Жанама салык

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:05, дипломная работа

Краткое описание

Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды.
Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.

Оглавление

Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
1.1 ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
3.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
3.3 ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

жанама саылықты.doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

 

Бөлім 1  Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың

ҚР салық жүйесіндегі  рөлі

    1. ҚР жанама салықтардың даму тарихы

1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны

1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі

1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі

 

Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің

ұйымдық –экономикалық сипаттамасы  және қаржылық жағдайы

2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің

ұйымдық –экономикалық сипаттамасы

2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын

талдау

 

Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты

еспетеп төлеу  механизмі және жетілдіру

3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық

обьектісін анықтап есептеу

    1. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған

құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу

    1. ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды

жетілдіру жолдары

 

Қорытынды  мен ұсыныстар

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында  жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бірі – салық жүйесін реформалау еліміз егемендік алғалы бері жүргізіліп келеді. Салық мәселелері сияқты күнделікті қызу пікірталас пен сын объектісі болып жүрген ешбір экономика саласы жоқ деуге болады. Себебі, салық жүйесі – бұл нарықтық қатынастың маңызды элементі болып, онымен елдегі экономикалық құрылулардың нәтижесі, жетістіктері тығыз байланыста болады.

Салықтар ерте заманда, қоғам пайда болғаннан бері, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан экономикалық категория. Салықтың негізгі қызметі- ол қоғам өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және қоғамды мүмкіндігінше тепе- тең жағдайда ұстап тұру болып табылады. Қауым мемлекет болып, ал мемлекет жеке егеменді ел болып, осы мемлекетпен халық арасындағы негізгі қарым- қатынасты салықтар сипаттайды. 

Салықтардың ежелгі әрі  негізгі тобының бірі- жанама салықтар ежелгі құл иеленушілік заманынан  бастап қазіргі заманға дейін  мемлекет қазынасын қаражатпен қамтамасыз етіп келеді.

Кез-келген ұлттың салық  жүйесі, салық салу базасы туралы теориялық және ғылыми- тәжірибелік жағдайлар мен объективтік әдістемелік база негізінде қызмет етеді.

Салық салудың методологиясы  мен оның әдістемелік негіздері  салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды. 
Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.

Жанама салықтар –  бұл баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Бүгінгі күні еліміздің  салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Салық басқармаларының басшылары кездесуге қатысушыларды Елбасының 2011 жылғы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында атқарып жатқан істерімен таныстыра келе, соған сәйкес салық заңдарына төмендегідей өзгерістер енгізудің ұсынылатындығы туралы хабардар етті.

Жанама салықтар ҚР бюджет табысының 24-27% құрайды. ҚҚС бюджет табысын  құрудағы негізгі табыс көзі болып  табылады. Осыған орай таңдалған тақырыптың өзектілігі күмән келтірмейді. 
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі болып- жанама салықтар табылады: қосылған құнға салынатын салық және акциздер. Бұл екі салық мемлекеттің бюджеттің кіріс көзі салықтық түсімдерінің 1/3 бөлігін құрайды. 
           Жанама салықтар, өздерінің бір қатар тиімді жақтарына байланысты әлемде кең тараған салық тобы болып табылады. Тиімді жақтарына: есептеу жеңілдігі; басқару, қадағалау арзандығы; жалтару мүмкін еместігі; бюджетті қаражатпен қамтамасыз етуінің тұрақтылығы және т.с.с.

Жанама салықтарды сауатты  түрде ұйымдастырып, қолдану - баға құрылуына және тұтыну құрлымына жағымды әсер етеді. 
Салықтарды қолдану тарихы көрсеткендей салық төлеушілер өздерінің табыстарынан салық төлегеннен көрі шығындарынан төлегенді дұрыс көреді. 
         Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - ҚР салық  кодексіне байланысты қосылған құн және акциз салығы мәселесін, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы ролін ашып, оның әрі қарай елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге ықпал етуіне байланысты жетілдіру жолдарын іздестіру табылады.

Осыған байланысты дипломдық жұмыстын мақсаты қосымша құн салығың есептеу механизмі мен қызмет ету мәселелері қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына  сәйкес келесі міндеттер алға қойылады:

  • қазіргі қолданудағы салық заңдары негізінде жұмыс жасап жатқан жанама салықтардың жағдайын талдау;
  • шетел тәжірибесінде жанама салықтардың мәселелелерін қарастыру;
  • қосылған құн салығын объектісін аңықтау және бюджетпен есеп айырысу механизмдерін анықтау;
  • қазіргі таңдағы қосылған құн салығын есептеу мен төлеу механизмін жетілдіру жолдарын анықтау;

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі болып «Temirlan Development Company» ЖШС табылады.

