьектісіне ҚҚС өзінен басқа барлық жинақтар мен пошлиндер жатады.

Қазіргі таңда негізгі  салық ставкасы 18, 6% құрайды. Жоғарылатылған ставка – 22%, бұл ставка кейбір тауар түрлеріне қолданылады: автокөліктерге, кинофототауарларға, темекі бұйысдарына, парфюмерияға, бағалы терілерге қолданылады. Төмендетілген ставка – 5,5% көптеген ауылшаруашылық өнімерімен азық-түлік тауарларына, кітаптар мен дәрі-дәрмекке қолданылады. Сонымен бірге төмендетілген ставка бөлек қызмет түрлеріне: туристтік және қонақүй, жүк және жолаушылар тасымалдау, ойын-сауық шараларға, кәсіпорын жұмысшаларының түскі тамақтануына қолданылады.

Ұлыбританияда ҚҚС алу басқаша  қалыптасқан. Бұнда ҚҚС-тың екі ставкасы: стандарттық және нөлдік.

Стандарттық ставка сатылым  құнының 15% құрайды және ол парламентпен жыл сайын қабылданатын қаржы актісі бойынша өзгертілу мүмкін, сонымен қатар берілген заңның тетігі арқылы ҚҚС ставкасы 25%-ға дейін өзгертілуі (яғни 11%-дан 25% дейін азаюы немесе 18,75% дейін ұлғаюы) мүмкін.

Нөлдік ставка тауар  ҚҚС салық салуға жатады дегенді білдіреду, бірақ салықтық оклад 0% ставка арқылы есептеледі. Нөлдік ставканы қолданудың мәні тауарды жүзеге асырушы ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуге құқығы бар және бұрын төленіп қойған ҚҚС сомасын қайтаруды талап етуге құқығы бар.

Қызықты сәттін бірі болып қай тауарларға ҚҚС салынады, ал қай тауарлар ҚҚС босатылатынын ажырата білу табылады. Дегенмен бұл екі жағдайдада бір мақсат көзделеді ол салық төлеуден босау, бұл тәсілдерді қолданудың нәтижесі екі түрлі.

ҚҚС боласытылған тауарларға салық салынудан босатылады. Сондықтан бұндай тауар өндіру және өткізумен айналысатын тұлға ҚҚС төлеушісі болып тіркеле алмайды және де бұрын төленген ҚҚС сомасын қайтаруды талап ете алмайды. Осылайша, тең шарттарда осы аталмыш салықтан босатылған тауарлар өндірісі шығындары нөлдік ставка бойынша жасалынған тауарлар шығындарынан асып түседі.

Италияда ҚҚС есепке алу бюросы бар, бұнда субьект  кәсіпкерлік іс әрекетін бастағаннан  кейінгі 30 күн ішінде қажет үлгіні толтырып бұл туралы хабарлау керек. Салық салуға экспортқа шығарылатын тауарлардан басқасының барлығы жатады.

ҚҚС төрт ставкасы қолданылады: олар ең төменгі-4% (бірінші қажеттіліктегі тауарларға), сонымен қатар 9,13% және ең көп таралғаны 19%, дегенмен дифференциалды ставка болғанымен ққс пропорционалдық салық болып табылады және ол нақтылы бір мерзім ішінде сатылған тауарлар мен қызмет көрсетуден түскен табысы мен өндрістік тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнына қосылған жабдықтаушымен шикізат үшін төленген сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Испанияда ҚҚС төле тетігі басқа да көптеген елдердегідей ставкадағы айырмашылық бойынша жүргізіледі, ҚҚС алу 16% ставка арқылы жүргізіледі және ол негізгі ставка болып табылады. Және екі төменднтілген ставка: өндірістік тауарлар үшін, бірінші тұтінудағы тауарлар, мәдени және спорттық шараларға, қонақүй мен жол жүру шығындарына 7% ставка қолданылады, ал нан, сүт, жұмыртқа, дәрі-дәрмек және тағы басқаларына 4% ставка қолданылады.

Айтып кететін жәйт барлық шет елдерде экспортқа жеңілдік берілген – бұл өз кезегінде отандық өндірушілердің тауралары, жұмыстары мен қызметтерінің әлемдік нарықтағы бәсекелестігін арттыру мақсатында жасалған.

Қорытындылай келе мынадай  тұжырым жасауға болады: жоғарыда аталған барлық елдердің салық жүйесі сол елдердің өздерінің экономикалық және әлеуметтік ерекшелігіне тән смпатқа ие.

Дамыған мемлекеттердің үкіметтері салықтарды минимизациялауға тырысады, яғни нақтырақ айтсақ оларды ықшамдауға тырысады.

Әртүрлі қорлардың дамуын жағдай жасалуда, салық салынбайтын  табыс көлемі азаюда. Экономика қарқындап өсуі үшін салық ставкасы азайтылуда, әртүрлі жеңілдіктер ұсынылуда. Бұның бәрі кәсіпорынның шаруашылық жұмысына жағдай жасайды. Әр түрлі әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер береді.