  Жұмыстың зерттеу пәні болып мемлекет пен салық төлеуші-азаматтар арасындағы қаржылық қатынастар жүйесі табылады.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық негізі болып Қазақстан Республикасының заңдылық актілері, ережелері және тексеру объектісі «Temirlan Development Company» ЖШС-ның есептері  табылады.

Дипломдық жұмысты орындау  барысында экономикалық талдау, кестелік-сызбанұсқалық,  статистикалық әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және ұсыныстардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Танымның диалектикалық  тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау теориясы, экономика математикалық  әдістер және т.б. зерттеудің теориялық  және әдістемелік негізі болды.

 

 

 

Бөлім 1  Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың ҚР салық жүйесіндегі рөлі

 

    1. ҚР жанама салықтардың даму тарихы

 

Салықтар - бұл заңмен қарастырылған, нақтылы өлшемдерде және белгiленген мерзiмде төленетін міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәнi олар мемлекеттін өзінің функцияларынмен тапсырмаларын орындау үшін шаруашылық субьектілерінен, тұрғындардан ұлттық табыстың нақтылы бір бөлігін алу бойынша өндірістік қатынастарды білдіреді.    

Салықтар әлеуметтік, табиғи ортаны қорғау, құқық қорғау және тағы басқа функцияларын қамтамасыз ету үшін  және қоғамды дамыту үшін экономикалық қатынастардың бір бөлігі болып табылатын  мемлекеттің табысын қалыптастырудағы қаржылық қатынастарды сипаттайды. Осылайша, салықтар мемлекетке өзіне міндетті қабылдаған функцияларды жүзеге асыру үшін қажет және салықтарды жою бұл дегенін мемлекеттің өзін жоюымен бір болар еді.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру талаптарында салық саясаты аясында негізгі бағыт мемлекетпен салық төлеуші арасындағы жаңа қатынастарды сипаттайтын салықтарды анықтау болып табылады. Кейбір деңгейде бұл талаптарға жауап беретін бұндай салықтарға жанама салықтар, яғни тұтынуға салықтар жатады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруда салықтық түсімдердің жас шамасына байланысты рөлі салықтық жүйені әлі де жетілдіруді қажет екендігін көрсететін мәселелерді көтереді, бұның шешімі әртүрлі салықтардың өзара байланысы, мысалыға тікелей және жанама салықтар.

Ең ірі теориктердің бірі А.Венгер тікелей салықтар мен  жанама салықтар арасындағы айырмашылықты анықтаған: «Тікелей салықтар деп заң шығарушының ойы мен арманы, соған байланысты салық төлеуші осы жауапкершілікті өз мойнына алатын, салықты біреуге аударуға болмайды және кейде заңмен қудаланады. Керісінше жанама салықтар деп біз салық төлеуші салық ауырпашылығын көтеруші болып табылмайды, заң шығарушы салық ауыртпашылығын біреуге аударғанды күтеді және қалайды, тіпті оны жүзеге асыруға бұйырады».

Жанама салықтар баға белгiлеумен тiкелей байланысты және тауарлар, жұмыстар және қызметтердiң iске асырылуы кезінде бағаның бір бөлігі ретінде алынады. Демек жанама салықтар өнімнің бағасына әсер етеді, бұл дегенің сұранысқа әсерін тигізеді деген сөз.

    Қазіргі замаңғы салық салу жүйесінде жанама салықтардың анықтамасы туралы және олардың тікелей салықтардан айырмашылығы әртүрлі сұрақтар бар. Ең бірінші рет жанама салықтар туралы анықтама Франция елінде пайда болды, бұнда жанама салықтар арнайы немесе ортақ тарифпен алынды, ал тікелей салықтар окладтық беттерден (кадастрлардан) алынған болатын. Бұндай тәсіл ғылыми тәсіл болып табылмайды, себебі ол әртүрлі елдердегі сыртқы қаржылық-әкімшілік қатынастарға  немесе бюджеттік-техникалық талаптар мен ережелерге байланысты. Жеке көзқарас белгiлері бойынша салықтардың анағұрлым орындырақ классификациясы заңға сәйкес төлеушiлер болып табылатын тұлға төлейтін салықтар табылады. Жанама салықтар бастапқыда делдалдармен төленедi, содан соң нақты төлеушiлерге салық төлеу ауыртпашылығы аударылады. Ең дұрыс шектеу ретінде ішкі нақты негіздерге, экономикалық негіздер болып табылатын обьективтік негізді мойындауға болады. Демек,тікелей салықтар дегеніміз негізгі көзден, яғни капитал мен табыстан алынады, ал жанама салықтар тұтынудан, пайдаланудан және шығындардан төленеді.