Шет елдердің салық жүйесін экономиның дамуына жағдай жасауға және азаматарды әлеуметтік қорғауда пайдалану тәжірибесі біздің елге де пайдасы болар.

Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

 

2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің ұйымдық –экономикалық сипаттамасы

 

 

«Temirlan Development Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1998 жылы 22.04 ҚР заңдардың негізінде құрылды.

«Temirlan Development Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мына мекенжайда орналасқан: Қазақстан Республикасы Атырау қаласы, п.Геолог 2, 256 үй.

«Temirlan Development Company» ЖШС-ның құрылтайшысы болып Киеков Куаныш Нұржанұлы болып табылады.

Серіктестікті құрудың және қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан  Республикасы нарығын тауарлармен және қызмет көрсетумен толықтыру және кірісті көбейту болып табылады.

Серіктестік есептік, валюталық және басқа да банктердегі есептік  өзіндік баланстарды құрайды, орысша және қазақша атауымен ортақ негіз  табады.

«Temirlan Development Company» ЖШС-нің қызметтік мақсаты - өздерінің   қызметтерінен пайда табу. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қызметтік атаулары:

  • жалпы құрылыс;
  • құрылыс, құрастыру,жабдықтарды жөндеу-қабылдау жұмыстарды іске асыру, ғимараттарды дайын ретінде тапсыру және азаматтық құрылыс жүргізу. Сол салада бүкіл қызмет түрлерін көрсету;
  • жер жұмыстары;
  • жұмысқа қабылдау қызметі;
  • изоляциялық жұмыстар;
  • металл прокаттарын және металдан жасаған заттарды сатып алу, өндеу және сату;
  • қара және түсті металл сынықтарын жинау, дайындау. өндеу және сату;
  • сауда-саттық аумақтарын ашу;
  • сауда-саттық, коммерциялық, делдалдық қызметті;
  • өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында өндірістік қызметтер;
  • ауылшаруашылық өнімдерін, шикізаттарды өндіру, қайта өндеу, қолма-қол ақшаға сатып алу және өткізу;
  • ғимараттарды, аумақтарды көркейту және көгаландыру жұмыстарын жүргізу, құрылыс-жөндеу, жалпы құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру, құрылыс жабдықтарын өндіру және үлестіру;
  • тұтынушылар мен заңды тұлғаларға жөндеу қызметінің бүкіл түрлерін ұйымдастыру арқылы көрсету;
  • халықаралық және қалааралық жолаушылар мен жүк тасымалы ретінде көліктік және экспедициялық қызметтердің бүкіл түрлері;
  • өндірісті материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету және сол салада қызмет көрсету;
  • химиялық реагенттерді сатып-алу, сату және жабдықтау;
  • тауарларды сақтау және үлестіру қызметі, темір жол және жүкті реттеу қызметі;
  • делдалдық қызмет;
  • сыртқы экономикалық қызмет;
  • кең ассортиментті тауарлармен көтерме бөлшек сауда;
  • қойма бөлмелерді, тұрғын үйлер құрылысы және пайдалану, жалға тапсыру;
  • құрылыс-жөндеу жұмысы және оларды өзгерту, нығайту;
  • қозғалмайтын мүлікті сатып алу, сату жалдау мен жалға беру;
  • қоғамдық тамақтандыру соның ішінде кафе, бар, ресторандар, шайхана, дәмханаларды ашу т.б.

Серіктестік мемлекеттік  тіркеуді өткен сәттен бастап заңды  тұлғаның құқықтарын иеленеді. Серіктестіктің өзінде мөрі, дербес балансы, банкілерде есепшоттары, өз атауымен бланкілері бар. Қызметтің мақсатына жету үшін Серіктестік өзінің атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иелікке алуға, жауапты болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. Серіктестік ҚР аумағында және шет елде филиалдарын және өкілдіктерін ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (қоғамдарға) кіруге және өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы. Серіктестік өзінің қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, қолданылатын заңдармен көзделген жағдайларды қоспағанда. Серіктестіктің қатысушысылары серіктестіктің міндеттемелері үшін жауап бермейді және Серіктестіктің қызметіне байланысты оның шығындарына өзінің қосқан салымдарының құны мөлшерінде тәуекел етеді. Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болады. Ол Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін атқара алады.

Серіктестік Қазақстан Республикасында  қолданылатын ережелер бойынша өзінің қызметінің нәтижелерін бухгалтерлік есептеуді, статистикалық және қаржылық есеп беруді атқарады. Есептеудің және есеп берудің сенімділігін және жүргізу тәртібін сақтамаңһған үшін Серіктестік заңдарға сәйкес жауакершілікті атқарады.

Кәсіпорынның басқарушылық ұйымдастырушылық құрылымы деп таңдалған жоспарды есепке ала отырып, қызмет бағыттары осы ұйымның мақсатын жетуіне бағытталған өзара технологиялық және құрылымдық жағынан тыңыз байланысты басқару аппаратындағы құрылымдар мен қызметтер, бөлімдер тізімдері түсініледі.

Кәсіпорынның директоры – кәсіпорынның барлық қызмет түрін басқарады. Кәсіпорынның өндірістік бірліктерінің, цехтарының және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің тиімді қарым–қатынасын және жұмысын ұйымдастырады. Жоғарғы технико–экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, техникалық деңгейдің және өнімнің сапасының барлық өлшемді жоғарылауын, барлық ресурс түрін тиімді және рационалды түрде жұмсалуына қол жеткізе отырып, кәсіпорынның өндірістік–шаруашылық қызметін ұйымдастырады. Өзінің құзіреті мен құқығындағы өкілеттік шегіндегі барлық сұрақтарды шешіп және басқа лауазымды тұлғалардың өндірістік–шаруашылық қызметтерінің орындалуын тапсырады. 

Директор жұмысшыларды жеке еңбек туралы шарттар бойынша жалдауға атқаруға құқылы. Серіктестіктің Қазақстан республикасының заңдарына көзделген барлық әлеуметтік экономикалық құқықтарды қызметкерлеріне беруді кепілдейді. Әрбір қызметкерлердің жалақысы максималды мөлшермен шектелмейді және бекітілген ережелер бойынша оларға салық салынады. Мемлекеттік тарифтерді біліктілігі бірдей жұмыскерлер мен мамандардың еңбекақысының минималды төлемақы ретінде кепіл ете қарастыра отырып, Серіктестіктің өзі еңбекақыны төлеу үлгілерін және жүйесін белгілейді, жеке еңбек шарттарында тарифтік ставкалардың және жалақының мөлшерлерін көздейді. Серіктестіктің  қызметкерлері міндетті түрдегі әлеуметтік сақтандыруға жатады. Серіктестік барлық қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді, денсаулықтарына және жұмыскерлеріне әкелген залал үшін заңдармен белгіленген тәртіп бойынша жауакершілік атқарады.

Кадрлар бөлімі меңгерушісі  кәсіпорынды қажетті манадығы, мамандануы, квалификациясы бойынша қызметкерлер мен жұмысшылар кадрларымен қамтамасыз ету жұмыстарын басқарады. Жұмысшыларды жалдау, жұмыстан шығару, ауыстыру сұрақтары бойынша қызметке алады, кәсіпорын құрылымдарының ішінде олардың дұрыс орналастырылуы мен тиімді қолдануды бақылап отырады. Кәсіпорындағы мамандардың квалификациясын жоғарылатуды ұйымдастыруға қатысады. Аттестациялау қатысуға үлесін қосады, кезекті және қайталама аттестациялаудан өтетін мамандардың шеңберін анықтайды, қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді. Табельдік есеп, кезекті еңбек демалысының кезегін дайындап құрады. Кадрлармен жұмыс пен олардың жеке құрамының есебі бойынша белгіленген есеп беруді құруды қамтамасыз етеді.

Бухгалтерия – кәсіпорынның қаржылық–шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың үнемді пайдалануына бақылау жасап отырады. Алғашқы құжаттар мен бухгалтерлік жазулар негізінде бухгалтерлік есеп беруді уақытылы құруды және анықталған тәртіпке сай оны сәйкес органдарға тапсыруды қамтамасыз етеді.

 

2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау

 

«Temirlan Development Company» ЖШС-ның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерінің бағасы мен қорытындысы қаржылық жағын, күнделікті капитал қызметінің жетілуін, қосымша қаржыландыру көздерін талап етуге, компания қызметінің жарқындылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Берілген қорытынды  бірнеше ақпарат береді, соның  ішінде, талап етілген уақыттағы  бухалтерлік форманың есебінің жинағы, мекеме балансы, қарысының қорытынды  есебі. Одан әрі, бухалтерлік есептің типтік формадағы аудармасы жүреді, есеп құрылысының бағасы және өзгеріс динамикасы, есеп және негізгі бағытталған бағалаудағы көрсеткіштер тобы, алға жылжыған уақыттағы өзгеріс бағасы, өзара негізгі көрсеткіштер арасындағы жариялануы. Бағалау және қорытындылар негізінде, мекеменің қаржысының деңгейінің жақсаруын қарастыру қолға алынады.

Кәсіпорынның іс-әрекетінің көлемін сипаттайтын маңызды көршеткіштері ретінде запас көлемі, негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы, қызметкерлердық орташа жылдық саны болып табылады.

 «Temirlan Development Company» ЖШС-ның іс-әрекетінің көлемін сипаттайтын  негiзгi көрсеткiштер кесте 2 ұсынылып отыр.

Кесте 2 - «Temirlan Development Company» ЖШС-ның іс-әрекетінің көлемін сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер

Көрсеткiштiң  аты

өлшем бiрлiгi

2009 год

2010 год

2011 год

2009 жылдан 2011 жылдың ауытқуы.(+;-)

1

Қорлар

мың.

теңге

66200

50212

119423

+53223

2

Негiзгi қорлардың құны

мың.

теңге

249580

249894

328627

+79047

3

Қызметкерлердің жылдық орта мөлшердегi саны

адам

10

11

13

+3

Информация о работе Жанама салык