Салықтарды тікелей  және жанама деп топтастыру кең таралған, бірақ жалпы төлемдердің жиындарынын ортақ тізімінен үш жанама салық ерекшеленеді: қосылған құнға салық, акциздер және кеден баждары.

  Жанама салықтар деп кәсіпорыннан нақты тауарлар мен қызмет көрсету үшін алынады, ал кәсіпорын өз кезегінде бағаға қосу арқылы салық ауырпашылығын сатып алушыларға аударады. Басқаша айтқанда, жанама салықтардың негізгі ерекшелігі бұл тауарларды сатушыдан осы тауарларды сатып алушы кәсіпорындар мен тұрғындардан мемлекет бюджетіне түсуінде. Жанама салықтар тікелей салықтарға қарағанда салық төлеушінің табысна байланысты емес. Бұл салықтар тауарларды сатып алу кезінде оның бағасына қосылу арқылы алынады.

Жалпы қабылданған тәжірибеде жанама салықтар келесідей топтарға бөлінеді:

-акциздер-тауарға салық,  тауар өндіруші немесе сатушының ішкі нарығынан алынады. Өз кезегінде акциздер жеке және әмбебап, яғни бірреттік және көпреттік деп бөлінеді;

- қосылған құн салығы, бұл салық тауар(қызмет көрсету, жұмыс) бағасына қосылу арқылы табыс алушыдан алынады;

-кеден пошлиндері-елге әкелінетін немесе елден әкетілетін тауарлар үшін ақшалай жиындар.

-фискалдық монополиялық салықтар-жалпылай тұтынуға арналған аса мәні бар тауарларға мемлекет бекітетін жанама салықтардың түрлілігі. Мемлекет тауар сатылымын немесе өндірісті монополизациялай отырып, оларды өндіріс құнынан әлде қайда жоғары етіп сатады. Бұл айырмашылық, яғни олар бойынша нақты баға қалыптаспайды, тек нақты аталмыш тауардың сатылым бағасы алынады,міне осы фискалдық монополиялық салық болып табылады.

Жанама салықтар – ҚҚС, акциздер тұтынуға арналған салықтар, сонымен бірге ірі бір жолғы төлемдер жазылып алынып тұратын бонустар мен коммерциялық табу бонустары жекеленген және салық төлеушінің өндірістік тұтынуларына шек қоюяды.

Салық психологиясының көзқарасына  сай тұтынудағы барлық салықтарды және табыстарды пайдаланудың ерекше формалары, сонымен бірге акциздер тауар сатып алушы тауар бағасына салынған салықтың көлемінен хабардар болмайды, олар көзге көрінбей тауар бағасында болады және әлемде кең таралғандығымен ерекшеленеді.

1990-1991 жылдары кәсіпорындар салықты айналымға байланысты төлеуге ауысты осыған қатысты мемлекет осы тұрақты табыс көзінен айырыла бастады. Бұл мемлекетте аяқ киімнен, темекі бұйымдарынан, май өнімдерінен және тағы да басқа өндірістік салалардан түсетін түсім азая бастауымен түсіндірілді. Сонымен бірге өндірістік тауарларға баға түсе бастады, дегенмен айналымнан түскен салық тұтынушыларға арзан тамақ өнімдеріне дотация ретінде біртіндеп қайтарыла бастады, алайда ол қайта тарату нәтижесін бермеді, немесе оны байлар мен кедейлер төлеген.

Казақстан нарыққа көшу кезеніңде  өте қиын жағдайға тап болды, себебі құрылымдық қайта құру ұзақ уақытқа  түбегейлі қосымша қаржылық ресурстарды  экономикалық талап етті, олар өз кезегінде  республика ешқашан іс жүзінде ауыспаған.

Салықтарды мемлекеттік аралық, бәріне міндетті жергілікті және жергіліктіге шектеу жергілікті өкімет органдарының дербес үлестіруін туғызатын жергілікті бюджетке түсімдердің тұрақтылығына  кепіл болатын.

Бұндай маңызды мемлекет аралық салықтың бір бөлігі, яғни пайдаға салық, қосылған құнға салық және акциздер сияқты салықтар республикалық бюджетке түседі, ал азаматтардан жеке табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлкіне салық, мемлекеттік пошлина, табиғи ресурстарға салық, колхозшылардың еңбекақысын төлеу қорына салынатын мамлекет аралық салықтар толығымен жергілікті бюджетке түскен.

Информация о работе Жанама салык